
- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Магистралдық мұнай құбырлары Студенттің пәндік оқу-әдістемелік кешені
- •Алматы 2012
- •© Казахский национальный технический университет имени к.И.Сатпаева, 2012
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Выписка из учебного плана
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.7 Әдебиеттер тізімінің мазмұны.
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау. Бақылау түрлері бойынша рейтинг балдарын бөлу
- •Календарный график сдачи всех видов контроля по дисциплине «Магистральные трубопроводы (1-часть)»
- •Студенттердің білімін бағалау
- •1 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
- •2 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1. Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақ конспектілері
- •2.3 Тәжірибелік сабақтарының жоспары
- •1. Мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау тақырыбына қысқаша шолу (2 сағат).
- •2. Мұнай мен мұнай өнімдерінің физикалық-химиялық қасиеттері
- •3. Магистралды құбырөткізгіштің гидравликалық есептеулерінің
- •4. Магистралды мұнай құбырының технологиялық есебі (2 сағат).
- •5. Мұнай өнімдерін тізбектей айдау (2 сағат).
- •6. Мұнай өнімдерін тізбектей айдау кезіндегі құбырдың технологиялық есебі (2 сағат).
- •7. Тұтқырлығы көп шайырланғыш мұнайды айдау әдістері
- •8. Ыстық құбырөткізгішті гидравликалық есептеу (2 сағат).
- •2.4. Зертханалық сабақтардың жоспары
- •Мұнай құбырлары сабағынан зертханалық жұмысты жүргізген кездегі техника қауіпсіздігі шараларын оқып-үйрену (1 сағат)
- •Мұнай мен мұнай өнімдерінің тығыздығын анықтау (2 сағат).
- •Мұнай мен мұнай өнімдерінің құрамындағы механикалық қоспалар мен лас заттардың бар-жоқтығын анықтау (2 сағат).
- •Мұнай мен мұнай өнімдерінің құрамындағы су мөлшерін анықтау
- •Мұнай мен мұнай өнімдерінің кинематикалық тұтқырлығын анықтау әдісі (2 сағат).
- •Мұнай мен мұнай өнімдерінің шартты тұтқырлығын анықтау әдісі
- •Мұнай құбырын гидравликалық зерттеу (2 сағат).
- •Лупинг пен орнатылымды гидравликалық зерттеу (2 сағат).
- •2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)
- •2.6 Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (сөж)
- •2.8 Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий.
4. Магистралды мұнай құбырының технологиялық есебі (2 сағат).
Тапсырмалар:
Магистралды құбырөткізгіштің технологиялық есебінің тәртібін талдау.
Сорап стансаларының санын табу тақырыбына есеп шығару.
Құбырөткізгіш трассасына трассасына сорап стансаларын орналастыру мысалдарына есеп шығару.
Әдістемелік ұсыныстар: Құбырөткізгіш трассасына трассасына сорап стансаларын салуға нақты рельеф қалай әсер ететіндігіне назар аудару керек.
Негізгі әдебиеттер: 1 нег. [101-122], 3 нег. [71-106] ,
4 нег. [130-139, 158-183]
Қосымша әдебиеттер: 1 қос. [17-55], 4 қос. [12-79]
Бақылау сұрақтары:
1. Технологиялық есептің гидравликалық есептен қандай айырмашылығы бар?
2. Пайдалану бөлігінің бас стансасыдағы арын салудың қандай ерекшілігі бар?
3. Қалыңқы арын мен тегеуріннің ұқсастықтары мен ерекшеліктері қандай?
5. Мұнай өнімдерін тізбектей айдау (2 сағат).
Тапсырмалар:
Мұнай өнімдерінің түйісу аумақтарында пайда болатын қоспаның көлемін табу.
Концентрациялары С3 және С4 болатын қималардың арасында келе жатқан қоспа бөлігінің көлемін табу.
Концентрациялары С3 және С4 болатын қималардың арасында келе жатқан бөліктегі әрбір өнімнің көлемдерін табу.
Әдістемелік ұсыныстар: Мұнай өнімдерін тізбектей айдауды есптеуге арналған бірнеше әдістеме бар екендігіне назар аудару керек.
Негізгі әдебиеттер: 1 нег. [190-217], 2 нег. [81-92], 3 нег. [212-217, 262-265] , 4 нег. [185-186, 197-216] , 5 нег. [3-9, 23-26]
Қосымша әдебиеттер: 5 қос. [35-39]
Бақылау сұрақтары:
1. Мұнай өнімдері түйісу аумағында пайда болатын қоспаның көлемі қалай табылады?
2. Концентрациялары С3 және С4 болатын қималардың арасында келе жатқан қоспа бөлігінің көлемін не себепті табады?
3. Концентрациялары С3 және С4 болатын қималардың арасында келе жатқан қоспа бөлігінің және сол бөліктегі әрбір өнімнің көлемдері қалай табылады?
6. Мұнай өнімдерін тізбектей айдау кезіндегі құбырдың технологиялық есебі (2 сағат).
Тапсырмалар:
Мұнай өнімдерін тізбектей айдау кезінде сорап стансаларының санын анықтау.
Әрбір мұнай өнімі үшін жұмыс нүктелерін табу. Әрбір мұнай өнімін айдау күндерін табу.
Мұнай өнімдерін тізбектей айдау цилдерін есептеу.
Әдістемелік ұсыныстар: Программалау әдістерін қайталау керек, бұл кезде есеп шығару графиктік әдіске қарағанда дәл және тез (программалау уақытын қоса есептегеннің өзінде) орындалатындығына назар аудару керек.
Негізгі әдебиеттер: 1 нег. [205-217], 2 нег. [87-92], 3 нег. [260-266] ],
4 нег. [1183-185, 197-216]
Қосымша әдебиеттер: 1 қос. [79-92], 5 қос. [35-39]
Бақылау сұрақтары:
1. Мұнай өнімі құбырын есептеуге қажет алғышарттар қандай?
2. Экономикалық жағынан ең тиімді құбыр диаметрін таңдау қалай жүргізіледі?
3. Мұнай өнімдерін тізбектей айдау кезіндегі «жұмыс нүктелері» деген ұғым нені білдіреді?
7. Тұтқырлығы көп шайырланғыш мұнайды айдау әдістері
(2 сағат).
Тапсырмалар:
Реологиялық қасиеттері бойынша сұйықтардың жіктелуін атап шығуға дайындалыңыз.
Тұтқыр мұнайларды айдаудың әдістерін атап шығуға дайындалыңыз.
Тұтқырлығы көп шайырланғыш мұнайда болатын жанама кернеуді есептеу.
Әдістемелік ұсыныстар: Тұтқыр мұнайларды айдаудың бірнеше әдістері қатар қолданылуы мүмкін екендігіне назар аудару керек. Нақты мысал келтіріңіз.
Негізгі әдебиеттер: 1 нег. [233-244, 2 нег. [105-115], 3 нег. [278-312]
Қосымша әдебиеттер: 4 қос. [120-236]
Бақылау сұрақтары:
Тұтқыр мұнайларды айдаудың қандай әдістері бар?
Тұтқыр мұнайларды қосқыштармен (присадки) айдау деген не?
Қандай әдістермен тұтқыр мұнайларды алдын-ала өңдейді?