- •Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2009 жылғы 21 қыркүйектегі № 439 бұйрығы
- •Мазмұны
- •1 Жастан 2 жасқа дейінгі ерте жастағы топ балаларына арналған бағдарлама
- •2 Жастан бастап 3 жасқа дейінгі
- •I сәбилер тобындағы балаларға арналған бағдарлама
- •Түсіндірме жазба
- •1 Жастан бастап 3 жасқа дейінгі балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
- •1 Жастан 2 жасқа дейінгі ерте жастағы топ балаларына арналған бағдарлама балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
- •«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
- •Ойын іс-әрекеттеріндегі баланың дамуы
- •Меркелер мен ойын-сауықтар
- •Екі жастан бастап үш жасқа дейінгі
- •I сәбилер тобындағы балаларға арналған бағдарлама балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
- •«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
- •Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы
- •Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы
- •Мерекелер мен ойын-сауықтар
- •Қолданылған әдебиеттер
- •1 Жастан бастап 2 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары
- •1 Жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі кезең
- •1 Жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі кезең
- •1 Жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі кезең
- •1 Жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі кезең
- •«Таным» білім беру саласы
- •1 Жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі кезең
- •1 Жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі кезең
- •«Қатынас» білім беру саласы Тіл дамыту мен қоршаған ортамен таныстыру бойынша сабақ үлгілері
- •1 Жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі кезең
- •1 Жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі кезең
- •Тақпақтар, өлеңдер, ертегілер тізімінің үлгісі (тәрбиешінің қалауы бойынша)
- •«Шығармашылық» білім беру саласы Музыкалық репертуар
- •2 Жастан бастап 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары «Денсаулық» білім беру саласы
- •«Таным» білім беру саласы
- •«Қатынас» білім беру саласы Тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптар үлгісі:
- •Тәрбиешінің таңдауы бойынша ұсынылған көркем әдебиет Шығармалары
- •«Шығармашылық» білім беру саласы
- •1. Түсіндірме жазба
- •3. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
- •12. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
- •Балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
- •Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
- •«Денсаулық» білім беру саласы
- •Дене шынықтыру
- •Валеология
- •«Қатынас» білім беру саласы
- •Тіл дамыту
- •Көркем әдебиет
- •Қоршаған ортамен таныстыру
- •«Таным» білім беру саласы
- •Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
- •Құрастыру
- •Экология негіздері
- •Қоршаған ортамен таныстыру
- •«Шығармашылық» білім беру саласы
- •Мүсіндеу
- •Жапсыру
- •Сурет салу
- •«Әлеуметтік орта» білім беру саласы
- •Қоршаған ортамен таныстыру
- •Экология негіздері
- •Көркем әдебиет
- •Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы
- •Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы
- •Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
- •Баланың мектепке дейінгі ұйымдағы күн тәртібінің уақыты
- •12 Сағатқа шамаланған
- •«Денсаулық» білім беру саласы
- •Дене шынықтыру
- •Валеология
- •«Қатынас» білім беру саласы
- •Тіл дамыту
- •Көркем әдебиет
- •Қоршаған ортамен таныстыру
- •«Таным» білем беру саласы
- •Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
- •Құрастыру
- •Экология негіздері
- •Қоршаған ортамен таныстыру
- •«Шығармашылық» білім беру саласы
- •Мүсіндеу
- •Жапсыру
- •Сурет салу
- •«Әлеуметтік орта» білім беру саласы
- •Қоршаған ортамен таныстыру
- •Экология негіздері
- •Көркем әдебиет
- •Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы
- •Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы
- •Мерекелер мен ойын-сауықтар
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Қосымша
- •II сәбилер тобы
- •Суретшілердің суреттер көшірмесінің үлгісі
- •Мүсіндеу бойынша тақырыптар үлгісі
- •Сурет салу тақырыптарының үлгісі
- •Жапсыру бойынша тақырыптар үлгісі
- •Зерттеу-іздестіру әрекеттеріне арналған тапсырмалар мен ойындардың тақырыптар үлгісі
- •Көркем әдебиет шығармалар тізімінің үлгісі
- •Музыкалық шығармалар тізімінің үлгісі
- •Қимыл-қозғалыс ойындары тізімінің үлгісі
- •Дидактикалық ойындар мен жаттығулар тізімінің үлгісі
- •Ортаңғы топ (4 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балалар) суретшілердің суреттер көшірмесінің тізім үлгісі
- •Мүсіндеу бойынша тақырыптар тізімінің үлгісі
- •Сурет салу тақырыптар тізімінің үлгісі
- •Жапсыру бойынша тақырыптар тізімінің үлгісі
- •Зерттеу-іздестіру әрекеттеріне арналған тапсырмалар мен ойындардың тақырыптар үлгісі
- •Көркем әдебиет шығармалар тізімінің үлгісі
- •Музыкалық шығармалар тізімінің үлгісі
- •Қимыл-қозғалыс ойындары тізімінің үлгісі
- •Дидактикалық ойындар мен тіл дамыту жаттығулар тізімінің үлгісі
- •Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
- •Балалардың жас ерекшелігіне сипаттама
- •«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
- •Тіл дамыту
- •Көркем әдебиет
- •Сауат ашу және жазу негіздері
- •«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
- •Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
- •Құрастыру
- •Экология
- •Қоршаған ортамен танысу
- •«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
- •Сурет салу
- •Мүсіндеу
- •«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
- •Экология
- •Мерекелер және ойын-сауықтар
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Қимылды ойындар тізімінің үлгісі
- •Ұсынылатын көркем әдебиет шығармалары Оқу мен мазмұндауға арналған шығармалар
- •Қазақстан, Ресей және тмд елдері жазушыларының әңгімелері
- •Әңгімелеуге арнал ған шығармалар
- •Жаттауға арналған шығармалар
- •Сурет салу сабағының тақырып үлгісі
- •Жапсыру сабағына арналған тақырыптар үлгісі
- •Мүсіндеу сабағына арналған тақырыптар үлгісі
- •Балаларды өнермен таныстыру
- •Музыкаға ұсынылған репертуарлар Музыка тыңдау
- •Ән салу
- •Музыкалық-ырғақтық қимылдар
- •Балалар музыкалық аспаптарында ойнау
- •Музыкалық - дидактикалық ойын
1 Жастан 2 жасқа дейінгі ерте жастағы топ балаларына арналған бағдарлама
3. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
4. Күн тәртібінің үлгісі
5. «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
6. «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
7. «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
8. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
9. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
10. Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы
11. Мерекелер мен ойын-сауықтар
2 Жастан бастап 3 жасқа дейінгі
I сәбилер тобындағы балаларға арналған бағдарлама
12. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
13. Күн тәртібінің үлгісі
14. «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
15. «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
16. «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
17. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
18. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
19. Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы
20. Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы
21. Мерекелер мен ойын-сауықтар
22. Ата-аналармен жұмыс
(нөмірлеу түпнұсқаға сәйкес)
21 Қолданылған әдебиеттер
Қосымша:
23. 1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары
24. 2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары
Түсіндірме жазба
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 1.001-2009 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты ҚР білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Бір жастан бастап үш жасқа дейінгі ерте балалық шақ - бала өміріндегі ерекше кезең. Осы жаста ересектердің балаларға тікелей әсері маңызды, өйткені баланың ақыл-ойының, денесінің дамуы мен адамгершілік қасиетінің негіздері қалыптасады.
«Алғашқы қадам» бағдарламасы ерте жастағы балаларды дамыту, оқыту мен тәрбиелеудің жалпы дидактикалық принциптеріне сәйкес құрылады. Бағдарламаның міндеті - әр баланың құзыреттілігін дамытуды ұйымдастыру, баланың нақты жас кезеңіне және жақын аралық даму аймағына тән жетекші біліктерін қалыптастыру.
Бағдарлама мазмұнын іске асыру ерте жастағы баланың жан-жақты дамуына, олардың денсаулығын сақтауға, келесі жасқа табысты өтуге мүмкіндік туғызады.
Бағдарламада екі-үш жастағы баланың дене және жүйке жүйесі мен психикасының дамуына талдау жасалған, топта балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру, мектепке дейінгі ұйымдардың отбасымен ынтымақтастығын құру бойынша нұсқаулар берілген. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасындағы күн тәртібінің үлгісі мен оларды жүзеге асыру нұсқаулары ұсынылады.
Бала тілін дамытуға, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары мен мінез-құлық ережелерін қалыптастыруға басты назар аударылады. Ерте жастағы балаларда заттармен әрекет жасау дағдыларының дамуымен өздік тәжірибесі молаяды, көру, есту және сипап сезу сияқты қабылдау түрлері жетіле түседі. Сондықтан, осы жастағы балалардың күн тәртібі уақытты есепке алу арқылы емес, жеке тұлғаға және мазмұнды-тәрбиелік бағыттылығымен қамтамасыз ету арқылы құрылады. Күн тәртібінің барлық сәттерінің «физиологиялық сапасын» қамтамасыз ету қарастырылады. Тәрбиеші режимдік сәттің әрбір бөлігін балалардың бағдарламалық материал көлемінде кешенді білім алуына және іскерліктер мен дағдыларға жаттыға алатындай етіп ұйымдастыруы тиіс. Балалар үшін күн режимінде заттармен әрекет жасау саналы түрде таңдауы дамитын қажетті және қызықты іс-әрекет болып табылады. Танымдық іс-әрекет икемділік, маусымдық, отбасы тәрбиесімен сабақтастық ұстанымдары негізінде құрылуы тиіс. Маңызды орын бағдарламаның құрылымдық компоненттері мен мазмұнын тұтастай қамтитын ойын әрекетіне беріледі. Бағдарлама, ең алдымен, балалардың жеке және біріккен әрекеттерін тиімді үйлестіру барысында жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке даралықты, денені дамытуға, психикасын және эмоционалдығын нығайтуға бағытталған.
Осыған байланысты, «Алғашқы қадам» бағдарламасындағы білім беру міндеттері бес білім беру салалары: «Денсаулық», «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық», «Әлеуметтік ортаның» үйлесімді бірігуі арқылы іске асады, әрқайсысының жеке кіші салалары мен өзінің мақсатты бағыттары бар.
Білім беру салаларының мазмұны:
- денсаулық сақтау;
- коммуникативті-тілдік;
- танымдық;
- шығармашылық;
- әлеуметтік орта құзыреттіліктерін қалыптастыруды қамтиды.
«Денсаулық» білім беру саласында денсаулық сақтау құзыреттілігін қалыптастыру, балалардың денсаулығын нығайту, бала ағзасының функционалды мүмкіндіктері, дене қасиеттері мен өмірлік маңызды қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіруге әсер ететін мақсаты, міндеттері мен жұмыстардың мазмұны анықталады.
«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны:
- дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті;
- балалардың өмірін ұйымдастыру мен тәрбиелеу арқылы өздік қимыл әрекеті, мәдени-гигиеналық дағдылар, салауатты өмір салты мен сауықтыру-шынықтыру шаралары ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.
«Таным» білім беру саласында баланың танымдық құзыреттілігін, сенсорлық эталондар жүйесін, зерттеушілік, заттық әрекетті қалыптастыру, баланың қоршаған ортада бағдарлануын кеңейту және молайту бойынша педагогикалық жұмыстардың мазмұны, міндеттері мен мақсаттары көрсетілген.
«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны:
- сенсорика;
- құрастыру;
- қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.
«Қатынас» білім беру саласының мазмұны бала тілін дамытуға, коммуникативті-тілдік құзыреттілігін қалыптастыруға, пассивті және белсенді сөздік қорын, грамматикалық құрылымды, тіл мәдениетін, баланың байланыстырып сөйлеуін жетілдіруге бағытталған.
«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны:
- тіл дамыту;
- көркем әдебиет;
- қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.
«Шығармашылық» білім беру саласы бала бойында шығармашылық құзыреттілікті қалыптастырып, қоршаған ортаға эстетикалық қарым-қатынасын, классикалық және ұлттық өнер құралдары арқылы көркемдік даму, балалардың көркем шығармашылығының түрлерін кіріктіруді қарастырады.
«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:
- сурет салу;
- мүсіндеу;
- желімсіз жапсыру
- музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.
«Әлеуметтік орта» білім беру саласы балалардың әлеуметтік құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстардың мазмұны мен міндеттерін біртіндеп күрделендіру тізбесінен тұрады. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны балалардың түрлі әрекеттерінде іске асырылады және тұлға аралық қарым-қатынастарды құруға мүмкіндік туғызатын эмоциялар мен маңызды себеп түрінде қарастырылады.
Білім беру салаларының барлық бөлімдері бағдарламалық материалдарды меңгеру көрсеткіштері тізімімен аяқталады.
«Алғашқы қадам» бағдарламасында мектепке дейінгі ұйымдар жұмысының нақты жағдайлары, өңірлік компонентті ескере отыра, педагогикалық процесс мазмұнына түзету енгізу мүмкіндіктері қарастырылған. Бағдарлама қосымшасында барлық білім беру салалары бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті тақырыптарының үлгісі берілген. Педагогке топтағы педагогикалық процесті ұйымдастыруға шығармашылықпен қарау мүмкіндігі ұсынылады.
Базистік оқу жоспарына сәйкес бағдарламада ұзақтығы 5-15 минут болатын 15 сабақ (ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті) берілген. Ерте жастағы балалардың ұйымдастырылған оқу-танымдық әрекеті шағын топтағы ойын түрінде жүргізіледі. Бағдарлама бала әрекетінің барлық түрлерінің психологиялық жайлы болуын қарастырады.
Бағдарлама мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың сапалы жаңа жолдарын көрсетеді және ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті процесінде ғана емес күн бойында күнделікті балаларға педагогикалық ықпал жасауды да қамтиды.
«Алғашқы қадам» бағдарламасында тұлғалық-бағдарлы, балаға жеке қарау, тұлғаның адамгершілік бастамасын, әлеуметтік мінез-құлық және қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, балалардың қызығушылықтарын, жалпыадамзаттық құндылықтарды, қазақ халқының салт-дәстүрлерін ескере отыра ұйымдастырылатын ерте жастағы балалардың ойын, қимыл белсенділігін дамытуға басты орын берілген.
Тәрбиеші мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен дамытуда жеке тұлғаға бағдарлана отыра, әдістемелік нұсқаулар мен дидактикалық құралдарды тиімді қолдану арқылы ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту «Алғашқы қадам» бағдарламасының мазмұнын ойдағыдай іс жүзіне асыра алады.
Бағдарлама құрылымы
Бағдарлама түсіндірме жазба, ерте жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру, балалардың жас ерекешелік мүмкіндіктерінің сипаттамасы, күн тәртібінің үлгісі, базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде:
- дене шынықтыру - «Денсаулық» білім беру саласында;
- тіл дамыту, көркем әдебиет, қоршаған ортамен таныстыру - «Қатынас» білім беру саласында;
- сенсорика, құрастыру, қоршаған ортамен таныстыру - «Таным» білім беру саласында;
- сурет салу, мүсіндеу, желімсіз жапсыру, музыка - «Шығармашылық» білім беру саласында;
- «Әлеуметтік орта» - білім беру саласы балалардың барлық әрекеттерінің түрлерінде жүзеге асырылатын бес білім беру саласының бағдарламалық мазмұнынан құрылады.
