
- •2.1.Қр Индустрия және Жаңа Технологиялар Министрлігінің және Туризм индустриясы комитетінің құрылымы , нормативтік-құқықтық базасы
- •Министр
- •Исекешев а.О.
- •Төраға орынбасары
- •Төраға орынбасары
- •Әкімшілік ету және қаржыландыру басқармасы
- •Имиджді қалыптастыру және халықаралық байланыстар басқармасы
- •Стратегия және туристік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
- •Құқықтық қамтамасыз ету және лицензиялау басқармасы
- •Аймақтық даму және туризм инфрақұрылым басқармасы
- •Инвестициялық саясат және туристік ресурстар басқармасы
- •Аумақтық департамент туризм индустрия Комитеті қр мижт әкімшілік арнайы экономикалық зона «Бурабай»
- •Көрмелер
- •2014 Жылғы болатын көрмелер
- •2001 Жылы туристік бизнестегі ерекше жыл болды, туризмге 26млн. Теңге бөлінді. Қазақстан экономикасы 2-3 жүлдызды орта, шағын мейманхана салуға мүмкіндігі бар.
- •Қазақстан Республикасында туризмді дамытуға кедергі ететін негізгі экономикалық факторлар.
- •Туризмды дамытудың негізгі багыттары
- •Туризм инфрақұрылымын дамытпу
- •Маркетинг стратегиясын әзірлеу
- •Қазақстанның туристік бейнесін қалыптастыру
- •Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
- •Кадрлар даярлау мен ғылыми қамтамасыз ету
- •Қорытынды
- •Қосымшалар
Көрмелер
Қазақстан тарихи бай ел. Осыған орай еліміз көптеген халықаралық көрмелерге қатысады.
Берлинде 6-10 наурызда 2013 жылда өткен көрменің табыстылығы мол. Әлемнің әр қиырынан 180 аса мемлекеттен туризм саласында компаниялар қатысты.
Біздің елден өңір-өңірден іріктеліп алынған 5 туристік компания қатысқан болатын. Көрме аясында түрлі екі жақты кездесулер өтіп, келіссөздер жасалып, болашақ үшін келісімшарттарға қол қойылды.
Көрме шеңберінде өткен жиынның бірі ұлы жібек жолын дамытып, құндылықтарды ұрпаққа қалдырудың амалдарын ойластыру тақырыбын өзекті еткен туризм министрліктерінің кеңесі. Онда, қатысқан біздің елдің орны ерек. Отырыс барысында Қазақстан биыл мәртебесі жоғары конференцияны Алматыда өткізу құқығына ие болды. ITB Берлин көрмесі түрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің тоғысатын орны. Жыл сайын дүбірлі жиынға ондаған мың адам қатысады, келіп көреді, олар өздерінің іскерлік байланыстарын кеңейтуге және жаңа туристік бағыттарға жол табуға ұмтылады. Көрме барысында 200 аса келісімшарттарға қол қойылды. Сарапшылар мен көрермен, стендтің әрленуіне, креативтілігі, бұрышта қойылған құндылықтар, ұлттық салт-дәстүрмен, мәдениеттің таныстырылуына баға берді. Стендт үздік бестіктен орын алды. Біздің ел әдеттегідей алдыңғы орыннан көрінді. «Үздік бейнеролик номинациясы» әсем Астана жайында жасалған роликке бұйырды. Оның үстіне, ұлттық тағамдарға деген қызығушылықты ерекше танытқаны тағы бар.
2014 Жылғы болатын көрмелер
-
№
Болатын Көрмелер
Болатын жері мен күні
1.
“FITUR” Халықаралық туристік көрмелер
22 - 26 қаңтар,Мадрид қ, Испания
2.
«EMITT» Халықаралық туристік көрмелер
30 қаңтар – 30 ақпан, Стамбул қ, Туркия
3.
“ITB” Халықаралық туристік көрмелер
5-9 наурыз, Берлин қ, ФРГ
4.
“In tour market” Халықаралық туристік көрмелер
15-18 наурыз, Москва қ, РФ
5.
“KITF” Халықаралық туристік көрмелер
23-25 сәуір, Алматы, Казахстан
6.
“ATM” Халықаралық туристік көрмелер
5-8 мамыр, Дубай қ, БАӘ
7.
VII АЭФ туризм бойынша сессиясы
21-23 мамыр, Астана қ, Қазақстан
8.
“ ITE” Халықаралық туристік көрмелер
12-15 мамыр, Гонконг қ, ҚХР
9.
«Астана Отдых»Халықаралық туристік көрмелер
қыркүйек, Астана қ, Қазақстан
10.
“WTM” Халықаралық туристік көрмелер
Қараша, Лондон қ, Ұлыбритания
ЭКСПО
Экспо 2017 -10 шілдеде 2017 жылдан бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме.
Иесі 22 қараша 2012 жылдың Францияның астанасы Парижқаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды.
Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мелмекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады.
Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады.
2011 жылдың 10 маусымында Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев ХКБ-нің Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесті. Кездесу барысында Рапиль Жошыбаев ҚР Премьер-Министрі қол қойылған Қазақстан Республикасының ресми өтінімін тапсырды.
Сөйтіп 10 маусымда Қазақстан Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу бойынша сайлау науқанына кірісті. Жыл соңына дейін Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлігі жыл соңына дейін өтінім құжаттамасын (көрмені өткізу тұжырымдамасы, техникалық-экономикалық негіздеме, көрмені өткізу жоспары, қонақтардың қауіпсіздігі мен оларды қарсы алу туралы инфрақұрылымдық шешімдер) дайындап оны Халықаралық көрмелер бюросына тапсырады деп күтілуде. ХҚБ талаптарына сай көремені өткізуге белгіленген үш ай ішінде Астана қаласының әлемнің 100 мемлекетінен 3-4 млн адамды қабылдайтындай шамасы болу керек.
Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрмеге айналуы мүмкін.
Сапа бұл - ең басты талап. Көрмеге қатысатын елдер саны неғұрлым көп болса, бұл Қазақстаннаың халықаралық қатынастарына соғұрлым мол үлес қосатын болады. Шамамен көрмеге 100-ге жуық ел қатысады.
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастыру аясында Целиноград, Аршалы және Қорғалжын аудандарында этно-ауылдар құру жобалары дайындалуда. Бұл көрме келген туристерді халқымыздың мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыруға мүмкіндік береді.
Оның сөзіне қарағанда, өңірде туристік қызметтің жалпы көлемі 1,5 есеге өсіп, 2 млрд теңгеден асты.
EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге ниетті Қазақстан әлемдік қауымдастыққа «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынғаны белгілі. Қалай дегенде де, EXPO сияқты халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. Оның үстіне, әлем алдында өзіңнің даму деңгейіңді іс жүзінде дәлелдей отырып, шараны жоғары жауапкершілікпен өткізу – өте зор құрмет. Өйткені елдерді достастыру, ауызбірлікке шақыру, инфрақұрылымдарды лайықты деңгейде дамыту – жоғары дәрежеде өтетін кез келген іс-шараның мақтанышы. Сондықтан да тұрақты энергияны, баламалы энергетиканы пайдалану және табиғи ресурстарды сақтау барлық энергетикалық саланы дамытудың басым бағытының бірі болып табылады. «Болашақ энергиясы» – жел, күн, су, ғарыш баламалы энергетика, биомасса энергиясы, атмосфераға СО2 қалдықтарын төмендету мәселелерін терең қозғайтын өте ауқымды түсінік. Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері ғылымдағы өзінің соңғы жаңалықтарын ұсынатын бұл халықаралық көрмені өткізу идеясы неден туындап отыр? Жасыратыны жоқ, бүгінде елімізде баламалы көздерден қуат алу мәселесі әлі де болса шешілмеген. Ал әлем дамудың жаңа, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жолдарын қажетсінеді. Міне, сондықтан да Қазақстан «Жасыл экономикаға» бет бұрды. Егер EXPO-ны өткізудің сәті түссе, осы бір қордаланған мәселелер шешімін табады деп сенеміз. Миллиондарды толғандыратын болашақ энергиясы тақырыбын талқылау адамзат тарихындағы кең ауқымды пікірталастардың бірі болып қалмақ. Оны әлемдік қауымдастық та жете түсініп отыр. Астананың игі бастамасына көрші, бауырлас елдерді айтпағанда, дамыған еуропа мемлекеттерінің көбісі қолдау білдіруде. Осы ретте сәл шегініс жасасақ... Естеріңізде болса, V Астана экономикалық форумы аясында «Жасыл көпір» және EXPO-2017 тақырыбы «Болашақ энергиясы» сияқты Қазақстанның Жаһандық экологиялық бастамалары жөнінде мамандандырылған сессия өткен болатын. Сессияның спикерлері ретінде Нобель сыйлығының лауреаттары Роберт Ауманн, Эрик Маскин, АҚШ Хьюстон университетінің баламалы энергетика зерттеу институтының директоры Алекс Игнатиев, Мыңжылдық жобасы халықаралық ұйымының Венесуэла бөлімінің төрағасы Хосе Кордейро, техника ғылымдарының докторы, профессор, «Экоэнергомаш» бас директоры Альберт Болотов, Назарбаев Университеті инженерлік факультетінің машина жасау кафедрасының профессоры доктор Сарим әл-Зубайди, Назарбаев Университеті Инженерлік мектебінің профессоры Жұмабай Бәкенов өз ойын ортаға салды. Басқосуды қорытындылай келе мамандар бүгінде бүкіл әлем қайта қалпына келетін және баламалы энергия көздеріне баса көңіл бөлініп отырғанын айтып, Қазақстанның бұл бастаманы қолдауға әлеуеті жеткілікті екенін алға тартты. Жаһандық мәселелерді көтеріп, климаттың өзгеруін, болашақтағы энергия мен экология қауіпсіздігін және баламалы энергия көздерін жетілдіру мен тұрақты дамыту жобаларына қаржылай қолдау көрсету жайын талқылады.
Астана көрмені өткізу құқығын жеңіп алған жағдайда, ЭКСПО-2017 көрме қалашығы толықтай баламалы энергия көздері арқылы жұмыс істеуге көшеді. Мұны көріп-біліп отырған сарапшы мамандар еліміздің мүмкіндіктері мен артықшылықтарын толық мойындауда.
2012 жылдың ең маңызды оқиғаларының бірі ретінде төраға Стин Кристенсеннің басшылығымен Көрмелердің халықаралық бюросы Сарапшылық комиссиясының елімізге жұмыс сапарымен келуін атауға болады. Стин Кристенсен мен КХБ бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес екі рет БАҚ өкілдерімен кездесті. Дөңгелек үстел барысында олар Қазақстандағы жұмыс кездесулері туралы алған әсерімен, тың ойларымен бөлісті. Атап айтсақ, Стин Кристенсен Астана ұйымдастыру комитеті құжаттар жинағын дайындау бойынша тамаша жұмыстар атқарғанын мәлімдеді.
Әлемдегі белді ұйымдар Қазақстанның EXPO көрмесін өткізуіне бір жағынан мүдделі болып отырса, екінші жағынан Қазақстан мен оның «энергия» тақырыбына деген қызығушылығын көптеген елдер қолдауда. EXPO-2017 ұлттық жобасына Мемлекет басшысының өзі қолдау көрсетуі оны сәтті іске асырудың маңызды факторы болып табылады. 2011 жылдың жазында Ислам конференциясы ұйымы Сыртқы істер министрлерінің 38-ші сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұйымға мүше мемлекеттер EXPO-2017 дүниежүзілік көрмесін өткізуде Қазақстанның кандидатурасын қолдайтынына сенім білдірді. Президент бүгінде энергетикаға ауқымды инвестиция салу бүкіл әлем үшін өте маңызды мәселе болып табылатынын атап өтті.
Тарихқа көз жүгіртсек, EXPO дәстүрлі көрмесі бұған дейін Азияның солтүстік шығысында, Еуропа мен Солтүстік Америкада өткізіліп келген екен. Ал енді Шығыс пен Батыстың арасындағы алтын көпір болып табылатын жаңа өңірде, Еуропа, Таяу Шығыс елдерімен, бұрынғы Кеңес республикаларымен, сондай-ақ Орталық Азия елдерімен өте жақсы қарым-қатынас орнатқан жас мемлекетте өткізу Астанаға тағы бір ұпай алып келетіні белгілі.
Қазақстан елордасы сайлауалды бәсекеде жеңіске жетсе, осы саладағы үздік әлемдік үрдістер мен әзірлемелерді көрсетіп, оны талқылау үшін тиімді алаңға айналары сөзсіз. Қазірдің өзінде «Болашақ энергиясы» тақырыбында жұмыстар басталып кетті. Қазақстан жаңа энергия көздерін енгізу бойынша халықаралық пікірталастарға белсенді түрде қатысып келеді. Айталық, 2012 жылдың маусымында Астанада өткен «Болашақ энергиясы» халықаралық симпозиумы ғаламшардың назарын қайта жаңартылатын энергия көздерін күшейту мәселелеріне аударды. Мұның өзі Қазақстан үшін EXPO-2017 көрмесін өткізуде маңызды шаралардың бірі болғаны анық. «Болашақ энергиясы» жобасының атауында оның идеясында секілді энергияны жақын болашақта пайдалану кезіндегі ең озық тәсілдерді қабылдау, енгізу және қолдануды білдіретін абстрактілі ұғым қалыптасқан, бұл тұрақты дамудың айнымас шарты болып табылады.
«Болашақ энергиясы» сондай-ақ өзінің алдына жұртшылық назарын адамзаттың ажырамас мұрасы болып табылатын қуат қорларын жауапты және тиімді пайдалану қажеттілігіне қарату мақсатын қояды.
«Болашақ энергиясы» жобасының мақсаттары мен міндеттері —қуат көзін пайдаланудағы жоспарлау мен бақылау адам өмірі мен ғаламшардағы бүкіл тіршілік атаулыға шешуші әсер етеді деген тақырыпта ойлану мен білім қалыптастыруды ынталандыру мақсатында түрлі мекемелер, ұйымдар, корпорациялар мен жеке тұлғалардың көмегімен халықаралық қауымдастықты жауаптылық сезіміне шақыру болып табылады. айқындайтын фактор ретінде қарасты.
«Болашақ энергиясы» жобасы алдына тұрақты мақсаттар қояды - қуат көздерінің дамуына бағытталған стратегияларды, бағдарламалар мен технологияларды зерттеу, қуатпен жабдықтау сенімділігі мен тиімділігін арттыру, қалпына келтірілетін қуат көздерін қолдануды ынталандыру және қонақтарға қуат көзін үнемдеу өндірісінің жоспарын дайындау мен іске асыруға, энергетикалық қорларды тиімді пайдалануға белсенді қатысу қажеттілігін көрсету.
Қазақстандағы Халықаралық туризмнің рөлі
Туризм әлемдік экономиканың қарқынды дамып жатқан секторы және валюталық түсімдердің тиімді көзі болып табылады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Үндеуінде: «Біз бәсекеге қабілеттілігін үнемі арттырып отыратын басым салалары бар бәсекеге қабілетті экономика үлгісін таңдадық, сөйтіп қазақстандық кластерлер жүйесін дамытудың бастамасын көтердік»,– деп көрсетілген. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, осындай басым бағыттағы қызмет салаларына туризм де жатады.
Туризм қазіргі әлемде құқығы жағынан жүз жылдықтың экономикалық феномені болып танылды және кез-келген мемлекет экономикасының дамуына ықпал етеді. Осы заманғы әлемдік экономикада туристік сала – аса жанды және перспективалы салалардың бірі, кейбір елдерде мемлекет кірісінің алғашқы тарауы болып табылады.
Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша Қазақстан Республикасы тұрақты туризмді дамыту үшін болашағы бар елдер санында. Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіреді. Сондықтан да Қазақстанда туристік сала елдің экономикалық дамуындағы басым сала ретінде белгіленді.
Туризм дамуының әлемдік үрдістері мен Қазақстандағы оның жай-күйінің арасындағы алшақтық шынайы резервтер мен потенциалды мүмкіндіктер болған жағдайда ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттағы проблемалар кешенін шешуді талап етеді, ондай проблемалардың қатарына туризм инфрақұрылымының жеткілікті дәрежеде дамымағандығы, көрсетілетін қызметтердің деңгейі төмен болуы, көрсетілетін қызметтер сапасының баға деңгейіне сай келмеуі, қызметкерлердің біліктілігінің төмендігі, т.б. жатады.
Дүниежүзілік туристік ұйым ДТҰ сарапшыларының берген бағасына қарағанда, белсенді бет-бейнені айқындау саясатын жүргізу - жылына орта есеппен 2,5 процентке келу туризмін көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл халықты жұмыспен қамтуға, бюджетті толықтыруға, шағын бизнесті дамытуға және туристік инфрақұрылымды құруға игі ықпал жасайды. Осындай үрдісті басшылыққа алып, көптеген мемелекеттер, оның ішінде жоғары дамыған туристік (индустриясы бар, сондай ақ ТМД-ға қатысушы елдердің бір қатары бет бейне қалыптастыру саясатын жүргізуге қарқынменкірісті. Мәселен, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Туркіменстан жыл сайын әлемнің жетекші туристік көрмелеріне қатысып келеді.
Жоғарыда аты аталған ТМД мемлекеттері көптен бері өз аумақтарында халықаралық және аумақтық көрмелерді өткізуді қолға алды. Мұндай көрмелерді не жәрмеңкелерді өткізу немесе соған қатысу - мақсат емес, бірақ отандық туристік өнімді халықаралық рыногына өткізу үшін оның үлкен көмегі бар.
ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондай ақ мемелекеттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемелекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсіндіріледі.
Туризм Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі, Халықаралық сарапшылардың пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланы біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі. Туризмнің маңызы жылдан-жылға өсуде, оның халықаралық байланыста және валюталық түсім көз ретінде маңызы артуда. Елдердің шикізат көзі азаяды, ал туристік индустрия қалпына келетін ресурстармен жұмыс істеген. Туризмнің басқа да салаларға тигізетін әсері мол, оның 32 салаға жанама ыкпалы бар (турфирмалар, көлік түрлері, мейманхана кешендері, демалыс үйлері, санаториялар, ұлттық парктер, тамақтану сферасы, т.б.). Бұл дегеніміз -әлемдік өндірісте әр 9 адамның жұмыс орны деуге болады.
Туризм индустриясының мемлекеттік бюджетке түсіретін валюталық түсімі, орта және шағын бизнеске көмегі, тауар мен қызмет көрсету нарығы арқылы аймақтардың экономикасының дамуына ықпалы өте зор. Сонымен қатар, туризмнің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық дамуы келесі көрсеткіштермен сипатталады. Ішкі және халықаралық туризмнің жалпы шығыны әлемдік ұлттық ішкі өнімнің 12%-ін құрайды, жыл сайын 1,5млрд. Ішкі және халықаралық саяхаттау тіркелді.
Халықаралық туризмнің үлесіне жыл сайын әлемдік экспорттың 7% және қызмет көрсетудің 25-30% келеді. Халықаралық туризмнің жылдық өсуі 4,0%, ал болашақта бұл көрсеткіш көтерілмек. Туризм саласының дамуына ықпал ететін факторлар:
- кез-келген елде, Қазақстанда да туристік рекреациялық ресурстың болуы;
-туризмге тура немесе жанама салалардың және кәсіпорындардың дамуы;
- сыртқа шығу туризмнің елге шетелдік валютаны тартуы;
- аз мөлшерде шығын шығарып табыс табу;
- алғашқы өндіріс факторын қамтамасыз етудегі шығынның болмауы; -халықты жұмыс орнымен қамтамасыз ететін орта және шағын
бизнестің дамуы;
- қызмет көрсету секторының өсуі;
- елдің әлемдік қауымдастыққа белгілі болуы және бет-бейнесінің қалыптасуы.
Қазақстанда 400-ден астам туристік фирмалар қызмет етеді, 80 елдің туристік фирмаларымен келісім жасаған. Туризмнің дамыған аймақтары - Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Алматы және Астана қалалары. Осы облыстардың және қалалардың туристік фирмалары қызмет көрсетудің 88%-ін құрайды. Қазақстаннан туристердің мейлінше көп баратын елдері: Ресей, Қытай, Германия, Корея, Польша, Турция, БАЭ. Ал біздің елге келетін туристердің елдері: Ресей, Қытай, Германия, Пакистан, Полыпа және Турция. Туристерді тасымалдауда авиакомпаниялардың ролі зор. Көптеген туристер шетелдік авиакомпанияларға қызығушылығы артық болып тұр, ал ұлттық компаниялардың ролі төмен. «Эйр-Казахстан»-ның акциясы мемлекеттік меншікке өтуі болашақта ұлттық авиатасымалдаудың маңызы артады деген үміт бар.
Ал автомобиль транспортының ролі шекаралық тасымалдау мен саяхат жасау маршруттарында қолданады. Оның дамуы көлік құралдарына және жолдарының қызмет ету сапасына байланысты. Қазіргі кезде «Сайран» автовокзалы үлкен қызмет көрсетуде. Жалпы автобус парктері өте төмен деңгейде, қазіргі сұранысқа сай автокөліктер өте аз.
Теміржол көлігі «Қазақстан Теміржолы» 14 бағытта жұмыс істейді. Олардың қызмет көрсету сапасы халықаралық стандартқа сәйкес келмейді. Алматы-Астана маршруты ғана стандартқа сай, ал оңтүстік маршруттары ешқандай сын көтермейді.
Ал орналастыру құралдарына келсек, көпшілігінің кабылдау мүмкіншілігі төмен, номерлердің бағасы жоғары, сондықтанда жабылып жатыр.
Қазақстан туризмнің дамуына түрткі болған Президенттің бұл салаға басымды сала ретінде көңіл бөлуі. Үкімет тарапынан Қазақстан туризмінің және елдің бет-бейнесін жасауға ( 2000-2003) байланысты шаралар болды.