Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_Magistralnye_nefteprovody_Kaz1 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4.92 Mб
Скачать

Студенттердің білімін бағалау

Бағалау

Әріптік бақылау

Пайыз бойынша

Балл бойынша

өте жақсы

А

А-

95-100

90-94

4

3,67

Жақсы

В+

В

В-

85-89

80-84

75-79

3,33

3,0

2,67

қанағаттанарлық

С+

С

С-

D+

D

70-74

65-69

60-6

55-59

50-54

2,33

2,0

1,67

1,33

1,0

қанағатсыз

F

0-49

0

Модульдар мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі

1 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:

1. Арын деген не? Оның өлшем бірлігі.

2. Мұнай және мұнай өнімдерінің тұтқырлығы деген не? Кинематикалық тұтқырлық қандай бірліктерде өлшенеді? Динамикалық тұтқырлық қандай бірліктерде өлшенеді?

3. Магистралдық мұнай өнімінің құбырөткізгіштерінде мұнай өнімдерінің айдалуы шамамен қандай жұмыстық қысымда жүргізіледі?

4. Мұнай өнімі температурасының жоғарылауы оның тығыздығына қалай әсер етеді?

5. Құбырөткізгіш арқылы мұнай өнімдерін айдаған кездегі арынның жоғалуы қандай факторлардан болады?

6. Арынның жоғалу есебі қандай мақсатта жүргізіледі?

7. Рейнольдс саны нені анықтайды?

8. Дарси-Вейсбах теңдеуі нені анықтайды?

9. Құбырөткізгіштің гидравликалық ылдиы нені анықтайды?

10. Сораптық стансаның негізгі жабдығына не жатады?

11. Сораптың сипаттамасы қандай тәуелділіктерді байланыстырады?

12. Қандай мақсаттарда тегеуріндік сораптар қолданылады?

13. Магистралды құбырөткізгішке қандай мақсатта лупингтер және орнатылымдар салынады?

14. Магистралды мұнай құбырының технологиялық есебінің алғышарттары қандай?

15. Магистралды мұнай құбырының технологиялық есебі қалай шешіледі?

2 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:

1. Тізбектей айдау кезінде қандай аталған сұрақтар шешіледі?

2. Тізбектей айдау кезінде жұмыс нүктесі қалай табылады?

3. Тізбектей айдау кезіндегі циклдер саны қалай есептеледі?

4. Тізбектей айдау кезіндегі оптимальды циклдер нені белдіреді?

4. Ыстық құбыр жылу оқшаулатқышының оптимальды қалыңдығы деген не?

5. Жылу станцияларының саны қалай табылады?

6. Тізбектей айдау кезіндегі бөлгіштердің қандай түрлері бар?

7. Тізбектей айдауды бақылау әдістері қандай?

8. Мұнай өнімдері түйісу аумағында пайда болатын қоспаның көлемі қалай табылады?

9. Тізбектей айдауды есептеу нәтижесінде сорап стансаларының саны қалай табылады?

10. Сұйықтың ағу қисығы деп не аталады?

11. Тұтқыр мұнайларды айдаудың қандай әдістері бар?

12. Тұтқыр мұнайларды айдаудың ең көп тараған әдісі қандай?

13. Г9П02В радиантты-конвективті пешінің жұмыс принципі қандай?

14. ПТБ-10 пешінің жұмыс принципі қандай?

15. Аралас тәртіпте Шухов формуласы қандай түрге келеді?

Аралық аттестацияға арналған сұрақтар:

1. Қазақстанның негізгі құбырөткізгіштерін атаңыз.

2. Болашақта Қазақстанда қандай мұнай құбырларын салу жоспарлануда?

3. Мұнай және мұнай өнімдердері тасымалының ең тиімді түрі қалай анықталады?

4. Әрбір тасымал түрі үшін пайдалану шығындары қалай анықталады?

5. Әрбір тасымал түрі үшін салынатын күрделі қаржы қалай анықталады?

6. Айдау стансасының технологиялық үлгісі деп нені айтайды?

7. Бас айдау стансасы бас жоспарының сұлбасысын түсіндіріңіз.

8. Құбырөткізгіштің әртүрлі бөгеттерден қандай өтулері бар?

9. Арын деген не?

10. Сораптың арындық (жұмыстық) сипаттамасы деп не аталады?

11. Құбырөткізгіштегі арынның толық жоғалуы қандай себептерден болады?

12. Лейбензон формуласы не табады?

13. Гидравликалық ылди деген не?

14. Біріктірілген сипаттама деген не?

15. Асу нүктесі деген не?

1.9 Курстың саясаты мен процедурасы оқытушылардың студенттерден міндетті түрде сабаққа қатысуын, барлық бақылау түрі бойынша уақытында есеп беру, сабаққа қатыспаған күндерін қайта тапсыру тәртібін талап етуінен тұрады. Бақылау түрлерін тапсыру барысында оқытылатын пәннің бірізділігін сақтау қажет. Әрбір оқушы бақылау түрлерін бірізділікпен тапсырылуын негіздеуі қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]