Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
глосКаз патофиз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
267.26 Кб
Скачать

Тақырыбы: «Жалпы этиология. Адам организміне қоршаған ортаның дерт туындататын факторлардың әсері»

Этиология (гр. aetia- себеп+ logos- iлiм) - ауру пайда болуы және дамуының себептері мен жағдайлары туралы iлiм

Этиологиялық фактор немесе ауру себебi белгiлi бiр жағдайларда организмге тура әсер етiп, сол немесе басқа салдарды, яғни ауруды, тудыратын және оған ерекше қасиеттердi беретiн зат немесе құбылыс

Жағдай (лат. conditio- жағдай) – ауруды өздiгiнен тудырмайтын, бiрақ оның пайда болуына, дамуына, аяқталуына әсер ететiн фактор, жағдай немесе олардың жиынтығы

Ятрогендi аурулар (гр. iatros- дәрiгер+gennao-құру) медицина қызметкерлерiнiң қателерiнен дамитын аурулар немесе дәрігердің дұрыс я қате әрекеттерінің нәтижесінде алдын алу, диагноз қою, емдік шараларды қолданудың қолайсыз салдары ретінде дамиды.

Қауiп факторы- белгiлi аурудың тура себебi бола алмайды, бiрақ пайда болу мүмкiндiгiн жоғарылататын фактор.

Полиэтиология (гр. poly- көп+aetia- себеп) бiр ауру көптеген себептермен шақырылуы мүмкiн деген көзқарасты мақұлдайтын этиологиядағы бағыт.

Монокаузализм (гр. monos – біреу, жалғыз, causa – себеп) – этиологиядағы бағыт; осы бағытқа сәйкес, әр ауруды бір себеп қана шақырады және де организм осы себеппен кездескенде міндетті түрде ауру дамиды.

Кондиционализм (лат. conditio – жағдай) – себеп туралы жоққа шығаратын және ауру пайда болуында жағдайлар кешендерінің маңыздылығын қолдайтын медицинадағы ағым.

Этиологиялық ем – ауру себебіне қарай (жою, әлсірету арқылы) бағытталған ем.

Гипобария (гр. hypo- төмен, аз+barys – ауыр) – төмен барометрлiк (сыртқы, атмосфералық) қысым

Декомпрессия белгiлерi (лат. de- жою, бас тарту+compressio- басу, қысу) газдар көлемi ұлғаюымен, сұйықтықтардың қайнау температурасы төмендеуiмен, тiндерде ерiген азоттың газды түрге ауысуымен және гипобариямен байланысты симптомдар

Тау ауруы (morbus montanus) – жоғарғы биiкке көтерiлгенде дамитын және пайда болған гипоксиялық гипоксияға (атмосфералық қысым төмендеген жағдайда дем алатын ауада оттегiнiң парциалдық қысымының төмендеуi) байланысты ауру

Гипербария (гр. hyper- жоғары, үстем+barys- ауыр) - жоғары барометрлiк (атмосфералық, сыртқы) қысым

Сатурация (лат. saturatio- қанығу) – организм тiндерiнде және сұйық ортада газ еруiнiң жоғарылауы

Десатурация (лат. de- жою, бас тарту+saturatio- қанығу) – газдар еруiнiң төмендеуi және организмнің сұйық ортасынан, жасушаларынан газдардың шығарылуы.

Кессонды (фр. caisson жәшік ) (декомпрессиялық) ауру – десатурацияға байланысты және жоғары атмосфералық қысымнан қалыпты қысымға тез арада өткенде дамитын ауру.

Гипербариялық оксигенация- жоғары қысымда оттегiмен дем алу

Гипотермия (гр. hypo- төмен, аз + termia- температура) дене температурасының төмендеуi.

Гибернация (лат. hibernus- қысқы, суық) физикалық әсер және наркоз арқылы дене температурасын жасанды түрде төмендету.

Гипертермия немесе қызып кету (гр. hyper- жоғары, үстем, termia- температура) – қоршаған ортаға жылуды беруді қиындататын немесе жылудың сырттан көбірек түсуін ынталандыратын сыртқы ықпалдардың әсерінен дене температурасының жоғарылауы.

Жылулық соққы- сыртқы ортадағы жоғары температураның ұзақ уақытты әсерiнен дене температурасы тез арада көтерiлуiмен өтетiн организмнiң жедел қызып кетуi.

Күн соққысы- жалаң басқа жылы күн сәулелерiнiң ұзақ уақыт әсер етуiнен болатын жедел қызып кету.

Жиырылу (контрактильдi) арқылы термогенез – бұлшық еттердiң жиырылуы және тонусы өсуiнен жылу өндірілуінің жоғарылауы.

Жиырылусыз өтетiн (контрактильдi емес) термогенез – тотығу-тотықсыздану процестерiнiң белсендiрiлуiнен организмде жылу өндірілуінің жоғарылауы.

Кинетоздар (гр. kinesis- қимыл+os-ауру, дерт) – организмге ұзақ уақыт iшiнде әсер ететiн өзгермелi жылдамдықтан туатын қозғалыс аурулары.

Кавитация (ағылш. cavity- қуыс)- жасушаларда өте майда қуыстардың тез арада пайда болуынан, кейiн олардың кенеттен жабылып калуынан пайда болған соққы толқыны тiндердi зақымдау салдарынан “жарылу эффектiсiнің” дамуы.

Гипокинезия (гр. hypo- төмен, аз+kinesis- қимыл) – тiршiлiк жағдайларымен байланысты қозғалыс белсендiлiгiнiң төмендеуi, шектелуi.

Гиподинамия (гр. hypo- төмен, аз+dynamis- күш) – қозғалыс белсендiлiгiнiң жетiспеушiлiгi.

Сәуле ауруы- организмдi сырттан 1 Гр және одан жоғары дозамен бiркелкi түрде сәулеленуден дамитын ауру.