
- •Қаржы-экономикалық факультет Экономика кафедрасы
- •Қаржы-экономикалық факультет Экономика кафедрасы
- •Силлабус
- •Дәрістік күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •«Микроэкономика» пәнінен семинар сабағын жүргізуге әдістемелік нұсқау
- •Практикалық (семинарлық) сабақтарының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
- •1 Аралық бақылау тапсырмалары
- •2 Аралық бақылау тапсырмалары
- •Емтихан сұрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Дәріс кешені
- •1. Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттіліктер, ресурстар және таңдау
- •10. Монополия бәсекелестік жағдайындағы фирмалардың әрекеті
- •12. Капитал нарығы.
- •13. Жер нарығы
- •14. Инновация нарығы
- •15. Нарық «сәтсіздіктері» және мемлекеттік басқару
- •1 Өж тапсырмалары
- •1 Тапсырма 50 балл
- •2 Тапсырма 50 балл
- •2 Өж тапсырмалары ә р дұрыс шығарылған есеп жауабына 10 балл
- •2 Тапсырма 50 балл Есеп шығару
- •4 Өж тапсырмалары. Есептерді шығару
- •«Микроэкономика » пәнін оқып үйренуге арналаған әдістемелік нұсқаулар
1. Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттіліктер, ресурстар және таңдау
Түйінді сөздер: Микроэкономика пәні.Макроэкономикалық талдаудың принцптері. Ресурстар шектеулігі және балама таңдаулар мәселесі.
Экономикадағы технологиялық таңдау. Өндірістік мүмкіндіктер шегі. экономикалық үрдіске қатысушылардың рационлды әрекеттері. Микроэкономикалық талдау әдістері.
1. «Макроэкономика» пәні экономикалық оқу орындарында оқытылатын негізгі теориялық базалық курстың бірі болып есептеледі.
Макроэкономика ғылым ретіңде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика біртұтас жүйе ретінде қарастырыла отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттеді.
Макроэкономика экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы іс - әрекеттерді біріктіріп жалпылай қарастырады. Белгілі бір уақыт аралығында кейбір фирмалар өндірген өнімдеріне бағаны өсіреді, кейде төмендетеді. Бағаның жиынтық өзгерісін талдау кезінде зерттеушілер көптеген баға өзгерістерінің ішінен орташасын алады. Бағаның экономикадағы жиынтық динамикасын өлшеу үшін баға индексі қолданылады. Макроэкономиканың негізгі мақсаты жеке фирмалар мен жұмысшылардың дамуын қарастыру емес, экономиканың жиынтық беталысын талдаудан тұрады. Макроэкономикадағы жалпы ұлттық өнім, қор жинағының нормасы, тұтыну баға индексі, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі және өндіріс көлемінің өзгеру қарқындылығы секілді көрсеткіштер экономиканың бір бөлек элементін ғана қарастырмайды, олар экономиканың дамуының беталысын зерттеуге мүмкіндік береді.
2-тақырып. Нарықтағы экономикалық жүйе және нарық тетігі
Дәріс мақсаты: Тақырыптың мазмұнын ашу, қойылған мақсатқа жету, дәріс сұрақтарын студенттерге дұрыс түсіндіру. Нарықтағы экономикалық жүйе нарық тетігі туралы мағлұмат беру, оның қаржы және несиемен өзара байланысын түсіндіру.
Дәріс жоспары:
1. Нарықтық экономикалық жүйе.
2. Нарықтық тепе-тендік
Кілтті сөздер: сұраныс, ұсыныс, нарықтағы тепе-теңдік, нарық, баға, бәсеке
Түйінді сөздер: сұраныс, сұраныс заңы, сұраныс қисығы, шекті пайдалылық принципі, альтернативті тауарлар, жеке және нарықтық сұраныс, ұсыныс, ұсыныс заңы, ұсыныс қисығы, нарықтық тепе-теңдік.
1. Нарықтық экономика сұраныс пен ұсыныстың бітпейтін өзара әрекеттестігімен сипатталады. Сұраныс дегеніміз -адамдардың тауар сатып алуға талабы мен қабілеттілігі. Баға мен бағадан тыс факторлар сұранысқа ықпал тигізеді. Сұраныс заңы - сұраныс көлемінің бағаға кері тәуелділігі деп білеміз: тауардың бағасы неғұрлым төмен болса, тауар сұранысы соғүрлым жоғарылайды. Сұраныстың қисық сызығы - сұраныс заңының графикалық бейнеленуі. Сұраныстың бағаға кері тәуелділігі мына себептерге байланысты: 1) баға төмендегенде сатып алушылар саны көбейеді; 2) тұтыну-шының сатып алу қабілеті өседі; 3) арзандаған тауардың қосымша бірліктерін сатып алу тиімді болады. Баға әсері сұраныс шамасын өзгертеді де, сұраныстың кисық сызығы бойынша (В) көрінеді. Бағадан тыс факторлар сұраныстың өзін өзгертеді және сұраныс қисығын он жаққа (өскен жағдайда) яғни сол жаққа (төмендегенде) ысырады.
Ұсыныс дегеніміз - сатушыларлың рынокқа тауарларды сату үшін ұсынудағы талабы мен кабілеттілігі. Ұсынысқа баға жөне бағадан тыс факторлар әсер етеді. Ұсыныс заңы -ұсыныс шамасының баға деңгейін тікелей тәуелділігі: баға жоғарылаған сайын, рыноктағы ұсыныс шамасы ұлғаяды. Ұсыныстың қисық сызығы - ұсыныс заңының графикалық сепнеленуі. Бағадан тыс факторлар ұсынысты өзгертеді де, үсыныстың қисыц сызыгы оң жаққа (өскен жағдайда), сол жаққа (төмендегенде) ығыстырылады.
Сұраныстың қисық сызығы бойынша қозғалу бағаның өзгеруіне орай сұраныстың ұлғаюын білдіреді
Бағадан тыс факторлардың әрекеті нәтижесінде сұраныс өзгереді (қисык сызыктың ысырылуы). Оң жаққа ығысуы - сұраныстың ұлғаюы сол жаққа ығысуы - сұраныстың азаюы
Сұраныс - белгілі бір тауардың бағасына тұтынушының төлем мүмкіндігінің жетуі. Бүл терминнің экономистер үшін маңызы зор.
Сұраныс, белгілі уаңыт аралығында әрбір мүмкін баға деңгейінде тұтынушылар сатып алуға дайын өнім көлемін көрсететін, график арқылы сипатталады.
3-тақырып. Тұтынушы әрекетінің теорясы
Дәріс мақсаты: Тақырыптың мазмұнын ашу, қойылған мақсатқа жету, дәріс сұрақтарын студенттерге дұрыс түсіндіру. Тұтынушылардың нарықтық сұранысының қажеттілігі, тұтынушы әрекетінің теориясын жүргізудің нысандары мен әдістерінің мазмұны мен ерекшеліктерін және жүргізу тәртібінің мазмұнын ашу.
Дәріс жоспары:
Тұтынушылардың нарықтық сұранысының талғамдық теориясын ашып көрсету
Талғамсыздық қисығы
Кілтті сөздер: тұтынушы, талғам, нарық баға, пайда, таңдау
Түйінді сөздер:тұтынушылардың нарықтық сұранысын қалыптастыру үрдісі, тұтынушы қалауы, тұтынушы таңдауы, пайдалылық түсінігі,талғамсыздық қисығы т.б.
Нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтер тұтынушылардың тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, пайданы мейлінше арттыру үшін өндіріледі. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін фирмалар тауарды өндіру туралы шешімді тұтынушылардың сұраныстарын, олардың қандай тауарларды ұнататынын, қандай бағамен сатып алуға дайындығын зерттегеннен кейін ғана қабылдайды. Демек, тұтынушының нарықта қабылдайтын шешімін және оған әсер ететін факторларды зерттеудің практикалық маңызы зор.
Тұтынушының тауар нарығында қабылдайтын шешіміне, оның талғамы және баға мен бюджет әсер етеді. Тұтынушының қалауын зерттеу талғамсыздық қисығының көмегімен жүргізіледі. Тұтынушының шешіміне әсер ететін экономикалық факторларды талдау арқылы оның теңдестік жағдайы анықталады. Тұтынушының таңдау теориясы жалпы шешім қабылдау теориясының негізін құрайды. Бұл теорияның қағидаларын қолдана отырып, нарықта қабылданатын әр түрлі шешімдерді талдап түсіндіруге болады.
Тұтынушыға ұсынылған М1, М2, М3, М4 қоржындардың әрқайсысы тұтынушыға бірдей пайдалылық әкеледі. Тұтынушы оларды таңдағанда талғамсыздық білдіреді. М4 қоржыны М1 қоржынынан артық емес. Тұтынушыға қандай қоржынды қалау бәрібір. Сондықтан олар бір қисықтың бойында орналасқан. Осы тұжырымды дәлелдеу үшін М3 қоржынынан бір бананды алып тастайық, қоржында екі банан, алты алма қалады. Жаңа қоржынды М5 деп белгілесек, оның тұтынушыға әкелетін пайдасы М3 қоржынынан аз болады. Яғни, М5 қоржынының U1 талғамсыздық қисығының бойында орналасуы мүмкін емес. Егенр пайдалылығы М5 қоржынының пайдалылығына тең, басқа қоржындар тапсақ, олар жаңа талғамсыздық қисығының бойында орналасады. Сөйтіп, координаттар бойында көптеген талғамсыздық қисықтары пайда болады. Әрбір талғамсыздық қисығының бойындағы қоржындардың беретін пайдалылығы әр түрлі деңгейде болады. Олар талғамсыздық қисықтарының картасын құрайды.
4-дәріс. Өндіріс теориясы
Дәріс мақсаты: Тақырыптың мазмұнын ашу, қойылған мақсатқа жету, дәріс сұрақтарын студенттерге дұрыс түсіндіру. Өндіріс теориясы ұғымы және оның экономикалық зардаптарын және түрлерін жеткілікті түрде студенттерге жеткізу.
Дәріс жоспары:
1. Өндіріс. Технология мен өндірістік атқарым
2. Өндіріс пен өндіріс факторлары туралы түсінік
Кілтті сөздер: изокванта, өндіріс, сұраныс, технология
Түйінді сөздер: өндірістік үрдіс, өндіріс факорларына сұраныс, өндіріс функциясы, изокванта және изокванттар картасы т.б.
Өндіріс процесі ресурстарды дайын өнімге айналдыру тәсілі ретінде қарастырылады. Ресурстар (өндіріс факторлары) шығындарының құрамы мен мүмкіндігінше ең жоғары деңгейде шығарылатын өнім көлемінің арасындағы технологиялық тәуелділік өндірістік функция көмегімен көрсетіледі.
Өндірістік функция (production function) — өндіріс көлемі (Q) мен өндіріс факторларының (еңбек L, капитал К) арасындағы тәуелділік: D= f )(K,L).
Екі факторлы өндірістік функцияны график түрінде көрсетуге болады:
Изокванталар
Q1; Q2; Q3 - изокванталар картасы (isoquant mар). Изокванта (isoquant) (тең өнімдер қисығы) бірдей көлемдегі өнім шығаруды қамтамасыз ететін ресурс шығындарының әр түрлі комбинацияларын көрсетеді. Ресурстарды технологиялық процесс кезінде өзара ауыстырудың шекті нормасын (МRТS) изоквантаның көлбеуімен анықтайды: МRТS = -ΔК/ΔL
Бір айнымалы факторлы өндіріс және кемімелі қайтарым заңы
Қысқа уақыт мерзімінде (short run) ең болмағанда бір өндіріс факторы тұрақты болады. Капиталды (К) - тұрақты фактор, ал еңбекті (L) - айнымалы фактор деп болжайық. Бір ресурс айнымалы болған жағдайда төмендегідей ұғымдар пайдаланылады:
еңбектің жалпы өнімі (total product) (ТРL);
еңбектің орташа өнімі (average product) (АРL): АРL = ТРL/L;
еңбектің шекті өнімі (marginal product) (МРL):МРL = ΔТР/ΔL;
егер МРL > АРL, онда АРL өседі;
егер МРL < АРL, онда АРL кемиді;
егер МРL = АРL, онда АPL = mах.
Өндіріс кезеңдері
Өндіріс уақытының қысқа мерзімін үш кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезеңде - өндірістің басталуымен байланысты, орташа өнімнің шамасы ең үлкен көлемде болады.
Екінші кезеңде - орташа өнім ең үлкен шамаға жеткен уақыттан бастап еңбектің шекті өнімі нөлге тең болған уақытқа дейін жалғасады.
Үшінші кезеңде - бұл кезеңде шекті өнім теріс мәнде болады.
5- тақырып. Өндіріс шығындары
Дәріс мақсаты: Тақырыптың мазмұнын ашу, қойылған мақсатқа жету, дәріс сұрақтарын студенттерге дұрыс түсіндіру. Өндіріс шығындарының түсінігі, тұрақты және ауыспалы, орта және шекті шығындар туралы ақпараттармен қамтамасыз ету.
Дәріс жоспары:
1. Өндіріс шығындарының түсінігі, тұрақты және ауыспалы, орта және шекті шығындар.
2. Өзіндік құн және оны құрайтын шығындардың жіктелуі.
Кілтті сөздер: өзіндік құн, шығын, шекті шығын, тұрақты шығын
1. Маркетингтік зерттеу негізінде өндірістік фирмалар-дың менеджерлері нарыққа шығарылатын тауар (қызмет) өндірісінің жағдайын анықтайды. Мүнда болашақ-тағы шығындарға маңызды мән беріледі.
Өндірістік және өткізу қызметіне қолданылатын өндірістік факторларға кеткен шығындар "өндіріс шығындары" деп аталады.
Экономикалық көзқарас бойынша шығындар барлық жүмсалған материалдар мен қызмет құнының жиынтығын көрсетеді.
Өндірістік шығындардың жалпы сомасы егер оған тек қана анық шығындар енгізілетін болса, онда оның көлемі төмендетіліп, ал осыған сәйкес пайда көлемі жоғарылап кетуі мүмкін. Толық мәлімет алу үшін шығындар қүрамына анық шығындармен қатар баламалы шығындарды да қосу керек.Мысалы, фирма өнім өндірісіне банктен қарызға алған қаржыны жүмсайды, бүл кезде шығын қүрамына банктің пайызын жабуға кеткен қаражат та енеді. Енгізілген қаржыны жүмсаған жағдайда фирманың кірі-сінен банктік пайыз мөлшеріндегі анық емес шығындарды алып тастауға тура келеді.Анық шығындармен қатар балама шығындарды есепке алу фирманың пайдасын нақты анықтауға мүмкіндік береді. Экономикалық пайда жалпы кіріс пен барлық шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Анық және баламалы шығындар арасындағы айырмашылықты жүргізе отырып, бухгалтерлік есепте пайданың не екендігін түсінуге болады. Бухгалтерлік пайда фирманың жалпы кірісі мен анық шығындарының айырма-шылығын көрсетеді. Тәжірибеде басшылар пайданың осы түрімен қақтығысады.
Тікелей және жанама шығындар. Шығындарды анық және баламалы деп бөлу оларды жіктеудің бір түрі ғана болып саналады. Жіктеудің шығындарды тікелей және жанама, түрақты және ауыспалы деп бөлетін түрлері де бар.
Тікелей шығындар - бүл тікелей тауарға немесе қызметке қатысты шығындар. Оларға:
• тауар мен қызметті өндіру және өткізу процесінде пайдаланылатын шикізат пен материалдар құны
• тауар өндірісімен тікелей байланысты жүмысшылардың жалақысы (келісілген)
• басқалай тікелей шығындар (тауармен қалай да тікелей байланысты шығындар) жатады.
Жанама шығындар - кейбір тауармен тікелей байланысты емес, түтасымен фирмаға қатысты шығындар. Оларға:
• әкімшілік аппаратты ұстау шығындары;
• арендалық төлем;
• амортизация; s
• несие үшін пайыз және т.б жатады.
Тұрақты, ауыспалы, орташа және жалпы шығындар. Кез келген фирма жиынтық шығынның ең төменгі көлемін жұмсай отырып , пайданың ең жоғары көлемін алуға үмтылады. Жиынтық шығынның ең аз көлемі өндіріс көлеміне (Q) тәуелді болады. Бірақ жиынтық шығынның қүрамдас бөліктері өндіріс көлемінің өзгерісін әр түрлі деңгейде сезінеді. Бүл ең алдымен қызмет көрсетуші қызметкерлер мен өндірістік жүмысшылардың жалақысына кететін шығындарға қатысты.
Әрдайым кез келген фирманың алдында өнімнің қандай көлемін өндіріп нарыққа шығару керек деген сұрақ түрады. Тапсырманы өндірілетін өнімнің шекті шығындары арқылы шешуге болады.
6- тақырып. Капитал концентрациясы және нарықтық билік
Дәріс мақсаты: Тақырыптың мазмұнын ашу, қойылған мақсатқа жету, дәріс сұрақтарын студенттерге дұрыс түсіндіру. Капитал концентрациясы және нарықтық билік туралы мағлұматтарман қамтамасыз ету.
Дәріс жоспары:
Нарықтық биліктің мәні
Таза монополия
Герфиндаль — Хершман индексі.
Кілтті сөздер: монополия, олигополия, нарық
Түйінді сөз. Нарықтық биліктің мәні , көздері және маңыздылығы, наоықтық билік деңгейін бағалау, лернер индексі, херфиндаль- хиршман, индексі,тобин индексі , бейне индексі.
Нарықтық құрылымның әр түрлі түрпатында жетілген бәсекелестіктің шектелуі жойылады.
Жетілген бәсекелестіктің кем дегенде бір белгісі сақталмаған бәсекелестік түрі жетілмеген бәсекелестік деп аталады.
Таза монополия - салада тек бір фирма үстемдік ететін және фирма мен саланың шекаралары сәйкес келетін жағдай.
Салада фирмалардың шектеулі саны болған жағдайда олигополия жағдайы қалыптасады. Фирмалар көп болған жағдайда әрқайсысы монополиялық биліктің бір бөлшегіне ие болған қарама-қайшы жағдайды монополистік бәсеке деп атаймыз.
Нарықтың құрылымның негізгі түрпатынан басқа көптеген басқа түрлері де бар. Нарықта бір ғана сатып алушының болуы монопсония деп аталады. Тұтынушылардың әр түрлі категориясына тауарды әр түрлі бағада сататын фирмалар баға кемсітушілігін қолданатын фирмалар деп аталады.
Монополист сатып алушының монополист сатушымен кездесуінде екі жақты монополия пайда болады. Салада тек екі фирма қызмет жасаса, бұл олигополияның - дуополия деп аталатын жеке жағдайы.
Егер де нарықтық ұсыныс пен сұраныс үйлесімділігінің әр түрлі нұсқаларын зерттейтін болсақ, нарықтық құрылымның саны күрт өседі.
Кесте1. Нарық формаларын жіктеу
Сұраныс ұсыныс формасы |
Бәсекелестік полиполия |
Олигополия |
Монополия |
Бәсекелестік полипосония |
Жетілген бәсекелестік |
Олигополия |
Монополия |
Олигопсония |
Олигопсония |
Олигопсониямен шектелген олигополия |
Олигопсониямен шектелген монополия |
Монопсония |
Монопсония |
Олигополиямен шектелген монопсония |
Екіжақты монополия |
2. Монополия жетілген бәсекелестікке қарама-қайшы болады. Мұнда тек қана бір сатушы болады және ол жақын алмастырушысы жоқ тауар өндіреді.
Монополия жағдайында өндіруші тауар ұсынысы көлемін толық бақылай алады, ол пайданың ең жоғары көлемін алуды көздей отырып, сұраныс қисығындағы сәйкес кез келген мүмкін бағаны таңдай алады.
Монополистің бағаға бақылау жасай отырып пайданы ең жоғары деңгейге жеткізуге ұмтылуы еркін бәсекелестікті және нарықтағы ерекше өктемділікті бұзу болып табылады. "Нарықтық үкімет" өндірушінің (сатып алушының) тауар бағасына әсер ете алу қабілетін көрсетеді. Монополияны жетілген бәсекелестіктен ерекшелейтін белгілер:
- жеке дара сатушы (монополист);
- өткізілетін тауар ерекше болғаннан кейін, сатып алушы монополист бекіткен бағаны төлеуге мәжбүр болуы;
- тауар бағасы мен сату көлеміне монополистің толық бақылау жасауы;
- әлеуетті бәсекелестер үшін монополистер жеңуі қиындыққа соғатын кедергілер қояды.
"Табиги монополия" феномені ерекше мәнге ие. Табиғи монополистерге табиғат ресурстарын (электр, газ, жарық, байланыс және т.б) жұмсайтын кәсіпорындар жатады. Осындай "табиғи монополиялар" мемлекет меншігінде немесе оның бақылауында болады. Табиғи монополияның болуы өндіріс көлемімен, өндірісті ірілендіру нәтижесінде ресурстарды үнемдеумен байланысты әсерлермен түсіндіріледі. Бәсекелестерді монополистік нарыққа енгізбеудің табиғи кедергілері "лицензия", "авторлық құқық", "тауар белгісі" немесе "патенттік қорғау" сияқты заңды шектеулер түрінде көрсетілген.
Лицензия — белгілі нарықта белгілі қызмет түрін жүзеге асыру жөніндегі фирманың құқығы.
Авторлық құқық - автордың мүддесіндегі ерекше өнімдерді (музыка, кітаптар, ЭВМ бағдарламалары) сату мен өткізуді бақылайды; ол автордың барлық өмір сүру уақытына қатысты (ол қаза болғаннан кейін мұрагерлерінің мүддесіне 25 жыл аралығында).
Тауар белгісі - тауарды немесе фирманы тануға мүмкіндік беретін арнайы рәміз, мұнда бәсекелестерге тіркелген тауар белгілерін пайдалануға немесе тұтынушыны шатастыратын ұқсас белгілерді пайдалануға тыйым салынады.
Патент - өзі жасаған игілікті (технологияны) иеленуді куәландыратын құқықты көрсететін куәлік. Егер фирманың кез келген өнімді өндіру технологиясына патенті болса, ол патенттің мерзімі өткенге дейін басқа фирмаларға осы тауарды шығаруға мүмкіндік бермейді. Патенттің иесі өзінің технологиясын сата алады және оны ешқашан пайдаланбауы өз еркінде.
Монополистің шекті кірісі. Фирма үшін жетілген бәсекелестік жағдайында шекті кіріс пен баға тең болады. Монополист үшін бұл жағдай басқаша. Орташа кіріс пен бағаның қисығы нарықтың сұраныс қисығымен сәйкес келеді, ал шекті кіріс қисығы одан төменірек орналасады.
.7-тақырып. Жетілген бәсекелестік жағдайы
Дәріс мақсаты: Тақырыптың мазмұнын ашу, қойылған мақсатқа жету, дәріс сұрақтарын студенттерге дұрыс түсіндіру. Сақтандыру ұйымдарының түрлеріне, негізгі прициптеріне және әдістеріне толық сипаттама беру.
Дәріс жоспары:
1. Жетілген және жетілмеген бәсекелестік
2. Жетілмеген бәсекелестіктің басқа формалары
Кілтті сөздер: жетілген бәсеке, жетілмеген бәсеке, баға, пайда, нарық
Бәсекелестік -қоғамның барлық экономикалық мәселелерін шешетін механизм болып табылады. Бұл өндірушілер мен сатып алушылар арасындағы кірістің жоғары көлемін алудағы бақталастығы.
Бәсекелестік жүзеге асатын жағдайды есепке ала отырып, экономистер нарықтың бірнеше құрылымын ерекшелейді. Сондықтан экономикалық теорияда нарықтық құрылымның төрт түрпатын қарастырады: "жетілген бәсекелестік", "монополия", "монополистік бәсекелестік", "олигополия".
Енді жетілген бәсекелестік нарығының негізгі сипаттары:
- ұсақ сатушылар мен сатып алушылар саны көбейеді;
- өндірілетін өнім барлық өндірушілерге бірдей және тұтынушылар тауарды сатып алу үшін кез келген сату шыны таңдау мүмкіндігі бар;
- баға мен сату - сатып алу көлемін бақылай алу мүмкіндігінің болмауы, осы шамалардың әсерінен үнемі өзгеруіне жағдай жасауы;
- нарыққа "ену" мен нарықтан "шығудың" толық еркіндігі.
Нақты экономикада жетілген бәсекелестік тәжірибеде кездеспейді, тек теориялық мәнде ғана болады. Ол "ерекше" құрылымды көрсетеді, еркін бәсекелестік абстрактылы ой ретінде ғана қалыптасады.
Жетілген бәсекелестік өнімді қалыптандыру мен стандарттауға септігін тигізеді. Тұтынудың жоғары деңгейіне жеткен қазіргі замандағы қоғамда әр түрлі талғамдар дамуда. Тұтынушылар тауардың тек қана пайдалану маңызына ғана емес, сонымен қатар оның безендірілуіне, дизайны мен жеке адамның ерекшеліктеріне байланысты бейімдеу мүмкіндіктеріне де көңіл аударады. Бірақ мұның бәрі өнімдер мен қызметтердің саралану жағдайында ғана мүмкін, ал оларды өндіруде шығындар жоғарылайды.
2. Жетілмеген бәсекелестіктің басқа формалары
Бағалық кемсітушілік. Жетілмеген бәсекелестіктің формалары алуан түрлі. Тұтынушыға ең қолайсызы баға кемсітушілігімен айналысатын монополия. Баға кемсітушілігінің мәні мынада. Фирма бірдей тауарларды тұтынушыға олардың төлем қабілетіне байланысты әр түрлі бағада сатады. Бұл келесі шарттар бойынша жүзеге асады:
1. Егер сатушы оған өндіріс пен бағаға бақылау жасауды қамтамасыз ететін монополиялық биліктің жоғары деңгейіне ие болса.
2. Нарықы саралау мүмкін болса, яғни баға бойынша сұраныстың икемділік дәрежесін ерекшелейтіндей етіп сатып алушыны әр түрлі топтарға бөлу.
3. Егер де тауарды арзанға сатып алушы оны кейіннен қымбатқа ала алмаса, баға төмендегілерге байланысты ерекшеленеді:
• тауар мен қызметтің сапасына;
• тұтыну көлеміне (көтерме сатып алушыларға жеңілдіктер);
• сатушыға мәлім болса сатып алушының кірісіне;
• сатып алу уақытына (күндізгі немесе түнгі уақыт, демалыс немесе жұмыс күндері және т.б.).
Осылайша, бірдей тауарға бірнеше баға қойылады және бағадағы айырмашылықтың шығын айырмашылығымен ешқандай байланысы жоқ болады. Бір қарағанда бағалық кемсітушілікті пайдаланып қызмет атқарып жатқан фирмалар жоқ сияқты. Бірақ нақты өмірде мұндай іс-әрекеттің элементтері көптеп кездеседі. Бұл кинотеатрдағы күндізгі және кешкі сеанс билеттерінің бағасы, фирмалар мен үй шаруашылығының электр энергиясына төлейтін төлемі және т.б. Бұл жағдайлардың барлығында кемсітушілік бойынша қызмет атқаратын фирмалар тұтынушылық артық қаражаттардың бір бөлігін иеленеді.
Монопсония. Өндірушілер тарапынан болатын монополиямен қатар, сатып алушы тауарды ең төменгі бағада сатып алуға мүдделі және осындай мүмкіндіктерге ие. Мұндай жағдай өнімін тек қана мемлекет сатып алатын әскери өнеркәсіпке тән. Бірақ мемлекет өзінің осы артықшылығын үнемі пайдаланбайды. Көбінесе монопсониялық артықшылық жергілікті нарықтарда жүзеге асырылады. Мысалы, аудандағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін жалғыз кәсіпорын фермерлерге өзінің төменгі монополиялық бағасын таңады.
Монопсонист фирманың пайда көрсеткіштерін арттыру тепе-теңдігі шекті кіріс пен шекті шығынның теңдігінің әмбебап жағдайында қалыптасады. Егер ұсыныс қисығының көлбеуі оң болса, онда шекті шығын қисығы одан жоғарырақ өтеді. Сонда монополист фирма өзінің билігін пайдалана отырып сатып алу көлемін QЕ тепе-тевдік деңгейінен QM-ге дейін қысңартады, ол бағанын, БЕ-ден Бм-ге төмендеуіне әкеледі (4-2 сурет). Осылайша монсопсионистің өнімді сатып алу шығындары (бұл әрине, өндірістік ресурстар) жетілген бәсекелестік жағдайынан төмен болады.
8-тақырып. Монополия жағдайындағы фирмалардың әрекеті
Дәріс мақсаты: Тақырыптың мазмұнын ашу, қойылған мақсатқа жету, дәріс сұрақтарын студенттерге дұрыс түсіндіру. Дәрісті толық қамту, ақпараттармен қамтамасыз ету.
Дәріс жоспары:
Таза монополия нарығының моделі
Монополист бәсекенің ерекшеліктері
Бағалық дискриминация
Кілтті сөздер: монополия, Бағалық дискриминация, сұраныс, ұсыныс, нарықтағы тепе-теңдік, нарық, баға, бәсеке
Иллюстративтік материал: слайд
Монополия (Моnоs + роlео = "жалғыз сатамын") – бұл нарықтық құрылым, онда:
бір сатушы көп алушыға қарсы тұрады;
бәсеке болмайды: бірегей (яғни өз табиғатында жалғыз ғана айрықша) тауар ұсынатын бір ғана өнім өндіруші үстемдік етеді;
басқа тауар өндірушілер кедергілер салдарынан нарыққа еркін кіре алмайды;
нарықтағы үстем жағдайы монополистің өз тауарына бағаны еркінше қоюына (тағайындауына) мүмкіндік береді.
Монополиялар неден шығады және олардың өмір сүруі неліктен? Монополиялық нарық олигополиялық нарық сияқты негізінен фирмалардың қосылуынан пайда болады
Ұсақ кәсіпорындар есебінен ірі шаруашылық ұйымдарының қатарының өсуі нарықты бәсекеден одан әрі алшақтата түседі.
Өнімді шоғырландырудың сыртқы және ішкі көздері бар.
Ішкі шоғырлану барысында кәсіпорын пайданы капиталға айналдыру арқылы іріленеді (іштей өсу). Сыртқы шоғырлану барысында сатушының экономикалық билігі ынтымақтасу есебінен (кооперация) не бірлесу (қосылу) есебінен күшейеді.
Өндірістің шоғырлануын мыналар бойынша жіктеуге болады: 1) өндірістік процесс сатылары бойынша, 2) келісім-шарттық не ақшалай міндеттемелер негізінде.
Таза монополия нарығының моделі
Монополия - өндірісті, сауданы және қызметтердің басқа да түрлерін жүргізу үшін жеке тұлғаға, белгілі бір адамдар тобына немесе мемлекетке берілетін ерекше құқық.
Қарастырып отырған тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп есептесек, онда мұндай нарық - монополия, ал фирма - монополист деп аталады. Монополист өзінің ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгілейді және де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады.
Салаға кіруге қойылатын тосқауылдар — бұл салаға кіргісі келетін жаңа фирмалардың кіру жолдарына қойылатын кедергілер. Барлық кедергілер екі түрге бөлінеді:
Табиғи – бұлар экономикалық себептерден туындайды (өндіріс масштабының тиімділігі, басты ресурстарды бақылау);
Жасанды - институционалдық жолмен құрылатын, мысалы, үкімет іс-әрекеттерінің салдарынан (патенттер, лицензиялар немесе монополистің әділетсіз іс-әрекеттері).
Таза монополия (pure monopoly) - бұл жетілген бәсекеге қарама-қарсы болып табылатын нарық құрылымының шеткі түрі.
Таза монополистің шекті түсімінің қисығы
Таза монополия тауарының сұраныс қисығы теріс көлбеулі болады, сондықтан фирма өнім шығару көлемін бақылай отырып, бағаға ықпалын тигізе алады. Егер сатушы өз тауарының өндіріс көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерін тигізе алса, онда ол монополиялық билікке ие болады деп айта аламыз.
Жәй монополия жағдайында тауардың қосымша 1 бірлігінен түсетін шекті түсім (МR) оның бағасынан төмен (бірінші бірлігінен басқасы) - МR < Р. МК қисығы графикте сұраныс қисығынан төмен орналасады.
Сұраныстың бағалық икемділігі, жалпы түсімі (ТR) және шекті түсімі (МR) көрсеткіштерінің арасында тікелей байланыс болады.
Сұраныс икемді болғанда МR-дің шамасы оң сан болады да, жалпы түсім өседі. Сұраныс икемсіз болса, онда МR < 0 және ТR азаяды. Ал сұраныс икемділігі 1-ге тең болса, онда МR = 0, ал ТК - ең жоғары мәніне жетеді. Монополист өнімді сұраныстың икемді болатын белігінде ғана шығарады.
9-тақырып. Олигополия жағдайындағы фирманың әрекеті
Дәріс мақсаты: Тақырыптың мазмұнын ашу, қойылған мақсатқа жету, дәріс сұрақтарын студенттерге дұрыс түсіндіру Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысушылардың типтік шартының негізгі ережелерінің тиімділігін түсіндіру.
Дәріс жоспары:
1. Олигополияның мәні,себептері, нысандары
2. Олигополиялық нарықтың мінездемелік сипаты
Кілтті сөздер: олигополия, сұраныс, ұсыныс, нарықтағы тепе-теңдік, нарық, баға, бәсеке
Иллюстративтік материал: слайд
Олигополия қазіргі нарықтық құрылымның ерекше түрі. "Олигополия" термині экономикада нарыққа қатысушылардың біреуінің нарықтың маңызды бөлігін бақылайтын жағдайын сипаттауға қолданады.
Олигополияның нарықта бірнеше ірі фирмалар (3-5) бәсекеге түседі және осы нарыққа басқа фирмалардың енуі қиындайды. Фирмалар өндіретін өнім бір түрлі немесе жетілдірілген болуы мүмкін. Бір түрлілік жартылай дайын өнім мен шикізат нарығында руда, мұнай, темір, цемент жетілдірілген, тұтыну тауарлары нарығында көлікті жетілдіру жүзеге асырылады.
2. Олигополиялық нарықтың мінездемелік сипаты-әрбір фирманың іс-әрекеті бәсекелестерінің іс-әрекетіне тәуелді болуында. Фирманың ірі көлемі мен маңызды капиталы нарықта икемді емес, осы жағдайда көп пайданы олигополиялық фирмалардың баға мен пайданы көбейтудегі келісімі сендіреді. Өндірушілер бірлесіп келіседі және нарьқты бөлу келісімін бекітеді "картелъді келісім".
Картелъ - барлық қатысушыларға өндірістің көлемін, тауар бағасын, жұмыс күшін қабылдау жағдайын, патенттермен айырбас, өткізу нарығын шектеуді және жалпы өндіріс пен өткізу көлеміндегі әрбір қатысушының үлесін("квота") бекітетін бірнеше кәсіпорындар арасындағы келісім.
Бір қарағанда картель монополияға үқсас. Бірақ картель монополияға қарағанда сирек кездеседі, тұтасымен нарыққа бақылау жасайды немесе картельденбеген кәсіпорындардың саясатын есепке алуға тура келеді..
Олигополистік фирмалардың өзара байланысына картельді толығымен және тұрақты пайдалану мүмкіндігінің болмауы, оларды баға өзгерісі саласы мен әсер ету саласын шектеуде құпия экономикалық саясатты, дауыссыз экономикалың келісімді жүргізуге итермелейді. Егер де ол бағаны көтерсе, басқалары да бағаны көтереді, ал ол нарық бөлігінен айырылуды білдіреді. Осылайша фирмалар баға өзгерісінен "баға соғысын" туындату қорқынышынан бас тартады.
Бағадағы жетекшілік компания өзінің өніміне бағаны қою кезінде ол жетекші бекіткен бағаға бағытталады,ол көбінесе осы нарықтағы ірі фирманың бағасы. Бұл оның бар болуы дәлелденбесе, өзінше жабық келісімді көрсетеді.
Патенттік пұлдар - бұл өндірістің мамандандырылуы мен кооперациясы туралы келісім, ал консорциум -жалпы ғылыми зерттеулерді жүргізу, ірі инвестициялық объектілерді бірігіп салу мақсатындағы фирмалардың бірігуі.
Курно дуополиясы - бұл екі бәсекелес фирманың іс-әрекетін талдайтын модель және осы модель бойынша бір фирма өнім көлемін көбейту арқылы екінші фирманы бірен-сарандап нарықтан ығыстырады.
Дегенмен, егер X фирмасы белсенді ұстаным көрсетіп, У фирмасын өз нарығына жібермейтін болса, онда бағалық қақтығыс басталуы мүмкін.