Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
prikaz_439_kaz.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.7 Mб
Скачать

Тақпақтар, өлеңдер, ертегілер тізімінің үлгісі (тәрбиешінің қалауы бойынша)

 

Халық тақпақтары: «Қуырмаш», «Бесік жыры», «Әлди-әлди, әлди-ай» (үзінді), «Өс-өс», «Қаз-қаз бас», «Тәй-тәй».

Қазақ жазушыларының өлеңдері: Ұ. Есдәулетов «Тәй-тәй қуыршақ», «Құлын», «Жаңбыр», Ш. Смаханұлы «Шыбық ектім аулаға», А. Торғаев «Шөжелерім», Р. Қунақова «Күн күркірегенде», М. Әлімбаев «Қозы», Қ. Толыбаев «Сені өсірген баптап кім?», А. Сопыбеков «Қораз», Т. Шаханов «Түйе».

Ертегі мен әңгімелер: «Торғай мен түлкі», «Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады?», «Шалқан», «Әке мен бала және ескі құмыра» және т.б.

 

 

«Шығармашылық» білім беру саласы Музыкалық репертуар

 

Әуендер: «Құлыншақ» әні Ө. Байділдаевтікі, «Бипыл» халық әні және т.б.

Әндер: «Тәй-тәй» әні Т. Әдбіқадырованыкі, «Тұсау кесу» халық әні, «Пойыз» әні К. Қуатбаевтікі, «Әтеш» әні Б. Дәлденбаевтікі, «Ойыншықтар» әні И. Нүсіпбаевтікі, «Анашым» Ө. Байділдаевтікі, «Төлдер» Б. Ғизатовтікі, «Кел балақай» әні «Сылдырмақ» әні А. Тоқсанбаевтікі, К. Қуатбековтікі, «Аламойнақ» әні Б. Байкенжеевтікі, «Ерке күн-ау, ерке күн» әні К. Шілдебаевтікі, «Құс және оның балапандары» әні Е. Тиличееванікі, «Әлди-әлди» қазақтың халық әні және т.б.

Ойын жаттығулары, ойындар: «Қуырмаш», «Топ-топ» әні К. Қуатбаевтікі, «Біз ойнаймыз, ойнаймыз» әні Б. Құрманғалиевтікі, «Аяғым-ай, аяғым» әні Ж. Тұрсынбаевтікі, «Добым менің» сөзі Ж. Смановтікі, т.б.

Билер: «Топ-топ», «Бөбектер биі» әні К. Қуатбаевтікі, «Біз ойнаймыз, ойнаймыз» әні Б. Құрманғалиевтікі, «Бала, бала, баламыз» Б. Қадірбекованікі, «Сылдырмақтар» әні М. Раухвергердікі, «Еркем-ай» қазақ халық әні, «Епті аяқтар» әні Б. Дәлденбаевтікі, «Серіппе» әні Ә. Бестібаевтікі, «Ойыншықтар» И. Нүсіпбаевтікі және т.б.

 

 

2 Жастан бастап 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары «Денсаулық» білім беру саласы

 

 

Дене шынықтыру

Бағытты өзгерте отырып, шашырап, заттарды айналып, алған жан-жаққа жанама қадаммен жүру.

Түзу бағытта, түрлі бағытта (итермелемей), 30-40 с аралығында (тоқтамай) баяу, қарқынды өзгерте отырып жүгіру.

Төрт тағандап, түзу (арақашықтығы 3-4 м), тақтай үстінде, еденде жатып, еңкіш тақтай үстімен, гимнастикалық орындық үстімен еңбектеу). Қақпаның, арқанның астынан еңбектеп өту (биіктігі 40-30 см).

Бала өзіне ыңғайлы тәсілмен бөренеден асып өту, баспалдақ сатыға, гимнастикалық қабырғаға жоғары, төмен өрмелеу.

Сырғанау, лақтыру, сермеп лақтыру. Бір және екі қолмен тәрбиешіге, бір-біріне, доғаның астынан, тұрып немесе отырып (арақашықтығы 50-100 см) допты домалату. Допты екі қолмен төменнен, кеудеден, басынан асырып, жіптен, арақашықтығы 1-1,5 м болтын баланың кеуде тұсына, баланың бойына сай керілген жіптен лақтыру.

Допты, толтырылған қапшықты, шырша жанғақтарын оң және сол қолмен алысқа; арақашықтығы 1 м екі қолмен, оң және сол қолмен көлденеңінен нысанған дәлдеп лақтыру.

Тәрбиешінің 50-100 см арақашықтықтан лақтырған добын тосу.

Секіру. Бір орында жаймен алға жылжи отырып, жіптен қос аяқтап (сызықтан), екі параллель сызықтан (10-30 см) қос аяқтап секіру. 10-15 см биіктікге орналасқан затқа жоғары секіріп, қолын тигізу.

Тепе-теңдік жаттығулары. Жіптің, сызықтың арасымен (арақашықтығы 25-30 см) жүгіру, түзу жолдың (ені 20 см, ұзындығы 2-3 м) бойымен, заттарды аттай отырып (биіктігі 10-15 см) түзі бағытта, тақтай, гимнастикалық орындықтың, тегіс бөрененің (ені 20-25 см), төрт аяқты гимнастикалық орындықтың, бір басы 20-30 см биіктікке аздап жоғары көтерілген еңкіш тақтай үстімен жүру. Баяу қарқынмен айналу (қолға зат ұстап).

Саптағы жаттығулар. Бір қатарға (тәрбиешінің көмегімен), екеуден (жұптасып), шеңбер болып тұру.

Жалпы дамыту жаттығулары.

Иыққа және қолға арналған жаттығулар. Қолды алға, жоғары, жан-жаққа созу; оны кеудеге айқастыру және жан-жаққа ажырату. Қолды артқа, арқаға апару; қолды бүгу және қайта жазу. Қолды алдында, басынан асыра шапалақтау, алға-артқа, жоғары-төмен қолды құлаштап сермеу.

Денеге арналған жаттығулар.

Жанында тұрған (отырған) балаға затты беріп, оңға-солға бұрылу. Алға және жан-жаққа еңкею. Еденде отырып аяқты кезекпен бүгу және жазу. Еденде арқасымен жатып аяқты жоғары көтеріп, түсіру. Тізерлеп тұрып, өкшесіне отырып, қайта тұру. Аяққа арналған жаттығулар. Бір орында жүру. Бастапқы түрегеп тұрған қалыптан аяқты тізеден (таянышқа сүйеніп) бүгу.

Сүйеніштен ұстап тізені бүгіп отыру, аяқтың ұшын көтеріп тартылу. Бір аяқты алға созып өкшесімен қою. Аяқтың саусақтарын қимылдату (отырып).

Қимылды ойындар

Жүріп және жүгіріп: «Қуыршақта қонақта», «Допты қуып жет», «Жол бойында», «Арықтан аттап», «Кім баяу?», «Таяқтан аттап өт», «Мені қуып жетіңдер», «Торғайлар мен автомобиль», «Күн мен жаңбыр», «Құстар ұшып барады», «Затты әкел», «Көбік», «Поезд», «Ұшақтар», «Итті қуып жет», «Автолмобиль».

Еңбектеп: «Сылдырмаққа дейін еңбекте», «Қақпаға», «Сызықты басып кетпе», «Сақ бол», «Маймылдар».

Лақтырып, тосып алу: «Доп ортада», «Допты домалат», «Допты тосып ал», «Қақпаға дәлде», «Дәл тигіз», «Себетке түсіру» .

Секіріп: «Менің көңілді добым», «Ақ қоян отыр», «Құс ұясында», «Арықтан аттап», «Алақаңды қойып секір», «Қоңырауды сылдырлат», «Доп сияқты секір», «Жүгіріп-секіру», «Сұр қоян жуынады».

Кеңістікті бағдарлау: «Қай жерден дыбыс шығады?», «Жалаушаны тап».

Әр түрлі қимылдармен және әндермен: «Поезд», «Қоян», «Жалауша».

Сырғанау: үлкендер балаларды мұз жолдарымен сырғанатады. Биік емес мұз төбешіктен үлкендердің көмегімен қатырма қағазбен, жұқа тақтаймен, клеенка төсенішпен сырғанату.

Шанамен сырғанату: үлкендердің балаларды сырғанатуы. Шанаға отырғызып төбешіктен сырғанату. Шанамен ойыншықтарды сырғанату. Ересектердің көмегімен бірін-бірі сырғанату әрекеті.

Велосипедпен жүру: үлкендердің көмегімен және көмегінсіз үш дөңгелекті велосипедке отырғызу, одан қайтып түсіру. Балалардың велосипедті жүргізу және рөлге ие болу әрекеттеріне қолдау көрсету.

Мәдени-гигиеналық дағдылар

Ойындар ұйымдастыру: «Қуыршақты жуындырайық» - жеке бас гигиенасына қажетті заттарды қолдануға үйрету сулық, сүлгі, сабын, тарақ және т.б. таныстыру. «Қуыршақты ұйықтатайық» ойыны - төсек-орын және киімдерді қолдану дағдыларын дамытады.

Дербес қимыл-қозғалыс әрекет

Дербес қимыл-қозғалыс әрекетін дамытуға арналған ойындар: «Дыбыс арқылы тап», «Шарға дейін созыл», «Кедергілерден өт», «Затты ал», «Күн мен түн».

 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]