Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4. jasus org kur.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
68.1 Кб
Скачать

Дәріс құрылымы

Тақырыбы: «Жасушаішілік органеллалар құрылысы және қызметі».

Мақсаты: Арнаулы және жалпы клеткаішілік органеллалар құрылысының ерекшеліктерін оқып білу.

Клетканың тіршілік процесіндегі жалпы және арнаулы органеллалардың ролі және негізгі қызметтерін оқып білу.

Дәрістің жоспары:

  1. Цитоплазма, оның химиялық құрамы.

  2. Ядроның құрылысы және морфологиясы.

  3. Клеткалық орталықтың құрылысы.

  4. Митохондрия құрылысының ерекшеліктері.

  5. Каналді және вакуолярлы жүйе компоненттері.

  6. Клетканың мембранасы жоқ органоидтары.

  7. Лизосомалар, олардың морфологиялық гетерогенділігі.

  8. Клеткадағы ядроның ролі мен негізгі қызметі.

  9. Митохондрияның жанама және негізгі қызметтері.

  10. Клетка тіршілігіндегі каналді және вакуолярлы жүйелер ролі.

  11. Гольджи аппараты қызметі.

  12. Алғашқы және екінші лизосомалардың ролі.

  13. Пероксисоманың пайда болуы және қызметі..

Адам ағзасындағы барлық клеткалардың негізгі клеткаішілік құрылыстар жинағы ұқсас, негізгі қызметтерді атқарады. Бұл жерде келесі клеткаішілік құрылыстьардың қызметі мен құрылысы қаралады: ядро, митохондрия, пероксисомалар, тегіс эндоплазмалық ретикулум, тегіс емес эндоплазмалық ретикулум.

Кесте 1.

Эукариотты клеткалардың негізгі белгілері

Белгі

Құрылымы және ұйымы

Мембраналар

Барлық компартменттер немесе органеллалар негізі бірдей ерекшелікті түрдегі ақуыз-липидті биомолекулалық қабатты, мембраналармен қоршалған. Органеллалар липидті және ақуызды құрамдағы арнаулы варияциясы бойынша айырмашылығы болады, және метаболизмнің негізгі жолдарындағы бағытты анықтауға көмектеседі.

Клеткаішілік қозғалыс

Заттардың бір органеллада екіншісіне қозғалысы белгілі жолдар мен принциптер бойынша болады.

Заттар ағыны – ақуыздардың тасымалдануы және миграциясы -әртүрлі механизмдермен, атап айтқанда, ақуыздар ағындарымен немесе везикула ағындарымен жүзеге асады.

Клеткаішілік компартменттердің пайда болуы

Бірақ клеткаішілік компартменттер динамикалық құрылымдар болып саналады және көлемі жоғарылайды немесе төмендеуі мүмкін. De novo-ның пайда болуы мүмкін емес; бұл процесс рудимент түрде немесе қазіргі бар матрицалардан ақпаратты қажет етеді.

Клетка ішіндеші компартменттердің қатысты рналасуы

Қатысты тұратын орыны белгілі емес; әрбір компонент өзіне арналған қызметтерін орындау үшін оптимальді орын алады.

Негізгі клеткаішілік органеллелар және олардың негізгі қызметтері.

Органелла немесе фракция

Маркер

Негізгі қызметтері

Ядро

ДНҚ

Хромосомада орналасу орыны. ДНҚ-бағыттайтын РНҚ-синтезі орыны (транскрипция)

Митохондрия

Глутамат дегидрогенеза

Үшкарбонды қышқылдың циклі, тотыққан фосфорирлеу.

Рибосома

РНҚ-ны жоғары сақтайды.

Ақуыз синтезі орны (ақуызға м-РНҚ-ны трансляциялау).

ЭПР

Глюкоза-6 осфатаза

Мембранамен байланысқан рибосомалар, ақуыз синтезінің негізгі орны. Әртүрлі липидтерді синтездеу. Көптеген ксенобиотиктердің тотығуы (цитохром р 450).

Клеткаішілік қозғалыс.

Ақуыздар ағыны: везикулярлы ағын.

Клетка ішіндегі ауысушылықтың негізгі үлгілері – бұл ақуыздар ағыны және көпіршіктер (везикулалар) ағыны. Клетканың маңызды міндетінің біреуі – клетка ішінің әртүрлі бөлімдеріне және клеткадан тыс кеңістікке молекулаларды жеткізу болып саналады. Клеткаішілік және клетка аралығындағы материалдың ауысуының белгілі қатал жолдары бар. Жоғары маманданған клеткаларда кейбір варияциялардың кесдесуі мүмкін болғанмен, эукариотты клеткаларда клеткаішілік ағындар әдетте ұқсас. Мысалы, органеллалар аралықтарында кейде екі бағыттанған ағындар болғанмен, ақуызды және везикулярлы ағындар көбінесе бір бағытты – мембраналық ақуыздар эндоплазмалық ретикулумнан клетка сыртына қарай көшіріледі.

Заттарды клетканың бір бөлімінен басқасына жеткізуді арнаулы ақуыздар атқарады. Сигнальді дәлдік ретінде осы ақуыздардың арнайы полипептидті жүйелілігі орындайды. Медицинадағы соңғы екі 10 жылдықтағы маңызды жаңалықтың ашылуы, осындай тасымалдайтын жолдардың қайсысы бұзылсада, ауруға алып келуі мүмкін. Маркерді танитын, маркер немесе локус сигналының кемшілігі (ақау), клетканың және ағзаның сау жағдайын анағұрлым бұзады. Осы жолдарды толық оқып білу адамдағы көптеген аурулардың молекулалық негізін түсініу үшін өте қажетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]