Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭН КЯЛ-22.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
170.5 Кб
Скачать
      1. Пәнді оқытудағы міндеттер:

Студенттерге нарықтық қатынастар туралы, оның ішінде экономикалық тұлғалар арасындағы қатынастар төңірегінде теориялық білім беру мен тәжірибелік қабілеттер қалыптастыру.

1.3. Пәнге қысқаша сипаттама.

Жеке экономикалық тұлғалардың, соның ішінді жеке шаруашылықтар мен

фирмалардың, белгілі өндіріс салалары мен нарықтардың шектеулі ресурстарды дұрыс пайдалану мақсатында баламалы шешімдер қабылдаудағы іс-әрекеттерін түсіндіру болып табылады.

1.4. Пререквизиттер: бұл пәнді игеруге септігін тигізетін пәндер:

  • Математика

1.5. Постреквизиттер: бұл курстан алған білім келесі пәндерді оқып түсінуге мүмкіндік береді:

  • ақша, қаржы және несие;

  • Кәсіпорын экономикасы

  • экономикалық теория негіздері

1.6. Оқытуды ұйымдастыру:

Пән 5 тақырыптан тұрады. Әр тақырып оқушымен бір апта бойы оқылады. Бұл оқытудың нәтижесін оқытушы пайыздық балмен бағалайды. Бес аптадан кейін өтілген тақырып бойынша межелік бақылау жүргізіледі. Қанағаттанарлық баға 50 балдан төмен болмау керек. Ол өтімді бал болып саналады. Пән бойынша қорытынды баға апталық және емтихандық бағалардың қосындысынан тұрады және төрт балдық шкала бойынша табысты оқытудың рейтингтік бағасына ауыстырылады. Оқу нәтижесі студенттің жеке транскриптіне енгізіледі. Апта бойында өтімді балды жинай алмаған студент келесі апта бойында ақылы түрде материалды басынан өтіп, баға алуы тиісті.Оқу жылы бойы өтімді бал жинай алмаған студент осы пәнді келесі оқу жылында немесе жазғы қосымша семестрде қосымша ақы төлеп қайта өтуі тиіс.

1.7. Білімін бағалау және бақылау:

Оқытылған пәндер толық қамтылған, өтілген материалдар бойынша тест түріндегі емтиханмен аяқталады. Емтиханға жібірілуге рұқсат берудің міндетті шарты, бағдарламада қарастырылған барлық тапсырмалардың орындалуы болып табылады.

межелік бақылау нәтижесі бойынша жинаған балдар есепке алынады.

1.8. Тапсырма түрлері бойынша бірінші рейтингке бөлінген балдар:

Қорытынды бағаға енетіндер:

Бақылау рейтингісі – 60%,

Емтихан – 40%.

Қорытынды баға мына формула бойынша есептелінеді U = [(Р1+ Р2) / 2]*0,4 + Е*0,6

мұндағы

Р1 – бірінші рейтинг бағасының цифрлық эквиваленті;

Р2 - екінші рейтинг бағасының цифрлық эквиваленті;

Е – емтихан бағасының цифрлық эквиваленті.

Әріпті баға және оның цифрлық эквмваленті төменде келтірілген кестеге сәйкес, дұрыс жауаптар мазмұнының пайызы бойынша балмен анықталынады:

Баға

Цифрлық эквивалент балы

Пайыздың мазмұны

Дәстүрлі форма бойынша бағалар

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

Өте жақсы

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

Жақсы

В-

2,67

75-79

Жақсы

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

Қанағаттанарлық

D+

1,33

55-59

Қанағаттанарлық

D

1,0

50-54

Қанағаттанарлық

Ғ

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


Талаптар:

Міндетті қатысатын дәріс сабақтар (қорытынды балдың 10%), семинар сабақтарға қатысуы және белсенді талқылауға қатысуы (10%), ОСӨЖ тапсырмалардың орындалуы (10%).

межелік бақылау қарастырылған: 1 – тест түрінде (30 %), 2 – жазбаша жұмыс түрінде (30 %). 3 – тест түрінде (30 %), 4 – тест түрінде (30 %), Осы талапты орындағандар емтиханға жіберіледі.

1 кредит (15 дәрістік сағат және практикалық сабақтың 15 аудиториялық сағаты) көлеміндегі пән бір семестр бойында оқытылады.