Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Mikro_kaz_DOT2013_2_kredita_EKs_KKs_EKs221.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.67 Mб
Скачать

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2012

2 басылым

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

Оқу-әдістемелік кешені

Ф.4.09-40

01.09.2012 ж.

Қаржы-экономикалық факультет Экономика кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Бірінші проректор – оқу-әдістелік жұмыстары жөніндегі проректор

__________Л.Қ. Еркінбаева «_____» __________2013 ж.

Микроэкономика пәнінің

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Мамандықтар: 5В050600- Экономика, 5В050700- Менеджмент, 5В050800- Есеп және аудит, 5В050900- Қаржы, 5В051100- Маркетинг, 5В090800 – Бағалау

Оқу формасы: қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша сырттай

Талдықорған 2013 ж.

Оқу - әдістемелік кешенді типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС негізінде 5В050600- Экономика, 5В050700- Менеджмент, 5В050800- Есеп және аудит, 5В050900- Қаржы, 5В051000- Мемлекеттік және жергілікті басқару, 5В051100- Маркетинг, 5В090800 – Бағалау мамандықтарына аға оқытушы Л.Ж.Казиева құрастырған.

___________________________

(оқытушының қолы)

Экономика кафедрасының отырысында қарастырылды.

« » 2013 ж. № хаттама

Кафедра меңгерушісі ________________э.ғ.к., доцент Г.Б.Тулешова

« »______________ 2013 ж. №________хаттама

Қаржы-экономикалық факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.

Әдістемелік бюросының төрайымы _______________ Р.Ж.Габдуллина

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2012

2 басылым

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

Силлабус

Ф.4.09-42

01.09.2012 ж.

Қаржы-экономикалық факультет Экономика кафедрасы

Силлабус

Микроэкономика пәні бойынша

Мамандық: 5В090800 - Бағалау, 5В050900 - Қаржы, 5В050800 - Есеп, 5В050600 - Экономика, 5В050700 - Менеджмент, 5В051100 - Маркетинг

Оқыту түрі: қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша сырттай

Курс: 2

Семестр: 3

Кредит саны: 2

Барлық сағат саны: 90

Барлық аудиториялық сағат: 18

оның ішінде:

лекциялар: 2

семинар сабақтары: 2

F2F консультациялары: 14

Барлық қашықтықтан оқыту сағаты: 72,

оның ішінде:

СӨЖ: 57

лекциялар: 13

семинар сабағы: 13

ӨЖ: 24

Оn-line, off-line консультациялары: 15

Аралық бақылау: 2

Емтихан:3 семестр

Талдықорған 2013 ж.

Казиева Лаура Жеңіс қызы экономика кафедрасының аға оқытушысы

Кеңес берудің орны мен уақыты: сабақ кестесі бойынша, 328 аудитория

Жұмыс стажы: 16 жыл

Е-mail: lz.kazieva@gmail.com

Пререквизиттер: Экономикалық теория

Постреквизиттер: Макроэкономика

Курстың қысқа мазмұны

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға өту кезеңінде студенттер төмендегідей түсініктерді оқып білуі қажет: нарық, нарықтағы зерттеліп отырған тауардың бағасы және оның сұраныс пен ұсыныс көлеміне әсер етуі; нарықтағы тепе-теңдік жағдайы, мемлекет тарапынан тауардың бағасын реттеудің, салық салудың және дотация берудің нарықтағы тепе-теңдікке әсер етуі; жеке тұтынушылардың, фирмалардың, капитал иелерінің, жұмысшылардың белгілі бір шешім қабылдауы, өндіріс салаларындағы және нарықтағы тұтынушылар мен фирмалардың өзара байланысы; нарық құрушы туралы түсінік алу, сонымен қатар әртүрлі нарық құрылымында фирмалар өз пайдаларын жоғарғы деңгейге жеткізу үшін қандай шешімдер қабылдайтынын білу.

Пәннің мақсаты мен міндеттері:

Мақсаты: Пәннің негізгі мақсаты жеке экономикалық элементтердін, соның ішінде жеке шаруашылықтар мен фирмалардың, белгілі өндіріс салалары меи нарықтардың шектеулі ресурстарды дұрыс пайдалану үшін альтернативті шешімдер қабылдаудағы іс-әрекеттерін түсіндіру болып табылды.

Микроэкономика категорияларын, ұғымдарын, терминдерін, олардың сыныптамасын, әлеуметтік-экономикалық процестердегі маңызы мен орнын игеріп алуда студенттердің теориялық және практикалық дайындығын камтамасыз ету. Пәннің мақсаты, сондай-ақ сақтандыруды ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен іс-әрекетін және қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтылы жағдайында оның қолданылу әдістерін түсінуге қол жеткізу болып табылады.

Міндеттері:

  1. Нарықтық ортада микроэкономика мен оның қосалқы категорияларының жұмыс істеуі туралы түсінік беру.

  2. Микроэкономика жүйесінің жеке элементтерінің қазіргі түсінігін және іс-әрекет механизмдерін ашу.

  3. Қазақстанның нарықтық экономиканы дамыту жағдайында зерттелетін құбылыстар мен процестердің бейімделу ерекшеліктерін, қарама-қайшылықтарды, мемлекеттің жүргізіліп отырған экономикалық саясаттағы оң және жағымсыз жақтарын ашу.

  4. Нақтылы экономикалық ахуалда сақтандыру құралдарын қолдану мүмкіндігін талдауды, оны ойлау жағын дамыту.

Дәріс бағдарламасын жасауға негіз типтік бағдарлама болып табылады. Материалды оқып - үйренудің жиынтығы тек дәрісте ғана қаралмауы тиіс. Біріншіден, студент әрбір дәріс сабақтарға дайындалуы үшін дайындалған әдебиеттерді оқуы тиіс, түсініктер мен терминдерге глоссарий құру керек; эссе жазу керек т.б.

Екіншіден, пәннің ерекшелігіне қарай арнаулы біліммен уақытты қажет ететін тапсырмалар берілуі мүмкін. Оқытушыда жұмыстың жаңаланып отыратын бөлімінде әдебиет тізімі болуы керек. Ол екі бөлімнен: негізгі және қосымша әдебиетген тұрады. Негізгі әдебиет тізіміне 2-3 базалық оқулық және құқықтық мөлшердегі база кіреді. Қосымша әдебиет өздік жұмыс негізіне арналуы керек. Баяндама, реферат, эссе, ғылыми статьяларға шолу, басылымдағы жариялаулар, жобаның түрі студенттермен қосымша әдебиет тізімі негізінде жасалады.

Оқытушы үнемі әдебиеттегі жаңалықтарды іздестіріп тауып және тізімді толықтырып отыруы керек. Әр пәнді несиелі оқу жүйесінің ережесі бойынша оқып үйрену емтиханмен аяқталады. Сұрақтар тізімі ең көбінде 75-90-ға жетеді. Оқытушының оқу әдістемелік кешені - силлабустың негізі, яғни студенттің оқыту бағдарламасы болып табылады. Әрбір оқытушы студентгердің сабақтардағы тәртіп ережесі, оқытушымен өзара байланысы, басқа студенттермен қарым қатынасы калай болуы керектігі туралы талап жүйесін көрсетеді. Әдетте осы талаптың мәліметі курс саясатын көрсетеді, яғни студенттерге арналған оқу процесінің жоғары тиімділікте орындалуын қамтамасыз етеді.

Пәнге қойылатын талаптар нәтижесінде студенттер оқып білуі тиіс:

Сонымен қатар студенттерге микроэкономика тәсілдерін, модельдерін экономикада шешуші құрал ретінде қалай қолдануға болатынын түсіндіру.

Пәнді үйретудегі мақсат студенттердің толық әрі терең білім алып, оны іс жүзіңде қолдана білуі болып табылады.

Толық курсты оқығаннан кейін студенттер төмендегідей білім жәңе дағдылар алулары қажет:

  • кезектегі және келешектегі экономикалық жағдайларды талдап, оған баға беріп, соның нәтижесінде өз бетінше шешім қабылдай білу;

  • микроэкономиканың негізгі түсініктерін білу, басты экономикалык шешімдердін мәнін түсіну және олардың

әртүрлі дәрежедегі жолдарын іздестіру, экономикалық даму жолдары туралы өзінің дәлелді пікірлері болуы;

  • әлеуметтік-экономикалық сауатты болу, ғылым мен техниканың дамуына және оның өндірістік процесстерге енгізуіне, сонымен қатар бұлардың әлеуметтік экономикалық жағдайға әсер етуіне өз бетінше баға беру.

Пәнді үйрену нәтижесінде студенттер төмендегідей сұрақтарға дәлелді жауап бере білулері керек:

  1. Не өндіру керек?

  2. Керекті өнім өндірудегі ресурстарды пайдаланудың балама мүмкіншіліктерін салыстырып, шешім қабылдау.

  3. Тандап алған өнім түрлерін қалай, қандай тәсілмен өндіру керек?

  4. Жаңа технологияны енгізген кезде шығындар мен түсімдерді салыстыру.

  5. Өндірілген өнімді кім алады?

  6. Жеке адамның, сондай-ақ мемлекетгіқ шешімдері қоғамдық табысты бөлу ерекшеліктеріне әсер етеді.

  7. Ресурстардың қандай бөлігі кәзіргі кезінде пайдаланылып, ал қандай бөлігі келешекке қалдырылуы тиіс.

Пәнді меңгеру нәтижесінде студент нарықтық экономика жағдайына байланысты шешімдер қабылдауға дағдыланады.

  • жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, өндіріс факторлары, тұтыну, жинақ, инвестициялар, тауар және ақша нарықтарындағы микроэкономикалық тепе-теңдікті білу;

  • бюджет және ақша саясаты, экономикалық өсу, ашық экономика модельдері сияқты макроэкономикалық көрсеткіштерді пайдалану методологиясына айрықша назар аудара отырып, қазіргі заманғы макроэкономикалық талдаудың басты қағидаларын үйрену.

Курс саясаты: берілген тақырыптарға сай ОСӨЖ, ӨЖ және бақылау жұмыстарын кешікпей уақытында өткізу, неғұрлым көп балл алуға тырысу.

Академиялық тәртіп саясаты: оқу үрдісінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету үшін студент келесі ережелерді орындауы керек:

  • Сабақтың барлық нысандарына белсенді қатысу

  • Зерденелетін проблемаларға шығармашылық тәсілдеме

  • Ойлаудың талдамалық амалын дамыту

  • Қалыптасқан идеологияға, сақтанымпаздық және кері дәстүрлерге, көзқарастарға, үстанымдарға қатысты оқытушылардың объективті келуі

  • Қазіргі ғылыми және аспаптық әдістерді, әдістемені қолдана білу

  • Тәртіптілік, ұқыптылық, мұқияттылық

  • Сабаққа кешікпеу керек

  • Сабақ кезінде сөйлеуге, сағыз шайнауға, газет оқуға болмайды, ұялы телефонды сөндіру керек

  • Сабаққа дұрыс киініп келу керек

  • Сабақты босатпау керек, ауырғанда анықтама әкелу керек

  • Босатқан сабақтары үшін оқытушының анықтаған уақытына жұмыс жасауы керек

  • Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендейді

  • Оқу процесіне белсеңді қатысу керек

  • Үй тапсырмасын уақытында орыңдауға тырысу керек

  • Курстастарына және оқытушыларға ашық және жақсы ниетте болуы керек

  • Барлық өткен сабақтарды қайталап отыру керек

  • Тиянақты және міндетті болу керек

Кредиттік оқу жүйесі жағдайындағы оқу процесін ұйымдастырудың элементтерінің бірі болып оқушының оқу жетістіктерінде балдық - рейтинг жүйесін пайдалану болып табылады. Баға қоюдың саясаты әділдік, тазалық, икемділік және жоғары жіктелу қағидаларына негізделеді. Бұл жүйенің негізгі элементтері, курс бойынша силлабуста келтірілген балға бөлу.

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

Әріп жүйесі

Цифрлік эквивалент

Пайыз

Дәстүрлі баға

А

4,0

95-100

ӨТЕ ЖАҚСЫ

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

ЖАҚСЫ

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

ҚАНАҒАТАНАРЛЫҚ

С

2

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,0

50-54

F

0

0-49

ҚАНАҒАТАНАРЛЫҚСЫЗ

Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші

Бағаланатын жайғасым

1-8 апта ішіндегі бағалаулар саны

9-15 апта ішіндегі бағалаулар саны

Баллдардың максималды саны

Электронды журналға баллдарды қою мерзімдері

ӨЖ

2

2

әр ӨЖ-ге 100 балл

4,7,11,14 апталар

Аралық бақылау

1

1

әр аралық бақылауға 100 баллдан

8 және 15 апталар

жіберу рейтингі 1

R 1 = (СР1+СР2+R)/3

100

8 апта

2

R2 =(СР3+СР4+R)/3

100

15 апта

Академиялық кезеңде жиналған емтиханға жіберу рейтингі

R = (R1+R2)/2

100

15 апта

Емтихан

E

100

16-19 апталар

Қорытынды баға

I = R*0.6+E*0.4

100

Баға қоюдың критерийлері

Бақылау түрі

Максималды баға

Баллдарды оқытушы журналына қою мерзімдері

ӨЖ 1

1тапсырма

2 тапсырма

100

50

50

4 апта

ӨЖ 2

10 есеп

100

Әр есепке 10 баллдан

7 апта

ӨЖ 3

1тапсырма

2 тапсырма

100

50

50

11 апта

ӨЖ 4

10 есеп

100

Әр есепке 10 баллдан

14 апта

1 аралық бақылау: жазбаша жауап

1 тақырып

2 Тақырып

3 Тақырып

4 Тақырып

5 Тақырып

6 Тақырып

7 тақырып

100

14

14

14

14

14

14

14

16

8 апта

2 аралық бақылау: жазбаша жауап

1 тақырып

2 Тақырып

3 Тақырып

4 Тақырып

5 Тақырып

6 Тақырып

7 тақырып

8 тақырып

100

13

12

13

12

13

12

13

12

15 апта