Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Таналиев Н.Н босану тарихы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
272.1 Кб
Скачать

1)Ашылу кезеңі.

Жалған толғақ 23.02.11ж. сағ:22.30 басталды. Осы кезде жатырдың қабілетінің артып, әлсін-әлсін жатыр жүйесіз ретсіз жиырылып сирек толғақтың басталуы. 23.02.11 23:30 Жатыр мойнының қысқарып 2-3 см дейін, жұмсарып, жамбас қуысының орталық бағытына сәйкес келіп, мойын өзегінің ашылып, жетілуі. Бұл кезде мазасызданған жоқ. Сосын 24.02.11 6:00 жүйелі толғақ басталды. Бұл кезде жатыр мойны жайылып 10-12 см толық ашылады, Босанудың басында толғақтың ұзақтығы 10-15 сек., ортасында 30-40 сек., соңында 50-60 сек. Қынаптық тексеру кезінде 1-2 саусақ өлшеміне ашық болады. Кейін сағ 7:00-дa соңғы қынаптық тексеру кезінде 5 саусақ өлшемде ашылды. Жағдайы қанағаттанарлық, пульс 76с/мин.АҚ 110/70 мм.с.б., өзін ұстауы тыныш. Сосын 7:30 жатыр мойны толық ашылып болған соң қағанақ суы кетті. Жатыр дұрыс формада, ауырсынусыз пальпацияда тітіркенгіш.

Өзін сезінуі қалыпты, басы ауырмайды, жақсы көреді.

2)Айдау кезеңі.

7:40-тa толғақ басталды, 40-45 сек/тен 3-4 мин сайын қайталанады. Осы кезеңде жатыр құрсақ, жамбас бұлшықеттерінің, диафраграманың жиырылып, әйелдің күшенуі басталды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлықтай, күшену қарқыны жоғары, толғақ 2-3 мин соң қайталанып отырды, әр күшенуден кейін 1-2 мин. өткеннен соң нәрестенің жүрек соғысы тұйықталған, ритмді 110с/мин. тең. Ұрықтың жамбас қуысына жылжу жылдамдығы 2см/сағ болды. Босандыруда акушерлік көмек көрсеттік.

Ұрықтың басы кіші жамбас қуысына түскен әйелге күшенуін сұрадық. Күшену кезінде әйелдің беті қызыл, мойын веналары ісінген, терлеген, пулсі жиілеген және АҚ жоғарлаған. Әйел күшенген кезде жыныс саңылаулары ашылды. Күшеніп болғаннан соң жыныс саңылауында көрінбейтін бас бөлігі ең күшті күшенуде көрінді. Жаңа күшенуінде бұл процестер қайталанды. Күшену кезінде ғана пайда болатын бас- тілу деп аталады. Бұл баланың ішкі бас айналымының біткенін көрсетеді. Осы кезде ұрықтың басының бекіну нүктесі пайда болады. Күшенген сайын баланың басын жыныс саңылауынан жақсы шықты, күшенбеген кезде де көрініп тұрды, бұны бастың кесуі деп атаймыз. Кесудің басында баланың шүйделік бөлігі, сосын төбе сүйегінің бұдырмағы, маңдайы, беті шықты . Баланың басы туылғаннан соң сыртты айналымын жасайды. Ұрық екінщі позициясында болды, ананың сол жақ санына қарады. Сыртқы айналымынан кейін алдыңғы иығы қасағада ұсталып, артқы иығы шықты да сосын барлық иығы және бүкіл денесі соңғы қағанақ сұйықтығымен бірге шықты. Босандырудың II кезінің белсенді жүрді.

Бірінші кезеңде-нәресте басының мезгілінен бұрын шалқаймауын қамтамасыз еттік. Бұл кезде акушер сол қолын шаттың шығып келе жатқан баланың басына қояды.

Екінші кезеңде акушер күшену арасында қынап тесігін бас және сұқ саусағымен созады.

Үшінші кезеңде акушер оң қолын аралыққа қояды жұмсақ тіндерді баса отырып, аралыққа түсетін қысымды төмендеттік.

Төртінші кезеңде шүйде шұңқыры шаптың төменгі жиегіне тірелген кезде әйелден күшенбеуін сұрадық.

Бесінші кезеңде иығын босатып, денесін туғызып алдық.

Окситоцин енгізу 20там/мин жалғасып жатыр.

8:00-де тірі, жетілген бала туылды. Баспен шықты, екінші позиция, алдыңғы көрініс, салмағы 3300 гр, ұзындығы 51 см, бас шеңбері-35 см, кеуде айналымы 35 см. босану ісіктері жоқ.

 

0 баллов

1 балл

2 балла

Терісінің түсі

Генерализацияланған бозару немесе генерализияланған цианоз

Денесі алқызылт түсті және денесінің аяқ қолдарының ционозы

Бүкіл денесінің және аяқ қолдарының қызаруы

1 минуттағы жүректің жиырылуы жиілігі

жоқ

<100

>100

Рефлекторлы қозғыштығы

Реакция жоқ

Реакциясы әлсіз (гримаса, қозғалуы)

Қозғалыс түрінде реакция, жөтел, түшкіру, қатты айқайлау

Бұшыкет тонус

жоқ

Аяқ қолының бүгілуінің жеңіл дәрежесі

Қозғалысы белсенді

Тынысы

жоқ

Регулярлы емес,айқайы әлсіз брадипноэ (гиповентиляция)

Қалыпты, жылауы қатты

Терісінің түсі 2 балл

Мин.ЖЖЖ 2 балл

Рефлекторлы қозғыштығы 1 балл

Бұшыкет тонусы 1 балл

Тынысы 2 балл

Жалпы 8 балл

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]