Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_OM_2013-2014_31_10_2013_kaz_1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4.08 Mб
Скачать

1. Тақырыбы: Популяциалық генетика негіздері

2. Мақсаты: студенттерде ағзалар топтарында (популяцияда) өтіп жатқан генетикалық үрдістер, популяцияның генетикалық құрылымының қалыптасу механизмдері, популяцияның құрылымының өзгеруіне және генетикалық жүкке алып келетін факторлар туралы білімдерін қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

- популяция, популяциялық генетика, популяцияның генетикалық құрылымы, генетикалық үрдістердің популяциядағы заңдылықтары, популяцияның генетикалық құрылымының заңдылықтары түсініктеру

- Харди-Вайнберг заңының мәнін ашу

- элементарлы эволюциялық үрдістер және демографиялық факторлар әсерінен популяцияның генетикалық құрылымы өзгеруініңғ мәні мен маңызын ашу

- популяцияның генетикалық құрылымы мен динамикасы қалыптасуындағы мутацияның, миграцияның, гендер дрейфінің және табиғи сұрыпталудың рөлін ашу

- популяциядағы табиғи сұрыпталу типтері мен оның нәтижелерін қарастыру және түсіну

- популяциядағы табиғи сұрыпталуда генотптер бейімділігінің маңызы мен рөлін ашу

- популяцияның генетикалық жүгінің қалыптасуындағы табиғи сұрыпталудың рөлі мен маңызын ашу

- студенттерде практикалық денсаулық сақтаудағы популяцияның генетикалық жүгінің рөлі мен маңызының мәнін ашу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

4.1. Популяция, анықтамасы, популяцияның сипаттамалары.

4.2. Популяцияның демографиялық сипаттамалары.

4.3. Популяцияның түрлері және популяцияның некелік құрылымы.

4.4. Популяцияның генетикалық сипаттамалары.

4.5. Популяцияларда жүретін элементарлық эволюциялық процесстер және

олардың адам популяцияларындағы әсерінің ерекшеліктері.

4.6. Популяцияның генетикалық жүгі, түсінік, медициналық маңызы.

5. Оқыту әдістері: үйлесімді (комбинирленген) оқыту әдісі (әңгімелесу, ситуацияны моделдеу, ситуациялық есептерді шығару);

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. А.,

6.2. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. А., 2006, б. 166-

177.

6.3.Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Жалпы және медициналық генетика негіздері.А,. 2009,

б. 42-52.

    1. Медициналық биология және генетика. Е.Ө. Қуандықовтың ред. А., 2004, б.182 -197.

  1. 2006, 231-239 б.

Қосымша:

    1. Генетика. Под ред. Иванова В.И.. М., 2006. с.315-326.

    2. Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М., 2003. с. 301-321.

    3. Тейлор Д., Грин Н., Стаут У. Биология. .М., 2002, том 3. с. 215-243, с. 259- 270.

  1. Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л.Ньюссбаум, Родерик Р, Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. Н. П. Бочкова.- М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010

  2. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық –генетикалық терминдердің

орысша- қазақша сөздігі А., 2012, б. 3-111

7. Бақылау:

7.1. Құзыреттілікті бағалау – білім.

7.1. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

7.2. Тесттік бақылау – 10 сұрақтан 3 нұсқа.

7.3. Популяцияның генетикалық құрылымын немесе жеке аллельдердің не генотиптер жиілігін анықтауға арналған есептер.

1-есеп. Жалпы альбинизм аутосомды рецессивті белгі ретінде тұқым қуалайды. Ауру 1 : 20 000 жиілікпен кездеседі. Бұл популяциядағы гетерозиготтардың жиілігін анықтаңыз.

2-есеп. Аутосомды-рецессивті белгімен адамдардың жиілігі 0,25 тең. Доминантты аллельді гомозиготалы тасмалдаушылардың жиілігі қандай ?

3-есеп. Тея-Сакс ауруы аутосомдық рессессивтiк аллельге байланысты (бұл аурудың негiзгi белгiлерi: ақыл-ойдың жетiлмеуi, көздiң көрмеуi, төрт жаста шамасында қайтыс болуы). Жаңа туған нәрестелерде арасында бұл аурудың кездесу жиiлiгi 10:10000 шамасын құрайды. Бұл популяциядағы гетерозиготтардың жиілігін анықтаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]