
- •2.1.Қр Индустрия және Жаңа Технологиялар Министрлігінің және Туризм индустриясы комитетінің құрылымы , нормативтік-құқықтық базасы
- •Министр
- •Исекешев а.О.
- •Төраға орынбасары
- •Төраға орынбасары
- •Әкімшілік ету және қаржыландыру басқармасы
- •Имиджді қалыптастыру және халықаралық байланыстар басқармасы
- •Стратегия және туристік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
- •Құқықтық қамтамасыз ету және лицензиялау басқармасы
- •Аймақтық даму және туризм инфрақұрылым басқармасы
- •Инвестициялық саясат және туристік ресурстар басқармасы
- •Аумақтық департамент туризм индустрия Комитеті қр мижт әкімшілік арнайы экономикалық зона «Бурабай»
- •Көрмелер
- •2014 Жылғы болатын көрмелер
- •2001 Жылы туристік бизнестегі ерекше жыл болды, туризмге 26млн. Теңге бөлінді. Қазақстан экономикасы 2-3 жүлдызды орта, шағын мейманхана салуға мүмкіндігі бар.
- •Қазақстан Республикасында туризмді дамытуға кедергі ететін негізгі экономикалық факторлар.
- •Туризмды дамытудың негізгі багыттары
- •Туризм инфрақұрылымын дамытпу
- •Маркетинг стратегиясын әзірлеу
- •Қазақстанның туристік бейнесін қалыптастыру
- •Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
- •Кадрлар даярлау мен ғылыми қамтамасыз ету
- •Қорытынды
- •Қосымшалар
Кіріспе
Туризм – қазіргі заманның қиын қоғамдық – мәдени және экономикалық феномені, яғни ғылым уәкілдерінің көз алдында «туризмнің» әртүрлі аспектілері көрінеді. Туризм – демалыспен, бос уақытпен, спортпен, сондай – ақ мәдениетпен және табиғатпен тілдесумен тікелей байланысты, жәке және ұжымдық толық жетілудің жолы ретінде жоспарлануы және тәжірибеге енгізілуі тиіс қызмет.
Туризм әлемдік экономикада басты рольдің бірін атқарады. Бүкіл әлемдік туристік ұйымның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлгін халықаралықинвестициясының 11%- дан астамын, әлемдік өндірістің әр бір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Туризм – Қазақстан Республикасының дамуындағы маңызды рөлатқаратын салалардың бірі болып табылады. Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді.Бүкіл әлемде туризм тез дамып келе жатқан халықаралық шаруашылықтың бөгігі болып саналады. Туризмнің маңыздылығы мемлекеттің экономикасына жақсы пайда әкеліп күннен күнге артады.
Туризм әлемдiк экономикада басты рөлдiң бiрiн атқарады. Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйымның (ДТҰ) деректерi бойынша туризм әлемдегi жалпы ұлттық өнiмнiң оннан бiр бөлiгiн, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдiк өндiрiстiң әрбiр 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етедi.Туризмнiң қазiргi индустриясы табысы жоғары және серпiндi дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бiрi болып табылады. Сондықтан Қазақстанда оны дамыту маңызды болып табылады.
Әр жылы тұтынушылардың бағыттары өзгереді. Сондықтан туризм саласындағы мамандар даярлағанда, өндірістік және халықаралық тәжирибелер алу жөн.
Туризм сферасында бүгінгі күнде көптеген жаңа бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр, инфраструктураны дамытып инвестицияларды белсенді түрде тарту шаралары өткізіліп жатыр.
Қазақстандағы туризмді алып қарайтын болсақ, өте қарапайым болып көрінеді. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қабылдаған «Қазақстанда туризмді дамыту» туралы бағдарламасы елімізде туризм саласын дамыту жолдарын көрсететін маңызды құжат болып табылады. Бағдарламада туризмді дамытуда туристік саланың жоғарғы тиімді, әрі бәсекеге қабілетті бағыттары атап көрсетілген. Туризмнің дамуы ол мемлекетіміздің шағын және орта бизнесті, туристік бизнесті қолға алуымен тығыз байланысты. Егер еліміздегі туристік бизнеспен айналысатын кәсіпорындар бүгінгі заман талабына сай қызмет атқара алса, неге дамытпасқа. Мемлекетіміз туризм саласын даму үшін көп мән беріп, бағдарламалар мен кәсіпорындарға көмек береді.
Есеп-беру өндірістік практика болып табылады. Практика Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінде өткен болатын. Мекен-жайы Орынбор 8, 1 – подъезд, 6 қабат.Практика 27 ақпаннан 1 наурыз 2014 жылдың арасында сағат 9.00-18.00 – ге дейін болатын. Практиканың негізгі мақсаттары:
студенттердiң өндiрiстiк практикасы оқу кезінде алған теориялық білімдерін жетілдіру мен бекіту,
практика өтетін ұйымдар мен мекеме жұмыстарын терең зерттеу негізінде аналитикалық және басқару дағдыларына ие болу мақсатында жүргізіледі.
Проблемаларды теориялық аспектілер арқылы қарастыру;
Жалпы қателіктерді қарау мен оларға анализ жасау.
Өндірістік практика міндеті:
ұйымдастырушы, басқарушы жұмыс тәжiрибесін жинау;
ұйым/кәсіпорын экономикасын, технологиялық өндіріс пен ұйымстырушылық құрылымын зерттеу;
ұйым/кәсіпорынң стратегиясын, маркетингтік, қаржылық, жарнамалық іс-әрекетін сипаттайтын материалдарға талдау жасау;
ұйым/кәсіпорын материалдық-техникалық базасын, капитал жұмсауын, сапаны бақылау мен стандартизация тұрғысын,еңбек тиiмдiлiгін және өнiмдiлiгін анықтайтын шараларды талқылау;
жаңа бағдарламалармен, технологияларымен, компьютерлік қызмет көрсетумен танысу;
келісімшарт, шарт, әріптестердің картотекасын құрастыру, өндірістік кеңес, іскерлік кездесулер, келіссөз өткізу тәжірибесін талқылау;
туристік ұйым/кәсіпорын мамандарының нұсқаулары мен қызметтік міндеттерімен, кадрларды орналастыру принциптерімен танысу;
берілген ұйым/кәсіпорын ұсынып отырған турпакет мазмұны мен саяхаттаушылар динамикасына салыстырмалы талдау жасау;
Министрліктер — мемлекеттік басқарманың тиісті саласына басшылықты жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары болып саналады. Министрліктердің құқықтық мәртебесі заңға тәуелді актілердегі қызмет салаларын реттеуші түрлі заңдарда бекітілген.
Қазіргі мамандардың біліктілігін, білімін арттыру мақсатында тәжірибенің маңызы зор. Сондықтан практикадан өту барысында студент туризм саласында қажет білік пен дағдыларды қалыптастырып, кең таралған іскерлік процестермен таныса алады. Нарықтық экономика жоғары білікті мамандарды даярлауды талап етеді. Ол үшін мамандардың біліктілігін, білімін арттыруда практиканың маңызы зор. Сондықтан өндірістік практикадан өту барысында студент туризм саласындағы қажет білік пен дағдыларды қалыптастырып, кең таралған іскерлік процестермен таныса алады. Практика арқылы көп жағымды әсерлерді алдық. Ең бірінші ол біз үшін болашақта маңызы зор.
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің құрылымы
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) индустрия және елдi индустриялық-инновациялық, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешен, машина жасау, химия, фармацевтика, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары өндiрiсi, инвестицияларды мемлекеттiк қолдау, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс iстеуi және оларды тарату, экспорттық бақылау; техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету; электр энергетикасы; көмiрсутегi шикiзатын қоспағанда, минералдық ресурстар; мемлекеттiк геологиялық зерделеу, минералдық-шикiзат базасын ұдайы өндiру, жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану, жер қойнауын пайдалануды қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары мен емдiк балшық бөлiгiнде мемлекеттiк басқару; көмiр өнеркәсiбi; атом энергетикасын пайдалану, жаңартылған энергия көздерiн пайдалануды қолдау, энергия үнемдеу саласында басшылық етудi, сондай-ақ оның құзыретiне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттiк органдарды салааралық үйлестiрудi (бұдан әрi - реттелетiн салалар) жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің (МИНТ РК) төр ағасы - Игалиев Марат Несіпқалиұлы. Туристiк индустрия - туристерді орналастыру құралдарының, көлiктiң, қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң, ойын-сауық объектiлерi мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, iскерлiк, спорттық және өзге де мақсаттағы объектiлердiң, туристiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер (гид-аудармашылар) қызметiн көрсететiн ұйымдардың жиынтығы.
Экономика секторы мен қызметкерлердің саны бойынша Қазақстандағы ең үлкен Мемлекет органдардың бірі. Жалпы орталық пен аумақтарда 7 мыңнан аса құзметкерлер жұмыс істейді.
Негізгі миссиясы жаңа, бәсекеге шығу үшін, жоғары дәрежедегі технологияларды дамытуға арналған жағдай жасау болып табылады.
Жүзеге асыратын бағдарламалар:
- Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама;
- Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама;
- Қазақстан Республикасында тау-кен металлургия саласын дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама;
- Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама;
- Қазақстан Республикасындағы қазақстандық қамтуды дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама;
- Қазақстан Республикасында жеңiл өнеркәсiптi дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама;
- Қазақстан Республикасының машина жасауды дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы;
- Қазақстан Республикасында минералдық шикiзат кешенiн дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама;
- Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндiрiсiн дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама;
- Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы;
- Қазақстан Республикасының химия өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы;
- Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама;
- Қазақстан Республикасында техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама;
- Қазақстан Республикасы туристiк индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы.
Министрлік ҚР орталық орындаушы органы болып табылады. Мемлекеттік басқарушық қызметін атқарады. Министрліктің құқықтық статусы көптеген заңнамаларда, актлерде көрсетілген. Сонымен қатар Министрлік ҚР Президентімен бекітіледі және қызметке бекілітуі мен босатылуы ҚР ПРезидентімен қарастырылады. Министрлердің орынбасарларды премьер-министр қолдауымен үкіметпен тағайындайды. Сонымен қатар министр бұйрықтарды тексеретін қосымша бөлімдер бар. Министрлік құрылымында департаменттер,басқарымдар мен комитеттер бар. Олардың басты мақсаты министрдің тапсырмасы бойынша салалардың әрекеттерін орындайды. Сонымен қатар министрліктерде министрдің бұйрығымен орындау үшін, шешімдерді қабылдай алатын консультациялық, үйлестіруші және кеңесші алқа бөлімшелері құрылады. Министрліктің құрылымында министрлік қызметіне тапсырылған салаларды тікелей басқаруды жүзеге асыратын департаменттер, басқармалар, комитеттер құрылады. Министрліктер, екі жақты бағынатын өңірлік бөлімшелерге ие: тігінен тиісті министрлікке бағынатын және көлденеңнен жергілік әкімшілікке бағынатын (мысалы, білім бөлімдері, қаржы бөлімдері және т.б). Министрлік басқарылым, салалар бойынша жалпы жағдайына мен болашақта даму жағдайына толығымен жауапты болады. Халықаралық байланысқа тікелей шығып, көптеген проблемаларды шешуге негізгі міндеттерге жатады. Актілер Президенттің бұйрығымен және заңнамаларға сәйкес шығарады. Министрлік актілер бұйрық, нұсқау формада шығарылады.
2.1.Қр Индустрия және Жаңа Технологиялар Министрлігінің және Туризм индустриясы комитетінің құрылымы , нормативтік-құқықтық базасы
Қ
Министр
Исекешев а.О.
ұрылымы
Ішкі аудит басқармасы
Секретариат

Жауапты хатшы
Атамкулов Б.Б.
Вице-министр
Джаксалиев Б.М..
Бірінші вице-министр
Рау А.П.
Вице-министр
Сауранбаев Н.Г.
Әкімшілік - кадрлық жұмыс департаменті
Мемлекеттік құпия қорғау мен мобильдік дайындық департамент
Электрқуаты мен көмір өнеркәсіп департаменті
Жергілікті құрам даму департаменті
Стратегиялық жобалау департаменті
Сыртқы экономикалық байланыс департаменті
Жаңа технология мен энергоқуат департамент
Жер қойнау пайдалану департаменті
Активтерді басқару департаменті
Стратегиялық жобалау департаменті
Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау комитетi
Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi
Қаржы департаменті
Жаңа технология мен энергоқуат департамент
Атом қуаты бойынша комитеті
Туризм индустриясы комитетi
Заң департаменті
Инвестиция комитетi
Мемлекеттік сатып алу
Өнеркәсiп комитетi
Ақпараттық басқармасы
Техникалық реттеу және метрология комитетi
Мемлекеттік қызмет даму басқармасы
М инистрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Инвестиция комитетi, Өнеркәсiп комитетi, Техникалық реттеу және метрология комитетi, Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау комитетi, Туризм индустриясы комитетi, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi.
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустрия комитеті кіреді. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы және жаңа технологиялар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туристік қызмет саласындағы реттеу, бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асырылатын ведомоство болып табылады. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады. Комитетінің құрылымы, штат санын Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы Министрліктің бірінші басшысымен келіскеннен кейін Министрліктің штат саны шегінде бекітеді. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Комитетте 29 адам қызмет етеді (Қосымша).
Министрлік құзыреті шеңберінде Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
Туристік салаға инвестициялар тарту жөңіндегі бірыңғай саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу жөніндегі міндеттерді іске асыру мақсатында:
Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты һ, туристік индустрияны және туризмді дамытудың стратегиясын, мемлекеттік, салалық (секторлалдық) бағдарламаларын іске асырады;
Туристік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, оның ішінде облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдерінің туризмді дамыту бағдарламалары мен жоспарларын үйлестіруді, отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық, және басқа ұйымдастырумен және туристік қызмет саласындағы меншік нысанына тәуелсіз туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін жоғарлату ережелерін әзірлейді;
Туристік қызмет саласындағы стандарттау аясы қызметін реттейді;
Қазақстан және оның туристік мүмкіндіктері туралы ақпаратты халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде таратады, оның ішінде туристік қызмет саласындағы республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізу жолымен,
Әлемдік жетекші бұқаралық құралдарының өкілдеріне және туроператорларға арналған конференцияларды, семинарларды, ақпараттық жарнамалық турларды, туризм саласындағы мамандармен тәжірибе алмасуды ұйымдастырады және олардың жүмысына қатысады;
Отандық туристік іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
Туризмді және туристік индустрияны дамытудың стратегиялық бағыттарын болжауды, кешенді талдауды жүзеге асырады және туристік саланың даму жағдайына мониторинг жүргізеді;
Туристік нарықты зерттеуге, туристік қызмет саласындағы басылымдық, жарнамалық және картографиялық өнімдерге мемлекеттік тапсырысты орналастырады;
Туристік саланы дамытуға үлес қосқан тұлғаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттар мен құрметті атақтар беруге ұсынады;
Туризм жөніндегі кеңес туралы ережені және оның дербес құрамын әзірлейді және бекітуге ұсынады;
Өз құзыреті шегінде туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзірлеуге, жасасуға және орындауға қатысады, сондай–ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық іс-шараларда мемлекеттің туризм саласындағы мүддесін білдіреді және олардың жұмысына қатысады;
Туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережесін әзірлейді;
Туризмді және туристік индустрияны дамытудың стратегиялық бағыттарын болжауды, кешенді талдауды жүзеге асырады және туристік саланың даму жағдайына мониторинг жүргізеді;
Қазақстан Республикасында туристік саланы дамыту бағдарламасын әзірлеуге қатысады;
Туристік қызмет саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін қорытындылайды және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Комитет өз функцияларын іске асыру үшін мыналады жасауға құқылы:
Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, Комитеттің ведомостволық бағынысты ұйымдарынан Комитетке жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
Қомитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер қйымдасьыруға және өткізуге;
Заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Міндеттері жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Комитеттің Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің (бұдан әрі – Министр) бұйрығымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын төраға басқарады. Комитет төрағасы:
Басшылық жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапкершілікте болады;
Өз орынбасарларының және Комитет құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттерін белгілейді;
Өз орынбасарларын қоспағанда, Комитет қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерін көтермелей мәселесін шешеді, Комитет қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданылады;
Өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Комитет білдіреді;
Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Комитетке сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдайды;
Министрлік басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді;
Министрмен келісім бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Комитет төрағасының Министрліктің жауапты хатшысының келісімі бойынша Министрдің бұйрығымен лауазымдарға тағайындалатын және лауазымдардан босатылатын екі орынбасары болады.
Комитет төрағасының орынбасарлары:
Өз өкілеттері шегінде Комитет жұмысын үйлестіреді;
Комитет төрағасы болмаған кезеңде Комитеттің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапкершілікте болады;
Комитет төрағасы жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Комитеттің мүлкі
Комитет жедел басқару құқығындағы ерекшеленген мүлікке ие. Комитет мүлкі оған мемлекет берген мүліктен қалыптастырады және негізгі қорлардан, айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде (балансында) көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.
Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.Мүлікті өздігінен иелігінен айыруға немесе басқа да тәсілмен пайдалануға құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің ұйымдық құрылымы
Төраға