Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_Magistralnye_nefteprovody_Kaz1 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4.92 Mб
Скачать

2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары

1. Мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау тақырыбына қысқаша шолу. Мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау тарихы. Әлемдегі және еліміздегі мұнай мен мұнай өнімдерін мөлшері мен бағыттары.

2. Мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау әдістері. Әртүрлі тасымал түрлеріндегі қаржы салыну, пайдалану шығындары және келтірілген шығындар.

3. Мұнай мен мұнай өнімдерін өткізгіштердің жіктелуі. Магистралды

құбырөткізгіштердің негізгі объектілері мен құрылымдары.

4. Мұнай айдау стансаларының технологиялық үлгісі.

5. Мұнай айдау стансаларының негізгі қондырғылары.

6. Арын, өткізгіштік қабілет және беріліс ұғымдары.

7. Құбырөткізгіштердің гидравликалық есебінің негізгі формулалары.

8. Гидравликалық кедергі коэффициентінің Лейбензон формуласы.

9. Гидравликалық ылди ұғымы. Гидравликалық ылди сызығы. Лейбензон

формуласы көмегімен жазылған гидравликалық ылди өрнегі.

10. Асу нүктесі және құбырөткізгіштің есептік ұзындығы.

11. Құбырөткізгіштің арындық сипаттамасы.

12. Біріктірілген сипаттама. Жұмыс нүктесі.

13. Арындар балансы.

14. Магистралды құбырөткізгіштің технологиялық есебі.

15. Құбырөткізгіш өнімділігін арттыру әдістері. Лупинг пен орнатылым.

Олардың гидравликалық ылдилары.

16. Лупинг пен орнатылымдары бар құбырөткізгіш трассасына сорап

стансаларын орналастыру. Станса санын еселеу әдісі.

17. Мұнай өнімдерін тізбектей айдаудың негізгі мәселелері мен сол

кездегі қоспа түзілу механизмі.

18. Әртүрлі факторлардың турбулентті режимдегі қоспа түзілу процесіне

әсері.

19. Мұнай өнімдерін тізбектей айдау кезіндегі қоспаның көлемін анықтау

формулалары.

20. Тізбектей айдау кезіндегі түзілетін қоспа көлемін азайту шаралары.

21. Бөлгіштерді пайдалану. Бөлгіштердің түрлері. Ерекшеліктері мен кемшіліктері.

22. Қатты бөлгіштер (дискілі, манжетті, поршенді және шар бөлгіштер). Бөлгіштерді жіберу және қабылдау қондырғылары, оларды сорап стансасы арқылы өткізу.

23. Тізбектей айдау циклдері. Бөліп-кесу концентрациясы.

24. Тізбектей айдаудың технологиялық есебі.

25. Тізбектей айдауды бақылау әдістері.

26. Тұтқырлығы және шайырлануы көп мұнай мен мұнай өнімдерінің

реологиялық қасиеттері. Ньютонды және ньютонды емес сұйықтар.

Ағу қисықтары.

27. Тұтқырлығы және шайырлануы көп мұнай мен мұнай өнімдерін айдау

әдістері.

28. Термикалық өңделген мұнай мен мұнай өнімдерін айдау.

29. Мұнайды қыздыруға қажетті құрал-жабдықтар.

30. Бу және от қыздырғыш түрлері.

31. Қазақстанның жұмыс істеп тұрған мұнай құбырлары.

32. Көмірсутек шикізатын таситын тасымал түрлері. Артықшылықтары

мен әлсіз жақтары.

33. Мұнай және мұнай өнімдердерін теміржолмен тасығандағы салынатын

күрделі қаржы мен келтірілген шығындар.

34. Мұнай және мұнай өнімдердерін су жолымен тасығандағы салынатын

күрделі қаржы мен келтірілген шығындар.

35. Құбыр тасымалындағы күрделі қаржы мен келтірілген шығындар.

36. Құбыр тасымалында салынатын күрделі қаржыны ескере отырып,

құбырдың ең тиімді диаметрі мен сорап стансаларының санын таңдау.

37. Тізбектей айдауды есептеу нәтижесіндегі шешілетін есептер.

38. Тізбектей айдауды есептеу алғышарттары.

39. Тізбектей айдауды гидравликалық есептеу ерекшеліктері.

40. Тізбектей айдау кезіндегі айдау стансаларының санын анықтау.

41. Тізбектей айдау кезіндегі жұмыстық нүктелерді табу есебі.

42. Ыстық мұнай құбырларындағы турбулентті және ламинарлы ағын

бөліктерінің ұзындығын табу

43. Ыстық құбыр бойындағы жылу стансаларының санын табу

44. Ыстық құбыр бойындағы сорап стансаларының санын табу

45. Ыстық мұнай құбырының жылу тәртібі.

46. Ыстық мұнай құбыры арынының үйкелістегі жоғалуы

47. Ыстық мұнай құбыры үшін сорап түрінің таңдалуы және олардың

санын анықтау

48. Жерасты ыстық мұнай құбыры жылу оқшаулатқышының ең тиімді

қалыңдығы.

49. Жерасты ыстық құбырындағы мұнайдың ең тиімді қыздыру температурасы.

50. Жылу стансаларын магистралды ыстық мұнай құбырының

трассасында орналастыру.

51. Магистралды ыстық мұнай құбырының қыздыру пункттері мен

сорап стансаларының саны.

52. Магистралды ыстық мұнай құбырындағы сорап стансаларын есептеу

алгоритмі.

53. Айдаудың температуралық тәртібін, жылу оқшаулатқыш қалыңдығын,

қыздыру пункттерінің және сорап стансаларының санын оптималдау

есептеріндегі шектеулер

54. Магистралды жерасты ыстық мұнай құбыры үшін есептелген толық

жылу берілу коэффициенті.

55. Аралық стансалалары бар құбырдың тізбектей айдау кезіндегі ең

үлкен өткізу қабілеті.

56. Тұтқыр мұнайларды алдын-ала өңдеу әдістері.

57. Ыстық айдау әдісінің бас сұлбасы.

58. Г9П02В радиантты-конвективті пешінің және ПТБ-10 пешінің жұмыс

принципі.

59. Магистралды ыстық құбырдың технологиялық есебінің өзіндік

ерекшелігі.

60. Магистралды ыстық құбырдағы мұнай ағынының аралас тәртібі үшін жазылған Шухов формуласы.

61. Қазақстандағы негізгі құбырөткізгіштер және мұнай өңдеу зауыттары туралы қысқаша мәліметтер.

62. Мұнай мен мұнай өнімдерінің физикалық-химиялық қасиеттері.

63. Магистралды құбырөткізгіштердің сызықтық құрылымдары мен айдау стансалары.

64. Негізгі және тегеурін сораптар. Кавитация құбылысы.

65. Сораптар мен сорап стансасының арындық сипаттамалары.

66. Арынның жоғалуы. Дарси-Вейсбах формуласы.

67. Құбырөткізгіштегі арынның толық жоғалуы.

68. Гидравликалық кедергі коэффиценті. Ламинарлы және турбулентті ағын аумақтары. Гидравликалық кедергі коэффицентін анықтайтын өрнектер.

69. Құбырөткізгіштегі арынның кедергіде жоғалуын анықтайтын Лейбензонның жалпыланған формуласы.

70. Құбырөткізгіш трассасына сорап стансаларын орналастыру.

71. Магистралды құбырөткізгіштің технологиялық есебінің алғышарттары мен мақсаты.

72. Мұнай өнімдерінің лездік концентрациясының қоспа зонасы бойымен өзгерісі.

73. Тізбектей айдау кезіндегі бөліп-кесу концентрациясы.

74. Тізбектей айдаудың технологиялық есебінің алғышарттары мен мақсаты.

75. Мұнайларды сұйылтқыштармен айдау. Тұтқыр мұнайларды гидротасымалдау.

76. Мұнайларды қосқыштармен (присадки) айдау. Депрессорлы қосқыштар. Қосқыштардың түрлері. Қосқыштардың әсер ету механизмі.

77. Сорапты-жылу стансалары.

78. Ыстық айдау жағдайында қолданылатын сораптар.

79. Тығыздықтың температураға тәуелділігі. Менделеев формуласы.

80. Мұнай мен мұнай өнімдерінің кинематикалық тұтқырлығының температураға тәуелділігі. Вальтер және Рейнольдс-Филонов формулалары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]