Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bank_vopr_TMO_1_2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
266.24 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Физика және химия кафедрасы

5В072400 «Технологиялық машинар және жабдықтар» мамандығы үшін

ФИЗИКА-1 пәнінен емтихан сұрақтарының тізімі

1. Материалдық нүкте дегеніміз – есептің берілген шартында ...

2. Қозғалыстағы дене жылдамдығының бірлік уақытта модулі бойынша өзгеруін сипаттайтын физикалық шама ...

3. Дененің сызықтық және бұрыштық жылдамдықтары арасындағы байланыс:

4. Тыныштық күйден қозғала бастаған дененің үшінші секундтың аяғындағы жылдамдығы 3м/с. Қозғалыс басынан қанша уақыт өткенде дененің жылдамдығы 9м/с болады?

5. Автомобиль жолдың бірінші жартысын 100 км/сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын 60 км/сағ жылдамдықпен өтті. Автомобильдің орташа жылдамдығы қандай?

6. Горизонтқа бұрыш жасай лақтырылған дене траекториясының ең жоғарғы нүктесінде үдеу қалай бағытталады?

7. Радиусы 12 м болатын шеңбер жасап қозғалған дененің орын ауыстыруын анықтаңыз.

8. Нүкте қозғалысының теңдеуі: x=46t+t3, 0,5 c уақыттағы оның үдеуі:

9. Жылдамдықтың бағыты шағынан өзгеру шапшаңдығын қандай шама сипаттайды?

10. Нормаль үдеудің дәлірек анықтамасын көрсетіңіз

11. Нормаль үдеудің бағыты қалай бағытталады ?

12. Тыныштықта тұрған дене жылдамдығын 5 с уақыт ішінде 10 м/с-қа жеткізді. Үдеуі қандай ?

13. Х осінің бойымен қозғалған дененің жылдамдығы уақыт бойынша v=10+4t заңымен өзгереді, 5 с өткеннен соң орташа жылдамдығы неге тең?

14. Берілген теңдеу көмегімен жылдамдық теңдеуін жазыңыз S = 0.1 t + 0.2 t2

15. Келтірілген сурет бойынша қисық сызықты үдемелі қозғалыстағы материалдық нүктенің толық үдеуінің бағытын көрсетіңіз. Қозғалыс сағат тілі бағытымен.

1 5

2 3 4

16. Радиусы 12 м болатын шеңбер жасап қозғалған дененің орын ауыстыруын анықтаңыз.

17. Екеуі де вектор болатын физикалық шамаларды көрсетіңіз.

18. Адам бір минутта 100 қадам жасайды. Қадамның ұзындығы 60 см. Адамның қозғалыс жылдамдығын м/с – пен анықтаңыздар.

19. Мына тендеумен берілген дене қозғалысының үдеуін анықтаңыздар X=20+2t - 4.5t2

20. Проекциялары vх = 4 м/с, vу = 1 м/с жылдамдықтың модулі қандай?

21. Материалық нүктенiң жүрген жолының сол жолды жүруге кеткен уақытына қатынасын ...

деп атайды.

22. Орын ауыстыру дегеніміз не?

23. Нүктенің қозғалыс теңдеулері х=3t, y=t2 түрінде берілген. t=2 c кезіндегі нүктенің жылдамдығын анықтаңыз.

24. Бұрыштық жылдамдықтың өрнегін көрсетіңіз.

25. Жүрілген жол деген не?

26. Массасы 0,6 кг дене радиусы 10 см шеңбер жасап қозғалады. Дене шеңберді толық 3 рет айналғандағы орын ауыстыруы неге тең болады?

27. Қандай қозғалыста дененің жылдамдығы шамасы жағынан тұрақты болады ?

28. Қозғалыс теңдеуі берілген S =20 t+0.2t2 . Осындағы 20 саны нені көрсетеді ?

29. Дене радиусы R=4м болатын шеңбер бойымен v = 6 м/с жылдамдықпен бірқалыпты айналады. Дененің үдеуін анықтаңыз.

30. Тас 80 м биіктіктен еркін құлады. Тастың түсу уақытын анықтаңыздар.

31. Берілген санақ жүйесінде қозғалыстағы материалдық нүктенің жүріп өткен сызығы не деп аталады?

32. Тангенциал үдеудің бағыты қалай бағытталады ?

33. Бастапқы жылдамдығы 36 км/сағ автомобиль бір қалыпты қозғала отырып, 20 c өткен соң тоқтады. Автомобильдің үдеуін және тежелу уақыты ішінде жүрген жолын табыңыз.

34. Қозғалыс теңдеуі S = 15t0,4t2 берілген дене жылдамдығының өрнегі:

35. Тұрақты 2 рад/с бұрыштық жылдамдықпен айналып тұрған дөңгелектің шетіндегі нүктелердің сызықтық жылдамдығы 40 м/с. Дөңгелектің радиусы:

36. Дене 100 метр жолды 10 секундта өтті. Жолдың алғашқы 6 метрін 2 секунд ішінде өтті, содан кейін тоқтап 3 секунд бойы тұрды. Оның осы жолдағы орташа жылдамдығы қандай?

37. Дене 15 м/с жылдамдықпен жоғары вертикаль лақтырылған. Ол қандай жылдамдықпен жерге түседі? Ауаның кедергісін ескермеңіз.

38. Дене белгілі бір биіктіктен құлады. Жерге құлаған кезде оның жылдамдығы 30 м/с болды. Дене қандай биіктіктен құлағанын анықтаңыз.

39. Дене үдеуі жылдамдығымен бағыттас болуы мүмкін бе? Болса қандай жағдайда?

40. Дене үдеуі жылдамдығымен перпендикуляр болуы мүмкін бе? Болса қандай жағдайда?

41. Формуланы толықтырсақ, қандай шаманы анықтайтын өрнек болады ?

42. Формуланы толықтырсақ, қандай шаманы анықтайтын өрнек болады ?

43. Формуланы толықтырсақ, қандай шаманы анықтайтын өрнек болады ?

44. Формуланы толықтырсақ, қандай шаманы анықтайтын өрнек болады ?

45. Траекторияға жанама бойымен бағытталатын шама қалай аталады?

46. Траекторияға жанамамен перпендикуляр бағытталатын векторлық шама қалай аталады?

47. Орын ауыстырудың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама қалай аталады?

48. Траекторияның қисықтық радиусы 2 есе артса, нормаль үдеу қалай өзгереді?

49. Берілген шамалардың ішінен скаляр шаманы көрсетіңіз.

50. Үдемелі қозғалысқа сәйкес графикті көрсетіңіз

51. «Материалдық нүкте өзінің тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сыртқы күштер әсер еткенше сақтайды». Бұл:

52. Дененің инерттілігін анықтайтын шама:

53. Ньютонның 1-заңы басқаша қалай айтылады ?

54. Ньютонның 2-заңын басқаша қалай айтуға болады?

55. Инерция заңын көрсетіңіз.

56. Ньютонның 1-заңының оқылуын көрсетіңіз.

57. Ньютонның 2-заңының оқылуын көрсетіңіз.

57. Ньютонның 3-заңының оқылуын көрсетіңіз.

58. Дененің бір нүктесіне 3 Н және 4 Н екі күш түсірілген. Осы күштердің арасындағы бұрыш /2. Осы күштердің тең әсерлі күшінің модулін табыңыз.

59. Ілгерілемелі қозғалыстағы дененің инерттілік өлшемі …. деп аталады.

60. Үйкеліс күшінің формуланы көрсетіңіз.

61. Денеге басқа денелер тарапынан болатын әсер етуші шама қалай аталады ?

62. Ньютонның екінші және үшінші заңдарының өрнектерін көрсетіңіз

63. Егер бастапқы жылдамдығы 1 м/с екенін ескеріп, 1 с-та жылдамдығын екі есе арттырса, массасы 1 кг денеге қандай күш әсер етеді?

64. Консервативті күш дегеніміз не?

65. Консервативті күшті көрсетіңіз

66. Дисспативті кұшті көрсетіңіз.

67. Дисспативті күш деген не?

68. Динамиканың негізгі теңдеуін көрсетіңіз.

69. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын пайдалана отырып, гравитациялық тұрақтының өлшем бірлігін табыңыздар.

70. Келтірілген формулалардың қайсысы Ньютонның 2-заңын білдіреді?

71. Егер денеге әер етуші күштердің векторлық жиыны нольге тең болса, ол қалай қозғалуы мүмкін?

72. Келтірілген өрнектердің қайсысы ілгерілемелі қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі болып табылады?

73. Ньютонның үшінші заңы қай санақ жүйесінде орындалады?

74. Ньютонның бірінші заңы қай санақ жүйесінде орындалады?

75. Массасы 2 кг денеге 30 Н және 40 Н екі күш әсер етеді. Егер күштер өзара 900 бұрыш жасаса, дененің үдеуі қандай болады?

76. Дене көкжиекпен 600 бұрыш жасайтын көлбеу жазықтықпен сырғанайды. Үйкеліс коэффициенті 0,2-ге тең. Дененің үдеуі неге тең? (g=10 м/с2).

77. Инерттілік дегеніміз не?

78. Жылдамдықтың модулі және бағыты бойынша өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын кинематикалық шама:

79. Егер теміржол вагонының буферінің пружинасын 1 см-ге қысу үшін 30 кН күш қажет болса, оны 4 см-ге қысу үшін қандай күш қажет?

80. Егер шеңбер бойымен бірқалыпты айнала қозғалған дененің сызықтық жылдамдығын қозғалыс барысында 2 есе көбейтсе, онда оның нормаль үдеуі қалай өзгереді? Шеңбердің радиусы өзгермейді деп есептеңіз.

81. Тұрақты жылдамдықпен ұшып бара жатқан ұшақтан жүк тасталған. Ұшаққа байланысты санақ жүйесіндегі тасталынған жүктің траекториясы қандай болады? Ауа кедергісі ескерілмеген.

82. Массасы 2 т дене қандай күштің әсерінен 0,25 м/с2 үдеу алады ?

83. Тұрақты 2 Н күш әсер ететін дене қозғалысының теңдеуі x = 5+2t2 берілген. Дененің массасы?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]