
Қорытынды тест в-6
1.Глоссалгияның патогномониялық симптомы болып табылады:
А. Бетте триггерлік аймақтардың болуы
Б. Ауру сезімінің қарқынының тамақтану кезінде төмендеуі
В. Ауру сезімінің қарқынының тамақтану кезінде күшеюі
Г. Ауру сезімінің түнде жоғалуы
Д. Ауру сезімінің жылытқан кезде жоғалуы
2. Самай-төменгі-жақтық буынның дисфункциясында болуы мүмкін:
А. Самай-төменгі-жақтық буын мен тілдің алдыңғы үштен бір аймағының ауру сезімі
Б. Самай-төменгі-жақтық буын мен тілдің ортаңғы үштен бір аймағының ауру сезімі
В. Самай-төменгі-жақтық буын мен тілдің артқы үштен бір аймағының ауру сезімі
Г. Самай-төменгі-жақтық буын мен тілдің үстіңгі үштен бір аймағының ауру сезімі
Д. Самай-төменгі-жақтық буын мен тілдің астыңғы үштен бір аймағының ауру сезімі
3. Бет нервісінің компрессиясы ненің дамуы үшін сипатты?
А. Беттік гемиспазм
Б. Оппенгейм хореясы
В. Беттік параспазм
Г. Блефороспазм
Д. Сиденгам хореясы
4. Науқаста беттің асимметриясы дамыды, оң жақтық мимикалық бұлшықеттер парезі пайда болды. Үрдіске қай бас-ми нервтерінің жұбы қатысты?
А. БМН-нің ІІІ жұбы
Б. БМН-нің V жұбы
В. БМН-нің VІIІ жұбы
Г. БМН-нің VІІ жұбы
Д. БМН-нің X жұбы
5. Бет нервісі барлық бұлшықеттерді нервтендіреді, біреуінен басқасын:
А. Үстіңгі қабақты көтеретін бұлшықет
Б. Көздің айналма бұлшықеті
В. Ауыздың айналма бұлшықеті
Г. Тәкаппар бұлшықеті
Д. Ауыз бұрышын көтеретін бұлшықет
6. Бульбарлы салдануға тән?
А. Жұту рефлексінің жоғарылауы
Б. Оралды автоматизм симптомдары
В. Тілдің атрофиясы мен фасцикуляциясы
Г. Күштемелі күлкі мен жылау
Д. Тілдің алдыңғы 2/3-де дәм сезудің жоғалуы
7. Субарахноидальдік қан құйылу диагнозын қандай зерттеу нақтылайды?
А. ЭХО-ЭГ
Б. РЭГ
В. ЭЭГ
Г. Люмбальді пункция
Д. ЭКГ
8. Қандай симптомдарды менингеальдіге жатқызады?
А. Брудзинский
Б. Нери
В. Жуковский
Г. Шеффер
Д. Бабинский
9. 55 жастағы науқас жанасқанда, жел соққанда, шайнағанда, жұтқанда күшейетін бет жартысында ұстама тәрізді ауру сезіміне, кеңсірік аймағындағы жанасқанда ауру ұстамасын беретін нүтенің болуына шағымданды. Мүмкін болатын диагноз?
А. Есту нервісінің нервиті
Б. Тіл-жұтқыншақ нервісінің невралогиясы
В. Үшкіл нервтің невралогиясы
Г. Астыңғы жақасты нервінің невралогиясы
Д. Бет нервісінің нейропатиясы
10. 30 жастағы науқас жүк көтерген мезгілде кенеттен есінен танды. Объективті: АҚ-120/80 мм.с.б.б. Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг және Брудзинский симптомдары 2 жақты оң. Рефлекстер теңдей жанданған. Бабинский симптомы да 2 жақты оң. Ликворлық қысым 300 мм. су б.б., ликвордың түсі ет жуындысы тәрізді, эритроциттер көру аймағын тұтас жабады. Сіздің клиникалық диагнозыңыз?
А. Ишемиялық инсульт
Б. Паренхиматозды-субарахноидальді қан құйылу
В. Субарахноидальді қан құйылу
Г. Вентрикулярлы қан құйылу
Д. Келмелі ми қанайналымының бұзылысы
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |