
- •Қызығушылықтырдың дау-жанжал декларациясы
- •Бар клиникалық нұсқауларды іздестіру және оларды сыни көзбен бағалау
- •Методологиялық сапаны жүйеленген бағалануы
- •Дәлелді медицинаның деңгейлері
- •Алынған ақпараттың сыни көзбен талдануы
- •Кн және дех соңғы ваианттарын қалыптастыру (шимай жазба варианттарын құрастыру)
- •Жергілікті шарттарға бейімделетін кн және дех қолдану
- •Шешім қабылдаудың формализацияланған әдістері
Дәлелді медицинаның деңгейлері
Қатерсіз КН және ДЕХ ең маңызды қасиеті – әрбір тұжырым мен ғылыми факттар арасындағы байланыс. Әрбір ұсыныс үшін осы кезде сенімдірек тұжырымдарды сенімділігі төмен тұжырымдардан ажырату үшін белгілі бір «Дәлелділік деңгейіне» ие болады. Дәлелдідіктің белгілі бір деңгейіне ие болуы туралы шешім зерттеулер дизайнының объективті бағасына және олардың сапасына (субъективті бағадан жоғары), нәтижелерінің бірыңғайлылығына, олардың қолданылуы мен клиникалық мағызына базаланады (3 кестені қараңыз). Ұсыныс дәлелдігінің деңгейі – бұл тәжірибе үшін МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ емес, оның негізінде жатқан ғылыми фактілердің СЕНІМДІЛІГІ атап өткен жөн. Басқа сөзбен айтқанда дәлелділіктің деңгейі тәжірибеде ұсынысты қолданған жағдайда қажетті нәтижеге жету қаншалықты мүмкін екендігі туралы түсінік береді.
Ұсыныс дәлелдігінің деңгейі келесі факторлармен анықталады:
Зерттеу типі (дизайны);
Зерттеулер саны және енгізілген науқастардың саны;
Нәтижелердің гетерогенділігі (барлық нәтижелер бірбағыттас болғанда, қолайлы);
Нәтиженің және оның түрленуінің клиникалық маңыздылығы (сенімділік интервалы тар болғанда, қолайлы)
Қызықтыратын популяцияға зерттеу нәтижелерінің қолданылуы (төзімділігі, жинақтауы)
Алынған ақпараттың сыни көзбен талдануы
Дәлелдемелерді сұрыптау, жинақтау және сыни көзбен бағалау бойынша жұмыс – жұмыстық топ жеке ұсыныстарды қалыптастыруғы кіріспес бұрын шешілетін жеке есеп болып табылатынын атап өту керек.
Табылған дәлелдемелердің шынайылығы мен қолданылуы зерттеулер өткзілген науқастар тобының ғылыми зерттеулерінің және сипаттамаларының методологиялық сапасына тәуелді. Бүгін медицинада ғылыми зерттеулердің дәлелділік деңгейлерінің иерархиясына қатысты консенсус бар. Зерттеуде жүйеленген қателіктің пайда болу мүмкіндігі неғұрлым төмен болса, соғұрлым оның қорытындылары сенімді болады және соғұрлым белгілі бір сқрағ бойынша дәлелдемелердің бүкіл спектрін қарастырғанда ол едәуір салмаққа ие.
Клиникалық сұрақтың алуантүрлілігі зерттеудің қолайлы дизайнын бұйырады. Осылайша, рандомизацияланған клиникалық зерттеулерді жүйеленген шолуы – емдеу немесе алдын алу араласулар нәтижелілігінің дәлелдемелерінің ең сенімді көзі. Диагностикалық тестер немесе ауру болжамының сенімділігіне қатысты клиникалық сұрақтарға шынайы жауаптар басқа типті зерттеулерде алынуы мүмкін ( 2 кестені қараңыз).
Кесте 2. Клиникалық сұрақтардың алуан түрлілігі және оған сәйкес зерттеулердің қолайлы типтері
Клиникалық сұрақ |
Зерттеудің қолайлы типі |
Емі |
Рандомизациялық бақыламалы зерттеу* |
Сырқаттылық /таралуы |
Популяцияны бірсәттік зерттеу |
Этиологиясы/қауіп факторлары |
Когорталық зерттеу |
Болжамы |
Когорталық зерттеу |
Тесттің диагностикалық құндылығы |
Популяциядан кездейсоқ немесе кезекті таңдаманы қолданумен бірсәттік зерттеу |
*Кейбір жағдайларда РБЗ өткізу тәжірибелік себептерге (хирургиялық араласулардың кейбір түрлері) немесе этикалық түсініктерге (мысалы, балаларда) байланысты мүмкін емес
Клиникалық сұраққа жауаптарды іздестіру зерттеулердің ең дәлелді типтерінен бастайды, ақпараттың жоқтығы немесе жеткіліксіздігінде дәлелдігі төменіректерді іздестіруге өтеді. Егер сұраққа жауап беру үшін РБЗ қатерсіз жүйеленген шолуы табылса, онда іздестіру аяқталады, өйткені сенімділігі төмен ақпарат өте көп болғанда, одан бас тартқан жөн.
Алынған мақаланың әрбіреуі КН және ДЕХ құрастыру бойынша жұмыстық топтың кем дегенде екі қатысушымен талданады. Жарияланым сапалығының деңгейіне және оны бүкіл жұмыстық топпен қарастыру ұтымдылығына қатысты күмәндер пайда болған жағдайда сарапшылармен консультациялар өткізіледі. Жарияланымдарды талдауының мақсаты мәселенің таңдаулы басты бөлімдеріне, сонымен қатар енгізу\шығарудың критерийлеріне сәйкестілігін бағалау болып табылады. Іздестірулік міндеттергі жауап бермейтін, сонымен қатар методологиялық көзқарас бойынша сапасыз мақалалар алып тасталады.
Методологиялық сапаның критерийлері ретінде Торонтодағы Мак-мастер Дәлелді медицина университетінің (McMaster University) Канадалық ұсыныстарын қолдануға болады. .