
- •Тақырыбы: «Патофизиология пәні, міндеттері»
- •Тақырыбы: «Жалпы нозология»
- •Тақырыбы: «Жалпы этиология. Адам организміне қоршаған ортаның дерт туындататын факторлардың әсері»
- •Тақырыбы: «Жалпы патогенез. Реактивтілік және оның патологиядағы маңызы»
- •Тақырыбы: «Жасушаның жалпы патологиясы. Организмнің зақымдануға жалпы реакциялары»
- •Тақырыбы: «Патологиядағы тұқым қуалаушылықтың маңызы» Тұқым қуалайтын аппарат – ұрықтандырғаннан кейiн ұрпаққа толық өтетiн, көптеген гендерден тұратын хромосалар жиынтығы.
- •Тақырыбы: «Шеткі қанайналым және микроциркуляция бұзылыстары»
- •Тақырыбы: «Қабыну»
- •Цитопемпсис- қан жасушаларын, плазманың майда тамшыларын эндотелий жасушасы арқылы қармап алып өткiзетiн белсендi процесi.
- •Тақырыбы: «Қызба»
- •Антиденелер /гр. Anty- ºарсы/- антигендердi» ¸серiне жауап ретiнде т¾зiлетiн ж¸не антигендермен ¸рекеттесетiн иммуноглобулиндер
- •Газды ацидоз- негiзiнде к¼мiрºышºыл м¼лшерiнi» жо¹арылауы ж¸не ºанда оны» парциалды ºысымыны» ¼суi кезінде дамитын ацидоз
- •Газды алкалоз- негiзiнде қанда к¼мiрºышºыл м¼лшерiнi» азаюы ж¸не оны» парциалды ºысымыны» т¼мендеуiнен болатын алкалоз.
- •Кетоацидоздыº кома - инсулин тапшылы¹ыны» ¼ршуiмен ºатар ж¾ретiн гипергликемиямен, глюкозуриямен, гиперкетонемия және кетонуриямен, ацидозбен, сусызданумен жүретін ºант диабетiнi» асºынуы.
Тақырыбы: «Жалпы патогенез. Реактивтілік және оның патологиядағы маңызы»
Патогенез (гр. pathos-ауру,зардап шегу+genesis- туу, пайда болу) – аурулар, патологиялық процестер мен патологиялық жағдайлардың даму жолдары, ағымы, аяқталуы мен салдарлары туралы ілім.
Патогенездік факторлар – этиологиялық фактор әсер еткенде пайда болатын және мұнан былай ауру дамуында «себептiң» рөлiн атқаратын организмдегi өзгерiстер.
Функциялық элемент – ағзаның барлық тiндерiнiң жасушалық, талшықтық құрылымдарынан тұратын, белгілі ретке келтірілген құрылымдық-функциялық кешен бола алатын, сонымен қоса, осы кешеннің негізінде тіндік алмасу процестері қамтамасыз етілетін микрожүйе. Сайып келгенде, бұл жасушалардың, микроқанайналым бiрлiгiнiң, жүйке талшықтарының, дәнекер тiннiң жиынтығы.
Бастапқы, маңызды тiзбек – барлық қалған тізбектердің дамуына қажетті тізбек.
Патогенездiң кері айналып соғу шеңбері (лат. сirculus vitiosus) – аурудың патогенезіндегі бір салдар кері айналып соғу арқылы шеңбер түзуі мүмкін. Шеңбердің қалыптасуы оң керi байланыс принципіне негізделген.
Құрылымдық-қызметтiк бiрлiктердiң ұстамалы белсендiлiгiнiң заңы – әр ағза тұтас қызмет атқарады, бiрақ оның қызметтiк бiрлiктерi бiр уақытта жұмыс iстемейдi (олардың бөлiктерi уақытша қорда сақталынады); қызметтiк бiрлiктер тұтас жұмыс iстемейдi (олардың бөлек жасушалары қорда орналасады); жасушаның бәрi бiр уақытта жұмыс iстемейдi (оның бөлек органеллалары тыныштық қалпында сақталынады).
Патогенездік ем – ауру патогенезіндегі себеп-салдарлық қатынастардың тізбектерін жоюға бағытталған шаралар кешені.
Конституция (лат. constitutio-құрылым, дене құрылымы) – тұқым қуалайтын және жүре пайда болған қасиеттердiң негiзiнде құралған және организмнiң реактивтiлiк жағдайын қалыптастыратын қызметтiк және морфологиялық ерекшелiктердiң жиынтығы.
Диатездер (гр. diathesis-бейiмдiлiк) – кәдiмгi қоздырғыштарға сәйкес емес реакциялармен жауап беруiмен, кейбiр ауруларға бейiмдiлiгiмен сипатталатын конституция ауытқуы.
Адаптация (лат. adaptatio- бейiмделу) – эволюцияда қалыптасқан тiрi организмнiң өзгермелi өмiр сүру ортасына бейiмделуi.
Деадаптация (лат. de-жою, adaptatio- бейiмделу) – организмнiң бұрын иеленген өмiр сүру ортасына бейiмделу қасиеттерiн жоғалту.
Дизадаптация (гр. dys-бұзылу, adaptatio- бейiмделу) – сыртқы немесе iшкi орта факторларына организм бейiмделуiнiң бұзылуы.
Реактивтiлiк (гр. reactia- қарсы шығу) – сыртқы ортаның әртүрлi әсерлерiне тiршiлiк әрекетiн өзгерту арқылы организмнiң жауап беру қасиетi.
Гиперергия (гр. hyper- көп,жоғары+ergon-әсер, қызмет) – организм реактивтiлiгiнiң жоғары болуы.
Гипоергия (гр. hypo- аз, төмен+ergon- әсер, қызмет) – организм реактивтiлiгiнiң төмен болуы.
Нормергия (гр. norma- норма,қалыпты жағдай+ ergon- әсер, қызмет) – организм реактивтiлiгiнiң қалыпты болуы.
Дизергия (лат. dys-бұзылу) – организм реактивтiлiгiнiң бұрмалануы.
Резистенттілік – патогендiк факторлар әсерiне организмнiң тұрақтылығы.
Тақырыбы: «Жасушаның жалпы патологиясы. Организмнің зақымдануға жалпы реакциялары»
Жасушаның зардапталуы – жасушалардың құрылысы, метаболизмі және функцияларының өзгерістері.
Некроз (гр. necrosis – өлі) – тірі организмдегі тіндердің, жасушалардың өлуі, олардың тіршіліктерінің толық және қайтымсыз тоқтауы.
Некробиоз (гр. necrosis – өлі, bios – тірі, тіршілік) – тіндегі жасушалардың бір бөлігі өлген, ал басқа бөліктердің ары қарай қызметін атқарып жүрген жағдайы.
Паранекроз (гр. para- жақын, қасында, + necrosis- өлген, өлік) – тіршілігі тоқтаған жасушаларда байқалатын өзгерістерге ұқсас қайтымды құбылыстар.
Аутолиз (гр. auto - өзі, меншікті+ lysis-ыдырау) – құрамында гидролиздік ферменттердің әсерінен организмдегі тіндер мен жасушалардың ыдырауы.
Цитолиз (гр. cyto- жасушаға қатысы бар+ lysis-ыдырау) – жасушалардың ыдырауы.
Апоптоз (гр. apo-алып тастау + ptosis- құлау, түсу) – жасушаның тіршілігі жойылуының генетикалық бағдарламаланған механизмі. Арнайы жасушаішілік процестерді белсендіру арқылы қамтамасыз етіледі, энергияны қажет ететін процесс, алдымен ядроның пикнозы мен бөлшектенуі өтеді, ал цитоплазма содан кейін тіршілігін тоқтатады.
Денатурация (лат. de- алып тастау, жоққа шығару, natura- табиғат) – әртүрлі әсерлерден ақуыздардың және нуклеин қышқылдарының құрылысы өзгергендіктен, олардың кәдімгі қасиеттерінің толық немесе жартылай жоғалуы.
Импеданс (лат. impinge-итеру) – тіндердің электрлік қарсыласуы.
Электр өрісі әсерінен мембананың тесілуі – күшті электр өрісінің әсерінен мембранада тесіктердің пайда болуы.
Прооксиданттар (гр. pro- алдында болатын, oxys- қышқыл) – асқын тотығу процестерді күшейтетін химиялық қосындылар мен физикалық әсерлер (оттегінің жоғары концентрациясы, темір иондары, простагландиндер мен катехоламиндер метаболизмінің өнімдері, НАДН2, НАДФН2, А және Д дәрумендері).
Антиоксиданттар (гр.anty-қарсы, oxys- қышқыл) – асқын тотығу процестерді әлсірететін химиялық қосындылар және физикалық әсерлер (супероксиддисмутаза, глутатионпероксидаза, фосфолипаза, альфа-токоферол).
Хемилюминесценция (гр.chemi-химияға қатысты, lumen- жарық) – жасушадағы кейбір биохимиялық реакциялармен қабаттасатын әлсіз жарықтану.
Детергенттер (лат.detergens- тазартатын, жуатын) – беткейлік тартылысты әлсірететін заттар.
Альтерация (лат. altero- өзгерту, басқаша қылу) – жасушалар құрылысының, метаболизмінің, функцияларының өзгерістері, зардапталуы.
Дистрофия (лат. dis- бұзылыс, trophe- қоректендіру) – жасушалардың тіршілігі бұзылуына әкелетін, олардың функциялары, пластикалық процестері, құрылымы бұзылуымен қабаттасатын заттек алмасуларының бұзылыстары.
Амилоид (гр. amylon- крахмал, eldos- түрі) – ақуыздар алмасуы бұзылуының өнімі ретінде саналатын глобулиндер мен полисахаридтердің күрделі кешені.
Амилоидоз – тіндерде амилоидтың жиналуымен сипатталатын дистрофияның түрі.
Гиалин (гр.hyalos- шыны) – кейбір патологиялық процестерде кездесетін, жартылай мөлдір, шыныға ұқсас, тығыз ақуыздық зат.
Гиалиноз – аралық тінде гиалиннің жиналуымен сипатталатын ақуыздық дистрофияның түрі.
Дисплазиялар (лат. dis- бұзылыс, plasis- пайда болу, алып келу, өндіру) – жасушалардың нақтылануының бұзылуы, ол жасушалардың функциялары, метаболизмі, құрылысының тұрақты өзгерістерімен сипатталады, жасушалардың тіршілігі бұзылуына әкеледі.
Деструкция (лат. destruction- ыдырау) – жасушалардың, тіндердің қалыпты құрылысының бұзылуы, ыдырауы.
Детрит (лат. de- алып тастау, жоққа шығару, detero- ,tritum- қажау) – тіндер ыдырауының ботқа тәріздес өнімі.
Кариолизис (гр.cario- ядроға қатысты, lysis- ыдырау ) – жасушада дистрофиялық өзгерістерде ядроның толық ыдырауы.
Кариорексис (гр.cario- ядроға қатысты, rhexis-ажырау, үзу) – жасушадағы дистрофиялық процестер барысында ядроның бөлшектерге дейін ыдырауы.
Пикноз (гр. pycnos- тығыз, қатты) – жасушаның немесе ядроның жиырылуы, нығыздалуы, өлшемінің тез арада азаюы.
Стресс (ағылш. stress- кернеу) – жалпы бейімделу синдромы – табиғаты әртүрлі тітіркендіргіштердің әсерлеріне организмнің ерекше, стереотипті, жалпы жауабы реакцияларының жиынтығы.
Жедел фаза жауабы – аурудың жіті кезеңіндегі зақымдануларда дамитын организмнің жалпы реакциясы. Жеедел фаза жауабы жиі қабыну дамуына, иммундық жүйе және фагоциттейтін мононуклеарлардың жүйесі белсенуіне әкелетін зақымдануларда байқалады. Бір топ қабынуды күшейтетін цитокиндердің (1, 6, 8 интерлейкиндері, ісіктерді жоятын факторы альфа) пайда болуы мен босауы кушеюімен сипатталады.
Жедел фаза ақуыздары – бауырда түзілетін және жедел фазаға жауап дамығанда қанға түсетін ақуыздар (С-реактивті ақуыз, гаптоглобин, комплементтің бөліктері, церулоплазмин, фибриноген және т.б.).
Төтенше (экстремальді) жағдайлар – адам өміріне өте қауіпті жағдайлар, белсенді түрде өткізілетін емдік шараларды қажет етеді. Организмге қоршаған ортаның өте зиян факторларының әсерінде немесе өмір сүруге маңызды физиологиялық функциялардың және метаболизмнің өте ауыр бұзылыстарына әкелетін ауыртпалық процестер жағымсыз бағытта өзгергенде дамиды.
Шок (ағылш.shock- соққы) – организмнің өмір сүруге маңызды қызметтерінің қатты әлсіреуімен сипатталатын ауыр патологиялық процесс.
Коллапс (лат. collabor-құлау, төмен түсу) – артериялық қысымның төмендеуімен, айналымдығы қанның көлемі азаюымен сипатталатын жіті тамырлық жеткіліксіздік.
Кома (гр. koma-терең ұйқы) – адам өміріне қажетті қызметтердің реттелуі бұзылуымен, сыртқы қоздырғыштарға рефлекстердің жоқ болуымен, орталық жүйке жүйесінде патологиялық тежелудің анық көрінуімен байланысты естен терең тануымен сипатталатын күй.