Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИЯ ОВЗДО каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.12 Mб
Скачать
  1. Көлік құралдарын таңдауға қойылатын жалпы ұсыныстар мен талаптар

Жалпы техникалық-пайдалану талаптары

Жүк көлігінің және жолаушыларды тасымалдау түрін таңдау кез келген мемлекетте өнеркәсіптік өндірістер мен елді мекендерді құруда және қызмет етуінде басты мәселелердің бірі болып табылады. Осыған орай осындай таңдаудың ағымдық және перспективалы жағдайларын айыра білген жөн. Ағымдық жағдайда көлік қызметін пайдаланушылар өңірдегі көлік түрлерінен таңдау жасайды, сондықтан осындай тәсіл көбінесе, әсіресе жүк тасымалдау саласында шектеулі. Алайда экономиканы дамыту мен құрылымдық жағынан қайта құру және тасымалдау көлемдерінде айтарлықтай өзгерістер мен өндірістік және ауыл шаруашылық кәсіпорындарының географиялық орналасуы кезеңінде осындай таңдау көліктің стратегиялық (перспективалы) түрлерінің пайдасына кеңейтілген болуы керек, олар мемлекеттің көліктік-жол кешенін дамытуға айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Жалпы жағдайда көлік машинасы келесі: эргономикалық, техникалық, эксплуатациялық, технологиялық, экономикалық және арнайы талаптарды қанағаттандыруы керек.

Эргономикалық талаптарға қауіпсіз және қолайлы (жайлы) басқару органдарын, қызмет көрсету шаралары мен машинаға жақын жерде адамдарды табу жағдайын жасау енеді. Осы талаптар, әсіресе тау-кен өндірісі өнеркәсібінде жұмыс істейтін машиналардың ауыр жағдайларын ескеруі тиіс.

Адам мен көлік машинасының қауіпсіз өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету айтарлықтай дәрежеде қауіпсіздік ережелерінде, пайдалану жөнінде нұсқаулықтарда немесе басқа нормативтік құжаттарда айтылады. Жалпы пайдалану ережелерінен басқа, бірқатар жағдайларда, қоршаған ортаға және жұмыс істеп жатқан машинаға жақын тұрған адамдардың зақымдалуын болдырмайтын көлік машиналарының жұмысы кезінде қосымша қауіпсіздік шаралары қарастырылуы тиіс: қозғалыстағы бөліктерін немесе тиеу-түсіру жұмыстары жүріп жатқан аймақтарды қоршау, адамдардың электр қоректендіргішке немесе басқа жарақат алу қаупі бар жерлерге (мысалы, қосқыштарда, сөндіргіштерде, электровоздарды басқару пульттері және т.б.) түспеуіне кедергі болатын блокадалау құрылғылары мен ажыратқыштарын енгізу, көлбеу беттерде жұмыс істейтін көлік құралдарына ұстағыштарды, кідірткіштер немесе парашюттер қолдану және т.б.

Санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау да маңызды эргономикалық талап болып табылады: оператордың (жүргізушінің, машинистің) жұмыс орнына тиісті конструкциялары қолайлы жағдай жасайды, олар шуылды басатын немесе дірілді жұтатын құралдарды қолдану есебінен шуыл мен дірілдің санитарлық нормаларға дейін төмендеуін қамтамасыз етеді, тығыздауларды пайдалану есебінен шаңның, ылғалдың және т.б. кіруін болдырмау қамтамасыз етіледі.

Шуыл мен дірілдің зиянды әсерімен күресу шынайы түрде жүргізілуі тиіс, себебі олар адамның жұмыс өнімділігіне, шаршағыштығына және денсаулығына әсер етеді. Сондықтан шуыл (75 ДБ), дірілдің нормативтік деңгейін арттыру кезінде оператордың кабинада болу уақыты және т.б. бойынша арнайы нормалар енгізілген.

Жаңа заманғы көлік машинасы автоматтандыру және телемеханика элементтерін (мүмкін болатын жерде) пайдаланатын қарапайым және ыңғайлы басқару органдары, сыртқы түрі жақсы, маневр жасау ыңғайлылығын және жылдамдық сапасын қамтамасыз ететін сүйір формалы, сондай-ақ жаңа заманғы эстетикалық түрі болуы керек.

Локомотивтер, автомобильдер машинистерінің кабиналары, жолаушылар вагондарының салондары антропометрлік талаптарды қанағаттандыруы тиіс, яғни өзінің пішіндері мен өлшемдері бойынша адам денесінің пішінімен байланысты болуы керек.

Техникалық талаптар қарастырылатын түрлендіруді базалық ретінде қабылданған машинамен салыстыруға негізделген көлік машинасының сапасы деңгейін бағалайтын көрсеткіштер жасаумен шектеледі (отандық үздік немесе шетелдік үлгі). Салыстыру базасы ретінде түрлі техникалық параметрлер (өнімділік, жылдамдық, энергия сыйымдылық және т.б.), сенімділік және ұзақ мерзімділік, технологиялық (стандарттау деңгейі және үйлестіру), пайдалану үнемдігі мен тиімділігі, патентке қабілеттілік, ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілеттілік қабылданады.

Пайдалану талаптары техникалық сипаттама көрсеткіштерінің өзінің белгіленген орнына сәйкестігінен тұрады. Бұл, көлік машинасы жобада қарастырылған барлық қызметті, берілген бағдарлама бойынша технологиялық операцияларды орындауы тиіс дегенді білдіреді. Машина түйіндері техникалық қызмет көрсетуге ыңғайлы болуы тиіс: тасымалдауға жарамды, майлау мен бекіту, тозған тетіктерін және т.б. ауыстыру үшін қол жетерлік болуы керек. Анағұрлым күрделі блоктары алмалы-салмалы болуы қажет.

Пайдалану кезінде қызмет көрсетудің еңбек көлемділігі минимум болуы керек. Бұл үшін конструкцияда ұзақ мерзімдік майлағышты қолдануды, барлық түйіндерін құрастыру-бөлшектеуді қамтамасыз етуді, автоматты реттеу элементтерін, қалыпсыз жұмысты сигналдау аппаратурасымен жабдықтауды және басқаларын қарастырған жөн.

Технологиялық талаптар дайындаушы зауытта дайындау құнын төмендетуге және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған. Осы мақсаттар үшін зауытта арнайы жабдықтар: штамптар, кондукторлар, өлшегіш аспап дайындайды. Дайындаушы зауытта құжаттарға технологиялық жұмыс жасау кезінде бұйымдарға үйлестірілген және стандартты тетіктерді, зауытта дайындайтын тетіктерді қолдану мүмкіндігіне, қолданыстағы штамптарды, аспаптар стапельдерін пайдалану арқылы бағалау жүргізіледі.

Экономикалық талаптар мәні машиналарды дайындау кезінде де, сондай-ақ пайдалану кезінде де минимумдауға келтіріледі. Экономикалық тиімділіктің негізгі көрсеткіші ретінде келтірілген шығындар шамасы қызмет етеді. Ол жылдық пайдалану шығындарын, күрделі салынымдар мен тиімділіктің нормативтік коэффициенттерін ескереді. Бұл машинаның өзіне ғана емес, сондай-ақ оған байланысты түйіндестіру жабдығын алу және көлік жүйесінің функционалдық өзара әрекеттесуін (тиеу пункттері, қосымша құрылғылар және басқалар) қамтамасыз ететін дайындық жұмыстарын жасау шығындарына да қатысты. Басты көрсеткіш жалақы шығындары, энергетикалық шығындар (отын, электр энергиясы), материалдар, амортизация және т.б. шығындар енетін 1 т жүкті тасымалдаудың өзіндік құны болып табылады. Сондықтан еңбек өнімділігін арттыру, еңбек көлемділігін төмендету – экономикалық тиімділікті арттырудың негізгі жолдары.

Арнайы талаптар көлік машинасының нақты түрімен және оның белгіленген орнымен байланысты, сондықтан да алуан түрлі. Сонымен, мысалы көлік машиналары басқа агрегаттық кешендермен жұмыс істеуге ыңғайландырылған болуы, басқа көлік буындарымен өзара әрекеттесуді және сәйкес орындауды (тропикалық, солтүстік, жарылуға қауіпсіз) қамтамасыз етуі тиіс.

Көліктің әр түрінің негізгі басымдықтары мен кемшіліктері

Теміржол көлігі ең кең таралған түр болып табылады. Теміржол көлігінің негізгі жетістіктері төмендегілер болып табылады [7]:

- шексіз тасымалдау ұзындығы кезінде үлкен салмақты поездардың айналымы және жаңа заманғы байланыс құралдарын қолдану арқылы қол жеткізілетін теміржол жолдарының жоғары өткізу қабілеті есебінен тасымалдаудың үлкен көлемін игеру мүмкіндігі;

- көлік құралдарының рельс жолдармен қозғалысына аздаған меншікті кедергілер (поездың 1 кг салмағына 2-2,5 кг дейін), осының арқасында жүк бірлігіне келетін энергия шығыны болмашы;

- тартқыш қозғалтқыштарды қозғалысқа келтіру үшін отын мен электр энергиясының әр түрін пайдалану мүмкіндігі;

- жылжымалы құрамның жоғары беріктігі, сенімділігі және айтарлықтай қызмет ету мерзімі (20-25 жылға дейін), осының салдарынан оларды жөндеу, ұстау және амортизация шығындары салыстырмалы түрде зор;

- үлкен салмақты құрамдармен жүктерді тасымалдау кезінде қызмет көрсететін шағын поезд штаттары;

- жылжымаы құрамның жылдың кез келген мерзімінде және кез келген климаттық жағдайларда жұмыс істеу сенімділігі (басқа көлік түрлерімен салыстырғанда);

- үймелі (көмір, құм, цемент, қиыршық тас), құйылатын (мұнай, спирт, су) және даналанған (ағаш материалдар, металл илектері, құбырлар) жүктердің әр түрін, сондай-ақ жабдықтар мен машиналардың дайын бұйымдарын бір мезгілде тасымалдау мүмкіндігі;

- ірі габаритті емес кесектерді тасымалдау мүмкіндігі;

- тасымалдаудың анағұрлым төмен құны, өзіндік құны; 1 т.км құны автомобильмен тасығанға қарағанда 3-5 есе аз және конвейерлік көлікке қарағанда 5-7 есе аз.

Осы қасиеттерімен қатар рельстік көлікте біршама айтарлықтай кемшіліктер де бар, олардың санына:

- жүктік бағыттағы жолдардың кіші ұйғарымдық еңістері (25-40 %о аспайды), бұл айналма жолдарды пайдалану немесе көтерілу бұрыштарын азайту бойынша вертикаль жоспарлаудың айтарлықтай көлемі үшін алғышарттар жасайды;

- локомотивтердің жүру бөліктері конструкцияларынан (қатты базадан) туатын жолдардың үлкен дөңгелену радиустары; әдетте радиустары 100- 120 м тең, бұл жолдарды трассалау кезінде қиындықтар тудырады;

- рельс жолдарды салуға арналған айтарлықтай аудандар, қызмет көрсету персоналына айтарлықтай қажеттілік;

- құрамды тиеуге және түсіруге байланысты тоқтап тұрудың ұзақ мерзімі;

- жеткіліксіз маневрлік, соның салдарынан жүктер арнайы алаңдарға немесе станцияларға жеткізіледі.

Тасымалдау көлемі бойынша екінші орынды автомобиль көлігі алады.

Автомобиль көлігін пайдаланудың кең аймағы оның келесі қасиеттерімен түсіндіріледі:

- жұмыста икемділігі, қозғалмалылығы және маневрлігі, бұл теміржол көлігімен салыстырғанда алаңдарды үнемдеуге мүмкіндік береді;

- шағын күрделі салынымдар кезінде тасымалдау қарапайымдылығымен және айтарлықтай қашықтықпен;

- жүктердің айтарлықтай габариттерімен шоғырланған тасымалдау мүмкіндіктерімен;

- кез келген белгіленген нүктелерде өзі түсіру мүмкіндігімен.

Автомобиль көлігінің кемшіліктерінен:

- пайдаланудағы үлкен еңбек көлемділігі, себебі әрбір автомобильде жүргізуші болуы керек;

- сұйық отын мен майлау материалдарының салыстырмалы үлкен шығындары, бұл тасымалдаудың өзіндік құнын өте жоғары етеді; автомашиналар құны да жоғары, тасымалдау құнының 20-25 % жетеді;

- шағын экономикалық тиімді тасымалдау қашықтықтары;

- жұмыстың климаттық жағдайларға байланыстылығы; лайсаң, қар, жаңбыр жуып тұрған, көк тайғақ және т.б. кездері өнімділігінің төмендеуі;

- күтіп ұстау мен жөндеудің жоғары құны;

- жиі сақтандыру және күрделі жөндеуге алып келетін қозғалтқыштардың, шиналардың және басқа тетіктерінің тез тозуын атап өткен жөн.

Конвейерлік көлік тұрақты жағдайларда: карьерлерде, шахталарда, металлургиялық және машина жасау зауыттарында кең таралған, алайда магистарлдық көлік ретінде практикалық түрде қолданылмайды;

Конвейерлік көлік қасиеттері төмендегілермен шектеледі:

- шикізатпен бірқалыпты және үздіксіз жабдықтау жағдайын жасайтын тасымалданатын материал ағынының үздіксіздігі, кәсіпорын жұмысының ағымдылығы мен ырғақтылығы;

- қызмет көрсететін персоналдардың санының теміржол және автомобиль көлігіндегіге қарағанда бірнеше есе аздығы;

- электр энергиясының салыстырмалы түрде шағын және бірқалыпты шығыны (немесе энергияның басқа түрінде);

- конвейерлік желілер жүйесін автоматтандыру және орталықтандырып басқару мүмкіндіктері;

- биіктердің үлкен деңгей айырмасын игеру мен тиеу және түсіру пункттары арасындағы қашықтықты азайту мүмкіндіктері.

Конвейерді пайдалану кезінде кемшіліктер:

- қатты жемірлі тау жыныстарын жеткізу кезінде таспалардың немесе басқа тартқыш элементтердің жылдам тозуы;

- тасымалданатын материал ірілігін жүк тасушы орган енінің параметрлері бойынша шектеу (150-200, сирек 300-400 мм);

- климаттық жағдайларға тәуелділігі: қатты аяздарда, ұзақ жаңбыр кезінде жабысу, көлік материалының қатуы орын алады;

- тасымалдау ұзындығы көп болғанда қайта жүктеу пункттары мен күш қондырғыларының айтарлықтай саны;

- бір буынның сынуы кезінде барлық конвейерлік желінің тоқтауы.

Осылайша, көлік түрін таңдау кезінде сол немесе басқа көлік құралының қасиеттері мен кемшіліктерін алдын ала өлшеу қажет. Алайда нұсқалардың экономикалық тиімділігін бағалау кезінде түпкілікті таңдау жасалуы мүмкін.

Құбыржол көлігі сұйық немесе газ тәріздес жүктерді ғана емес, сондай-ақ ұсақ бөлшектелген кесекті шаң тәріздес жүктерді де сұйық немесе ауа ортасында тасымалдау үшін қолданылады.

Құбыржол көлігінің негізгі қасиеттеріне:

- барлық жерге төсеу мүмкіндігі (жерде, су астында, жер астына және т.б.);

- ауыстырып құюдың шексіз көлемдері;

- тасымалдаудың ең төмен өзіндік құны (теміржол көлігінен 3 есе төмен және автомобильдегіге қарағанда 30-40 есе аз);

- құбырлар мен станцияларды қымтау арқасында жүктер сапасы мен санының толық сақталуы;

- бастапқы-соңғы операцияларды (құю-төгу) және өнімдерді ауыстырып құю операцияларын толық автоматтандыру;

- қоршаған ортаға минимум теріс әсер ету, экологиялық;

- климаттық жағдайларға тәуелсіздік;

- ағымдылық, яғни сорып алу процесінің үздіксіздігі;

- қызмет көрсету персоналдары санының аздығы;

- тасымалдаудың анағұрлым қысқа жолдарын жатқызады.

Салыстырмалы кемшіліктер:

- тар мамандандыру, яғни жүктердің түрлері бойынша әмбебап еместігі, себебі көбінесе газ тәріздес, сұйық және тар номенклатурадағы қатты (көмір) жүктер үшін пайдаланылады;

- мұнай құбырларының тесіктерінен сұйықтықтың немесе газдың ағып кету мүмкіндігі, бұл экологияға теріс етуі мүмкін.

Құбыржол көлігінің жұмыс технологиясы жүктерді ауыстырып құю үздіксіздігімен сипатталады. Құбыр өнімділігін әсіресе мұнайдың ерекше тұтқыр сұрыптарын ауыстырып құю кезінде немесе қыс мезгілінде арттыру үшін физика-механикалық қасиеттерін және температуралық режимді өзгерту талап етіледі, сондықтан жекелеген жағдайда қыздыру немесе сусыздандыруды, ығыстыруды, газдан тазартуды (уландырғыштарды бөлу) және басқа әрекеттерді жүзеге асыру қажет.