Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭББ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.52 Mб
Скачать

2.2 Бөлшек ақауларын таңдау

Бастапқы мәліметтер таңдау (автокөліктерге жылдық қызмет көрсету саны, жылдық орташа жүрісі, автокөліктердің станцияға техникалық қажеттілік пен келу саны, жұмыс істеу тәртібі және кестесі).

Техникалық қызмет көрсету станциясының жылдық жұмыс көлемін анықтап есептеу үшін келесі мәліметтер қажет.

1. Бір жылда қызмет ететін автомобиль саны: Nтққс =3750

2. Автомобиль орташа жылдық жүрісі: Lж =10000 км

3. Техникалық қызмет көрсету станциясының жұмыс күндерінің жылдық саны: Джұм-м = 305 күн

4. Ауысым ұзақтылығы: Таус =8 сағ

5. Ауысым саны: С =1

6. Бір автомобильдің стансаға кіру саны: d =4

2.3 Бөлшекті жөндеудің картасы

Жөндеуге қабылдау

Сыртын тексеру

Бөлшектеп бұзу

Ақаулау

Сұрыптау

Қажетсіз (металлалом, қажетсіз бөлшектер)

Жөндеуге

Бөлшектерді құрастыру

Жаңа бөлшектер

Жалпы жинау

Сынау (бақылау)

Тапсыру

2.4 Бөлшекті қалпына келтірудің тиімді әдістері

Диогностика

Диагностикалау орындалатын жұмыстардың мақсаты, кезеңділігі, көлемі, технологиялық процестегі орны бойынша жедел диагностикалауға (жалпы) (бұдан әрі - Д-1) және элемент бойынша диагностикалауға (тереңдетілген) (бұдан әрі - Д-2) бөлінеді.

Д-1 қажеттілік бойынша ТҚ және АЖ жүргізу алдында немесе оны орындау кезеңінде, орындалған жұмыстарды жедел не қорытынды бақылауды қамтамасыз ету үшін тікелей ТҚ посттарында орындалады. Ол агрегаттардың, тораптардың және бөлшектердің, жол қозғалысы қауіпсіздігіне, олардың анықтауға арналған. Д-1 нәтижелері бойынша реттеу және жөндеу жұмыстарының көлемдері нақтыланады.

Д-2 мамандандырылған посттарда (желілерде), ТҚ-1 және ТҚ-2 орындау алдында автокөлік құралдарының, олардың агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерінің, оларды жою үшін жөндеу жұмыстары талап етілетін істен шығулары мен ақаулылықтарын анықтау мақсатында, мезгіл-мезгіл орындалады. Д-2 нәтижелері бойынша автокөлік құралдарын жол қозғалысы қауіпсіздігін және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін күйде ұстау үшін қажетті реттеу мен жөндеу жұмыстарының көлемдері белгіленеді, сондай-ақ автокөлік құралдары жарамды жұмысының ресурсы анықталады.

2.5. Жөндеуге қажетті жабдықтарды, айлабұйымдарды, құралдарды таңдау

Қазіргі таңда дүние жүзінде көптеген автокөліктер улы жұмыс істелген газдармен ауаны ластап жатыр. Сондықтан бұл зиянды істерді тоқтату үшін, көптеген стандарттар қабылданып жатыр. Мысалы : OBD2/EOBD4. Бұл стандарттар автокөліктердің ауаға шығаратын улы газдар мөлшерін азайтуға негізделген. Стандарттарға сәйкес автокөліктердің жаңа түрлері көптеп шығып жатыр. Бұл жаңа автокөліктерге көрсететін қызмет түрлерін жаңартуды талап етеді. Біз білетіндей әр автокөлікке қызмет көрсетер алдында оған диагностика жүргізу керек. Стандарттарға сәйкес диагностика жүргізу үшін, стандартқа сәйкес құрал жабдықтар болу керек. Осындай құрал жабдық болыптабылады.

Жаңа диагностикалық сканер кішігірім техникалық қызмет көрсету орталықтарына тез арада жаңа автокөліктердің ақауларын табуға зор әсер етеді. Бұл сканердің сансыз көмегі табылған ақауларды және оларды жою жолдарын өз жадына сақтау, бұл өз кезегінде механиктердің жұмысын жеңілдетіп, сапасын жақсартады. Бұл сканер тек бір мезетте шығарылған жаңа автокөліктерге ғана диагностика жүргізбейді, онымен қоса интернет желіс арқылы жаңа шыққан автокөліктер туралы мәлімет енгізіп, оларғада сапалы диагностика жүргізуге болады.