
Дәлелді медицина және клиникалық фармакология кафедрасы
Пән:«Дәлелді медицина негіздері»
Курс 3
Мамандығы 051301 «Жалпы медицина»
«ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІНЕН
№10, 11 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚҚА
АҚПАРАТТЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК
Тақырып: «ДМ төртінші және бесінші кезеңі. Алынған мәліметтерді практикада қолдану. Клиникалық аудитты жобалау және өткізу.
Қателерді талдау және қайталама аудитты жоспарлау»
Медициналық көмектің сапасы деп дәрігердің және науқастың өз аралық қатынастағы мазмұнын және қалпын айтуға болады. Бұл арақатынас тек күтілген нәтижеге жетуге бағдарлану керек, ол науқастың дәрігер көмегіне және кәзіргі таңдағы денсаулық сақтау ұйымдағы барлық мүмкіншілікке қанағаттынарлығы. Медициналық көмектің сапасын анықтаудың бір қиыншылығы болып кәзіргі таңда оның ішкі субъективизм болып саналады. Осы қиындықты жеңу ұшін экспертиза бірінғай методологиялық принцип және технологиямен өткізілуі қажет.
Салтты түрде медициналық көмектің сапасы ұш бағыт бойынша бағаланады: құрылым, процесс және нәтиже.
Құрылымды баға өзіне мынандай есеп қояды: сандық жоспар бойынша медициналық көмек көрсетіп жатқан жеке тұлғаның немесе мекеменің мінездемесін анықтау.
Процесстің бағасы денсаулық сақтау ұйымдарының науқастар қабылдап жатқан емдерінің нәтижесіне әсері тиетін кездейсоқ жағдайларға соқтығысып қалуы мүмкіндігін есептейды.
Нәтижені бағалау емнен кейінгі нәтижені оны бақыланып жатқан нәтижелермен салыстыру арқылы анықтайды. Практикада нәтижелік көрсеткіш есебінде медициналық (жалпы сауығып кету көрсеткіші, жазылу, нашарлау және әр маманға тән көрсеткіштер), экономикалық (қаржылықтың тиімділік көрсеткіші, қаржыны жұмсау), социалдық (медициналық көмектің сапасына қанағаттануы) көрсеткіштер болып есептеделі.
Медициналық көмек сапасын бағалау ұшін халықаралық ұсыныстар бар – ол клиникалық аудит.
Клиникалық аудит бұл медициналық көмектің жақсарту ұшін және оның нәтижелерін жүйелік жолу арқылы саплыстыра отыратын өзының нақты критериялары бар сапалы процесс.
Клиникалық аудиттің келесі кезеңдерін анықтайды: аудитке дайындық, критериелерді таңдау, деңгейді өлшеу, жаңаландыруды қолдау және жарату.
Емдік аудитті 10 сатылық жүйе бойынша жұргізіледі:
Жауапкершілікті анықтау;
Емнің көлемін анықтау;
Емнің негізгі аспектерін анықтау;
Әрбір емнің негізгі аспектіне сапалық индикаторларды анықтау;
Индикаторларға табалдырықты орнату;
Мәліметті жинау және оларды топтастыру;
Емді бағалау;
Сапаны жақсарту мәселесін шешу;
Жақсаруды растау және әрекетті бағалау;
Өткізіп жатқан аудиттің мақсатына байланысты сәйкес бағдарламаларға ақпаратты жеткізу.
БДҰ дәрілік заттарды практикада дұрыс қолдану ұшін барлық кұш жігерін салып жатыр. Сол себептен дәрілік заттарды тағайындағанда сандық бағалау әдісін қолдану қажеттілік туындап қалды. Қолданылып жұрген дәрілердің сапасына жеткілікті бағалау туындады. БДҰ халықаралық ұйыммен бірігіп дәрілік заттардың қолдануын бағалау (ДЗҚБ) бағдарламасын емдік мекемеде өңдеп шығарды. Бағдарлама негізгі және қосымша индикаторларды пайдалана отырып кейбір дәрілік заттардың тағайындалуын және қолдануын анализдеу ұшін арналған.
Негізгі индикаторға жоғарғы стандартталған және қолданысты қажет етпейтын базалық индикаторлар жатады. Сол себептен ол индикаторларды дәрілік заттарды зерттеген кезде қосу ұшін ұсынылады. ДЗ қолдануындағы негізгі индикаторлар тез және мықты нешебір аспектерді шешетін қарапайым құрал негізі болып қалады. Оларға жатады:формулярдан алынған ДЗ пайызы, антибиотик тағайындалғаннан кейінгі пайыз, бір дәрігердің қабылдауындағы тағайындалған ДЗ пайызы. Қосымша индикаторлар негізгі индикаторлардың қосымшасы болып саналады. Қосымша индикатордың мысал: жалпы ДЗ бағасының антибиотиктың сомасы, медициналық көмекпен науқастың қанағатанарлық пайызы, ДЗ протоколға сәйкес тағайындалу пайызы.
Медикаментозды терапияның сапасын бағалау. Клинико-фармакологиялық экспертиза.
Медициналық көмектің сапалау жұйесі Қазақстанда 1996 жылдан бастап міндетті түрдегі медициналық сақтандырғыштың енгізу арқасында пайда бола бастады. Сол кезден бастап медициналық көмектің бағалау параметры анықтала бастаған еді. Айып пұл салу жұйесі бар еді, кейін ол медициналық қызметін бағалау және анализге алмастырылды.Сол себептен экспертиза өткізетін критериелер (көрсетілген медициналық көмектің стандартқа сайлығы, медициналық қызметінің сапасын бағалау, науқастардың қанағаттанарлығын зерттеу) өңделіп шығарылды. Медициналық көмектің сапасын бақылағанда ең негізгі проблема технологиялық деңгейде жатады, яғни емді объективті бағалауда. Дәрігер жұмысының 30-70% негізін дәрілік ем тағайындау құрайды, сол себептен медициналық көмектің сапасын бағалау медициналық экспертиза жүргізуді маңызды деп анықталады. Кейбір эксперттер медициналық терапияға экспертиза жұргізген кезде сапаны және оның өлшеу әдісін анықтайтын жалпы критериелер жоқ болғандықтан әр кезде әртүрлі бағалайды.
Осыны ескере отырып медикаментозды терапияны жұргізу ұшін клиникалық фармакологиялық экспертиза өзіндік өңдеу ұсынады.
Медикаментозды терапияның клинико-фармакологиялық экспертизасы
КФЭ экспертиза, анализ және медикаментозды терапияның сапасын бағалау арқылы жұзеге асырылады. Медикаментозды терапияны бағалау, оның жағдай дәрежесінен қарасақ, медикаментозды терапияны анализдеу арқылы беріледі. Ал медикаментозды терапияны анализдеу өз кезегінде медикаментозды терапиясының КФЭ жеке нәтижелерін қарастыру арқылы өткізіледі.
Параметр деп өлшемелі фармакотерапиялық процесстің немесе оның нәтижесін құрамдық бөлігін көрсетіп тұратын ұзілістік өлшемді атаймыз. Индикатор деп анықталған параметрдің ішіндегі фармакотерапиялық процестің немесе оның нәтижесінің бөлігін көрсетіп тұратын ұзілістік өлшемді атаймыз.
КФЭ фармакотерапияның тиімділігін, қауіпсіздігін және тимымдылыгын анализ жұргізуге, медикаментозды терапия бойынша нақты істелген шараларды және жеткізілген нәтижені клиникалық диагностика және емдеу протоколына сәйкестігін салыстыру арқылы негізделген. Және клиникалық, құралдық, лабороториялық нәтиженің, стационарлық немесе амбулаториялық медициналық кітапшасын дәрігерлік жазу нәтижесін анализдеу бойынша жұргізіледі.
КФЭ медикаментозды терапия сапасын бағалау ұшін келесі параметр бойынша жұргізіледі:
Медикаментозды терапияның бекітілген диагностика және емдік (медициналық көмек көрсету дәрежесіне байланысты) клиникалық протоколга сәйкестігін бағалау, негізгі (формулярды) дәрілік затты тағайындалуын бағалау.
Негізгі және қосалқы ауруды ескере отырып дәрілік затты таңдау, оған қоса көрсетілімі жоқ және тиімділігі дәлелденбеген дәрілік заттарды тағайындау, және физиологиялық жағдайды (жүктілік, жасы және т.б.) бағалау.
Дәрілік заттардың енгізу жолдарын және мөлшерін бағалау.
Дәрілік заттардың өз ара қатынасын, кері әсер барлығын немесе пайда болу қаупін, полипрагмазия жағдайын бағалау.
Клиникалық тиімділікті және клиникалыко лабороториялық зерттеу жұргізілген негізінен медикаментозды терапияны бақылауды бағалау.
Көрсетілген параметрлерді бағалау ұшін индикаторлар қолданады.
1-ші параметрді интенсивті бағалау ұшін келесі индикаторлар қолданады:
Медикаментозды терапияның клиникалық протоколға сәйкес келуі;
Негізгі (формулярды) дәрілік затты тағайындау.
2-ші параметрді интенсивті бағалау ұшін келесі индикаторлар қолданады:
2.1 дәрілік анамнез
2.2 медикаментоздық терапияның жұргізуші этиопатогенетикалық факторларға сәйкес келуі.
2.3 негізгі ауруды есепке ала отырып дәрілік затты тиімды тағайындау
2.4 қосалқы ауруды есепке ала отырып дәрілік затты тиімды тағайындау
2.5 науқастың физиологиялық жағдайын есепке ала отырып дәрілік затты тиімды тағайындау
2.6 көрсетілімі жоқ дәрілік затты тағайындау
2.7 тиімділігі дәлелденбеген дәрілік заттарды тағайындау
3-ші параметрді интенсивті бағалау ұшін келесі индикаторлар қолданады:
3.1 дозасын тиімді таңдау (бір реттік, тәуліктік, қолдаушы )
3.2 курстық дозаны тиімді тағайындау
3.3 дәрілік заттардың енгізу жолдарын рациональды таңдау
4-ші параметрді интенсивті бағалау ұшін келесі индикаторлар қолданады:
4.1 бекітілген схема бойынша дәрілік заттардың қосындысын пайдалану
4.2 дәрілік заттардың қосындысының рациональдығы және тиімділігі
4.3 медикаментозды терапияны дұрыс тағайындамағандықтың себебінен пайда болған кері әсері
4.4 кері әсердің пайда болмауын тұзету
4.5 полипрагмазия барлығы
5-ші параметрді интенсивті бағалау ұшін келесі индикаторлар қолданады:
медикаментозды терапияны тұзету
медикаментозды терапияны бағалау
медициналық көмек көрсетіліп жатқанда медикаментоздық терапияның мақсатына жету
Параметрдің әр бір индикаторы келесі шкаламен (баллмен) бағаланады:
«0» рациональды емес, медикаментозды технология дұрыс жұргізілмеген, индикаторлар бойынша нәтижесі теріс; «0,5» индикатор бойынша медикаментоздық технологиясының жартылай сәйкес келуі «1,0» индикатор бойынша нәтижелер оң, медикаментозды технология толық, рациональды жұргізілген.
Медициналық терапияның сапасын анықтау ұшін бес параметрдің әр бір индикаторының қосындалау қажет. Сонда медикаментозды терапияның сапалық интегральды мінездемесі шығады. Индикатордың бағалық қадамын ескере отырып келесі медикаментозды терапияның сапалық интегральды бағасының шкаласын шығарылған: 0,84-1жоғарғы деңгей, 0,68 – 0,83 жақсы, 0,51 – 0,67 орташа, 0,5 және одан төмен – медикаментозды терапия сапасының төменгі деңгей.
Медикаментозды терапия сапасын бағалау ұшін шкалаларды санау технологиясы төменде көрсетілген. Өндірілген индикаторлар фармакоэпидемиологиялық зерттеу жүргізген кезде бағалау критериялар есебінде қолдануға болады.
Денсаулық сақтау мекемелерінде медикаментозды терапияның КФЭ-сын клиникалық фармакология дәрігері немесе клиникалық фармакологиядан тақырыптық жетілдіру өткен дәрігер жұргізу керек.
Медикаментозды терапияның КФЭ ретроспективті және проспективті жұргізіледі.
Проспективті КФЭ денсаулық сақтау мекемелерінде клиникалық фармакология дәрігері кеңес беру жұмыс барысында жұргізілуі мүмкін.
Егер өлім болған жағдайда, асқынулар пайда болғанда, медикаментозды терапияның төмен тиімділігінде, медикаментозды терапия сапасын бағалау барысында сұрақ туындаса және науқас немесе оның туыстары шағымданса міндетті КФЭ жұргізілу қажет.
Кесте №1. Экспертиза жұргізу ұшін параметрлер (индикаторлар) және медикаментозды терапия сапасын анықтайтын шкала
Параметрлер/индикаторлар |
Шкала (баллдары) |
Комментарий (егер индикатордың баллы төмендетілсе) |
1.Медикаментозды терапияның бекітілген диагностика және емдік (медициналық көмек көрсету дәрежесіне байланысты) клиникалық протоколга сәйкестігін бағалау, негізгі (формулярды) дәрілік затты тағайындалуын бағалау. 1.1 Медикаментозды терапияның клиникалық протоколға сәйкес келуі (ия, толық емес, жоқ) 1.2 Негізгі (формулярды) дәрілік затты тағайындау (ия, толық емес, жоқ)
|
|
|
2. Негізгі және қосалқы ауруды ескере отырып дәрілік затты таңдау, оған қоса көрсетілімі жоқ және тиімділігі дәлелденбеген дәрілік заттарды тағайындау, және физиологиялық жағдайды (жүктілік, жасы және т.б.) бағалау. 2.1 дәрілік анамнез көрсетілген (ия, толық емес, жоқ) 2.2 медикаментоздық терапияның жұргізуші этиопатогенетикалық факторларға сәйкес келуі(ия, толық емес, жоқ) 2.3 негізгі ауруды есепке ала отырып дәрілік затты рациональды тағайындау (ия, толық емес, жоқ) 2.4 қосалқы ауруды есепке ала отырып дәрілік затты рациональды тағайындау (ия, толық емес, жоқ) 2.5 науқастың физиологиялық жағдайын есепке ала отырып дәрілік затты рациональды тағайындау (ия, толық емес, жоқ) 2.6 көрсетілімі жоқ дәрілік затты тағайындау(ия, толық емес, жоқ) 2.7 тиімділігі дәлелденбеген дәрілік заттарды тағайындау (ия, толық емес, жоқ)
|
|
|
3.Дәрілік заттардың енгізу жолдарын және мөлшерін бағалау 3.1 дозасын тиімді таңдау (бір реттік, тәуліктік, қолдаушы ) (ия, толық емес, жоқ) 3.2 курстық дозаны тиімді тағайындау (ия, толық емес, жоқ) 3.3 дәрілік заттардың енгізу жолдарын рациональды таңдау (ия, толық емес, жоқ)
|
|
|
4. Дәрілік заттардың өз ара қатынасын, кері әсер барлығын немесе пайда болу қаупін, полипрагмазия жағдайын бағалау. 4.1 бекітілген схема бойынша дәрілік заттардың қосындысын пайдаланылды (ия, толық емес, жоқ) 4.2 дәрілік заттардың қосындысы рациональды және/немесе тиімді болды (ия, толық емес, жоқ) 4.3 медикаментозды терапияны дұрыс тағайындамағандықтың себебінен пайда болған кері әсері (ия, толық емес, жоқ) 4.4 кері әсердің пайда болмауын тұзету өткізілдіме (ия, толық емес, жоқ)
|
|
|
5.Клиникалық тиімділікті және клиникалық лабороториялық зерттеу жұргізілген негізінен медикаментозды терапияны бақылауды бағалау. 5.1 медикаментозды терапияны тұзету өткізілді (ия, толық емес, жоқ) 5.2 медикаментозды терапияны бағалау өткізілді(ия, толық емес, жоқ) 5.3медициналық көмек көрсетіліп жатқанда медикаментоздық терапияның мақсатына жету (ия, толық емес, жоқ)
|
|
|
Ескертпе:№2.6, 2.7, 4.3, 4.5 индикаторларынан басқалары «ия» - 1 балл, «толық емес» - 0,5 балл, «жоқ» - 0 балл балдық шкала осылай бағаланады. Көрсетілімі жоқ, тиімділігі дәлелденбеген дәрілік зат тағайындалса және полипрагмазия, медикаментозды терапияның нерациональды тағайындалғындықтың кесірінен пайда болған дәрілік заттың кері әсері анықталса онда «0» баллы қойылады, ал олар анықталма «1» балл қойылады. 2.4; 2.7; 4.1; 4.3; 4.4; 5.1 индикаторлар бағаланбайды, егер ол индикаторлар жұргізу қажеттілігі жоқ болса. Индикатор 4.1 бағаланады егер дәрілік заттың қосындысын қатаң ұстану қажет болса (мысалы, эрадикалық терапия). Егер 1ші және 2 ші параметрлер теріс нәтиже көрсетсе, онда экспертиза ары қарай жұргізілмейды, медициналық терапиясының сапасы төмен деп есептелінеді.
ҚР медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарды аккредиттеу
Медициналық ұйым жұйесінде актуальды проблема болып медициналық көмектің сапасын көтеру болып саналады. Оны шешу ұшін көптеген жолдар қарастырылған, анықталған механизмдер өңделген, оның ішінде медициналық мекеменің аккредитация жүйесі. Аккредитацияда маңызды орынды медициналық көмектің сапасы анықталған стандартқа сәйкес келуі. Отандық және шет ел авторлары аккредитация сыртқы бақылаудың құралы деп есептейді. Ол ең алдымен, медициналық мекемеге қажет. Бұл нарықтық жағдайда бәсекелестікке қабілеттілікті жоғарлатады. Аккредитациядан өту нақты бір медициналық мекеменің мамандарының өңдірілген ұйымдастырулық, міндеттілік, клиникалық стандартқа сәйкес екендігін көрсетеді, яғни сол мекеменің медициналық көмек көрсету сапасы жоғарғы деңгейде бағаланады.
Аккредитация, лицензиялауға қарағанда, жоғарғы стандартты түсіну қажет, оның мақсаты медициналық қызметтің тиімділігін жоғарлату.
Аккредитацияның бір мақсаты медициналық мекеменің тиімділік жұмысына, медициналық көмектің деңгейін жоғарлатуға қызықтырулы жақтарды біріктіру болып саналады. Ол мақсат тек қана кемшілікті табу ғана емес, сонымен қатар туындаған мәселелерді шешуді қарастырады. Аккредитацияның стратегиясы болып әрекеттегі сапа жақсарту процессін даму үшін мекемеге көмек көрсету, оқыту, жәрдем беру саналады. Оның міндеті өзаралық тәртіп бойынша науқастарды емдеу және күтуді дамыту, мекемеде істейтін кәсіпқой мамандарға сапасына жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік береді.
Денсалық сақтау жүйесінде аккредитация жүйесі көп елде кең таралым тапты. Ең қымбат тәжіриебе АҚШ, Канада және Ұлыбританияда. Аталған елдерде медициналық көмектің сапасын бағалау және анализдеу технологиясына мамандар даярланған.
Атап айтып кету керек, медициналық мекемелердің аккредитация жүйесі денсаулық сақтау мекемелерінің барлық моделінде , әртүрлі қаржыландыру түрлерінде қызмет етеді. Аккредитация мемлекеттік және страховой медициналық ұйымдарында өткізілінеді.
Сонымен қатар, кейбір елдерде аккредитацияны өткізу ұшін мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер бар. Медициналық қызметті тапсырушылар ұшін аккредитация сертификаттары медициналық көмек көрсетудің гаранты есебінде мойындалады. Аккредитация өткізудің қалпы әртұрлі болады – өзіндікбасқарудан бастап кәсіпқойлық бағалау және мемлекеттік тексерулерге дейін.
Оған байланыссыз, аккредитация жұргізген кезде негізгі принциптерді ұстану қажет: арыз берушінің өз еркімен қатысуы, аккредитация стандартына сәйкес өз өзін бағалау, анықталған сапаны стандартқа сәйкес сыртқы бағалау, тек қана бақылау және экспертиза өткізу емес, туындаған мәселені бірге шешу.
Сонымен қатар, кейбір елдерде аккредитацияны өткізу мемлекеттік кепілді іске асыру ұшін медициналық мекемелер ұшін міндет болып саналады. Бірақ басында аккредитация бағдарламасы өзеркіндік, мақсатты, құрылымды бағытталған және конфиденциональды мінезді болған. Кәзіргі кезде негізгі параметрлерде өзгерістер болуы мүмкін, себебі көрсетілген қызметтердің сапасына әсер тигізетін рычаг және құралдар ізденуімен байланысты. Мысалы, Франция және Испанияда өткізілетін міндетті аккредитация, ауруханаға қаржыландыру құқығы беріледі және барлық аурухананы қолдануға ынғайлы стандартпен қамтамасыз етеді. АҚШ, Канада және Австралияда өткізілетін өзеркіндік аккредитация аурухананың халықтық және кәсіпқойлық престижын көтереді, оларға анықталған бәсекелестер алдында артықшылықтар.
Мұндай қызметтің көптілігі ұлттық денсаулық сақтау жұйсінің тиімділігін жоғарлататын аккредитация әдісін іздестіруі ынталығын жоғарлануын куәләндіреді.
Медициналық көмектің сапасын ұзілмей жоғарлауы көбінесе өзіндік баға беру арқасында ішкі аудиттің қызмет етуімен қамтамасыз етіледі. Аккредитацияның стандартын жаңалау және өңдеу барлық қызықтырылған жақ қатысуымен жұзеге асыру. Және олар медициналық көмектің сапасын жоғарлатуына алып келетін жұмыстық стандартқа айналдыра алады.
Ең бастысы болып аккредитацияның сертификаты шектелген мерзімге беріледі, уақыты біткен соң қайтадан экспертиза жұргізіледі.
Медициналық көмектің сапасын жақсарту ұшін және жағдайда анализдеу арқасында шет ел тәжіриебиесіне сұйене отырып көрсетіліп отырған медициналық көмектің деңгейін жоғарлату механизмі ретінде ҚР медициналық мекемелерді аккредитация жұйесін енгізу ұсынылды.
Қазақстан Республикасының аккредитациядан өткізу ұшін заңнамалық және құқықтық базасы.
Ең алғашқы рет медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған аккредиттеу түсінігі 2003 жылгы 4 маусымдағы №430-II ҚР Заңында бекітілген: «Денсаулық сақтау жұйесі туралы: медициналық ұйымдарды аккредитациялауын денсаулық сақтау облысында медициналық, дәрігерлік, фармацевтикалық, ғылыми және білімдік деңгейінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеру ұшін бекітілген мекемемен жұргізіледі»
Осыған сәйкес «Денсаулық сақтау ұйымдарында аккредитациянының Ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 8 қаңтарындағы №15 ҚР Үкіметінің Қаулысы бойынша аккредитация өткізудің тәртібі және ережелері анықталған.
ҚР Президентінің Указы бойынша 2004 жылдың 13 қыркүйегінде №1438 2005-2010 жылдарға арналған денсаулық сақтау сферасын реформирование және даму Мемлекеттік бағдарлама бекітілген. Осы бағдарламада медициналық көмектің сапасын басқару жұйесінде ең басты механизм мемлекеттің ректеуші қызмет есебінде денсаулық сақтау сферасында аккредитация жұйесінің дамуы қарастырылған.
Кәзіргі таңда 2009 жылдың 12 қазанында шыққан №1559 Қазақстан Республикасының Ұкіметінің Қаулысы қолданылады «Денсаулық сақтау жұйесінде аккредитация өткізу Ережесін бекіту»
Қазақстан Республикасында медициналық ұйымдарды аккредитациялау: негізгі принциптері, есебі, қатысушылар
Қазақстан Республикасында медициналық ұйымдарды аккредитациялау: негізгі принциптеріне жатады:
- бағаның объективтігі;
- өзеркіндік;
- аккредитация процессінің ашықтығы;
- науқас құқығын қамтамасыздауға мақсатталған;
- аккредитация және бағалау процессінде алынған ақпаратты конфиденциальность қамтамасыз ету
- медицина саласындағы стандартты қолдану;
- мекемені бағалау нәтижесінде шешілген мәселені шағымдау;
- халықты сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету.
Аккредитацияның есебіне келесілер жатады:
- медициналық көмектің сапсын және қауіпсіздігін бағалау;
- науқастарға қызмет көрсету сапасын жоғарлата білу медициналық мекеменің қасиетін бағалау;
- медициналық көмектің сапасын жоғарлату ұшін практикалық ұсыныстарды қалыптастыру;
- сапаны жақсарту ұшін кез келген кезеңінде кәсіпкерлерді қатыстыру;
- мекемеде медициналық қызметтің сапасын халықтық мойындауын қамтамасыз ету;
- халықтың сенімін кұшейту.
Аккредитацияға қатысушылар болып
- Денсаулық сақтау министрі;
- көрсетілетін медициналық көмектің сапасын бағалайтын комитет;
- Аккредитация өткізетін мекеме (аккредитация коммисиясы);
- аккредитация жұргізілетін медициналық мекеме (предендент);
- Тәуелсіз эксперт;
- медициналық қызметті тұтынушылар;
- технологияны бағалау және стандартизациялау орталығы болып саналады.
Аккредитация процессіне қатысушылар аккредитациянық барлық кезеңінде катынаста болады: стандарты енгізуден бастап денсаулық сақтау ұйымының аккредитация куәлігін алғанша және келесі жүргізілетін кезекті стандартқа дейін. 1 кестеде қарым қатынас схемасы көрсетілген,
К
ҚР ДСМ
ККСОМУ
ТӘУЕЛСІЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ
ЭКСПЕРТТЕР
СЫРТҚЫ БАҚЫЛАУ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
МЕКЕМЕСІ
АККРЕДИТАЦИЯ
БОЙЫНША КОМИССИЯ
СТАНДАРТТАУ
ОРТАЛЫҒЫ
Аккредитация жұргізу алгоритмі
Кез келген процесс сияқта аккредитация кезекті кезеңдерден тұрады, әр кезең өз уақытты болады. Дайындық және өзіндік бағалау кезеңінің алдында мекемеде қызмет сапасын бақылайтын аурухана ішіндік служба қалыптасуы керек (ішкі аудит). Мекеменің көлеміне және оның ішіне кіретін бөлімшелердің санына байланысты ішкі аудит бір эксперттен жеті экспертке дейін құрылуы мүмкін.
Ішкі дайындықты және өзіндік бағалауды өткізу
Мекеменің дайындық дәрежесіне байланысты 3айдан 12 айға дейін созылуы мүмкін. Халықаралық тәжіребиесінің мәліметі бойынша медициналық мекемеге сапаны бағалау және сапа стандартын енгізу кезеңі 12 айдан 24 айға дейін созылады.
Медициналық мекеменің басшысының аккредитация өткізетін мекемеге аккредитациядан өту туралы арыз беруі.
Мекемеде дайындық аккредитация стандарты бойынша өзіндік бағалау технологиясына ұйрету шараларын өткізу және қажет құжаттарды дайындау, ішкі аудит және бөлімше басшылар эксперттерінен жұмыстық топ құрау.
Бұл кезеңде аурухана қызметкерлерін және ішкі аудиттен құрылған жұмыстық топты аккредитация критериясына сәйкес келетін бағалау әдісіне қарасты оқулық семинарлар өткізілінеді, қажет құжаттарды қалыптастырады. Оқулықты өткізу ұшін Орталықтыр және эксперттер жұмысқа тартылады.
Претендент өңделген методология бойынша аккредитация стандартына сәйкес өзіндік бағалау жұргізіледі (деңгей сәйкестігіне ішкі бағалау)
Аккредитация стандарты бойынша өзіндік баға беру ішкі бақылау тобымен өңделген методология бойынша өткізіледі. Ішкі бақылау тобына келесілер кіреді: әр стандарттың блокын өткізуге жауапты профиль бойынша мамандар. Бұл кезеңде тәуелсіз эксперттер қатысуы мүмкін. Тексерудің соңында өзіндік бақылау акті толтырылады, онда барлық мекеменің барлық бөлімшелері көрсетілген. Актка қосымша есебінде стандарттың бағалы кестесі болу керек, одан басқа жоспарлы, мақсатты, рейдтік, жоспарсыз өткен соңғы екі жыл ішіндегі тексеру нәтижесінің жинақты отчеті болу керек. Көрсетілген қалыптар кейінгі жұмыс ұшін сыртқы эксперттерге берілу қажет. Сыртқы эксперттермен өзіндік бағалау кезеңінде ақпаратты жария етілмейтін келісім шартқа қол қойылады.
Кесте 2.Акредитация өткізудің 1-ші кезеңі: стандартты енгізу, өзіндік бақылау (ішкі аудит)
ӨЗІНДІК
Б
АҒАЛАУ
АКТІ
1-ШІ КЕЗЕҢ
2.Сыртқы бағалау
Эксперттік топтың аккрдитацияның стандартын орындаудағы сыртқы бағалауы екі аптадан бір айға дейін созылады.
2.1. 2004 жылдың 8 қантарында №15 ҚР Ұкіметінің қаулысы бойынша бекітілген құжаттар тізіміне сәйкес аккредитация өткізетін мекеме Претендентің құжаттарын тексеріп шығады. Комиссияға өзіндік бағалау Актісі және Жинақтық отчет жіберіледі.
2.2. Сосын аккредитация өткізетін мекеме тәуелсіз эксперттерді қосып сыртқы бағалау жұргізетін топты қалыптастырады. Ол кезде жұмыс көлемін және Предентенттің спецификасы ескеріледі.
2.3. Коммисия және эксперттермен инспекция жоспары құрылады
2.4. Тағайындалынған эксперт топтар мекемеге тәуелсіз экспертиза жұргізі бастайды, аккредитация өтіп жатқан мекеменің аккредитация стандартына сәйкестігін қалыптастырады.
Эксперттік команда кем дегенде 3 адамнан кұрылады. Оның ішіндегінді кем дегенде бір адам аккредитация өтіп жатқан мекеменің саласының маманы болу қажет. Команданың бір мүшесі лидер координатор ролын ойнайды.
Сурет 3. Аккредитацияның 2-ші кезеңі: сыртқы, тәуелсіз экспертиза
П
РЕТЕНДЕНТТІҢ
АРЫЗЫ 1. КОМИССИЯНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ
ҚОРЫТЫНДЫ АКТ