
- •Қаржы-экономикалық факультет Экономика кафедрасы
- •Қаржы-экономикалық факультет Экономика кафедрасы
- •Силлабус
- •Дәрістік күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •«Микроэкономика» пәнінен семинар сабағын жүргізуге әдістемелік нұсқау
- •Практикалық (семинарлық) сабақтарының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
- •1 Аралық бақылау тапсырмалары
- •2 Аралық бақылау тапсырмалары
- •Емтихан сұрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Дәріс кешені
- •1. Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттіліктер, ресурстар және таңдау
- •10. Монополия бәсекелестік жағдайындағы фирмалардың әрекеті
- •12. Капитал нарығы.
- •13. Жер нарығы
- •14. Инновация нарығы
- •15. Нарық «сәтсіздіктері» және мемлекеттік басқару
- •1 Өж тапсырмалары
- •1 Тапсырма 50 балл
- •2 Тапсырма 50 балл
- •2 Өж тапсырмалары ә р дұрыс шығарылған есеп жауабына 10 балл
- •2 Тапсырма 50 балл Есеп шығару
- •4 Өж тапсырмалары. Есептерді шығару
- •«Микроэкономика » пәнін оқып үйренуге арналаған әдістемелік нұсқаулар
15. Нарық «сәтсіздіктері» және мемлекеттік басқару
Дәріс мақсаты: Тақырыптың мазмұнын ашу, қойылған мақсатқа жету, дәріс сұрақтарын студенттерге дұрыс түсіндіру. Нарық «сәтсіздіктері» және мемлекеттік басқару түрлерін жеткілікті түрде студенттерге жеткізу.
Дәріс жоспары:
Нарықтық белгісіздік және тәуекел
Сыртқы әсерлердің табиғаты
Қоғамдық игіліктің мәні
Кілтті сөздер: қоғамдық игілік, тәуекел, монополия, нарық, валюталық қатер
Иллюстративтік материал: слайд, кесте
Түйінді сөздер: «Нарық сәтсіздіктері» : монополия,айқындалмаған ақпарат, сыртқы әсерлер, қоғамдық игіліктер. Нарықтық белгіссіздіктер және тәуекел.
Нарықтық экономика жағдайында банк саласында банктер әр түрлі операцияларды жүзеге асыру барысында өз мойнына алатын қатерді дұрыс бағалай берудің маңызы жоғары.
Нарықтық қатынастың калыптасқанына қарай тәуекелдік (қатер) ұғымы банк өміріне дендеп енетін болады. Тәуекелділік кез келген операцияда бола береді, алайда, олардың ауқымы әр түрлі. Сондықтан да банк қызметінде тәуекелділіктің мүлдем болмағаны маңызды емес, оны ең аз шамадағы деңгейге дейін жеткізу және кеміту маңызды.
Ысырап. Банк қызмстіие тән гәуекелділікті сипаттайтын қорытындылаушы көрсеткіш тұрғысыпдагы банк пайдасының болжанбаган кемуі ретінде ұғылады. Бұл көрсеткіш өзіне шығыс пен залалды ұштастырады, сол себепті де катердің деңгейін басқа көрсеткіштерге қарағанда анық сипаттай алады. Қатер мен ысырап ұғымдары бір-бірімен өзара тыгыз байланысты. Осыған қарай, қатерді ысырап категориясын пайдалана отырып, сандық тұрғыдан сипаттауға болады. Бұл тәсілдеме тәуекелділік теориясын дамытудың базасы болып табылады.
Шығыс. Банк өз қызметінде белгілі бір шығыс шығарады. Бұлар салымшыларга төлепетін пайыз; озге каржылық институттан қарызга алынған несие ресурсы үшін төлем; есеп айырысу операцияларымен бағалы қағаздармеп байланысты шығыстар; жұмыскерлерді, үй-ғимаратты және т.б. ұстауға кететін шығыстар. Шығыс категориясы катынасында болжанбаған ахуалға қарай белгіленген шыгыстан да көп шығыстың шығып кетуі қатері пайда болады.
Бұлардың барлығы да белгілі бір дәрежеде бамк пен қожайындарының және олардың салымшыларының мүдделі сәйкеспеуіне байланысты бір біріне кайшы болады. Банктер қосымша пайда алуға ұмтылып, осы үшін тәуекелдікке барса, салымшылар үшін банкке сеніп тапсырған өз қаражатының аман сақталуы маңызды. Табыстылық пен тәуекелділіктің арасындағы оңтайлы арақатынасты ұстап тұру банктерді басқарудың ең басты әрі ең күрделі мәселесі болып табылады.
Банктерде негізгі қатер оның портфелінің құрылымымен, яғни банк ресурстары салынган қаржылық активтердің жиынымен байланысты болады.
Іс-тәжірибеде портфельдік катердің төрт негізгі түрі белгілі: несие тәуекелділігі; өтімділік тәуекелділігі; пайыз мөлшерлемелерінің өзгеру катері; валюталық тәуекелділік.
Несие тәуекелділігі - қарыз алушының өз қаржылық міндеттемесін орындамағанына байланысты орын алатын банк ссудасы бойынша төлемеу қатері.
Ол ссуда портфелінің сапасымеи тікелей байланысты. Несие тәуекелінің үш түрін бөліп көрсетуге болады: теріс пайдалану қатері; шетелдік несие бойынша тэуекелділік; ішкі қарыз бойын-шатөлемеу қатері, ягни қарыздың қайтарылмай қалу каупі.
Шетелдік несие бойынша несиелер әсіресе 70-ші жылдары дамыған елдердегі қарыз алушалар несиесі бойынша төлемдердің жаппай кешіктірілуімен байланысты орын алды. Бұл АҚШ-тың бірталай аса ірі банктерінің банкротқа ұшырауына себеп болды.
ӨЖ –ты орындау бойынша әдістемелік нұсқау
Студенттердің өздік жұмысы әрбір студенттің қажетті ақпаратты талдауына, өзбетінше даярлануға, қажетті тапсырманы өз уақтысында тиімді қолдануға көмектеседі.
Өздік оқудың мақсаты студенттердің өзбетінше оқып білім жүйесін кеңейту болып табылады. Ол олардың білім деңгейіне байланысты орын алады.
Аудиторияда алған білімді кеңейту, тереңірек бекіту.
Жаңа білімді белсене қабылдау.
Проблемалардың шешімін табу.
Студенттің жеке өзіндік ой-пікірін қалыптастыру.
Ситуациялық жағдайда практикалық тәсілдерді қалыптастыру.
Өздік жұмыс арнайы оқулықтармен жұмыс істеуді, сөздіктерді қолдануды, периодикалық баспаларды, газет-журнал мақалаларымен жұмыс істеуді дамытады. Сонымен қатар интернетпен жұмысты, ұйымдастыруды, белсенділікті мәселенің шешімін табуды қарастырады.
СӨЖ тапсырмасын орындауда міндетті түрде әдебиеттерге сілтемелер жасалыну керек.
Студент берілген сұрақтарды бөлек дәптерге жан-жақты қарастырып, өз пікірлерін жазу керек. Ақпарат көздері оқулықтар, газет, журнал мақалалары болуы керек және сол көрсетілген деректерге студенттің көз қарасы, пікірі көрсетілуі тиіс. Сонымен қоса, қолданылған әдебиеттерге сілтеме жасалыну керек.
ӨЖ-дің күнтізбелік тақырыптық жоспары
ӨЖ № |
Тапсырма мазмұны |
Сағат саны |
өткізу мерзімі |
Бақылау нысаны |
1. |
ӨЖ. |
7 |
4 апта |
1 тапсырма сұрақтарға жазбаша жауап беру; 2 тапсырма тест сұрақтарына жауап беру |
2. |
ӨЖ. |
7 |
7 апта |
Есептер шығару |
3 |
ӨЖ. |
8 |
11 апта |
1 тапсырма баяндаманы жазу; 2 тапсырма есеп шығару |
4 |
ӨЖ. |
8 |
14 апта |
Есептер шығару |
|
БАРЛЫҒЫ |
30 |
|
|