
- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Магистралдық мұнай құбырлары Студенттің пәндік оқу-әдістемелік кешені
- •Алматы 2012
- •© Казахский национальный технический университет имени к.И.Сатпаева, 2012
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Выписка из учебного плана
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.7 Әдебиеттер тізімінің мазмұны.
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау. Бақылау түрлері бойынша рейтинг балдарын бөлу
- •Календарный график сдачи всех видов контроля по дисциплине «Магистральные трубопроводы (1-часть)»
- •Студенттердің білімін бағалау
- •1 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
- •2 Модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1. Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақ конспектілері
- •2.3 Тәжірибелік сабақтарының жоспары
- •1. Мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау тақырыбына қысқаша шолу (2 сағат).
- •2. Мұнай мен мұнай өнімдерінің физикалық-химиялық қасиеттері
- •3. Магистралды құбырөткізгіштің гидравликалық есептеулерінің
- •4. Магистралды мұнай құбырының технологиялық есебі (2 сағат).
- •5. Мұнай өнімдерін тізбектей айдау (2 сағат).
- •6. Мұнай өнімдерін тізбектей айдау кезіндегі құбырдың технологиялық есебі (2 сағат).
- •7. Тұтқырлығы көп шайырланғыш мұнайды айдау әдістері
- •8. Ыстық құбырөткізгішті гидравликалық есептеу (2 сағат).
- •2.4. Зертханалық сабақтардың жоспары
- •Мұнай құбырлары сабағынан зертханалық жұмысты жүргізген кездегі техника қауіпсіздігі шараларын оқып-үйрену (1 сағат)
- •Мұнай мен мұнай өнімдерінің тығыздығын анықтау (2 сағат).
- •Мұнай мен мұнай өнімдерінің құрамындағы механикалық қоспалар мен лас заттардың бар-жоқтығын анықтау (2 сағат).
- •Мұнай мен мұнай өнімдерінің құрамындағы су мөлшерін анықтау
- •Мұнай мен мұнай өнімдерінің кинематикалық тұтқырлығын анықтау әдісі (2 сағат).
- •Мұнай мен мұнай өнімдерінің шартты тұтқырлығын анықтау әдісі
- •Мұнай құбырын гидравликалық зерттеу (2 сағат).
- •Лупинг пен орнатылымды гидравликалық зерттеу (2 сағат).
- •2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)
- •2.6 Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (сөж)
- •2.8 Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий.
Глоссарий.
Айдау стансасының технологиялық үлгісі (технологическая схема нефтеперекачивающей станции) - мұнай айдауды қамтамасыз ететін байланыстырушы жүйелердің үлгісі.
Арын (напор) – қысым әсерінен сұйықтың пьезометрдегі көтерілу биіктігі.
Асу нүктесі (перевальная точка) - соңғы пунктке мұнай өздігінен ағып келе алатын трассадағы биік жер асу нүктесі деп аталады.
Бөлгіштер (разделители) - тізбектей айдау кезінде құбырөткізгіштегі мұнай өнімдерінің арасын бөліп тұратын сұйық, немесе қатты (серпімді) денелер.
Гидравликалық ылди (гидравлический уклон) - құбырөткізгіштің бірлік ұзындығындағы кедергіде жоғалатын арын, ол құбырөткізгіш бойындағы арынның қалай азайып бара жатқанын анықтайды.
Гидротасымалдау - мұнайды суға қосып айдау. Оның екі әдісі бар: мұнайды сумен бірге спираль кертпелері бар құбырөткізгішпен айналдыра айдау және мұнайдың судағы эмульсиясын (Н/В) тасымалдау.
Көлемдік шығын (объемный расход) - құбырөткізгіштің көлденең қимасы арқылы бірлік уақыт ішінде өтетін мұнай, немесе мұнай өнімінің көлемі.
Қосқыштар (присадки, депрессеранттар) - мұнайдың тұтқырлығын және шайырлану температурасын азайту үшін қосылатын сұйықтар, нәтижесінде депрессор-парафин түріндегі кристалдар пайда болып, ол кристалдар парафиннің тұтқырлыққа тигізетін әсерін азайтады.
Құбырөткізгіш (трубопровод) – қысым әсерінен мұнай, немесе мұнай өнімдерін тасымалдайтын дөңгелек қималы құбырлар жүйесі. Құбырөткізгіш, мұнай өнімдерін өткізгіш түрлерінде болады. Құбырөткізгіш ішкі (өндіріс ішілі, зауыт ішілі, қойма ішілі), жергілікті және магистралды құбырөткізгіштер болып жіктеледі.
Құбырөткізгіштің есептік ұзындығы - бастапқы пункттің және соған ең жақын асу нүктесінің ара қашықтығы.
Құбырөткізгіштің өткізу қабілеті (пропускная способность трубопровода) – оның көлденең қимасы арқылы өтетін өнімнің көлемдік шығыны.
Лупинг - бұл құбырөткізгіштің өткізу қабілетін арттыру үшін оның белгілі-бір ұзындығына паралель салынған өткізгіш.
Манифольд - ысырмалар, кері клапандар, фильтр сияқты жабдықтар орналасатын алаңқай, немесе мекенжай.
Массалық шығын (массовый расход) - құбырөткізгіштің көлденең қимасы арқылы бірлік уақыт ішінде өтетін газ, мұнай, немесе мұнай өнімінің массасы.
Мұнай айдау стансасы (нефтеперекачивающая станса (НПС)) – сорап стансалары, сораптар көмегімен құбырөткізгіште мұнай қысымын тудырады. Бас айдау стансасы және аралық айдау стансасы болады. Аралық айдау стансасының бас стансадан айырмашылығы, онда тегеурін сорап цехтері, резервуар паркы және мұнайды есептеу тораптары болмайды. Егер магистралды құбырөткізгіш 800 километрден ұзын болса, оны ұзындығы 400÷600 км болатын пайдалану бөлімшелеріне бөледі. Пайдалану бөлімшелерінің басында бас айдау стансасына ұқсас (тек резервуар паркының сиымдылығы аздау болады) айдау стансалары орналасады.
Мұнай өнімдерін тізбектей айдау (последовательная перекачка) - бір құбырөткізгіш арқылы әртүрлі мұнайларды, немесе әртүрлі мұнай өнімдерін белгілі бір тәртіппен айдау.
Мұнай өнімдерін ыстық айдау (горячая перекачка) - құбырөткізгіш арқылы тұтқырлығы жоғары мұнайларды қыздырып айдау. Қыздыру сорапты жылу, немесе жылу стансаларында алдымен резервуарларда, сосын жылу алмастырғыштарда (құбырөткізгіштің ішінде) жүргізіледі.
Орнатылым (вставка) - бұл құбырөткізгіштің өткізу қабілетін арттыру үшін оның белгілі-бір ұзындығына тізбектей жалғанған үлкен диаметрлі өткізгіш.
Сораптың, компрессордың, немесе стансаның көлемдік берілісі (объемная подача насоса, компрессора, или станции) - бірлік уақыт ішінде сораптың, компрессордың, немесе стансаның айдайтын газ, мұнай, немесе мұнай өнімінің көлемі. Ол шама осы кешендерден кейінгі жалғасқан құбырөткізгіштің өткізу қабілетіне, немесе сондағы өнімнің көлемдік шығынына тең болады.
Сұйылтқыштар (разбавители) - тұтқырлығы жоғары мұнайды құбырөткізгішпен айдау үшін оған қосылатын тұтқырлығы аз сұйықтар (тұтқырлығы аз мұнай, газ конденсаты, керосин, бензин, беттік-белсенді заттар (ПАВ) қосылған сұйық, сұйық мұнай газдары).
Трассаның сығылған кескіні (сжатый профиль трассы) – вертикаль (тік) масштаб горизонталь (көлденең) масштабтан көп кіші болатын трасса рельефі тік қимасының жоспары (план).
Тұтқыр мұнайларды термикалық өңдеу - алдын-ала қыздыру және белгілі-бір жылдамдықпен суыту арқылы олардың тұтқырлығы мен шайырлану температурасын азайту.
Ысырма (задвижка) - құбырөткізгіштегі өнімді тоқтатып – қосып тұратын жабдық.
Шайырлану (застывание) – құрамында болатын парафин түріндегі заттардың әсерінен мұнайдың сұйық күйден аморфты күйге өтіп, резервуардың, немесе құбырөткізгіштің қабырғаларына шайырлана жабысып, қатып қалу қасиеті, нәтижесінде құбырөткізгіштегі мұнай жүрмей, тұрып қалады.
Шайырлану температурасы (температура застывания) – құрамында болатын парафин түріндегі заттардың әсерінен мұнайдың сұйық күйден аморфты күйге өтіп, резервуардың, немесе құбырөткізгіштің қабырғаларына шайырлана жабысып, қатып қалу температурасы.
Дедвейт (англ. Deadweight) - жүк кемесі таситын айнымалы пайдалы жүктің (отын, жүкте, адамдар) көлемі.
Шартты диаметр - әрқайсысына құбырдың нақты диаметрі сәйкес келетін сандардың шартты нормалық қатары.
Құбырды жерге батыру (заглубление), немесе оның салыну тереңдігі – құбырдың жоғарғы жағынан жерге дейінгі қашықтық; балласт бар жағдайда – балластандыратын құрылымның жоғарғы жағынан жерге дейінгі қашықтық.
Тармақ – тасылатын өнімді құбырдың негізгі бағытынан басқа бағытқа алып кету; құбырға үштікті қосылыс (тройниковое соединение) арқылы жалғанады.
Өту - суасты – өзен, канал, көл және т.б. арналарының асты арқылы жүргізілген құбыр бөлігі; темір- және автожол арқылы – темір- және автожол асты арқылы жүргізілген құбыр бөлігі.
Жерасты жүргізілу- құбырдың жер бетінен төмен орналасуы.
Табиғи бөгеттер – өзен, су қоймасы, каналдар, көл, тоған, бұлақтар, батпақтар, сайлар, арқалықтар; жасанды – темір және автожолдар, электр берілісінің желілері, әртүрлі қилысушы құбырлар.
Есептеу сұлбасы – есептеулерді орындау үшін қабылданатын құбыр құрылымының шартты түрде кескінделуі.
Құбыр трассасы –көлденең және тік жазықтықтардағы проекциясы арқылы анықталатын құбыр өсінің жергілікті жердегі жағдайы.
Қорғаушы қап (футляр) – құбыр кесіп өтетін теміржолдар мен автожолдардың қозғалмалы құрамы тудыратын жүктемелерді қабылдайтын, сонымен бірге осы жолдарды әртүрлі жағдайларда құбырдан шығып кетуі мүмкін тасылатын өнімдерден қорғап қалатын құрылымдар.