Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_Magistralnye_nefteprovody_Kaz1 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4.92 Mб
Скачать

2.3 Тәжірибелік сабақтарының жоспары

1. Мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау тақырыбына қысқаша шолу (2 сағат).

Тапсырмалар:

1. Қазақстанның дәлелденген мұнай, болжамдалған көмірсутек шикізатының қорлары туралы соңғы деректерді дайындаңыз. Қазақстандағы көмірсутек шикізатының қорларын өдіру, қайта өңдеу және шетке шығару. Қазақстандағы мұнай мен газ конденсаты экспорттарының негізгі бағыттары және көлемдері.

2. Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған мұнай құбырларын қартадан көрсетуге дайындалыңыз және олардың шамамен алғанда іске қосылу жылдарын, мақсатын және өткізу қабілетін айтып шығыңыз.

3. Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған мұнай өнімдері құбырларын қартадан көрсетуге дайындалыңыз.

Әдістемелік ұсыныстар: ҚР-ның жаңадан салынуы мүмкін құбырларына, олардың әлемдегі саяси жағдаймен байланыстылығына, ҚР-дағы көмірсутек шикізатының рыноктарына шығуға бағытталған бәсекелес елдердің таласына назар аударыңыз.

Негізгі әдебиеттер: 1 нег. [4-8], 2 нег. [3-8], 3 нег. [5-16]

Қосымша әдебиеттер: 2 қос. [18-33], 4 қос. [8-10], 5 қос. [9-11]

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстандағы көмірсутек шикізатының қорларын өдіру, қайта өңдеу және шетке шығару туралы соңғы деректерді айтып шығыңыз.

2. Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған мұнай құбырларын қартадан көрсетіңіз.

3. Соңғы жылдарда Қазақстанда қандай мұнай құбырлары салынды?

2. Мұнай мен мұнай өнімдерінің физикалық-химиялық қасиеттері

(2 сағат).

Тапсырмалар:

  1. Әртүрлі температурадағы мұнай мен мұнай өнімдерінің тығыздығы есептеу тақырыбына есеп шығару.

  2. Әртүрлі температурадағы мұнай мен мұнай өнімдерінің тұтқырлығын есептеу тақырыбына есеп шығару.

  3. Әртүрлі тасымал түрлеріндегі қаржы салыну, пайдалану шығындары және келтірілген шығындарды анықтау есептерін шығару.

Әдістемелік ұсыныстар: Тұтқырлық есептеу формулаларының қолдану аумағына назар аудару керек. Қаржы салыну, пайдалану шығындары және келтірілген шығындардың ортақ жақтары мен айырмашылықтарын және олардың мағынасын есеп шығаруға пайдаланыңыз.

Негізгі әдебиеттер: 1 нег. [14-20, 101-103] , 4 нег. [9-45]

Қосымша әдебиеттер: 1 қос. [5-17], 2 қос. [263-282]

Бақылау сұрақтары:

1. Әртүрлі температурадағы мұнай мен мұнай өнімдерінің тұтқырлығын есептеу үшін қандай формулалар қолданылады, олардың әлсіз жақтары қандай?

2. Қаржы салыну, пайдалану шығындары және келтірілген шығындар нені көрсетеді?

3. Ең тиімді тасымал түрі қалай анықталады?

3. Магистралды құбырөткізгіштің гидравликалық есептеулерінің

негізгі формулалары (2 сағат).

Тапсырмалар:

  1. Құбырөткізгіштің гидравликалық ылдиын Дарси-Вейсбах формуласы көмегімен есептеу тақырыбына есеп шығару.

  2. Құбырөткізгіштің гидравликалық ылдиын Лейбензон формуласы көмегімен есептеу тақырыбына есеп шығару.

  3. Құбырөткізгіштегі арынның жоғалуын әртүрлі формулалар көмегімен есептеу тақырыбына есеп шығару.

Әдістемелік ұсыныстар: Гидравликалық ылди сызығы арқылы құбырөткізгіштің кез-келген нүктесіндегі қысымды қалай табуға болатынын ойлаңыз.

Негізгі әдебиеттер: 1 нег. [103-110], 3 нег. [71-99],

4 нег. [130-139]

Қосымша әдебиеттер: 1 қос. [17-55], 4 қос. [13-17]

Бақылау сұрақтары:

1. Блазиус формуласы қалай жазылады?

2. Альтшуль мен Шифринсон формулалары қалай жазылады?

3. Турбулентті үш аумақтың пайда болу себебін түсіндіріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]