
- •Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2009 жылғы 21 қыркүйектегі № 439 бұйрығы
- •Мазмұны
- •1 Жастан 2 жасқа дейінгі ерте жастағы топ балаларына арналған бағдарлама
- •2 Жастан бастап 3 жасқа дейінгі
- •I сәбилер тобындағы балаларға арналған бағдарлама
- •Түсіндірме жазба
- •1 Жастан бастап 3 жасқа дейінгі балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
- •1 Жастан 2 жасқа дейінгі ерте жастағы топ балаларына арналған бағдарлама балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
- •«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
- •Ойын іс-әрекеттеріндегі баланың дамуы
- •Меркелер мен ойын-сауықтар
- •Екі жастан бастап үш жасқа дейінгі
- •I сәбилер тобындағы балаларға арналған бағдарлама балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
- •«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
- •Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы
- •Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы
- •Мерекелер мен ойын-сауықтар
- •Қолданылған әдебиеттер
- •1 Жастан бастап 2 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары
- •1 Жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі кезең
- •1 Жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі кезең
- •1 Жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі кезең
- •1 Жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі кезең
- •«Таным» білім беру саласы
- •1 Жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі кезең
- •1 Жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі кезең
- •«Қатынас» білім беру саласы Тіл дамыту мен қоршаған ортамен таныстыру бойынша сабақ үлгілері
- •1 Жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі кезең
- •1 Жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі кезең
- •Тақпақтар, өлеңдер, ертегілер тізімінің үлгісі (тәрбиешінің қалауы бойынша)
- •«Шығармашылық» білім беру саласы Музыкалық репертуар
- •2 Жастан бастап 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары «Денсаулық» білім беру саласы
- •«Таным» білім беру саласы
- •«Қатынас» білім беру саласы Тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптар үлгісі:
- •Тәрбиешінің таңдауы бойынша ұсынылған көркем әдебиет Шығармалары
- •«Шығармашылық» білім беру саласы
- •1. Түсіндірме жазба
- •3. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
- •12. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
- •Балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
- •Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
- •«Денсаулық» білім беру саласы
- •Дене шынықтыру
- •Валеология
- •«Қатынас» білім беру саласы
- •Тіл дамыту
- •Көркем әдебиет
- •Қоршаған ортамен таныстыру
- •«Таным» білім беру саласы
- •Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
- •Құрастыру
- •Экология негіздері
- •Қоршаған ортамен таныстыру
- •«Шығармашылық» білім беру саласы
- •Мүсіндеу
- •Жапсыру
- •Сурет салу
- •«Әлеуметтік орта» білім беру саласы
- •Қоршаған ортамен таныстыру
- •Экология негіздері
- •Көркем әдебиет
- •Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы
- •Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы
- •Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
- •Баланың мектепке дейінгі ұйымдағы күн тәртібінің уақыты
- •12 Сағатқа шамаланған
- •«Денсаулық» білім беру саласы
- •Дене шынықтыру
- •Валеология
- •«Қатынас» білім беру саласы
- •Тіл дамыту
- •Көркем әдебиет
- •Қоршаған ортамен таныстыру
- •«Таным» білем беру саласы
- •Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
- •Құрастыру
- •Экология негіздері
- •Қоршаған ортамен таныстыру
- •«Шығармашылық» білім беру саласы
- •Мүсіндеу
- •Жапсыру
- •Сурет салу
- •«Әлеуметтік орта» білім беру саласы
- •Қоршаған ортамен таныстыру
- •Экология негіздері
- •Көркем әдебиет
- •Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы
- •Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы
- •Мерекелер мен ойын-сауықтар
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Қосымша
- •II сәбилер тобы
- •Суретшілердің суреттер көшірмесінің үлгісі
- •Мүсіндеу бойынша тақырыптар үлгісі
- •Сурет салу тақырыптарының үлгісі
- •Жапсыру бойынша тақырыптар үлгісі
- •Зерттеу-іздестіру әрекеттеріне арналған тапсырмалар мен ойындардың тақырыптар үлгісі
- •Көркем әдебиет шығармалар тізімінің үлгісі
- •Музыкалық шығармалар тізімінің үлгісі
- •Қимыл-қозғалыс ойындары тізімінің үлгісі
- •Дидактикалық ойындар мен жаттығулар тізімінің үлгісі
- •Ортаңғы топ (4 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балалар) суретшілердің суреттер көшірмесінің тізім үлгісі
- •Мүсіндеу бойынша тақырыптар тізімінің үлгісі
- •Сурет салу тақырыптар тізімінің үлгісі
- •Жапсыру бойынша тақырыптар тізімінің үлгісі
- •Зерттеу-іздестіру әрекеттеріне арналған тапсырмалар мен ойындардың тақырыптар үлгісі
- •Көркем әдебиет шығармалар тізімінің үлгісі
- •Музыкалық шығармалар тізімінің үлгісі
- •Қимыл-қозғалыс ойындары тізімінің үлгісі
- •Дидактикалық ойындар мен тіл дамыту жаттығулар тізімінің үлгісі
- •Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
- •Балалардың жас ерекшелігіне сипаттама
- •«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
- •Тіл дамыту
- •Көркем әдебиет
- •Сауат ашу және жазу негіздері
- •«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
- •Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
- •Құрастыру
- •Экология
- •Қоршаған ортамен танысу
- •«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •Сурет салу
- •Мүсіндеу
- •«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
- •Экология
- •Мерекелер және ойын-сауықтар
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Қимылды ойындар тізімінің үлгісі
- •Ұсынылатын көркем әдебиет шығармалары Оқу мен мазмұндауға арналған шығармалар
- •Қазақстан, Ресей және тмд елдері жазушыларының әңгімелері
- •Әңгімелеуге арнал ған шығармалар
- •Жаттауға арналған шығармалар
- •Сурет салу сабағының тақырып үлгісі
- •Жапсыру сабағына арналған тақырыптар үлгісі
- •Мүсіндеу сабағына арналған тақырыптар үлгісі
- •Балаларды өнермен таныстыру
- •Музыкаға ұсынылған репертуарлар Музыка тыңдау
- •Ән салу
- •Музыкалық-ырғақтық қимылдар
- •Балалар музыкалық аспаптарында ойнау
- •Музыкалық - дидактикалық ойын
Қоршаған ортамен танысу
Мақсаты: коммуникативті-танымдық қызметін дамыту, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарға қызығушылығын арттыру.
Міндеттері:
- балалардың қоршаған заттар, олардың сапасы мен қасиеті, қолданылуы туралы түсініктерін жүйелеу және қорытындылау;
- адамдардың қоғамдық өмірі мен қоршаған әлемнің тұтастығы туралы түсінігін, заттардың, оқиғалар мен құбылыстардың бір-бірімен байланысы туралы тәуелділігін анықтай білу іскерлігін, эксперимент жасау дағдыларын қалыптастыру;
- балалардың танымдық белсенділігін, ақыл-ой қабілеттері мен білуге құштарлықтарын арттыру;
- өмірдегі қауіпсіздік ережелерінің негіздерімен таныстыру.
Мазмұны:
Бала, оның отбасы, үйі. Туыстық байланыс туралы түсінігін қалыптастыру, өз жасын, өзінің, ата-анасының толық аты-жөнін білу, басқа отбасы мүшелерін, балабақшасының (нөмірі) және тобының атын, үйден балабақшаға келетін жолды айыру қабілеттерін қалыптастыру.
Отбасылық мерекелер, дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, туып өскен жеріне деген құштарлығын қалыптастыру. Балаларды отбасылық мерекелер мен салтанаттарды ұйымдастыруға қатыстыру.
Өзінің ата тегін, ата-баба шежіресін білуге қызығушылығын арттыру. Ата-аналарымен, туысқандарымен сырт келбетіндегі ортақ ұқсастықтарын айыра білуге үйрету (көз, мұрын, шашының түсі, т.б.).
Жақындарына деген мейірімділік пен сыйластық сезіміне тәрбиелеу. Отбасындағы ерекше құрмет пен қамқорлық ата-әжелер мен отбасының ең кенжелеріне тиесілі екендігін ұғындыру.
Халықтық дәстүрге негізделген үлкендерді сыйлау адамгершілік тәрбиесін сақтауға үйрету.
Өзінің балалық шағының оқиғаларына, болашағына, осы шаққа бағасы, өзінің сезімін сөзбен жеткізу мен мәнін түсіну қызығушылықтарына ынталандыру.
Баланың сана-сезімін «мен және менің сенімім, әдептілік әліппесі туралы ұғым, мен және менің қоршаған ортаға қатысым (құқық және міндет)» бағыттары бойынша қалыптастыру.
Заттар әлемін меңгеру, кеңістікті бағдарлау. Заттар, олардың белгілері мен ерекшеліктері туралы ұғымдарын қалыптастыру. Балаға таныс әртүрлі заттардың атауларын қайталау және қорытындылау, таныс емес заттар мен олардың атқаратын қызметін түсіндіру. Заттардың қандай материалдан жасалғандығын (қағаз, шыны, металл, тері, ағаш) анықтап, сипаттама беріп (мөлдір, қатты, жұмсақ, тегіс), оның сапасы мен ерекшелігін дұрыс анықтай білуге үйрету.
Айналадағы заттар, құрылыс материалдары арасындағы міндет пен байланысты, оның неден жасалғандығы туралы түсінік беру.
Заттарды түсіне, көлеміне, пішініне, міндетіне қарай салыстырып, топтастыра білуге үйрету.
Тұрмыстық техника, оның қызметі, қолдану ережесі туралы түсінік беру.
Бөлменің сәнді, әрі қолайлы жабдықталғандығын көріп-сезіне білуге, заттар мен олардың безендірілуіне талғаммен қарауға үйрету.
Кез-келген зат адамдардың еңбегімен келетіндігі туралы түсіндіріп, оларға ұқыптылықпен қарауға үйрету (ойыншықтар, жиһаздар және т.б.).
Балабақша жақын орналасқан шағын ауданда, балабақша ауласында (балабақша, дүкен, емхана, пошта, мектептің қайда орналасқанын) еркін бағыт-бағдар ұстай білу іскерліктерін жетілдіру.
Көлік, байланыс құралы. Көлік құралдарының көп түрлілігі жайлы түсінік беру (суару көлігі, жедел жәрдем, өрт сөндіретін көлік, қар тазалайтын көлік).
Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып (жерде, суда, ауада), атқаратын қызмет аясына қарай (арнайы, жүк таситын, адам таситын) салыстыра білуге үйрету.
Үйден балабақшаға, кинотеатрға, дүкенге қандай көлікпен баруға болатынын, ата-аналары қандай көлік түрін жүргізетіні туралы білімдерін бекіту.
Көлік құралдары, олардың қызметінің маңыздылығы, негізгі бөлшектерінің атқаратын қызметі туралы ұғымдарын кеңейту.
Телефон, компьютер, теледидар, радионың қызметтерімен, оларды қолданудың бірнеше қарапайым ережесі туралы білімдерін бекіту.
Поштаның байланыс мекемесі екендігі, оның маңыздылығы (хат, телеграмма, сәлемдеме жіберу, оларды қабылдау, жеткізу), пошта қызметкерлерінің еңбегі, хабарларды жылдам жеткізуге арналған көлік туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Адам өмірінде байланыс құралдарының қажеттілігін түсіндіру.
Үлкендердің еңбегі. Әр түрлі мамандық иелері мен олардың еңбегінің ерекшеліктері, маңызы туралы түсініктерін кеңейту.
Балабақша қызметкерлерінің еңбегі туралы (меңгеруші, шаруашылық меңгерушісі, тәрбиеші, бала күтуші, аспаз, аула сыпырушы, медбике, жүргізуші) ұғымдарын қалыптастыру. Адамдардың еңбектеріндегі өзара байланыстарды (жүргізуші азық-түлікті балабақшаға әкелді, шаруашылық меңгерушісі оны қабылдап алып, асханаға берді, аспаз түскі асты дайындады, көмекші тамақты топқа әкеліп балаларды тамақтандырды) байқауға үйрету. Балабақша қызметкерлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Айнала қоршаған заттар, ойыншықтар адамдардың еңбегімен жасалғандығы туралы, оған ұқыпты қарау керек екендігін түсіндіру.
Балаларды мектеппен және балалар кітапханасымен, олардың сыртқы келбетімен, сынып бөлмелерімен, мұғалім мен кітапханашының жұмыстарымен таныстыру.
Республикамыздағы өнеркәсіп орындарының жұмысы мен жұмысшылырының атқаратын жұмысы жайлы түсініктерін қалыптастыру (мысалы: шахтер, металлург, тігінші, сән үлгісін жасаушы, т.б.). Олардың еңбегін құрметтеуге үйрету.
Құрылыс және түрлі құрылыс мамандықтары (суретші-әрлеуші, ағаш шебері, кранда жұмыс істеуші, балташы) және құрылыс көліктерінің міндеттері туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Ауылшаруашылық саласы мамандары (диқан, егінші, тракторшы, комбайншы, бағбан, қойшы, малшы, сауыншы және т.б.) еңбегімен таныстыру. Ауылшаруашылығына арналған көліктердің маңызы туралы түсінік беру.
Нан пісіру кезеңдерімен таныстыру. Азық-түлік тағамдарын, нанды қадірлеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.
Қала тұрғындары үшін ауылшаруашылық мамандары еңбегінің маңызды екендігін жеткізу (қала мен ауыл арасындағы байланыс).
Еңбек үдерісі мен нәтижесіне жалпылау негізінде түрлі мамандықтар (мұғалім, ұшқыш, эстрада әншісі, жаттықтырушы, дирижер, құтқарушы, сынықшы-дәрігер, ит жаттықтырушы, сән үлгісін жасаушы және т.б.) туралы түсініктерін қалыптастыру
Менің Отаным - Қазақстан. Еліміздің рәміздері. Отан туралы, мемлекеттік және халықтық мерекелер туралы білімдерін кеңейту. Елбасы мен оның қызметі туралы түсінігін қалыптастыру.
Мемлекеттік рәміздер (Елтаңба, Ту, Әнұран) туралы білімдерін кеңейту. Оларды танып, құрметтеуге тәрбиелеу. Маңыздылығын түсіндіру. Әнұранды орындау барысында ережені (Әнұранды орындарынан тұрып, сол қолды жүректің тұсына қойып, ер кісілер бас киімін шешіп) сақтауға үйрету. Республика күні мерекесін тойлауға белсенді (әндер мен өлең-тақпақтар жаттау арқылы) қатысу.
Мемлекеттік және қоғамдық мерекелерге (Қазақстан Республикасы күні, Тәуелсіздік күні, 8 Наурыз, Наурыз мейрамы, Отан қорғаушылар күні, Балаларды қорғау күні) ертеңгіліктер мен ойын-сауықтарда өлең-тақпақтар жаттату, би билеу арқылы белсенді араластыру.
Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен таныстыру. Туған елінің, қазақ (орыс, татар, т.б.) халқының тарихы, мәдениеті, тұрмысы туралы алған білімдерін байыту, тереңдету.
Қазақтан Республикасында тұратын басқа ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Елордамыз Астана қаласы, Бәйтерек, Ақорда, Бейбітшілік пен келісім сарайы, Океанариум, т.б. сияқты негізгі мәдени орындары туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Өзі тұратын қала, елді мекен, аймақтарындағы мәдени орындар мен ескерткіштерді таныстыра отырып, туған жеріне деген мақтаныш сезімін ояту.
Қазақстанмен шекаралас жатқан мемлекеттермен, халқымен, олардың мәдениеті, әдет-ғұрпы, дәстүрімен таныстыру.
Республикамыздың табиғат байлықтары мен жеткен жетістіктері (тыңайған жерлерді игеру, табиғи тас көмір мен мұнай, темір кенінің көздері, Байқоңыр ғарыш аймағы және т.б.) туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының әскері. Ел қорғаудың қиын да, ардақты міндет екендігін түсіндіру арқылы Қазақстан Республикасы әскері туралы мәлімет беру. Әскер өмірінен, қызметінен түсінік беретін суреттер, альбомдар, басқа да материалдар көрсету.
Әскер сарбаздарының ержүрек, тапқыр, күшті, ақылды болатындығы туралы ұғым беру.
Сарбаздың, басқа да әскери адамдардың сырт бейнесі, киім үлгілері мен әскери техника туралы түсінік беру.
Ұлы Отан соғысы жылдарында ел қорғаған қазақстандық қаһарман батырларымыз - Б. Момышұлы, Ә. Молдағұлова, М. Мәметованың жасаған ерліктері жайлы түсінік беру.
Ұлттық әскердің маңызын (Отан қорғау) түсіндіру.
Әскерлерге айбынды ерлігіне құрметпен қарау қызығушылықтарын дамыту.
Жолда жүру ережелері мен өмірлік қауіпсіздік негіздері. Жолда жүру ережелері туралы алған білімдерін бекіту.
Қиылыс жол мен «Жолаушылар өтетін жол», «Қиылыс жол», «Тамақтану пункті», «Телефон», «Автомобиль тоқтайтын орын», «Медициналық көмек орны» көрсетілген жол белгілерімен таныстыру.
Жолаушылар өтетін жол белгілерімен, көлікте өзін-өзі ұстау ережелерімен таныстыру:
- жолаушыларға арналған жолмен жүруге рұқсат етіледі; жолаушыларға арналған жолдың оң жағымен жүру, жолаушылар көшеден тек ала жолақ бар жерден немесе белгі қойылған жерден ғана өтуі тиіс;
- екі жақты жолдан өтетін кезде алдымен солға, жолдың ортасына жеткенде солға қарау керек, жолаушылар көлікті арнайы аялдамаларда күтеді;
- балалы жолаушылар көлікке алдыңғы алаңнан кіруіне болады, көлікте әркім өзін сабырлы ұстап, басқа жолаушыларға кедергі жасамау керек.
Қауіпсіздік ережелердің маңыздылығын түсінуін қалыптастыру. Техника қауіпсіздік ережелерін сақтау (үлкендердің рұқсатынсыз кесетін және үшкір заттарды ұстамау, электр құралдарын қолданбау, отпен ойнамау, таныс емес адамдарға есікті ашпау), қажет жағдайда «Жедел жәрдем», өрт сөндіру қызметі мен полиция телефондарының нөмерін тере білу іскерліктерін үйрету.
Серуен кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау. Таныс емес адамдармен қарым-қатынас жасамау, бұралқы иттерден сақтану, суға шомылу ережелерін сақтау (үлкендердің рұқсатынсыз суға түспеу, жағада шомылу), орманда (үлкендерден алыс кетпеу, таныс емес жемістер мен саңырауқұлақтар термеу).