Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
prikaz_439_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2020
Размер:
1.7 Mб
Скачать

«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны

 

Мақсаты: Бала денсаулығын нығайту, оның ағзасының қызметі мен жүйесін дамыту.

«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:

- дене шынықтыру;

- балалардың өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру - дербес қимыл әрекеті, мәдени-гигиеналық дағдылар, салауатты өмір салты мен сауықтыру-шынықтыру шаралары арқылы жүзеге асырылады.

Дене шынықтыру

Мақсаты: балалардың денсаулығын нығайту, ағзаны шынықтыру, қимылдың негізгі түрлерін дамыту.

Міндеттері:

1. Жүру және басқа да негізгі қимыл түрлерін (еңбектеу, өрмелеу, допты лақтыру, жүгіру және жоғары секіру және т.б.) жетілдіру, тепе-теңдікті дамыту, дұрыс дене бітімін қалыптастыру.

2. Май табанды болдырмаудың алдын алу шараларын жүзеге асыру және қимыл үйлесімділігін дамыту, басқа балалармен кейбір қимылдарды бірге орындауға үйрету.

Мазмұны:

1 жас - 1 жас 6 ай

Жүру және тепе-теңдік сақтау:

- белгілі бағытта жолмен жүру (клеёнка);

- еденде жатқан таяқшалар, ленталар мен жіптерден аттап, көлбеу тақтай бойымен жоғары көтерілу, төмен түсу;

- жәшікке шығу (биіктігі 10-15 см).

Еңбектеу, өрмелеу: үстелдің, жіптің, доғаның астынан еңбектеуге жаттығу.

Еңбектеп бөренеден асып өту, параллель жатқан жіптердің арасынан еңбектеп өту; шығыршық ішінен, орындықтың астынан өту.

Лақтыру, домалату, қағып алу: түрлі көлемдегі доптар мен шарларды, әртүрлі ойыншықтарды жинау, бір орыннан екінші орынға ауыстыру дағдыларын дамыту. Допты бір немесе екі қолмен төменгі жақтан алға лақтыру, кәрзеңкеге салу.

1 жас 6 ай - 2 жас

Жүру және тепе-теңдік сақтау:

- бір-бірінің қолынан ұстап үлкендердің артынан, бірінің артынан бірі, топпен бірге (5-7 адам) жүру;

- шеңбер бойымен жүру;

- таяқша мен жіптен аттап жүру;

- жол бойымен, көлбеу тақтай үстімен жүру;

- гимнастикалық орындықтың үстімен (тәрбиешінің көмегімен) жүру;

- жәшіктің үстіне (10-15 см) шығып, түсу.

Жүгіру: түзу бағытпен жүгіруге үйрету.

Жалпы дамыту жаттығулары: ересектердің көрсетуімен қимылдар жасауға үйрету - қолды жоғары көтеріп, түсіру; қолды алға созу; қолды артқа жасыру; саусақтарды ашып-жұму; еденді тықылдату (тізе бүге отырып); бір-біріне заттарды бере отыра, оңға, солға бұрылуға үйрету

Еңбектеу, өрмелеу:

Еңбектеп бөренеден асып өту, параллель жатқан жіптердің арасынан еңбектеп өту; шығыршық ішінен, орындықтың астынан еңбектеп өту, сатыға (биіктігі 1,5 м) өрмелеу.

Лақтыру, домалату, қағып алу: допты жоғары лақтыру (қағып алмай), екі қолмен домалату, допты бір-біріне беру, гимнастикалық орындық пен тартылған жіп (бала көзінің деңгейінде) арқылы әртүрлі заттарды бір-біріне лақтыру.

Жыл аяғында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- белгілі бағыт бойымен жүру: жолмен, көлбеу тақтай бойымен жоғары, төмен, жіпті, лентаны, таяқшаны аттап жүруді;

- түзу бағытта жүгіруді;

- бөренеден еңбектеп асып түсуді, параллель жатқан жіптердің арасынан еңбектеп өтуді;

- шығыршық іші мен орындықтың астынан еңбектеп өту, сатыға (биіктігі 1,5 м) өрмелеуді;

- ересектердің көрсетуімен жалпы дамыту жаттығуларын орындауды;

- допты жоғарыға лақтыру (қағып алмай), екі қолмен домалату, допты бір-біріне беруді;

- гимнастикалық орындық пен тартылған жіп арқылы әртүрлі заттарды бір-біріне лақтыруды білуі тиіс.

Балалар өмірін ұйымдастыру және тәрбиелеу

Мақсаты: балалардың қозғалыс белсенділігін жетілдіру, олардың сергек күйін қолдау және шаршаудың алдын алу, қарапайым өзіне-өзі қызмет ету мен ұқыптылық дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Балалардың қозғалыс белсенділігін ынталандыруға, қозғалыстың негізгі түрлерін дамытуға мүмкіндік туғызу, қимыл-қозғалыс тәжірибелерін жинақтауға жағдайлар жасау.

2. Балалардың бойында тазалық пен ұқыптылыққа деген қажеттіліктерін қалыптастыру. Алдын ала меңгерген мәдени-гигиеналық дағдыларды бекіту және жаңа біліктерді қалыптастыру.

Мазмұны:

Дербес қимыл іс-әрекеті:

Балаларды түрлі қозғалыс белсенділігіне ынталандыру. Бөлмеде және серуенде түрлі қимылдарды қолданып, арбалармен, ойыншықтармен дербес ойындарды ұйымдастыру. Қимылды ойындарға қатыстыру, ересектермен жұптасып түрлі қимылдарды орындау.

Мәдени-гигиеналық дағдылар

1 жас - 1 жас 6 ай

Тамақтануда:

- үнемі тамақтану алдында баланың қолын жуу;

- 1 жастан бастап 1 жас 3 айға дейін қасықпен қою тамақты, ал 1 жас 4-5 айдан бастап кез-келген тамақты өз бетімен іше білуге үйрету;

- нанды сорпа ішу кезінде жеу;

- тамақты өз ыдысынан ғана ішу;

- балаларға арналған орындыққа өз бетімен отыру, ересек адам орындықты үстелге жақындатады, тамақ ішіп болған соң, ересектердің айтуымен, өз орындығын орнына итеріп қою.

Дәретханаға дұрыс отыруға үйрету.

Баланың қолдарын өз бетімен жууын, киімдерін киюін және шешуін, бәтеңкесінің бауын байлауын, киімінің түймесін ағытуын, бас киімін шешуін мадақтау.

Барлық кір, лас нәрсеге жағымсыз қарым-қатынасты тәрбиелеу: бет-аузының тазалығына назар аударуға, жуынуға, сүртінуге, су болған киімдерін шешуді сұрауға үйрету.

1 жас 6 ай-2 жас:

Тамақтануда:

- үстел басына қолды жуғаннан кейін отыру;

- орындыққа өзі отырып, тұру;

- тамақты төгіп-шашпай ұқыпты ішу, майлықты қолдануға үйрету (еске түсіру), тамақтан соң алғыс айту.

Жуынуда:

- қолдарын (алақандарын бір-біріне үйкелеу) және бетінің төменгі жағын алақандарымен жуу;

- үлкендердің көмегімен беті-қолдарын сүрту.

Киініп-шешіну барысында:

- бас киімін, шалбарын, түймелері ағытылған жейдесін, бәтеңкесін белгілі ретпен шешуі;

- шалбарын, бас киімі мен бәтеңкесін киюі.

Баланың түбекке сұрануы, өз түбегінің орнын білуі, өзінің ғана түбегіне отыра білуді бекіту.

Ескерту жасаған соң қол орамалмен мұрнын сүрту, қалтасынан алып, қайтадан салу.

Өз киімдерінің, орамалының орнын, үстел басындағы өз орнын, киіміне арналған шкафты білу, түбекке отыру қажеттілігін уақытында айту.

Салауатты өмір салты мен сауықтыру-шынықтыру шаралары.

Медицина қызметкерінің жетекшілігімен ауа және су шынықтыру шараларын жүргізу.

Ұзақтығы 3-5 минут болатын ауа ванналары киімдерін ауыстыру, массаж, күндізгі ұйқы мен бөлмедегі қалыпты ауа температурасының барысында іске асырылады.

Күнделікті шынықтырудың бір түрі - суды ағызып, қолын шынтаққа дейін жуу. Сумен шынықтыру бөлме температурасы +22°С болғанда жалпы немесе жергілікті шаралар түрінде жүргізіледі.

Арнайы шаралар (ұсынылған тәсілдердің біреуі қолданылады):

- беліне дейін және бүкіл денесін дымқыл шүберекпен сүрту. Судың температурасын +36°С бастап 28°С жеткенге дейін біртіндеп төмендету (4-5 күн сайын 2 градусқа). Сүртінуде су температурасын +35°С бастап +23°С дейін (4 күн сайын 2 градусқа) жеткізу.

Соңында қарама-қарсы температурадағы жылы, салқын су құю: су температурасы +38°С бастап +18°С дейін жеткізіледі.

Жаз мезгілінде бүкіл режимдік кезеңдер, мүмкіндігінше, таза ауада ұйымдастырылады.

Жеке бас гигиенасының ережелерін үйрету: қолын аузына салмау, едендегі лас заттарды көтермеу, өз қажеттіліктері туралы уақытында хабарлау.

Балаларға таныс заттарға тән сапалармен таныстыру (сабын, тарақ, қолорамал, сүлгі, т.б.) және жеке бас гигиенасы мақсатында қолданылатындығын айту. Ересектердің көмегімен балаларды қол орамалды қолдануға, киіміндегі ұқыпсыздықты байқауға және өзін тәртіпке келтіруге үйрету.

Жыл аяғында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- доппен ойнай алуы;

- еңістен жоғары көтеріліп, төмен түсуі;

- сатымен төбешікке көтеріліп, төмен түсуі;

- арба мен ойыншық машиналарды сүйреуі;

- ірі жұмсақ ойыншықтарды көтеру, отырғызу, жатқызуды;

- орындыққа өзі отырып, тұруды;

- тамақты төгіп-шашпай ұқыпты ішу, майлықты қолдануға үйрету (еске түсіру), тамақтан соң алғыс айтуды;

- өзінің қолдарын (алақандарын бір-біріне үйкелеу) және бетінің төменгі жағын алақандарымен жууды;

- үлкендердің көмегімен беті-қолдарын сүртуді;

- бас киімін, шалбарды, түймесі ағытылған жейдесін, бәтеңкесін шешуді;

- белгіленген тәртіппен киімдерін дұрыс бүктеп жинауды;

- шалбарын, бас киімі мен бәтеңкелерін киюді;

- түбекке сұрану, өз түбегінің орнын білуі;

- ескертуден соң қол орамалмен мұрнын сүрту, қалтасынан алып қайтадан орнына салуы;

- өзінің орамалы мен заттарын сақтайтын орынды білуі;

- өзінің үстел басындағы орны мен киім ілетін шкафын білуі;

- түбекке отыру қажеттілігі туралы уақытында хабарлауды білуі тиіс.

 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]