Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МР-2009 ОМ каз--1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
32.96 Mб
Скачать

Генетикалық кодтың қасиеті:

  1. Код триплетті- бір аминқышқылы үш нуклеотидпен шифрланады, яғни генетикалық кодтың бірлігі триплет немесе кодон болып табылады

  2. Кодтың көптігі – көптеген аминқышқылдары бірнеше триплеттермен шифланады.

  3. Кодтың ерекшелігі( специфичен)- әр триплет бір белгілі аминқышқылын кодтайды

  4. Кодтың универсальдығы - жер бетіндегі әртүрлі тірі ағза түрлерінің коды толық сәйкес.

  5. Кодтың үздіксіздігі - нуклеотидтердің бір ізділігін триплет соңында триплет санайды, кодта үтір болмайды,яғни бір кодонды екіншісімен бөлетін белгі жоқ.

  6. Код бірін-бірі жаппайдыкөршілес триплеттер немесе кодондар бірін-бірі жаппайды, ал әрбір жеке нуклеотид берілген бағдарлама кезінде тек бір триплеттің құрамына кіреді.

Студенттің өзіндік жұмысы:

Жұмыс 1.

Полипептидті фрагментте (бөлігі) аминқышқылы қалдықтарының келесідей бірізділігі бар: Мет – Фен – Тир – Три. аРНҚ бөлігіндегі нуклеотидтер бірізділігінің барлық мүмкін болатын варианттарын жазыңыз. Осыдан бұл пептидтің трансляциясы жүріп өткен.

Жұмыс 2.

Генетикалық кодта кодондардың қызметі бірдей емес.

ДНҚ бөлігінің бір тізбегін төмендегідей нуклеотидтер құрайды: 3/..... ААААГААТАГГГГТТАТААТГАЦА..... 5/. ДНҚ бұл бөлігінде қанша АҚ кодталуы мүмкін? Бұл ДНҚ бөлігінде кодталған АҚ полипептидінің бірізділігін жазыңыз. Полипептидтің аминқышқылдық құрамы қалай өзгереді, егер соңғы үш кодонда үшінші нуклеотидті тимидилдіге алмастырса?

Жұмыс 3.

Генетикалық код кестесі негізіне сүйене отырып, басқа кесте құрыңыз:

Артық кодондар (избыточные)

Жалғыз кодондар

Иницирленген кодондар

Терминирлеуші кодондар

12 Тақырып: рнқ құрылысы және қызметі Транскрипция. Рнқ транскрипциядан кейінгі модификациясы.

Мақсаты: РНҚ құрылысын және қызметін, олардың түрлерін оқу.

Оқыту мақсаты:

РНҚ әртүрлі түрлерінің химиялық ұйымын, РНҚ модификация және транскрипция процестерін оқу.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.РНҚ құрылымдық ұйымы.

2. РНҚ түрлері

3. РНҚ қызметтері.

4. Транскрипциея,оның ерекшелігі.

5. РНҚ посттранскрипциондық модификациясы.

Ақпараттық блок:

Студенттің өзіндік жұмысы:

1 Жұмыс. Альбомға процесті салып оны сипаттап жазыңыздар:

2. Жұмыс Төмендегі құрылымды альбомға салңыздар (оң жақтағы) және оған ат беріңіздер.

Белгілерін белгілеңіздер.

3. Жұмыс

Қажетті сөздерді қойыңыздар

  1. РНҚ құрамында қант бар...................................

  2. ДНҚ құрамында азоттық негіз бар....................

  3. ДНҚ және РНҚ-да бар...................................

  4. ДНҚ азоттық негіз жоқ..................................

  5. РНҚ малекулалық құрылысы.......................

  6. ДНҚ жасушада орналасуы мүмкін...............

  7. РНҚ қызметі....................................................

  8. РНҚ құрамында азоттық негіз бар................

  9. ДНҚ құрамында қант бар...............................

  10. РНҚ азоттық негіз жоқ....................................

  11. ДНҚ малекулалық құрылысы.......................

  12. ДНҚ және РНҚ мономерлері болып табылады............

  13. РНҚ жасушада орналасатын орны...................

  14. ДНҚ қызметі.......................................................

Бақылау түрі:

1. Бастапқы білім деңгейін бақылау.

2. Студентттердің өз бетінше жұмысының нәтижесін талдау.

3. Қорытынды білім деңгейін бақылау.

Білім берудің және оқытудың әдістері: тәжірибелік сабақ жүргізу, компьютерлік модельдермен және микропрепараттармен жұмыс