
- •Тақырыбы: «Патофизиология пәні, міндеттері»
- •Тақырыбы: «Жалпы нозология»
- •Тақырыбы: «Жалпы этиология. Адам организміне қоршаған ортаның дерт туындататын факторлардың әсері»
- •Тақырыбы: «Жалпы патогенез. Реактивтілік және оның патологиядағы маңызы»
- •Тақырыбы: «Жасушаның жалпы патологиясы. Организмнің зақымдануға жалпы реакциялары»
- •Тақырыбы: «Патологиядағы тұқым қуалаушылықтың маңызы» Тұқым қуалайтын аппарат – ұрықтандырғаннан кейiн ұрпаққа толық өтетiн, көптеген гендерден тұратын хромосалар жиынтығы.
- •Тақырыбы: «Шеткі қанайналым және микроциркуляция бұзылыстары»
- •Тақырыбы: «Қабыну»
- •Цитопемпсис- қан жасушаларын, плазманың майда тамшыларын эндотелий жасушасы арқылы қармап алып өткiзетiн белсендi процесi.
- •Тақырыбы: «Қызба»
- •Антиденелер /гр. Anty- ºарсы/- антигендердi» ¸серiне жауап ретiнде т¾зiлетiн ж¸не антигендермен ¸рекеттесетiн иммуноглобулиндер
- •Газды ацидоз- негiзiнде к¼мiрºышºыл м¼лшерiнi» жо¹арылауы ж¸не ºанда оны» парциалды ºысымыны» ¼суi кезінде дамитын ацидоз
- •Газды алкалоз- негiзiнде қанда к¼мiрºышºыл м¼лшерiнi» азаюы ж¸не оны» парциалды ºысымыны» т¼мендеуiнен болатын алкалоз.
- •Кетоацидоздыº кома - инсулин тапшылы¹ыны» ¼ршуiмен ºатар ж¾ретiн гипергликемиямен, глюкозуриямен, гиперкетонемия және кетонуриямен, ацидозбен, сусызданумен жүретін ºант диабетiнi» асºынуы.
Тақырыбы: «Патофизиология пәні, міндеттері»
Патофизиология /гр. pathos- ауру, бұзылыс, дерт +logos- iлiм+physis-табиғат + logos- iлiм / – ол ауру организмнің бұзылған қызметтерiн зерттейтiн және ауру дамуының, ағымының, аяқталуының жалпы заңдылықтарын анықтауды өз мақсаты ретiнде қоятын iлiм.
Клиникалық патофизиология – патофизиологияның бөлiгi. Негiзгi міндеттері: а) адамның әр ауруындағы жүйелер мен ағзалар қызметтерi бұзылыстарының сипатын және ауырлығын зерттеу; ә) ауру патогенезі және оның клиникалық көріністері арасындағы өзара байланыстарын анықтау; б) патологиялық процестiң зақымдалған ағзаға және ауру организмнiң басқа ағзалары мен жүйелерiне әсер ету деңгейiн анықтау; в) функциялық диагностика әдiстерiн меңгере бiлу; д) адам ауруына байланысты диагностика, алдын алу және емдеу жағынан жаңа нұсқауларды өңдеу.
Тәжірибе (лат. еxperimentum – сынау, тәжірибе) – басқарып, реттеп тұруға ыңғайлы жағдайда зерттеу мақсатымен белгілі бір құбылысты жасанды түрде шақыру не өзгерту. Бақылаудан айырмашылығы – зерттеліп жатқан объектімен өзара белсенді қатынаста болуда. Моделдеудің мәні – патологиялық реакцияларды, патологиялық процестерді, түрлі ауруларды үлгілеуде. Әдетте тәжірибе ғылыми зерттеу барысында өткізіледі және де гипотезаны тексеру, түрлі құбылыстар арасында себептік байланыстарды анықтау үшін маңызды. Патофизиологияда тәжірибелік зерттеу объектісі – науқас адам. Көбіне тәжірибе жануарларға өткізіледі.
Физикалық (материялық) моделдеу – биологиялық объекттерге (адамдарға, жануарларға, олардың ағзаларына, тіндеріне, жасушаларына) моделдеу немесе жасанды физикалық жүйелерге (өкпені жасанды желдету, жасанды бүйрек аппараттары).
Формаланған (материялық емес) моделдеу – логикалық, компьютерлік немесе математикалық моделдеу.
Пашутин В.В. /1845-1901/ - Ресейде патофизиологияның оқу пәнi және ғылым ретiнде қалыптасуының негiзiн салушының бiрi. Осы ғалым басшылығымен Қазан университетiнде алғаш рет жалпы және тәжiрибелiк патология кафедрасы құрылған. Негiзгi еңбектерi ашығу, зат алмасу, жылу алмасу және оттегiнiң жетiспеушiлiгiне бағытталған.
Фохт А.Б. /1848-1930/ - патофизиологтардың Мәскеу мектебiнiң негiзiн салушысы. Негiзгi еңбектерi жүрек-тамыр патологиясын зерттеуге бағытталған.
Подвысоцкий В.В. /1857-1913/- патофизиологтардың Киев мектебiнiң негiзiн салушысы. Негiзгi еңбектерi iсiк дамуының, бездiк тiн регенерациясы мәселелерiн зерттеуiмен байланысты.
Богомолец А.А. /1881-1946/ - Киев мектебiнiң iрi патофизиологтардың бiрi. Негiзгi ғылыми бағыттары- қалыпты жағдайда және патологияда организм реактивтiлiгiн, анафилаксияның даму жолдарын, қанның қайта құюдың әсерiн зерттеу. Оның дәнекер тiннiң трофикалық қызметi туралы iлiмi қазiргi кездегi коллагеноздар туралы көзқарастардың негiзi болып саналады.
Тақырыбы: «Жалпы нозология»
Нозология (гр. nosos-ауру+logos-iлiм) – ауру туралы iлiм.
Аурулар номенклатурасы – белгілі ретпен ұйымдастырылған жеке аурулардың атаулары және олардың сипаттамасы.
Аурулардың жіктелуі – нақты критерилерге негізделіп, ауруларды топтарға бөлу жүйесі.
Ауру алды– бейiмделу механизмдерінің мобилизациясы нәтижесінде биологиялық және әлеуметтiк бейiмделу анық төмендемейтiн немесе бейiмделудiң төмендеуi сыртқы ортаның кейбiр факторларымен әрекеттескенде ғана көрiнетiн адам организмінің денсаулық және ауру арасындағы күйi.
Ауру– организмге зиянды факторлар әсер еткеннен әлеуметтiк пайдалы қызметтiң, жұмысқа қабiлеттiлiктiң шектелуімен, функциялардың және бейімделудің бұзылыстарымен, құрылымдық-функциялық және метаболизмдік өзгерiстердің кешенімен көрінетін ерекше өмiрлiк процесс.
Патологиялық реакция (гр. pathos-ауру, re- керi+ actio- әсер, ықпал) –патогендік факторлардың әсеріне жауап ретiнде дамитын биологиялық мәнсіз, сәйкессіз, қыска мерзiмдi, элементарлы, әдеттегiдей емес реакция.
Патологиялық процесс– ауру туындататын ықпалдың бүліндіргіш әсеріне, заңды түрде пайда болатын реакциялардың жиынтығы.
Патологиялык жағдай – организм үшін кері биологиялық мәні қалыптан тыс тұрақты ауытқу; ол өте сылбыр дамитын дерттік үрдіс немесе оның салдары.
Симптом (гр. symptoma- түйісу, белгі) – аурудың, патологиялық процестің, жағдайдың, реакцияның немесе синдромның белгісі.
Синдром (sindrumes – бірге жүгіретін) – бірыңғай патогенезімен (симптомдардың кешені) бірлескен симптомдардың жиынтығы.
Ауру ағымының айқын емес түрі – аурудың атипиялық ағымының мысалы; айқын емес симптомдармен сипатталады.
Аурудың абортивтi (лат. abortus – түсік) ағымы– аурудың атипиялық ағымының мысалы; қысқарған ағымымен, ауыртпалық көрiнiстерi тез арада жойылуымен, кенеттен сауығуымен сипатталады.
Рецидив (лат. reсidivus-қайталану) – аурудың клиникалық көріністерінің уақытша жоғалуынан кейінгі қайталануы немесе көріністерінің күшеюі.
Ремиссия (лат. remissio- әлсiреу, азаю) – аурудың ары қарай дамуы баяулауынан немесе тоқтауынан, жарым-жартылай кері дамуынан науқас жағдайының уақытша жақсаруы.
Асқыну– организмде бар ауруға басқа патологиялық процестің, аурудың қосылуы. Ол негізгі аурудың ерекшеліктерімен байланысты немесе өткізген емдік шаралардың күтпеген салдарлары ретінде пайда болады.
Аурудың өршуі – көрiнiп тұрған симптомдардың күшеюiмен немесе жаңаларының пайда болуымен сипатталатын созылмалы ауру ағымының сатысы.
Латенттi ағым (лат. latēns (latentis) – жасырын, көрінбейтін) – сыртқы көзбен қарағанда көрiнбейтiн ауру ағымы.
Сауығу – ауру аяқталуының бiр түрi; аурудан кейiнгi организмнiң қалыпты өмiр сүруiне қайта келуiмен сипатталады.
Терминальдi жағдайлар (лат. terminalis – шекаралық, соңғы) – осы күйге келтiрген себеп жойылса да жануарлардың және адамның организмi одан өзi шыға алмайтын күйi. Морфофункциялық өзгерістердің негізінде барлық тіндердің (ең алдымен бас миының) өршитін гипоксиясы, ацидозы және бұзылған алмасу өнімдерімен уыттануы жатыр.
Өлім – организмдегі тіршіліктің тоқтауы процесі.
Клиникалық өлiм – жүректің қызметі, тыныс алу тоқтағаннан кейін басталатын және орталық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімдерінде қайтымсыз өзгерістер дамығанша жалғасатын терминальдік жағдай.
Ми өлімі – бас миының қайтымсыз зардапталуы; ол жүрек қызметі және газдар алмасуы сақталған жағдайда да дамуы мүмкін.
Биологиялық өлiм – организм тіршілігінің қайтымсыз тоқтауы; даралық тіршіліктің соңғы сатысы.
Реанимация (лат. re-қайтадан+animatio-тiрiлту) – арнайы тiрiлтетiн шараларды (жасанды тыныс алу, жүрек массажы, жүректiң электрлiк дефибрилляциясы) қолдану арқылы жойылған немесе дөрекi бұзылған, организмнiң өмiрiне қажеттi қызметтердiң орнын толтыру не қалыпка келтiру.
Реаниматология (лат. re-қайтадан+animatio-тiрiлту+logos-iлiм) – организмнiң жаңа ғана жойылған, тіршілік етуге қажет қызметтердi қалыпқа келтiру және алдын алудың нәтижелi әдiстерiн өңдеу мақсатымен организмнiң өлуі және тiрiлуі заңдылықтарын зерттейтiн iлiм.
Неговский В.А. (1909) – реаниматологияның iлiм ретiнде дамуының негiзiн салушысы. 1936 жылы әлемде алғаш рет организм тiрiлтуiнiң тәжiрибелiк физиологиясының лабораториясын құрған.
Корпачев В.Г. (1935-1998) – Қазақстандағы тәжiрибелiк реаниматологияның негiзiн салушысы. Негiзгi жұмыстары тiрiлтiнгеннен кейiнгi дамитын энцефалопатияның даму жолдарын зерттеуге арналған.