
- •Қаржы-экономикалық факультет Экономика кафедрасы
- •Қаржы-экономикалық факультет Экономика кафедрасы
- •Силлабус
- •Дәрістік күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •«Микроэкономика» пәнінен семинар сабағын жүргізуге әдістемелік нұсқау
- •Практикалық (семинарлық) сабақтарының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
- •1 Аралық бақылау тапсырмалары
- •2 Аралық бақылау тапсырмалары
- •Емтихан сұрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Дәріс кешені
- •1. Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттіліктер, ресурстар және таңдау
- •10. Монополия бәсекелестік жағдайындағы фирмалардың әрекеті
- •12. Капитал нарығы.
- •13. Жер нарығы
- •14. Инновация нарығы
- •15. Нарық «сәтсіздіктері» және мемлекеттік басқару
- •1 Өж тапсырмалары
- •1 Тапсырма 50 балл
- •2 Тапсырма 50 балл
- •2 Өж тапсырмалары ә р дұрыс шығарылған есеп жауабына 10 балл
- •2 Тапсырма 50 балл Есеп шығару
- •4 Өж тапсырмалары. Есептерді шығару
- •«Микроэкономика » пәнін оқып үйренуге арналаған әдістемелік нұсқаулар
2 Тапсырма 50 балл Есеп шығару
1 есеп.Фирма тауарын бәсекелес нарықта сатады, сұраныс:Qd=25-P, ал ұсыныс:
Qs=P-5 теңдеулерімен берілген. Мұндағы P- нарықтық баға,Q- мәміле саны. Осы фирманың өндірістік функциясы келесідей: Q (L.K)=30L-2L2+4K, мұндағы Q-фирманың шығаратын жалпы өнім; L және K- қолданылатын еңбе пен капитал саны.
Еңбек нарығын бәсекелес деп есептеп, фирманың еңбекке сұранысының функциясын табыңдар.
2 есеп.Кәсіпорын өндіріс фактордарының нарығында да, тауарлар нарығында да жетілген бәсеке шартымен жұмыс істейді.Кәсіпорыннның өндірістік функциясының түрі келесідей: q=L1/2 өнімнің бағасы P=1.
Осыларды ескере отырып:
еңбек сұранысының функциясын табыңдар;
еңбкке сұраныс пен тауар бағасының арасындағы қатынасты аңықтандар
3 есеп. Фирма өндіріс факторлар нарығында да, тауарлар нарығындада жетілген бәсеке шартымен жұмыс істейді. Оның өндірістік функциясының түрі келесідей: q=K1/3L1/3 . Өнімнің бағасы.P=1.
Осыларды деректерді ескере отырып:
1)кәсіпорын қысқа уақыт мерзімінде капиталдың 27 бірлігін қолданғн жағдайдағы еңбекке сұраныстың функциясын анықтаңдар;
2) «капитал» факторының бағасы 1-ге тең болғандағы ұзақ уақыт мерзімдегі еңбекке сұраныс функциясын анықтаңдар;
3) кәсіорнын қысқа уақыт мерзімде еңбектің 27 бірлігін қолданатын болса, «капитал» факторына сұраныс функциясы қандай болады?
4) еңбектің бағасы 4-ке тең болғандағы ұзақ уақыт мерзіміндегі «капитал» факторына сұраныс функциясы анықтаңдар.
4 есеп. Фирма еңбек нарығында жетілген бәсеке, ал тауар нарығында монополия жағдайында жұмыс істейді. Монополия сұранысының кері функциясы: P=100-q.
Ал өндірістік функция келесі түрде берілген: q=L1/2+K1/2.
Берілген деректер бойынша:
R=1 болғандағы ұзақ уақыт мерзіміндегі еңбекке сұраныс функциясын анықтандар;
фирма капиталдың 4 бірлігін қолданатын болғандағы қысқа уақыт мерзіміндегі еңбекке сұраныс функциясын анықтаңдар.
5 есеп. Кәсіпорынның өндірістік функциясы келесідей: q=K1/2*L1/2. кәсіпорын тауарлар нарығында жетілген бәсеке жағдайында, ал өндіріс факторларының нарығында монополия жағдайында ісәрекет жасайды. Капитал мен еңбектің ұсыныс функциялары келесідей: L= w; K=R.
Осы деректерді ескере отырып төмендегілерді анықтандар:
Капиталдың саны К=4 болып, ал тауардың бағасы Р=4 болған жағдайда қысқа уақыт мерзімінде еңбектің саны мен өндіріс көлемінің шамасы қандай болады?
Егер тауардың бағасы Р=4 болса, онда ұзақ уақыт иерзімінде капитал мен еңбектің саны қандай шамада болады және осыларға сәйкес өндіріс көлемі қандай?
Еңбек пен капиталға ұзақ мерзімдік сұранысты және бағасына тәуелді өнім шамасын анықтаңдар.
4 Өж тапсырмалары. Есептерді шығару
1 есеп. Монополист- фирманың шығындары келесі формуламен берілген : TC= 5Q + 12. Оның өніміне нарықтық сұраныс функцясы: P= 120 – 0.5Q. Мемлекет тарапынан тауардың әрбір данасына 2 а.б. шамасында салық салынады. Бюджетке түсетін салықтар шамасын, монополистік пайдасын мейлінше арттыратын өндіру көлемі мен бағасын анықтандар.
2 есеп. Монополист- фирманың шығындар функциясы берілген: TC= 1.5Q2+ 2Q; Фирма өнімінің сұраныс функциясы: P= 10 – 0.5Q
Фирманың пайдасы ең жоғары деңгейге жеткендегі бағаны және оның монополиялық билігінің деңгейін анықтандар.
3 есеп. Темекі өндіруші монополистің сұраныс қисығының икемділігі тұрақты және 2-ге тең. Егер мемлекет сатылатын темекінің әр қоробына 10 теңгеден салық салса, онда темекінің монополиялық бағасы қанша шамаға көтеріледі.
4 есеп. Зерттеулер нәтижесінде, киносеанстарға деген сұраныстың бағалық икемдігі: студенттер үшін – 5; жұмысшылар үшін – 2 екендігі анықталды. Теңдестік жағдайында бағалық дискриминация саясатын жүргізіп отырған монополистің әр сеансқа шаққандағы шекті шығыны 32 теңге болса, онда студенттер мен жұмысшыларғадеген билет бағасын есептеңіздер.
5 есеп. Монополистің соңғы сатылған тауар бірлігінен түскен шекті түсімі 180 теңгеге тең. Егер сұраныстың бағалық икемділігі – 2,5-ке тең болса, онда монополиялық баға қандай болады? Монополистің шекті шығынын есептеуге бола ма? Егер болмаса неліктен? Қандай жағдайда монополистің шекті шығынын анықтауға болады?
6 есеп. Монополист пайдасын баға шекті шығынан 2 есе артық болғанда барынша көбейтеді делік. Бұл оның өніміне деген сұраныстың икемді екенін білдіре ме? Егер білдірсе, сұраныс икемділігін есептеңіз.
7 есеп. Темекі өндіруші монополист тауарының әрқайсысына – 45 теңгеден сатады делік. Темекінің сұраныс икемдігі – 3-ке тең. Фирма өз пайдасын барынша көбейтеді деп ұйғарып, МR шекті түсімнің және шекті шығын көлемдерін анықтаңдар.
8 есеп. Монополист өндірушінің шекті шығыны 1 тоннаға 50 мың теңгеден болады, ал нарықта бұл тауардың 1 тоннасының бағасы 80 мың теңгеден сатылатын болса, онда монополиялық биліктің күшін анықта.
9 есеп. Монополистің өніміне деген сұраныстың бағалық икемділігі – 4-ке тең, ал шекті шығындар 30 теңгеге тең. Монополиялық бағаны анықтап, монополиялық биліктің күшін анықта.
10 есеп. Қазіргі кезде фирма өз өнімінің әр данасын 50 теңгеден сатып, жоғары деңгейде пайда табуда. Ұтымды өнім көлемі 5 дана. Қосымша зерттеулер жалпы шығын мен шығарылатын өнім көлемінің арасындағы байланыстың келесі заңдылыққа бағынышты екендігін көрсетеді:
TC= 2Q2 + 2Q
Осы фактілерге сүйене отырып, берілген фирманы монополист деп атауға бола ма?