
- •1)SoC жобалауының қысқаша даму тарихы
- •2)SoC жобалауының Электрондық өнеркәсiпке әсері
- •3)Стандарттар және Өнеркәсiптiк Ассоциациялардың маңыздылығы
- •4)SoC жобалауын дамытудағы үкіметтің рөлі.
- •5)SoC жобалауындағы негізгі мәселелер
- •6)SoC әлемдік нарығының дамуы
- •7)SoC жобалауындағы негізгі мәселелер
- •8)SoC-ты жүзеге асыру амалдары
- •9)Терминдер мен анықтамалар
- •10)Жартылайөткізгіштер мен жүйелік саланың өзгеру табиғаты:Жүйелік компаниялардың Де- интеграциясы және Де-вертикализациясы
- •11)Болашақ көріністер – SoC жобалауының инфрақұрылымы және саланың ішіндегі
- •12)Аппаратты облыстағы тәуелсіз ip Компаниялар
- •13)Бағдарламалық облыстағы тәуелсіз ip Компаниялар
- •14)Eda Компаниялары
- •15)Фабрикасыз жартылайөткізгіштік компаниялар
- •16)Таза фабрикалар
- •17)Аппаратты-бағдарланған жүйелік Компаниялар
- •18)Аппаратты және бағдарлама бөлігі бар жүйелік Компаниялар
- •19)Интеграцияланған құрылғылардың өндірушілері (idm)
- •20)SoC жобалауына арналған ір блоктар кітапханасы Кіріспе
- •21)Ір блоктарға арналған стандарттар
- •22)Ір Блоктардан Виртуалды Құраушыларға
- •23)Чиптегі жүйені жобалау стилдері
- •24)Блоктар негізінде жобалау
- •25)Тұғырнамалық жобалау
- •26)Asic және assp жобалауының эволюциясы
- •27)Ip кітапханаларға қойылатын талаптар
- •28)Ір блок үшін біріктіру архитектуралары және оның салдары
- •29)Ip блоктың бейімделуі:Коммуникативті қабықшалары
- •30)Ip біріктіруінің сапасы,Сертификатталған әдістер мен стандарттар
- •31)SoC жобалау процесі
- •32)SoC жобалау маршруты
- •33)Жобалаудың жүйелік деңгейі.
- •34)SoC жаңа архитектуралары.
- •35)Жүйелік деңгейде жобалаудағы SystemC тілі
- •40)Функционалдық модельдеу
- •41)Rtl деңгейі және жүзеге асырумен байланысВерификациялық кеңейтілімдер
- •43)SystemC негізіндегі верификация және SoC жобалауы Кіріспе
- •44)Функционалды Виртуалды Прототип үлгісінің құрылуы
- •45)Fvp-ны қолданудың үлгілері
- •46)Кіріктірме бағдарламаларды құру
- •47)Функционалды верификация (анықтау)
5)SoC жобалауындағы негізгі мәселелер
Соңында қазіргі заманғы SoC жобалауының негізгі мәселелеріне тоқталып кетейік.
• Технология мүмкіншіліктерінің ұлғаюынан SoC жобалау стилі интеграцияланған тауар өндіруде қажетті әрі тұтынушылардың қызығушылығын арттыруда
• Жоғарғы бір уақытты шығынмен (NRE) сәйкесінше қатерлер SoC жобалауды түрлі қосымшаларға арналған платформа түрінде жобалануы қажеттіліген айқындайды
• SoC жобалауы IP блоктарын бірнеше қайтара қолдану арқылы ғана жүзеге асады. Қайта қолдану жобалауға әр кез жаңа әдістер мен стандарттарды кірістіруді қажет етеді
• SoC жобасымен байланысты жобалаушы мамандарды жаңа жобалау пәндеріне, жаңа әдістерге оқыту қажет болды. Үкметтің, өнеркәсіптер мен ғылыми мекемелердің бірігіп жұмыс атқаруынан, орташа және кіші жобалық фирмалардың дамуы, SoC жобалауы оқытылатын институттар мен университеттердің мәселелері, жаңа инфраструктураның жедел жасалуымен шешімін табады.
• SoC жобалауы барлық мемелекеттерде таралған, дегенмен, ұлттық және аймақтық Жобалардың жетістіктері ғана жеке мемлекеттерде дамуын айтарлықтай жеделдетеді. Бұл жобалардың ішінде де ұлттық және аймақтық университеттердің мүмкіншіліктерін, жергілікті жобалу мәдениетін, SoC өндірісі мен жобалауында жергілікті инфраструктура ерекшеліктерін жетік қамтығандары ғана қолданысқа ие болады.
6)SoC әлемдік нарығының дамуы
Қазіргі уақытта SoC нарығы ASIC/ASSP әлемдік нарығының ауқымды бөлігін алады.Электроника саласында оның соңғы бірнеше жылдарда құлдырауына қарамастан,ағымдағы және болжамдалатын мәліметтері ASIC/ASSP нарығының көңіл толарлықтай тұрақты өскенін көрсетеді. ал осы нарықта орын алатын SLI/SoC нарығының пайыздық мөлшері қарқынды өсуді көрсетеді. Дегенмен әлемдік аймақтар SLI/SoC жобалау үлгісін әр түрлі қабылдайды, жақын арадағы Gartner/Dataquest өткізген Европа, Таяу Шығыс және Африка аймақтарын зерттеу жүйелік деңгейдегі (SLI) жоба пайызы жобалардың жалпы санынан артуының жалғасуын көрсетеді. Бұл пайыз 2001-жылы 23%-дан 2002-жылы 30%-ға дейін артқаны хабарланады. Gartner/Dataquest көрсеткендей, SLI/SoC жобаларының саны 7%-ға артқан, сол уақытта жобалардың жалпы саны 12%-ға төмендеген. Осылардың негізінде интегралды сұлбаларды (IC) жобалау салаларының өсімі SoC жобаларының өсіміне тоқталатыны анық байқалады
.
7)SoC жобалауындағы негізгі мәселелер
ITRS (International Technology Roadmap for Semiconductors) жобасы ASIC/SoC [6] үшін келесі талаптарды қалыптастырды:
Шағын (портативті) және сымсыз құрылғылар аймағындағы басты талап қуат тұтынуды азайту болып табылады, себебі, ол SoC бірігуіне (DSP, MPU, I/O, IP және т.б.) алып келеді.
Компьютер аймағында негізінен‒ коммерциялық ауқымда (off the shelf) шығарылатын MPU және I/O ядролары негізінде мамандандандырылған SoC-бірлесуі.
Автомобильді салада негізінен ‒ ASSP, бірақ сонымен қатар RTOS ядросы мен кіріктірме бағдарламалары бар стандартты аппарат платформаларының көмегімен SoC-тің қымбат (high-end) өнімдерде қолданылуының кеңеюі.
Қазіргі уақытта SoC үшін мыналар қиын мәселелер болып табылады:
Тұтынылатын қуаттың азаюы, әсіресе азқуатты сымсыз және мультимедиялық қолданбалар жағдайында.
«Платформалық жобалаудың және құрылым интеграциясының (fabric) бағдарламаланатын логикамен қолданылуын талап ететін жобалау өнімділігінің 100%-дан артық жақсаруы
Жобалау үрдісіне қатысты мәселелер қатарына мыналарды жатқызу керек:
Жүйелік қиындықтар мен транзизторлар санының артуы
Өнімнің құрылу уақытының қысқаруы (time-to-market)
Жобалану өнімділігі мен жобалау үрдісінің жүйелі түрде жақсаруы
Төменде осы күнге дейін жасалған жобалық технологиялардың негізгі жетістіктері аталған:
Орналастыру мен жолды тартуды/трассировканы (place and route) компания ішінде орындау
Бірнеше вертикалды тапсырмаларды («tall thin engineer») бір жобалаушымен орындау
Кішкентай блоктарды қайта пайдалану
Үлкен блоктарды қайта пайдалану