Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_OM_2013-2014_31_10_2013_kaz_1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4.08 Mб
Скачать

1. Тақырыбы: Тұқым қуалайтын өзгергіштік. Рекомбинанттық өзгергіштік

2. Мақсаты: студенттерде тұқым қуалайтын өзгергіштіктің, рекомбинативтік және мутациялық өзгергіштіктің пайда болу себептері, даму механизмдері, мутация типтері және мутагендік факторлар туралы, тұқым қуалайтын өзгергіштіктің тірі ағзалар эволюциясындағы және практикалық медицинадағы ролі жайлы білімін қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

- рекомвинативті өзгергіштіктің цитогенетикалық негіздерін оқып түсіну;

- генетикалық полиморфизмнің пайда болуындағы гендер рекомбинациясының ролі және оның биологиядағы және медицинадағы маңызын оқып түсіну;

- рекомбинативтік өзгергіштіктің пайда болу механизмдерін оқып түсіну;

- мутациялардың пайда болу себептерін оқып үйрену;

- мутациялардың жіктелуін оқып түсіну.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

4.1. Тұқым қуалайтын өзгергіштік.

4.2. Рекомбинативті өзгергіштік.

4.3. Рекомбинативтік өзгергіштіктің пайда болу механизмдері

4.4. Мутагенез, мутагендік факторлар.

4.5. Мутациялық өзгергіштік, жіктелуі

5. Оқыту әдістері: үйлесімді (комбинациялық) оқыту тәсілі (әңгімелесу, кестелер толтыру, сызбалар сызу, типтік есептер шығару ).

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

6.2 Жимулев И.Б. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск, 2006, с. 51-77, с. 224-233.

6.3 Генетика. Под ред. Иванова В.И. М., 2006, . с. 164-173, 219-267.

6.4 Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е., Молекулалық биология негіздері. А., 2008, б.143-169.

6.5 Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М.,2003, с. 78-82.

6.6 Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. А., 2006, б.141-153.

6.7 Қазымбет П.Қ., Аманжолова Л.Е., Нұртаева Қ.С. Медициналық биология. А., 2002, б. 134-144.

6.8 Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. А., 2006, б. 77-86.

6.9 Медициналық биология және генетика. Оқу құралы проф. Қуандықов Е.Ө. ред. А., 2004, б. 114-126.

Қосымша:

6.6.Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л.Ньюссбаум, Родерик Р, Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. Н. П. Бочкова.- М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010.

6.7. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық - генетикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігі. Алматы,2012.

6.8. www.hmc-ims.ru

7. Бақылау:

7.1. Құзыреттілікті бағалау – білім.

7.1.1. Тақырыптың сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

7.1.2. Тесттік бақылау – 10 сұрақтан 2 нұска.

7.2. Құзыреттілікті бағалау – тәжирбиелік дағды.

7.2.1. Генетикалық материалдың зақымдалу деңгейіне байланысты мутацияларды жіктеңіз.

7.2.2. Рекомбинативтік өзгергіштіктің пайда болу механизімін және оның генетикалық маңызының сызбасын сызып түсіндіріңіз.

7.3. Бақылау сұрақтары:

7.3.1. Комбинативтік өзгергіштіктің мутациядан қандай айырмашылығы бар?

7.3.2. Жасушалардың қандай бөліну типінде рекомбинативтік өзгергіштік пайда болады?

7.3.3. Ортаның қандай факторлары мутацияға алып келеді? Олар қалай аталады?

7.3.4. Мутацияларды қандай критерийлеріне қарай жіктеуге болады?

7.3.5. Спонтанды және индукциялық мутациялардың ерекшелігі неде?

7.3.6. Неліктен көпшілік мутациялар ағзаға эиянды болып келеді?

Тақырып бойынша үш тілде түсіндірме сөздер:

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Өзгергіштік – тірі ағзалардың сыртқы факторлар әсерінен жаңа белгілерге ие болу қасиеті

Изменчивость - это свойство живых организмов изменяться и приобретать новые признаки под влиянием факторов среды.

Variability is a property of living modified organisms and to acquire new characteristics under the influence of environmental factors.

Кроссинговер – гомологты хромасомалардың сәйкес бөліктерімен алмасуы.

Кроссинговер - обмен участками между гомологичными хромосомами.

Crossing-over - currency areas between the homologous chromosomes.

Мутация – хромасомалар мен ДНҚ молекуласындағы тұрақты өзгерістер

Мутация - стойкое изменение в структуре ДНК и хромасоме.

Mutation - a persistent change in the structure of DNA and fetuses.

Мутагендік фактор – мутацияға алып келетін факторлар. Табиғи және жасанды мутагендік факторлар деп ажыратылады.

Мутагенный фактор - фактор, вызывающий мутацию. Различают естественные (природные) и искусственные (вызванные человеком) мутагенные факторы.

Mutation factor - factor causing mutation. Distinguish between natural and artificial (human-induced) mutagenic factors.

Құрастырушы: Ә.Қ.Қыдырбаева

26 сабақ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]