Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Таналиев Н.Н босану тарихы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
272.1 Кб
Скачать

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

АКУШЕРЛІК ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Кафедра меңгерушісі: м.ғк. доцент Мамалинова Г.К.

Босану тарихы

Науқастың аты жөні: Сулейменова Эльмира Муслимовна.

Түскен кездегі диагнозы: Жүктіліктің 38-аптасы + 4 күн. Мерзімді босану ІІІ. Акушерлік анамнезі ауыр. Аяқ веналарының варикозды кеңеюі, аутоиммунды тиреоидит.

Клиникалық диагнозы: Жүктіліктің 38-аптасы + 4 күн. Мерзімді босану ІІІ. Акушерлік анамнезі ауыр. Аяқ веналарының варикозды кеңеюі, анемия орташа дәрежесі, аутоиммунды тиреоидит.

Орындаған: Таналиев Н.Н.

401 ЖМФ

Тексерген: Жанабаева С.У.

кафедра асистенті,

1-ші санаттағы дәрігер акушер-гинеколог:

Қарағанды 2011

Паспорттық бөлім

Науқастың аты-жөні: Сулейменова Эльмира Муслимовна

Туғылған күні: 08.12.1976 жыл.

Жасы: 34 жас

Ұлты: қазақ

Мамандығы: хим лаборатория орынбасары

Күйеуінің аты-жөні: Сулейменов Д.Б.

Жұмыс орны: ГРЭС « Корпарация Казахмыс» хим.цех.

Мекен жайы: Қарағанды қаласы, Абай ауданы, Н Абдиров көшесі 3-9.

Түскен күні және уақыыт: 19.02.2011ж.

Шыққан күні:27.02.2011ж.

Білімі: жоғары.

Отбасылық жағдайы: Некеге тіркелген.

Кім жолдады: Жедел жәрдем.

Қай бөлімшеге түсті: Жүктілер физиология-1 бөлімі.

Түскен кездегі диагнозы: Жүктіліктің 38-аптасы + 4 күн. Мерзімді босану ІІІ. Акушерлік анамнезі ауыр. Аяқ веналарының варикозды кеңеюі, аутоиммунды тиреоидит.

Клиникалық диагнозы: Жүктіліктің 38-аптасы + 4 күн. Мерзімді босану ІІІ. Акушерлік анамнезі ауыр. Аяқ веналарының варикозды кеңеюі, анемия орташа дәрежесі, аутоиммунды тиреоидит.

Шағымдары.

Іштің төменгі аймағының толғақ тәрізді ауырсыну сезімі, төмен интенсивті, қайталамалы. Осы шағымына байланысты қалалық перзентханаға жедел жәрдем көмегімен жеткізілді.

Anamnesis morbi.

Жүкті әйелде іштің төменгі бөлінің ауырсынуы 19.02.2011 жылы сағ. 15:30 басталған. Ешқандай ауырсынуды басатын дәрілік заттар пайдаланбаған. Біраз уақыттан соң ауырсыну күшейіп жедел жәрдем көмегімен қалалық перзентханаға жеткізілген.

Anamnesis vitae

Жүкті әйел Сулейменова Э.М. 1976 жылы 8-ші желтоқсанда Қарағанды қаласында әлеуметтік жағдайы орташа отбасында, 3500г салмақпен дүниеге келген. Отбасында екі ағасынан кейінгі соңғы бала. Бала кезінде физикалық және ақыл – ой қабілетінің дамуы қалыпты дамыған. Мектепке 7 жасынан бастап барған, білімі арнайы – жоғары.

Тұқымқуалаушылық анамнезі: Отбасында немесе күйеуі жағынан қандай да бір тұқымқуалаушылық аурулардың болуын жоққа шығарады.

Басынан өткерген аурулары: бала кезінде Боткин, туберкулез және тері – венерологиялық аурулармен ауырмаған; сондай-ақ, ешқандай жарақат алмаған және қан құю жағдайы кездеспеген. Аяқ веналарының варикозды кеңеюі, аутоиммунды тиреоидит.

Аллергологиялық анамнезі: дәрілік заттарға аллергиялық реакциялары жоқ.

Зиянды әдеттері: ешқашан темекі тартпаған, ішімдікті мүлдем қабылдамаған.

Тұрмыстық жағдайы: Қазіргі кезде тұрмыста. Тұрмысқа 22жасында шыққан. Күйеуі 30 жаста, мамандығы бойынша – «Казахмыс корпарациясы» бастығының орынбасары. Әлеуметтік – тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлық, тамақтануы қалыпты.

Еңбек жағдайы: 22 жасынан бастап «Казахмыс корпарациясы» хим. лаборатория меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс атқарады.

Арнайы акушерлік анамнез.

Етеккірі:

а) Басталуы: 13-жастан, ұзақтығы 4-5 күн, аралығы: 28- күн, қалыпты, ауырсынусыз.

б)Жыныстық өмірі: бірінші некесінде 22 жасынан басталған, некесі тіркелген, күйеуінің денсаулығы қалыпты.

в) жүктілік саны мен ағымы:

1.жүктілігі 1999 жылы – мерзімді босану, нәрестенің салмағы 4100г

2 жүктілігі 2007 жылы- мерзімді босану, нәрестенің салмағы 4200г

3 жүктілігі 2010 жылы – mini аборт

4 жүктілік 2011жылы –қазіргі

г) контрацепция әдісін қолданған: жатыр ішілік спираль, мүшеқап.

Қазіргі жүктілігінің ағымы:

  1. етекірдің соңғы күні -24.05-31.05.2010

  2. Жүктіліктің I жартысында 7-8 аптасында , жүктіліктің II-III жартысы да асқынусыз өткен

  3. Жүктілік кезінде 9.5 кг салмақ қосқан.

  4. Қан тобы: I(0),резус"+". Жүктілік уақытысында әйелдер кеңесінде 5 рет болған.

  5. Ұрықтың алғаш қозғалуы 12.10.2010ж.

STATUS PRAESENS

Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, өзін жақсы сезінеді, есі анық, қозғалысы белсенді, дене бітімі дұрыс, конституциясы нормостеникалық. Психологиялық тұрғыда босануға дайын.

Бойы:173 см

Салмағы:78 кг

Температурасы: 36,7

Тері жамылғысы өзіне сай, ылғалдылығы орташа, тургор қалыпты.

Іші домалақ, жүктілік сызықтары байқалады, сүт бездері үлкейген, жұмсақ. Емшек ұшы үлкейген, пигменттелген. Қалқанша безі пальпацияланады, ауырсынусыз, жұмсақ консистенциялы, тиреотоксикоз симптомы жоқ.

1.Тыныс алу жүйесі.

Қарағанда жоғары тыныс жолдарында патологиялық өзгерістер байқалмайды. Кеуде қуысы конус тәрізді, өкпенің екі жағы да тыныс алу актіне қатысады. Көкірек қуысы пальпацияда жұмсақ, резистентті, ауырсынусыз. Тыныс алу типі көкіректік. Тыныс алу жиілігі 19/мин, тыныс алуы ырғақты.

Перкуссия жасағанда кеуде қуысында өкпенің симметрия үсті аймағында дыбыс анық естіледі. Крениг алаңының кеңдігі-7 см. Өкпе экскурсиясы -3 см жоғары, 3 см төмен. Топографиялық перкуссияда өкпе шекарасы қалыпты. Аускультацияда өкпе беткейінде везикулярлы тыныс естіледі.

2.Қан айналу жүйесі.

Қараған кезде жүректік томпаю байқалмайды. Жүрек шекарасында тартылу жоқ. Жүрек түрткісі 5-ші қабырға аралықта, бұғана орта сызығынан 1,5см ішке пальпацияланады, кеңдігі 2см, салыстырмалы жоғары. Пульсі рырғақты. Жиілігі және толуы қанағаттанарлық. Жиілігі 76/мин. АҚ жүктілікке дейін 100/80 мм.с.б., жүктілік кезінде 110/70 мм.с.б.

Салыстырмалы жүрек тұйықтылығы шекарасы қалыпты. Аускультация кезінде жүрек тоны анық, ырғақты, ЖЖЖ 76с/мин, жүрек шулары естілмейді.

3.Ас қорыту жүйесі.

Тәбеті бұзылмаған, шайнау және жұту қиын емес, үлкен дәреті қалыпты, қаныққан. Ауыздың шырышты қабаты ал қызыл, ылғалды, таза.

Беткей және терең пальпацияда патолгиялық өзгерістер жоқ. Бауыр пальпацияланбайды. Перкуссияда бауыр шекарасы қалыпты. Көкбауыр пальпацияланбайды.

4.Зәр шығару жүйесі.

Зәр шығару ауырсынусыз. Бүйрек пальпацияланбайды. Пастернацкий симптомы екі жағынан да теріс.

5.Жүйке және сезім жүйесі.

Есі анық, ұйқысы бұзылмаған, көру, есту және дәм сезу анализаторлары патологиясыз.

Арнайы акушерлік зерттеу.

1)Жамбас өлшемдері.

Distantia spinarum-алдыңғы мықын сүйегі арақатынасы 25см, қалыптыда 25-26см.

Distantia cristarum-мықын сүйегі төмпешіктері арақатынасы 28см, қалыптыда 28-29см.

Distantia trochanterica-33см, қалыптыда 30-31см.

Conjugata externa-20см, қалыптыда 20-21см.

2)Михаэлис ромбы 10x10, қалыптыда 10x10 н/е 11x11.

3)Соловьев индексі 15см, қалыптыда 14-15см.

4)Жатыр түбі биіктігі-33см.

5)Іш өлшемі-98см.

1)Ұрықтың жүрек қағысы тұйықталған, ырғақты мин.- 142.

2) Ұрықтың болжамалы салмағы-3200-3300г.

3)Сыртқы акушерлік зерттеу.

1.Жатыр түбінің биіктігін анықтау (33см) және жатыр түбінде орналасқан ұрық бөлшегінің өлшемін анықтау-ұрықтың жамбас бөлігі анықталды.

2.Ұрықтың ұсақ бөлшектерін және арқасын анықтау.

Позициясын және көрінісін анықтау-екінші позиция, алдыңғы көрініс;

Жатыр қозған, пальпациямен тітіркендіруге жиырылумен жауап береді; Айналасындағы байламдар пальпацияланады.

3.Ұрықтың орналасуын анықтау-басымен; тығыз, домалақ, ұрық бөлшегі контурлы, пальпацияда қозғалғыш.

4.Ұрық бөлшегінің орналасу сатысын анықтау; кіші жамбас астауына кіреберісте.

Қынапты зерттеу.

Жатыр мойны цилиндрлі, пішінделген. Қынаптың шырышты қабықшасы мен жатыр мойны цианозды. Қынаптың бөлінулері қалыпты. Жатыр мойны 3см ашылған. Қағанақ суы бүтін.

Диагноз: Жүктілік мерзімі 38-апта+4 күн. Босанудың І кезең.

Босану жоспарына кіріспе

  1. Клиникалық – лабараториялық зерттеулер

  2. толық клиникалық тексеруден өткізу

  3. босану динамикасын бақылау

  4. босандыруды консервативті түрде жүргізу

  5. босанудың III кезеңін белсенді жүргізу:

Клиникалық- лабораториялық зерттеу нәтижелері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]