
1.3 Ұйымның өмірлік циклі
Ұйымның бар болуы мен дамуына сыртқы ортаның әсері туралы “барлығы ортадан тәуелді” және “барлығы ұйымнан тәуелді” деген көп ойлар айтылған. Бірінші ой Альфред Д. Чандлердің “Стратегия және құрылым” (1962 ж) деген кітабында жазылған. Сыртқы нарықтық мүмкіндіктер компания стратегиясын таңдауды анықтайды, ал стратегия өз кезегінде компания құрылымын таңдауды анықтайды. Сондықтан ұйымның негізгі функциялары сыртқы ортаның ықпалымен орындайды. Қазіргі өмірдің фактісі ұйымның құрылымы бұрынғыға қарағанда кішкене өзгере алатынына куәланады; іс жүзінде корпоротивтік стратегия мен келешекте ұйымның өсу әсеріне құрылым қиын роль ойнай алады. Ұйым өмірлік циклдің барлық этаптарында ие болатын активтер көмегімен жетістікке жете алады.
Ұйымның дамуындағы қозғалыс күші туралы Ларри Грейнердің “Ұйымның дамуындағы эволюция және революция” (1972 ж) мақаласы көп әсер етті. Көп жағдайда көп компаниялардың проблемасы осы жағдайлардың немесе нарық динамикасының өзгеруімен емес алдыңғы проблемаларды шешу ізімен пайда болады деп айтқан. Грейнер жетекшілер нарықтық жағдайда нақты айтылулар ұйымның жаңаша болуына алып келетіндей сыртқы орта мен болжамдарға көп көңіл бөледі деп сенген. Жетекшілер көбіне келешек жетістіктердің көп кілттері ұйымның ішінде екенін көрмейді. Одан басқа, жетекшілердің ұйымдық дамуда өз проблемаларын анықтауға дәрменсіздігі компанияның өсуін “мұздатуға” алып келуі мүмкін.
Л. Грейнер ұйымның даму процесін екі түсінікті: эволюция – ұйым үшін үлкен қауіп болмайтын өсу периодын жазуға арналған, революция – ұйымның өмірінде кризис, үлкен бұзылулар болған периодты жазуды қолдана отырып жалпы түрде елестетуге әрекет жасады.
Барлық ұйымда оның эволюция процесі кезінде кризистік жағдай пайда болады және ондағы өзін басу факторларының қорлануын көрсетеді. Ұйым кризистік жағдайға ұзақ период арқылы келеді, ал кризистік жағдайдан шығу бір реттік акция (банкрот жарнамасы, қызмет саласын ауыстыру, бөлу және т.б) нәтижесінде тез және уақыт бойынша жалғастырылған болуы мүмкін. Ұйымның кризистік жағдайы – ұйымның басқа сапаға ауысуы кезінде, мысалы сыртьқы және ішкі әсерде оның масштабымен салыстырғанда мәнсіз кезінде мүмкін (финанстық, материалдық, ұйымдық және т.б) ол оның параметрлік тұрақсыздығы. Басқа сөзбен айтқанда, ұйым кризистен кейін банкрот деп жарияланып қана қоймай, басқа қызмет саласымен жаңа ұйым сапасына айналады. Өйткені бүгін кез келген байланыс ұйымы көрсететін қызмет түрін, байланыстың қолданатын стандарттарын, технологияларды жиі ауыстырады, сондықтан кризистер қалыпты құбылыс болуда.
Ұйым өмірлік циклдің әрбір сатысында пайда болып жатқан кризисті жеңуде. Әрбір кризистік периодта қабылданған басқарушылық шешім ұйым эволюциялық дамудың келесі фазасына өтеді ма соны қайта анықтайды және жаңа кризис негізін қосады.
Л. Грейнер бес кілттік элементті бөлді. Оларға ұйымдық даму моделі тұрғызылады: ұйымның жасы және көлемі, кризис және эволюция сатысы, саланың даму жылдамдығы. Бұл элементтер синергетикалық әсер көрсетеді.
Ұйым жасы. Кез келген даму моделінің үлкен элементі ретінде ұйымның өмір қимасы болып табылады. кез келген ұйым тарихынан бір қызметтің ұзақ уақытқа жалғасып тұра бермейтінін көруге болады. Бұл басқаруға “Ары қарай не істеу керек?” деген фундаменттік проблеманы қояды және уақыт бойынша басқару принціпін таңдауды қиындатады.