
- •Біртұтас көлік жүйесі және әр түрлі көліктің өзара әрекеттесу негіздері
- •1.4 Көлік жұмысының негізгі көрсеткіштері
- •1.5 Жылжымалы құрам сапасын пайдалану көрсеткіштері
- •Көлік машиналарын таңдау бойынша пайдалану шарттары және жалпы ұсыныстар
- •Орын ауыстыратын жүктердің түрлері мен қасиеттері және көлік құралдарын жіктеу
- •Жіктеу белгілері
- •Тартқыш элементтер типі
- •Жетек типі
- •Көлік құралдарын таңдауға қойылатын жалпы ұсыныстар мен талаптар
- •5 Циклдік және ағынды әрекеттегі құралдардың негізгі параметрлерін анықтау
- •6 Машиналардың істен шығуының физикалық негіздері және көлік құралдарының сенімділігі
- •7 Көлік құралдарын салыстыру әдістемесі және техникалық деңгейін бағалау
- •8 Өзара әрекет ету режимдерін есептеу негіздері
Біртұтас көлік жүйесі және әр түрлі көліктің өзара әрекеттесу негіздері
Көлік қоғамның тіршілік әрекетінің белсенді құрылымы ретінде
Көлікте адам еңбегін сіңірудің үлкен саласы жатыр, түрлі бөліктер мен бөлімшелердің тығыз өзара әрекеттесуі қажет алып динамикалық жүйемен қоса, ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктері пайдаланылды.
Көлік бірсыпыра стратегиялық міндеттерді, ең алдымен азаматтардың жылжымалылығы мен тауар айналымын шешуге арналған. Осы кезде көлік жүйесінің қуаты ғана емес, қызмет көрсету сапасы да, олардың қол жетерлігі де маңызды. Көлік экономикалық, ішкі саясат, әлеуметтік, әскери және басқа салаларда [1] үлкен мәнге ие болады, көліксіз өндірістің қызмет етуі, табиғи ресурстарды игеру көңілге қонбайды. Көлік – бейнелеп айтқанда, кез келген мемлекеттің қан айналу жүйесі.
Көлікті экономикалық түрде мақсатты ету үшін төмендегілер қажет:
- көрсетілетін көлік қызметтерінің спектрін, табиғи бәсекелестікті күшейте отырып, шектік кеңейту;
- ең қысқа мерзімде жылжымалы құрам мәселесін оның сенімділігін арттыру, жүк көтерімділігін арттыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында шешу;
- көлік желісі тығыздығын арттыру арқылы теміржол және автомобиль желілерін дамыту.
Материалдық өндіріс саласы болып табылатын көлік, бірде-бір қоғамдық сала сияқты емес, қоғам өмірінің барлық аспектілеріне әсер етеді, ол жүктер мен адамдарды тасымалдауда тұрғындардың өмірлік қажетті талабын қамтамасыз етуі тиіс.
Көлік ерекшелігі, ол шикізатты қайта өңдемейтіндігімен және тікелей өнім жасамайтынымен шектеледі. Көлікте өндірістік процесс пен осы процесс өнімі, бір мезгілде өндірістік процесс те, көлік өнімі де бола тұра, уақытқа және кеңістікке сәйкес келеді.
Өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруашылығы экономикалық көрсеткіштері, сыртқы экономикалық байланыстар, елдің қорғаныш қабілеті, адамдардың қарым-қатынасы және мемлекеттің қызметі мен оның тұрғындарының өмірінен тұратын басқалары көлік қызметі тиімділігіне тәуелді.
Көлік құралдары – бұл айтарлықтай жылдамдықтармен қозғалатын және осы кезде бір-бірімен соңғы және көбінесе шектеулі кеңістікте өзара әрекеттесетін объектілер.
Көлік – экологияға әсер ететін белсенді құрылымдардың бірі. Көлік үлесіне химиялық ластанудың - 60-70 % және шуылдың 90 % келеді [1]. Көлік – энергия ресурстарын тұтынушылардың бірі, сондықтан көліктің жаңа түрін жасаушының алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі мұнай өнімдерін (автомобиль, теміржол және басқа көлік түрлерінде) және энергияның басқа түрлерін (газ, электр энергиясы, атомдық және т.б.) тұтынуды теңестіру мәселелерін шешу.
Көліктің әр түрі мен көлік жүйесінің барлық элементтерінің қалыпты өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін, жүктерді жеткізу және жолаушыларды тасымалдаудың көліктік-технологиялық сұлбаларын таңдаудың экономикалық тиімділігінің әдіснамасы басым ғылыми бағыт болып табылады. Көліктің әр түрінің өзара әрекеттесуін, нарықтық қатынастармен үйлесетін және тасымалдаудың ғылыми негізделген болжамымен зор ақпараттық жүйе енетін біртұтас көлік жүйесінде (БКЖ) қарастыру қажет.
Көлік құралдарының өзара әрекеттесу негіздерін тереңдетіп зерттеу кезінде бірсыпыра ұғымдар енгізу қажет, одан әрі мазмұндауда біз олармен операция жүргіземіз және олар көлік процестерін сипаттауда жалпы қабылданған [2].
Көлік қатынас құралдары мен жолдарының, сонымен қатар олардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар мен құрылыстар жиынтығы болып табылады.
Көлік процесін жүзеге асыру үшін түрлі дайындық және көмекші операциялар қажет, олар көлік-экспедициялық және тиеп-түсіру деп аталады.
Көлік-экспедициялық операцияларға: қабылдау, орау, таңбалау және жүктерді беру, оларды қысқа мерзімге сақтау, әр түрлі төлемдерді рәсімдеу, жүкті көліктің бір түрінен екінші түріне беру, алушыға жеткізу және т.б. жатады.
Тиеп-түсіру жұмыстары, барар жолында бірнеше қайта тиеу енетін, жүктерді тасымалдау кезінде көп көлем алады.
Жүктер мен жолаушыларды тасымалдау көліктің бір немесе бірнеше түрімен ұйымдастырылады.
Бір көліктік кәсіпорын жүргізетін тасымалдау жергілікті деп аталады.
Тікелей қатынаспен тасымалдау – бұл бір көлік түрімен (автомобиль, теміржол немесе басқа түрімен), бірақ бірнеше көліктік кәсіпорындар (жолдармен, пароход шаруасы, автошаруашылықтармен және т.б.) жүзеге асыратын тасымалдау.
Аралас қатынаспен тасымалдау көліктің бірнеше түрлерімен (мысалы, автомобиль- теміржол - әуе қатынасы), бірыңғай көлік құжаты бойынша жүзеге асырылады. Осындай тасымалдаулар кезінде аралас және қайта тиемейтін тасымалдау, олар үлкейтілген ыдыста (контейнерлер, жәшіктер, паддондар және т.б.) бастапқы пункттен соңғысына дейін келеді.
Халықаралық қатынаспен тасымалдау – мемлекеттен тыс (жүктер экспорты) жүзеге асырылатын немесе шетелден әкелінетін (импорт) жүктер мен жолаушыларды тасымалдау.
Көлік жүйесінің негізгі ұғымдары және анықтамалары
«Көлік» сөзі дегеніміз әдетте:
- өзінің белгіленген орны жүктер мен жолаушыларды тасымалдау болатын халық шаруашылығы саласы;
- материалдық өнім мен адамдарды тасымалдауды қамтамасыз ететін техникалық құралдар кешені;
- жол бойымен қозғалатын бірліктер ағыны;
- белгілі бір бекітілген пунктке және нақты мекен-жайға апаратын жүктің жеке партиясы.
Қатынас құралы – негізгі жылжымалы құрам, оған теміржол, теңіз, өзен, автомобиль, әуе және басқа көлік түрлері жатады.
Қатынас жолдары – жылжымалы құрамның қозғалысына арнап арнайы ыңғайландырылған және жабдықталған жолдар, нақты түрде: рельсті жолдар, автомобиль жолдары, кеме жүзетін өзендер, теңіздер және т.б..
Көліктегі техникалық қондырғылар мен құрылыстар тиеп-түсіру пункттарынан, жүк және жолаушылар станцияларынан, порттардан, зауыттардан, жөндеу шеберханаларынан, қоймалардан, сигнал беру құралдарынан және т.б. тұрады.
Көлік жүйесі – тасымалдау жасаған кезде өзара тәуелділік пен өзара әрекеттесуде болатын көліктің әр түрлерінің кешені. Көлік жүйесіне ұйымдастыру, оперативтік және басқару функциялары (АСУ, АСУОП т.б.) енеді. «Біртұтас көлік жүйесі» ұғымы көліктің барлық түрлерінің әлеуметтік-экономикалық тұтастығын көрсетеді, бұл мемлекетке, өңірге немесе ірі қалаға тән.
Көлік желісі – елдердің немесе жеке өңірдің елді мекендерін байланыстыратын барлық қатынас жолдарының жиынтығы. Ол жеке көлік түрлерінің маршруттық желілерінен (метро, трамвай, автобус және т.б.) түзіледі және әдетте магистральдық желілер мен төменгі желіге бөлінеді. Магистральдық желі жүктерді алыс қашықтыққа тасымалдауды орындайды, төменгі желі жергілікті өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы жүктерін тасымалдауды қамтамасыз етуге арналған.
Көлік желісінің тығыздығы деп 1000 км2 келетін желі километрінің санын атайды.
Ағын қуатын олардың жүк толымдығын немесе жолаушылар толымдығын желінің 1 км келетін тоннокилометрмен анықтайды.
Көлік-экспедициялық операцияларға: қабылдау, орау, таңбалау және жүктерді беру, оларды қысқа мерзімге сақтау, әр түрлі құжаттар мен төлемдерді рәсімдеу, жүкті көлік құралының бір түрінен екінші түріне қайта тиеу жатады.
Жүктер мен жолаушыларды тасымалдау көліктің бір немесе бірнеше түрімен ұйымдастырылады.
Бір көліктік кәсіпорын жүргізетін тасымалдау жергілікті деп аталады.
Аралас қатынаспен тасымалдау - көліктің бірнеше түрлерімен бірыңғай көлік құжаты бойынша жүзеге асырылатын тасымалдау. Көбінесе осындай тасымалдаулар қайта тиемейтін қатынастар үшін пайдаланылады (контейнерлерде, жәшіктерде, вагондарда және т.б.).
Халықаралық қатынаспен тасымалдау – мемлекеттен тыс жүзеге асырылатын – сыртқа шығарылатын (экспорт), әкелінетін (импорт) тасымалдар.
Көлік процесі – өнеркәсіпте қабылданған «өндіріс процесі» ұғымына ұқсас, жүктер мен жолаушыларды жөнелту пунктінен белгіленген жеріне жеткізуге тікелей байланысты нақты операциялар кешенін бейнелейді. Көлік процесін ұйымдастыру ретінде жалпы түрде принципті ережелер, әдістер және жүктерді тиеу, жылжыту, түсіру, көлік-экспедициялық операцияларды және т.б. орындау бойынша көліктің әрекеттік буындары байланысын қарастыратын құрылымдық сұлбалар кешенін түсінеміз.
Учаскелерге немесе шағын желілерге қатысты көбінесе «қозғалысты ұйымдастыру» терминін қолданады, бұл әдістер кешенін тасымалдау мақсаттарымен шектеуді атап көрсетеді.
Кез келген көлік объектісінің өткізгіштік қабілеті - жылжымалы бірліктердің максимум саны, ол берілген объект (жол бөлігі, жол қимасы) бойынша уақыт бірлігіне (тәулік, сағат) берілген техникалық жарақтандыру кезінде және қозғалысты ұйымдастырудың белгілі түрі жағдайында өткізілуі мүмкін.
Қандай да бір көлік объектісінің алып жүру қабілеті – бұл жүктің максимум көлемі (тоннамен немесе жолаушылармен), ол жылжымалы құрамның, жанармайды және басқа ауыспалы құралдардың болуына байланысты есептік кезеңде тасымалдануы мүмкін. Алып жүру қабілеті көлік ағынының ең жоғары шамасын анықтайды, өйткені мысалы жолдың өткізу қабілеті онда бірде-бір көлік бірлігі болмаған жағдайдың өзінде де өзгеріссіз қалады.
Бірқатар шарттарды ұстанған кезде (жылжымалы құрамды жанармаймен, материалдармен, кадрлармен және көлік бірліктерінің қажетті санымен қамтамасыз ету) өткізу және алып жүру қабілеті практикалық түрде тең болады, сонда тасымалдау қуатының бір ұғымымен операция жасауға болады.
Қалыптастыру немесе маршурттау жоспары, көліктің түрлі бөлімшелері дайындайтын құжат болып табылады. Онда поездар мен жеке көлік құралдарын (автомобильдерді, кемелерді ұшақтарды және т.б.) қалыптастыру (бастапқы пункттар) және тарату (соңғы пункттар) пункттары туралы нұсқаулар, сондай-ақ берілген мақсаттағы поезға ғана кіретін жүк ағымының (жолаушылар ағымының) сипаттамалары болады. Маршруттауды дайындау қажеттігі, көлік құралына тиелген жүк, жүру жолында теміржол поезы, автопоезд немесе өзен көлігі тягачын ауыстыруы, буксир, локомотив және басқалары болуына қарамастан, өзінің белгіленген пунктіне дейін жүруі тиіс екенін білдіреді.
Көлік бірліктерінің қозғалыс графиктері мен кестелері жолаушылар тасымалы, сондай-ақ жүк тасымалы саласында да жасалады. Кесте әрбір көлік бірлігінің, кестеге және бірліктердің жүру маршрутына енгізілген әрбір пункт бойынша жөнелту және келудің дәл уақытын, сонымен қатар тәуліктік қозғалыс көлемдерін (сапарлар саны) регламенттейтін кесте түрінде болады. Олар желінің әрбір бағытында (маршрутында) қозғалыс үздіксіздігін және уақытылы дәрежесін бейнелейді. Әзірленген құжаттар көлік ішілік құжат шеңберінен шығады және жалпы мемлекеттік мәндегі құжаттарға айналады, көлік бөлімшелерінің өздері үшін де қатаң түрде міндетті болады.
Қалыптастыру жоспарлары (маршруттау) және қозғалыс графиктері (кесетлері) негізінде бірқатар көлік министрліктері мен ведомостволары шеңберінде техникалық жоспар мен техникалық нормативтер кешенін әзірлеуге болады, оған белсенді бірліктер (локомотивтер, тягачтар, буксирлер) айналымының, жүргізушілер жұмысы мен демалысының графиктері, жүктік аулалар жұмысының, техникалық құралдарды жөндеу және қызмет көрсету графиктері және т.б. енгізілуі мүмкін.
Біртұтас көлік жүйесінде көліктің әр түрінің өзара әрекеттесу саласы
Көлік саласында маңызды міндет ретінде оның барлық түрлерінің біртұтас көлік жүйесінің құрамды бөліктері ретінде үйлесімді дамуы болып табылады.
Әр түрлі жүктер үшін анағұрлым тиімді көлік түрлерін кешенді пайдалану қоғамдық жұмыстың ең аз шығындарымен тасымалдауда халық шаруашылығы қажеттілігін қамтамасыз етуі тиіс.
Бұрын байқалғандай, көлік – бұл оған көліктің алуан түрі ғана емес, теміржол жолдарының, автомобиль жолдарының, су магистральдарының, әуе желілерінің, мұнай және газ құбырларының, теміржол вокзалдары үймереттерінің, порттардың, кемежайлардың, аэропорттардың және т.б. тармақталған желілері де енетін үлкен және күрделі кешен.
Көліктің әр түрлерінің орнықты қызмет етуін талап ететін, күрделі, үздіксіз және динамикалық жұмыс сипатындағы көлік кешені үшін, маңызды мәселе көліктің барлық буындарының үйлесімі болып табылады.
Тасымалдау құралдары және техникалық құрылғылар мен механизмдердің қатынас жолдарының жиынтығы болып табылатын біртұтас көлік жүйесі жүктер мен адамдарды ең аз шығындармен және ең жоғары пайдамен тасымалдауда халық шаруашылық қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, технологиялық, техникалық, ақпараттық, құқықтық және экономикалық қатынастар жүйесімен біріккен басқару және байланыс құралдарын, барлық көлік түрлері құрылғыларын кеңінен пайдалану кезінде қызмет етуге қабілетті.
Мұнда бастысы жүктерді «есіктен есікке» тасымалдауды жүзеге асыру кезінде көліктің әр түрін біріктіріп пайдаланудың тиімді тәсілдерінің жүйесі болып табылады, яғни біртұтас тасымалдау процесінің барлық сатысында көліктің әр түрінің тиімді өзара әрекеттесуінде.
Бұл міндет көліктің әр түрі арасында тасымалдау көлемдерін дұрыс бөлу, аралас қатынастарды жетілдіру және жүктерді жеткізудің қайта жүктеусіз сұлбасын дамыту кезінде шешілуі мүмкін.
Тасымалдау көлемдерін үлестіру көліктің әр түрі арасында экономикалық басымдықтар саласын айқын бөлу негізінде жүзеге асырылады. Сонымен, жолаушыларды алыс қашықтықтарға (1000 км астам) тасымалдауды әуе көлігімен, орташа қашықтыққа (500-1000 км)- теміржол немесе әуе көлігімен жүзеге асыру анағұрлым тиімді, шағын қашықтықтарға (100-500 км) жолаушылар ағынын автомобиль немесе теміржол көлігімен игеріледі. Жүктерді тасымалдау көліктің әр түрі арасында қашықтығына ғана емес, жүк түріне де, көлік желісінің тығыздығына және тасымалдау көлеміне байланысты бөлінуі тиіс. Мысалы, автомобиль көлігімен жүктерді шағын париямен, олардың жолда бөгелуі кәсіпорындар мен тұрғындарға айтарлықтай залал келтіруі мүмкін болған жағдайда тасымалдау мақсатты.
Аралас қатынастарды жетілдіру көлік экспедициясын жақсарту жолы, жүк және жолаушылар жұмысының концентрациясы, тасымалды контейнерлеу және тікелей нұсқа бойынша тиеп-жүктеу жұмыстарын ұйымдастыру, яғни көліктің бір түрінен екіншісіне, қоймаға соқпай, беру бойынша жүргізіледі.
Дамыған көлік экспедициясы жүктерді жөнелтеуші қоймасынан алушы қоймасына бірыңғай көлік құжаты бойынша жеткізуші мен тұтынушының көліктің әр түрінің тоғысында операцияларға қатыспастан жүзеге асыратын БКҚ дұрыс пайдалануды болжайды.
Біртекті немесе біртектілігі бойынша жақын жүк жұмысы концентрациясы тиеп-жүктеу жұмыстарын механикаландыруға және автоматтандыруға және жылжымалы құрамның тиеу немесе түсіру астында тұрып қалуын қысқартуға мүмкіндік береді, осыған байланысты кішкене жүк станцияларының, қоймалардың жүк айналымдарын ірі станцияларға бере отырып, жабылуы экономикалық түрде ақталды. Тиеп-түсіру жұмыстарын тікелей нұсқа бойынша ұйымдастыру осы жұмыстардың еңбек көлемділігін күрт қысқартуға, қойма бөлмелеріне қажеттілікті азайтуға, жүктің сақталуын арттыруға және тұтастай үлкен экономикалық нәтиже алуға мүмкіндік береді. Аталған жұмыс түрін жүзеге асыру контейнерлер мен пакеттерді кеңінен енгізу, яғни айналымдық орау ыдысын пайдалану кезінде мүмкін болады, ол жүкті көліктің бір түрінен екіншісіне беруді тездетуге, тиеп-түсіру шығындарын сақтауға және оның сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қайта жүктеусіз қатынастарды дамыту аралас қатынастарда маңызды бағыт болып табылады, бұл жылжымалы құрамдары минимум тұрып қалатын жүктердің анағұрлым жылдам жылжуы. Қайта жүктеусіз қатынастар теміржол доңғалақтары мен пневошиналары болатын аралас жүрісті үлкен жүкті контейнерлерді, вагондарды және вагон сүйрегіш арбашықтарды қолдану арқылы ұйымдастырылуы мүмкін.
Бірыңғай көлік жүйесі дамып келе жатқан үлкен бағыныңқы жүйенің күрделі жиынтығынан тұрады, олардың өзара әрекеті төмендегілерге мүмкіндік береді [3]:
- жүктер мен адамдарды тасымалдауда халық шаруашылығын қамтамасыз ету уақытылығы мен сенімділігін арттыру;
- көліктің өзара әрекеттесуші түрлерінің жұмысында өзара көмектесу арқасында қатынас жолдарының алып жүру қабілетін тиімдірек пайдалану;
- жүк және жолаушылар тасымалын тиімді бөлу кезінде көлік шығындарын қысқарту;
- жеке бағыныңқы жүйелерді басқаруды, жөндеуді, жобалауды және құрылысын топтастыра отырып, қызмет көрсететін персонал санын қысқарту;
желінің пайдалану маневрлігін арттыру, жылжымалы құрамның айналымдылығын арттыру және оның санын азайту.
БКЖ бірлігіне қол жеткізіледі;
а) өзара әрекеттесудің техникалық саласында, ол көліктің әр түрінің техникалық параметрлерін бірегейлеуді, стандарттауды және үйлестіруді болжайды. Өзара әрекеттесуші бағыныңқы жүйелердің өткізу және қайта өңдеу қабілеттерін үйлестіру, оперативті қызметкерлер мен есептеуіш кешендері арасында сенімді жүйелер құру;
б) қайта тиелмейтін қатынастар, контейнерлік және пакеттік тасымалдау техникасын дамыту;
в) өзара әрекеттесудің технологиялық саласында, ол технологияның бірыңғайлығымен, көліктің әр түрін пайдаланудың кешенді жүйесін, көлік, жүк жөнелтушілер мен алушылар жұмысының біріккен және өзара байланысты жұмыс графигін, көлік желілері үздіксіз жоспарын, бірыңғай технологиялық процестердің жұмыс графиктерін пайдаланумен қамтамасыз етіледі;
г) өзара әрекеттесудің ақпараттық саласы, ол ақпараттың берілу мазмұны мен түрлері, жылдамдығы және көліктің бір түрімен екіншісінде шешім қабылдау үшін ақпаратты беру бойынша ақпарат үйлесімдігін қамтамасыз етеді;
д) құқықтық салада өзара әрекеттесу негізін теміржол, автомобиль, су көлігі жарғылары; сауда теңіз жолы кодексі; тасымалдар мен тарифтер ережелерінің жинағы және т.б. құрайды;
е) экономикалық салада өзара әрекеттесу негізін көлік түрлері арасында тасымалды бөлудің бірыңғай жүйесі, тасымалдарды жоспарлау жүйесінде бірыңғай тәсіл, барлық көлік түрлерінің қызмет етуін және дамуын оңтайлы басқару құрайды;
з) желілерде, ғылыми дайындамаларда және т.б. көліктің әр түрінің өзара әрекеттесуінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін пайдалануда.
БКЖ қызмет етуінде, перспективалы көлік жүктеріне негізделетін БКЖ дамуын басқару маңызды орын алады, ол барлық деңгейлерде БКЖ дамуын болжау теориясы мен оңтайландыру әдісінің өзара байланысынан құрылады.
Көлік жүйесін құру мен жетілдірудің барлық деңгейлерінде көлік құралдарын пайдалану шарттарына, сенімділігіне және ұзақ мерзімділігіне, жүк ағындарының пайда болуы мен дамуының болжамына, жүк тасымалдау көлемі мен түріне ерекше назар аударылуы тиіс.
Жоғарыда аталған мәселелерді одан әрі зерттеу және қарастыру кезінде негізгі ұғымдар мен анықтамаларды қарастырған жөн;
- тасымалдау құралдары – бұл жылжымалы құрам, құбырлар, контейнерлер, түрлі ыдыс және басқалары;
- жылжымалы құрам - локомотивтер, вагондар, кемелер, автомобильдер, тракторлар, тягачтар, өзі жүретін вагондар және т.б.;
- техникалық құрылғылар мен механизмдер – тиеп-түсіру құралдары, конвейерлер, бункерлер, қоректендіргіштер, пакетмашиналар және басқалары;
- басқару және байланыс құралдары – ақпаратты жинау, сақтау қайта өңдеуді қамтамасыз ететін құрылғылар кешені, оларға бағдаршамдар, сигналдық белгілер, аспаптар және т.б. жатқызылуы мүмкін.