
- •Қаржы-экономикалық факультет Экономика кафедрасы
- •Қаржы-экономикалық факультет Экономика кафедрасы
- •Силлабус
- •Дәрістік күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •«Микроэкономика» пәнінен семинар сабағын жүргізуге әдістемелік нұсқау
- •Практикалық (семинарлық) сабақтарының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
- •1 Аралық бақылау тапсырмалары
- •2 Аралық бақылау тапсырмалары
- •Емтихан сұрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Дәріс кешені
- •1. Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттіліктер, ресурстар және таңдау
- •10. Монополия бәсекелестік жағдайындағы фирмалардың әрекеті
- •12. Капитал нарығы.
- •13. Жер нарығы
- •14. Инновация нарығы
- •15. Нарық «сәтсіздіктері» және мемлекеттік басқару
- •1 Өж тапсырмалары
- •1 Тапсырма 50 балл
- •2 Тапсырма 50 балл
- •2 Өж тапсырмалары ә р дұрыс шығарылған есеп жауабына 10 балл
- •2 Тапсырма 50 балл Есеп шығару
- •4 Өж тапсырмалары. Есептерді шығару
- •«Микроэкономика » пәнін оқып үйренуге арналаған әдістемелік нұсқаулар
10. Монополия бәсекелестік жағдайындағы фирмалардың әрекеті
Дәріс мақсаты: Тақырыптың мазмұнын ашу, қойылған мақсатқа жету, дәріс сұрақтарын студенттерге дұрыс түсіндіру Монополия бәсекелестік жағдайындағы фирмалардың әрекеті кепілдік беру қорына қатысушылардың типтік шартының негізгі ережелерінің тиімділігін түсіндіру.
Дәріс жоспары:
1. Монополиялық бәсекелестік мәні
2. Монополистік бәсекелестік жағдайында фирманың өндіріс көлемі мен бағасы
Кілтті сөздер: монополия, монополиядағы бәсеке, сұраныс, ұсыныс, нарықтағы тепе-теңдік, нарық, баға, бәсеке
Иллюстративтік материал: слайд
1. Монополистік бәсекелестік - бұл (тұтынушы көзқарасы бойынша) ұқсас, бірақ бірдей емес өнімді өндірушілердің салыстырмалы үлкен санын айтамыз.
Жетілген бәсекелестіктен монополиялық бәсекелестіктің айырмашылығы мынада: әрбір фирма тауардың ерекше түрін сатады, ол жоғары сапамен, безендірумен ерекшеленеді және осының есебінен тұтынушыда "бағалық емес қалау" қалыптасады. Монополистік бәсекелестік кезінде фирмалар бірдей емес "жетілдірілген" өнімді сатады және осылайша өз тауары маркасының "монополисі" болады.(Мысалы, "Сникерс" шоколадының қара-пайым сүтті шоколадтан дәмдік қасиеті бөлек, ал "Колгейт" тіс пастасы "Фторденттен" иісі, құрамы бойынша ерекшеленеді).Нәтижесінде кейбір тұтынушылар "Сникерс" пен "Колгейтке" басқаларына қарағанда көп ақша жұмсайды.
Монополистік бәсеке нарығында өнім - сатудан кейінгі қызмет көрсету барысында (ұзақ мерзімде қызмет көрсету), жарнаманы интенсивті жүргізе отырып, сатып алушыға жақындап жетілдіруі мүмкін. Осылайша фирмалар баға арқылы ғана емес, өнімнің саласын арттыру, жетілдіру арқылы нарықта бәсекеге түсуі мүмкін.
Нарыққа жаңа бәсекелестердің санының шексіз енуі монополистік бәсекелестіктің маңызды сипаты болып еселтеледі. Мұндай нарықта жұмыс істейтін өндірушілер ірі кәсіпорындар емес, сондықтан оларға керекті алғаш-қы капитал көлемі үлкен емес.
Монополистік бәсеке нарығының моделі көптеген нақты қызмет істеп жатқан нарықтар арқылы сипатталады. Оның мінездемесіне қызмет көрсету саласы сәйкес келеді (ресторандар, техникалық қызмет көрсету стан-циялары, өндірістік салалар - киім, алкогольдік емес сусындар және т.б жатады). Монополиялық бәсеке ондаған фирмалар шаруашылығын қызмет атқаратын және олардың арасында құпия келісімнің болуы мүмкіндігі жоқ жерде пайда болады. Әрбір фирма өзіне тәуекел ету арқылы қызмет атқарып, өзінің баға саясатын анықтайды. Бәсекелестің басқа қалған мүшелерінің іс-әрекетін болжап, есепке алу мүмкін емес.
Монополиялық бәсеке өзінің өнімін өткізу үшін тұтынушылардың талғамын есепке алу қажет болатын өнімді саралау керек болған кезде дамиды. Монополистік бәсекелестік тұтыну тауарларын өндіретін салада кеңінен таралады. Жеңіл және тамақ өнеркәсібіне, көптеген мысалдар келтіруге болады: көйлектер, костюмдер, шоколад, кафе, театр, эстрада және т.б. өнімді саралау тек қана тауар сапасының әр түрлілігіне ғана емес, сонымен қатар оның көрсетілетін қызметіне де негізделуі мүмкін. Сатып алушының таңдауына әдемі безендірілген қораптар, дүкендердің қолайлы орналасуы мен жұмыс уақыты, тұтынушыға жақсы қызмет көрсетуі әсер етеді. Бұл тұтасымен кішігірім дүкендерге, шаштараздарға, жанар-жағар май құю бекеттеріне қатысты болады.
11-тақырып. Еңбек нарығы
Дәріс мақсаты: Тақырыптың мазмұнын ашу, қойылған мақсатқа жету,дәріс сұрақтарын студенттерге дұрыс түсіндіру. Еңбек нарығының
экономикалық мәні, сақтық қатынастарының дамуын студенттерге түсіндіру.
Дәріс жоспары
1. Еңбек сұранысы, ұсынысы
2. Жалақы еңбек бағасы ретінде
3. Жалақы еңбек бағасы ретінде.
Кілтті сөздер: Еңбек сұранысы, ұсынысы, жалақы еңбек, баға, еңбек, нпрық
Иллюстративтік материал: слайд
Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке моделі
Тауар және өндірістік факторлар нарықтарын да жетілген бәсеке деп есептейік. Еңбек нарығындағы жетілген бәсеке төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:
Белгілі бір еңбек түрін жалдау кезінде бір-бірімен бәсекелестікке түсетін фирмалар саны өте кеп.
Бірдей еңбек түрін ұсынатын біліктілігі бірдей жұмысшылар саны өте көп және олардың әрқайсысы еңбек нарығын-да өз қызметін ұсынады. Бұл уақытқа олар бір-біріне тәуелді болмайды.
Жеке фирма да, жеке жұмысшы да нарықтағы еңбекақы мөлшеріне бақылау жасамайды. оған әсер етпейді және олар еңбекақыны өздері белгілей алмайды.
Енді
еңбек сұранысы мен ұсынысына тоқталайық.
Фирма өндірісте тек кана еңбек ресурсын
колданатын болса, онда шекті өнімділіктің
азаю заңына байланысты МР, белгілі бір
нүктеден кейін төмендей бастайды.
Тауардың бағасы тұрақты, себебі тауар
нарығы - жетілген бәсекелес нарығы.
Сондықтан еңбектің шекті өнімділігінің
(МР) азаюына байланысты шекті түсімділік,
яғни шекті өнімділіктің ақшалай мөлшері
(
)
төмендейді. Қосымша бір жұмысшыны
жалдағаннан түсетін қосымша түсім
еңбектің шекті түсімділігі деп аталады.
жэне (
)
ол төмендегідей формуламен анықталады:
= МК • MP
мұндағы МR- шекті түсім,
МР -еңбектің шекті енімділігі.
Жетілген бәсекелес шарты бойынша шекті түсім бағаға тең: МR=Р, олай болса
МRР = Р МР,.
Еңбектің шекті түсімділігінің қисығы (МRР) - жеке фирманың еңбекке сұраныс қисығы болады.