
- •Қызығушылықтырдың дау-жанжал декларациясы
- •Бар клиникалық нұсқауларды іздестіру және оларды сыни көзбен бағалау
- •Методологиялық сапаны жүйеленген бағалануы
- •Дәлелді медицинаның деңгейлері
- •Алынған ақпараттың сыни көзбен талдануы
- •Кн және дех соңғы ваианттарын қалыптастыру (шимай жазба варианттарын құрастыру)
- •Жергілікті шарттарға бейімделетін кн және дех қолдану
- •Шешім қабылдаудың формализацияланған әдістері
Дәлелді медицина және клиникалық фармакология кафедрасы.
«Дәлелді медицина негіздері» пәні.
Курс 3
Мамандығы 051301 «Жалпы медицина».
«ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА НЕГІЗДЕРІ» БОЙЫНША № 13 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ-ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК .
Тақырыбы: «Клиникалық нұсқаулар: анықтамалары, өңдеу мен тәжірибеге енгізудің негізгі қағидалары. Клиникалық нұсқаулардың артықшылықтары мен кемшіліктері»
Негізгі қысқартулардың тізімі:
ҚР – Қазақстан Республикасы
ДДҰ – Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы (WHO)
КН - клиникалық нұсқаулар
ДЕХ – диагностикалау мен емдеудің хаттамалары
GIN – клиникалық нұсқаулар мен хаттамалар өңдеушілердің Халықаралық желісі (Guidelines International Network)
SIGN – клиникалық нұсқауларды құру бойынша Шотландиялық халықаралық желісі (Scottish Intercollegiate Guidelines Network)
NZGG – клиникалық нұсқауларды өңдеушілердің Жаңазеландиялық тобы (New Zealand Guidelines Group)
МКБ-10 – оныншы қайта қараудың ауруларының Халықаралық жіктемесі
SNOMED – Жүйеленген медициналық номенклатура (Systemized Nomenclature of Medicine) (АҚШ)
AGREE - Appraisal of Guidelines Research and Evaluation / Нұсқауларды Сараптау мен Аттестациялау бойынша сұраушы
RCC – Рид клиникалық кодтарының жүйесі (Read Clinical Codes) (Великобритания)
ДМ – Дәлелді медицина
ТЖА – теміржеткіліксіздік анемиясы
АГ – Артериалдық гипертония
РБЗ – Рандомизацияланған бақыламалы зерттеулер
Кіріспе
өткен ғасырдың ортасынан бастап, медициналық көмек сапасының жоғарылауы дүние жүзі бойынша көптеген елдердің денсаулық сақтау жүйелері жұмысының приоритеттік бағыттарының бірі бола. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауында медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде сапасын басқарудың комплекстік және нәтижелі жүйені қалыптастыруға қажеттілік туды. Бұл жүйені тудырмай, ұлттық жүйенің едәуір дамыған елдердің деңгейіне жақындауға керек критерийлері бойынша із басу мүмкін емес. Бұл кез Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына әржылдық жолдауында «Қазақстаннның дүние жүзінің едәуір бәсекелестікке қабілетті елдерінің 50-іне кірудің стратегияларында» көрініс берген. Стратегияның бір пункті саланың әрі қарай нәтижелі дамуы үшін денсаулық сақтау сферасын ұйымдастырудағы қазіргі қағидалар мен стандарттарға өту қажеттілігіне арналған.
ДДҰ сараптаушыларының пікірі бойынша денсаулық сақтау жүйелерінің сапасы халықтың денсаулығын жақсарту және әділеттік күтуіне сәйкестіліктегі құнды мақсаттарына жету деңгейі ретінде анықталады. Халық денсаулығының жағдайы науқастарға көрсетілетін көмек қаншалықты әсерлі екендігіне (яғни, ол денсаулық мәселелерін қаншалықты шешеді), жұмсалған қаржысы бойынша нәтижелі екендігіне (яғни, науқас қажеттілігі жоқ көмек түрлерінен құтқарылған) және қауіпсіздігіне (яғни, науқасқа көрсетілетін көмек оған зиян келтірмейді).
90-ыншы жылдардың басына дейін науқасты клиникалық жүргізу белгілі дәрігердің прерогативасы болып табылған. Осымен байланысты дүние жүзінің түрлі елдерінде және түрлі мекемелерінде өзінің әдістемелері болған, бұл сапаны бақылауды өткізуді едәуір қиындатқан.
Медициналық көмек көрсетуді басқару жүйелерін тудыру стандартталған клиникалық нұсқауларды және диагностикалаудың және емдеудің хаттамаларын өңдеудің қажеттілігін шарттаған (КН және ДЕХ).
Көптеген елдерде клиникалық нұсқауларды және диагностикалау және емдеудің хаттамаларын өңдеудің ұлттық бағдарламалары оларды тудырудың егжей-тегжей методологиясымен бекітілген, ал 2002 жылы клиникалық нұсқауларды өңдеудің методологиясы ДДҰ-мен де дайындалған. Одан гөрі, 2002 жылы 56 мемлекеттердің ішінен өңдеушілер кірген клиникалық нұсқаулар мен хаттамалар өңдеушілердің Халықаралық желісі– Guidelines International Network (GIN)- құрылған болған.
Қазір Қазақстан Республикасында реформалаудың Мемлекеттік бағдарламасын және денсаулық сақтауды дамытуды іске асыру аясында, сонымен қатар 16.02.2004ж. бекітілген «Денсаулық сақтау облысында стандартизациялау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы бойынша, денсаулық сақтау облысында ҚР денсаулық сақтау Министрлігі кейпінде өкілетті өкіл арқылы (әрі қарай – өкілетті өкіл), КН және ДЕХ белсенді өңдеу және медициналық тәжірибесіне енгізу өткізіледі.
КН және ДЕХ өңдеуге қажетті негізгі, денсаулық сақтауда сапаны қамтамасыз ету бойынша қазіргі талаптарға жауап беретін критерийлердің бірі дәлелді медицина әдістері мен қағидаларын кең қолдану – клиникалық ақпаратты сыни бағалудың негізгі фундаменті ретінде дұрыс орындалған қазіргі ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тарту болып табылады. Қауіпсіздік, нәтижелілік және құны жағынан дәлелді медицина қағидаларын денсаулық сақтау тәжірибесіне енгізу медициналық көмектің сапасын жақсартуды алдын-ала қарастырады. Қазіргі ғылыми-негізделген медициналық тәжірибе дәрігерден аурулардың диагностикасы, нәтижелі емді тағайындау, теріс араласуларды азайту тек сенімді ақпаратқа негізделуін талап етеді.
Дүние жүзінде бүгінгі күні хаттамалар мен нұсқауларды құруда шынайылық пен жоғары сапаны қамтамасыз ететін бірнеше әдістеме өңделген. Мысалы, медицинаның Американдық институтымен (US Institute of Medicine) ұсынылған «қолайлы КН қажетті элементтері; КН құру бойынша арнайы нұсқаулар (SIGN, NZGG, WHO және т.б. өңделген); клиникалық нұсқаулардың бағалануы мен дайындалуын унифицирлейтін AGREE халықаралық сұраушысы.
Осылайша, дәлелді медицина жағынан жүзеге асатын диагностика мен емнің хаттамаларын және клиникалық нұсқауларды өңдеу методологиясы бірінші кезекте шынайы және қазіргі ғылыми дәлелдемелерді іздестіру және жүйеленген жинақтауға сүйенуі керек. Бұл жаңа және шынайы ақпаратты есепке алумен интуиция, квалификация, абыройлы әріптестердің пікірі, баршаға танымал нұсқаулар мен анықтама берушілерге ұсыныстар және т.с.с. көптеген субъективті факторларда дәрігердің шешіміне әсерін жақсартуға немесе төмендетуге мүмкіндік береді.
КН және ДЕХ өңдеуге ұсынылатын қазіргі талаптар: |
1) КН және ДЕХ өңдеу қоғам ішінде едәуір жиі кездесетін және әлеуметтік тұрғыдан емдеу және алдын-алуда едәуір қолайлы клиникалық соңын қамтамасыз ету үшін өткізіледі. |
2) КН және ДЕХ қалыптастырудың процесі бірінші кезекте клиникалық қызмет тұтынушыларының қызығушылықтыры мен сұраныстар есебінде негізделеді. |
3) КН және ДЕХ әр ұсыныс дәлелдемелілігінің жоғары дәрежесін қамтамасыз етумен ең жаңа қазіргі кездегі ғылыми мәліметтер есепке алынып құрылуы керек. |
4) Құрылатын КН және ДЕХ құрылымы қарапайым, түсінікті, басылған және электрондық форматтарда жеңіл іске қосылатын болуы қажет. |
5) КН және ДЕХ өңдеу, енгізу және мониторингі кезінде өмірге едәуір қабілетін қамтамасыз ету үшін КН және ДЕХ мәліметтері қызмет атқаруы аясында бар денсаулық сақтау жүйесінің шынайы экономикалық, клиникалық , әкімшілік және тағы басқа шарттарды есепке алу керек. |
6) КН және ДЕХ қолдану кезінде жеке науқастың ерекшеліктеріне жеңіл адаптациялау қажет. |
7) Клиникалық тәжірибеге КН және ДЕХ енгізуден кейін тәжірибелік денсаулық сақтаудың әрекетіне әсерін бағалау және олардың нәтижелілігінің үздіксіз мониторингін іске асыру керек. |
8) Бар КН және ДЕХ үшін жаңа ғылыми дәлелдемелерді есепке алумен тұрақты кезеңділік қайта қарастыру және жаңартуды өткізу керек. |
Рисунок
1. Хаттамалар
Процесс
разработки протоколов диагностики и
лечения и клинических руководств.
КН және ДЕХ құру процесі дұрыс ойланылып, жүйеленген болуы қажет және стандарттық баршылықпен қабылданған және ғылыми тұрғыдан негізделген,өңдеу процесінің айқын эволюциялық алгоритмдерін қолдана отырып, елдегі бар тәжірибе және осы облыста шетел істелген жұмыстарды пайдаланумен жолдама құжаттардың бүкіл пакетін өңдеуді қамтиды (рис. 1).
КН және ДЕХ өңдеудің формализацияланған (стандартизацияланған) процесі оларды тудыруына арналған уақытша және қаржылық шығындарды едәуір қысқартуға рұқсат беріп, олардың сапасында оң көрініс беруі керек. Одан басқа, бір жақты әдіс-амал нұсқауларды құру процесінің мөлдірлігін қамтамасыз етеді.
КН және ДЕХ өңдеуді ұйымдастыру
КН және ДЕХ құру – ұзақ уақытты талап ететін күрделі процесс. Оларды өңдеудің мерзімдері мынаған тәуелді өзгеруі мүмкін: сыни бағаланған әдебиет тақырыбына қатынасы бар зерттелетін ақпараттың көлемі КН және ДЕХ сараптамасының ұзақтығы, сонымен қатар өкілетті өкілмен бекітілуге қажетті уақыт ең бастысы, жұмыстық топ мүшелеріне шамадан тыс жүктеме түсуі (кесте 1).
Кесте 1. КН және ДЕХ өңдеуінің болжамалы уақыты *
Жұмыстық топты қалыптастыру, тақырыпты таңдау |
КН және ДЕХ іздестіру, меншікті КН және ДЕХ проекттерін жинақтау және өңдеу |
Апробация |
Клиникалық сәйкестілік ісін аяқтау және бағалау |
Сараптама және бекіту |
|
КН үшін |
ДЕХ үшін |
||||
1 ай. |
6 ай. |
3 ай. |
6 ай. |
1 ай. |
1 ай. |
*адаптировано из - SIGN 50: A guideline developers’ handbook. Scottish Intercollegiate Guidelines Network, February 2001.
Одан басқа біріншілік дайындық және келісімді жұмыс, мысалы, КН және ДЕХ құру туралы өкілетті өкілдің бұйрығымен анықталған, КН және ДЕХ өңдеу үрдісінің басына дейін өткізілуі керек. Үрдістің әр қадамдық кезеңдері ойланылуы қажет, бұл жұмыстың осы немесе басқа кезеңінде әрекетшіл негізгі қатысушылар анықталуы керек, белгілі КН және ДЕХ құру және еңгізу үрдісіне қажет керекті ресурстар мен құралдар есептелуі тиіс. Негізгі қатысы бар жақтар өкілдерінің белсенді әрекеттері, бірінші кезекте осы сұрақтарды реттейтін денсаулық сақтаудың өкілеттік өкілінің жоғары қызығушылығы қажет.
Қазіргі денсаулық сақтау талаптарының көпшілігіне жауап беретін бағалы нұсқаулар мен хаттамаларды құру үшін түрлі құрылымдарды тартады: денсаулық сақтау министрлігінен науқастар, түрлі бағыттағы тәжірибелік клиницистердің үкіметтік емес ассоциацияларына дейін, соның ішінде ҒЗИ және медициналық ОЖЖ – дан бас мамандар, клиникалардың бас дәрігерлері, сонымен қатар денсаулық сақтаудың бірінші қатарының тәжірибелік дәрігерлері және орташа медициналық қызметкерлер.
Хаттамалар мен нұсқауларды құру бойынша әрекет координациясы денсаулық сақтау облысында өкілетті өкілмен(әрі қарай - өкілетті өкіл) конкурстық негізде немесе өкілетті өкіл немесе басқа жауапкер ұйымның құрылымында арнайы бөліммен анықталатын белгілі бір басты ұйым арқылы іске асуы керек. Оның жұмысы аясында жеткілікті қаржылық және материалдық ресурстардың бары алдын ала қарастырылған жөн, жоғары квалификациялы қызметкерлер және жақсы дамыған инфрақұрылым болуы керек. Сонымен қатар осы ұйым жеткілікті абыройға ие болу керек және денсаулық сақтау министрлігі және басқа қызығушылығы бар ұйымдардың, соның ішщінде халықаралық медициналық бағдарламалар мен жергілікті дәрігерлік ассоциациялар өкілділігінің қолдауына ие болу керек.
Барлық құрастырылатын хаттамалар мен нұсқаулар сараптамадан өтілулері қажет тәжірибеге еңгізілместен бұрын денсаулық сақтауда стандартизациялау бойынша кеңеспен мақұлдануы керек. Республиканың бүкіл территориясында құрастырылатын хаттамалар мен нұсқауларды қолдану біркелкілігіне жетпесе, мамндардың күштері босқа жұмсалуы мүмкін.
Сонымен қатар КН және ДЕХ құрастыру және іске асыру бойынша негізгі жұмысты жүзеге асыратын басты ұйым, ең алдымен осы үрдісті қамтамасыз ететін құжаттардың қажетті пакетін дайындап оларды өкілетті құрылымдарда бекітеді, және де КН және ДЕХ өңдеу және қолдану сұрақтарын қозғайтын бар заң беруші базасының бөлшекті талдауды өткізеді.
КН және ДЕХ тақырыбын анықтау
Хаттамалар мен нұсқаулардың құрастырылатын топтарының тақырыбын анықтау тәжірибелік денсаулық сақтау үшін едәуір көкейтестілік және қажеттілікпен шарттанады. КН және ДЕХ тақырыптары медициналық көмектің сапасын шынайы жақсарта алатын медицина облыстарын қозғауы керек. КН және ДЕХ өңдеуге арналған нозологиялар тізімі келесі негізгі параметрлер бойынша өкілетті өкілдің сараптамалық кеңеспен анықталады: таралуы/ сырқаттылық, асқынулар мен өлімнің жоғары деңгейі, әлуметтік маңыздылығы (еңбекке қабілеттілікті жоғалтудың, мүгедектіктің жоғары деңгейі), экономикалық жұмсаулылық, бар әдіс-амалдардың, т.б. бар өзара қарама –қайшылығы. Осы тізімге сүйеніп, сарапшы кеңес құрастырылатын КН және ДЕХ, сонымен қатар олардың форматының қажетті тізімі және кезектілігін бекітеді.
КН және ДЕХ тізімін құрастыру, мысалы, АХЖ, SNOMED, RCC және т.б. сияқты бар халықаралық жіктеушілер аурулардың каталогизаторлардың базасында негізделуі керек. Негізінде хаттамалар мен нұсқаулар өңделетін көкейкесті нозологияларды таңдау объективті әдістердің ішінен жоғары жұмсаулылығы немесе едәуір әлеуметтік маңыздылыққа ие қандай да бір ауру кездесушілігінің жиіліктік талдауы бойынша таңдаманы қолданған тиімді.
КН және ДЕХ өңделетін едәуір маңызды тақырыптарды таңдау үшін келесі критерийлерді қолданған жөн:
Еміне және оның нәтижелеріне әдіс-амалдарының айырмашылықтарымен бекітілетін аурулардың диагностикасы, алдын-алуы және еміне жалғыз көзқарасының жоқтығы;
Өлім-жітімнің және асқынулар даму жиілігінің төмендеуіне әкелуге қабілетті емнің дәлелді нәтижелі әдістердің бары;
Ятрогенді асқынулардың пайда болуының жоғары қауіптілігімен байланысты араласулардың болуы;
Бұл тақырып бойынша Қазақстанда ұсыныстарды құрастыру сәтінде ДМ-ға негізделген КН және ДЕХ жоқ .
КН және ДЕХ өңдеудің басталуына дейін олардың мақсаты, қарастырылатын мәселелер шеңбері, сонымен қатар олардың тапсырыс берушілердің соңғы өніміне ұсынылатын талаптар сипатталынған болуы керек.
Уақыттың қандай да бір кезеңінде ізделетін нозологиялардың көпшілігі бойынша республикалық бағыну ұйымдары және шетел мекемелерімен клиникалық нұсқаулар мен хаттамалар құрастырылған болатын. Олар бар құжаттар сапасында берілген және жергілікті шараларға бейімделуі мүмкін.
Жұмыстық топты құрастыру
Құрастырылатын хаттамалар немесе нұсқаулардың тақырыбы мен тізімдерін бекіткен соң, басты ұйым нұсқаулар мен хаттамаларды өңдеу бойынша жұмыстық топтарын қалыптастырады. Құрастырылатын хаттамалар немесе нұсқаулардың тақырыбы мен тізімдерін бекіткен соң басқарушы ұйым нұсқаулар мен хаттамаларды өңдеу бойынша жұмыстық топтарды қалыптастырады. Қазіргі КН және ДЕХ мультипәндік өнім болып табылады, сондықтан барлық басты және қызығушылығы бар мамандықтардың өкілдерін, сонымен қатар науқастарды өңдеу үрдісіне тарту КН және ДЕХ құрастырудың едәуір маңызды аспектілерінің бірі болып табылады. Жұмыстық топты құрастыру кезінде оның мүшелерін және олардың біліктілігінің бағалауының формализацияланған әдістерін қолдану керек. Жұмыстық топтың қатысушысы ДМ облысында арнайы дағдыларға ие болуы қажет, бұл үшін КН және ДЕХ өңдеу жұмысына кіріспес бұрын, оған алдын-ала қысқаша оқу өткізіледі.
КН және ДЕХ науқастарды емдеу мәселелерінен оқшауланған тек ғалымдар және үлкен мамандармен ғана құрастырылмауы керек, өйткені егер КН және ДЕХ дәрігерлердің көпшілігінің күнделікті жұмысында көрініс бермесе, олар сол қалпы жетуге мүмкін емес атын стандарт болып қалады.
КН және ДЕХ құрастырушылар тобына түрлі мамандарды енгізу келесіге кепіл береді:
науқасты емдеудің барлық кезеңдеріне қатысқан барлық медициналық мамандықтардың өкілдерінің енгізілуі;
ғылыми дәлелдемелерінің тақырыбына қатыстылар анықталған және сыни көзбен бағаланған;
КН және ДЕХ тәжірибелік қолданудың мәселелері анықталған және қарастырылған;
Қызығушылығы бар топтар КН және ДЕХ-рын, құрастырылуына өздері қатысқан, араласудың сенімді құралы ретінде қарастырылады, бұл КН және ДЕХ енгізу және қолдану кезінде олар қызмет етеді.
Жұмыстық топтың сандық құрамы түрлі масштабтарда түрлендірленеді және орташа есеппен алғанда 10-20 адамды құрайды. Одан басқа ол КН және ДЕХ өңдеу үрдісінде өзгеруі мүмкін. Қажет дегенде бір бағдарлама аясында қызмет ететін түрлі профилдердің бірнеше жұмыстық тобы құрастырылуы мүмкін. Жұмыстық бағдарламаларды құрастыру кезінде нәтижелі жұмысқа қажетті топтың қолайлы құрамы мен қатысушы ұйымдардың қажетті саны арасында ымырға жетілуі керек.
Мамандарды анықтау және олардың жұмыстық топ құрамына қатысу мүмкіндігі үшін қызығушылығы бар барлық басқарушы медициналық мекемелермен, ғылыми орталықтармен және кәсіби дәрігерлік ассоциацияларымен консультацияларды өткізген жөн. Осы кезде толық бағалы КН және ДЕХ өңдеу үшін жұмыстық топтар құрамына келесілердің кіретінін есепке алу керек:
1) медициналық көмекті ұйымдастыру үрдісінің терең ғылымдарымен мамандар (денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар);
2) өңделетін нұсқаудың тақырыбына сәйкес клиникалық тәжірибесі бар мамандар (денсаулық сақтаудың тәжірибелік бөлімінің өкілдері);
3) консультанттар: өңделетін тақырыптама мен аралық пәндердің басқарушы ғылыми қызметкерлер және аймақтық сарапшылар, клиникалық фармакологтар және басқа мамандар;
4) ғылыми ақпаратты іздестіру, жинақтау және сыни көзбен бағалаудың дағдыларына ие методологтар (дәлелді медицина бойынша мамандар);
5) науқастарды ұсынатын кәсіби ассоциациялардың, ұйымдардың, науқастардың өкілдері, орташа медициналық қызметкерлер және сәйкес мамандықтардың басқа медициналық қызметкерлері .
Жұмыстық топтың қатысушылары аталған бес облыстардың әрқайсысында болуы міндетті емес. Қатысушылардың көпшілігі бір немесе екі облыстардың мамандары болуы мүмкін, бірақ КН және ДЕХ бойынша жұмыстың белгілі кезеңдерінде олардың білімдері мен тәжірибесі бағалана алмайтын маңызды. Одан басқа мүмкіндігінше Қазақстанның түрлі аймақтарынан мамандардың қатысуын қамтамасыз ету керек. Одан басқа жұмыстық топтың әрекетінде мойындалған абыройларына деген акценттен аулақ болып, құқықтардың жалпы тепе-теңдіктік қағидасын ұстану керек, статустарына тәуелсіз барлық қатысушылары үшін бірдей шарттармен қамтамасыз ету қажет. Осының аясында топ қатысушысының статусы мен оның талқылауға үлесінің деңгейі арасында айқын байланыс және «мойындалған приоритеттері» жоқ, «тепе-теңдіктегі топ» қағидасын ұстану орнығуы керек.
Жұмыстық топтың құрамына әрекеті денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және жоғары сапасымен қамтамасыз етумен байланысты халықаралық ұйымдардың өкілдерін енгізген жөн
Сонымен қатар, мүмкіндігінше, нұсқаулар мен хаттамаларды құрастыруда науқастардың қызығушылықтарын есепке алу және қамтамасыз ету керек. Науқастардың ой-пікірі КН және ДЕХ сапасында оң мәнді әсер ететін болады. Науқастар медициналық қызметкерлермен есепке алынбаған сұрақтарды анықтап, мәселені дәрігерлердің көзқарастарынан олардың өзінің көзқарасы өзгешеленетін аспектілерін баяндай алады. Сонымен қатар науқастар КН және ДЕХ оларды қызықтыратын негізгі сұрақтарына арналғанына көздерін жеткізуі мүмкін. Ол үшін қандай да бір аурулардан зардап шегетін науқастардың құқықтарын қорғайтын арнайы қоғамдық ұйымдардың өкілдерін тарту керек.
Жұмыстық топтың құрамы хаттамалар мен нұсқауларды өңдеу кезіндегідей, сонымен қатар оларды әрі қарайғы қайта қарастыру кезінде мағыналық айқынсыздықтардан және бұрыс түсіндіруден аулақ болу үшін мүмкіндігінше тұрақты болуы керек. Жұмыстық топ мүшелері білімдерінің деңгейі және оларды дайындау медициналық ғылымның дамуымен сәйкес тұрақты өсуі керек.
Қызығушылықтырдың дау-жанжал декларациясы
Жұмыстық топтың барлық қатысушыларына жазбаша формасында фармацевтік компаниялармен, медициналық құрал-жабдықтарды өндірушілермен және қызығушылығы бар басқа жақтармен бар қаржылық қарым-қатынастар туралы хабарлау керек. Бұл төлемді ғылыми консультациялар, төленген сапарлар, барша алдында шығып сөйлеулер және тағы басқа болуы мүмкін. Қызығушылықтырдың дау-жанжалының барыжұмыстық топ қатысушысы объективті болмайтыны немесе алдын-ала ойланылған екендігін автоматты түрде көрсетпейді. Бірақ бұл қауіп бар екендігінен қызығушылықтардың дау-жанжалын КН және ДЕХ өңдеу үрдісімен ере жүретін құжаттамаға енгізу керек. Кейбір жағдайларда коммерциялық қызығушылық жұмыстық топқа толық қатысу үшін едәуір кедергі болуы мүмкін. Ондай қатысушы конфликттік қызығушылықтармен байланысты белгілі бір шеңбердегі сұрақтарды шешуге қатысудан бас тартуы керек, бұл жағдай құжаттық түрде жазылуы қажет. Бұл жүзеге асырылмаса, өңдеу тобындағы ондай қатысушының бары құжаттың абыройын төмендетіп жібереді.
КН және ДЕХ проектісін өңдеу
Екілеп жасауды болғызбау немесе керісінше сәйкестілігі аз форматты құру үшін КН және ДЕХ-ды құрастыру кезінде басқа елдерден немесе еліміздің медициналық мекемелерінде құрастырылған КН және ДЕХ-ды қолданған жөн, сонымен қатар екіншілердің приоритеттілігі ерекше қажетті, өйткені олар жергілікті шарттарға бейімделген. Мамандардың түрлі тәуелсіз топтарымен өңделген КН және ДЕХ-дың бірнеше үлгілерін қолдану едәуір қолайлы болып табылады. Бұл кезде қандай да бір КН және ДЕХ іріктеу критерийлерін таңдау айқын аргументтелген және хаттамаланған болуы керек.
Бар клиникалық нұсқауларды іздестіру және оларды сыни көзбен бағалау
Нұсқаулар мен хаттамалардың басты міндеттерінің бірі науқас үшін оларды енгізу құны және бар ресурстарды қолдану бойынша қаупі төмен қолайлы қатынаспен сипатталынатын едәуір нәтижелі араласуларды таңдау болып табылады. Клиникалық нұсқаудан жеке алынған бар ең сенімді дәлелдемелерге негізделуі керек.
Жоғарыда аталғандай, КН және ДЕХ құрастыру жұмысының едәуір бөлігі басқа елдердің аналогтық нұсқауларды құрастырушыларымен жасалған болатын, сондықтан жасалған жұмысты екі еселеп жасау қажеттілігі жоқ. Егер елде іздестірілген бағыттыр бойынша КН және ДЕХ құрастырылған болса, онда жергілікті шарттарға бейімделгендігінен оларды қолдану қолайлы. Бейімделуі үшін бар құжаттар ретінде мамандардың түрлі тәуелсіз топтарымен өңделген бірнеше бар КН немесе ДЕХ іріктелуі мүмкін. Бұл бір жаңа құжаттағы түрлі бөлімдердің құрамын бейімдеу үшін КН және ДЕХ түрлі бөлімдерін қолдануға мүмкіндік жасайды, бұл клиникалық нұсқауларды құрастырудың схемасының мысалында көрсетілген (сурет 2).
Сурет 2. Бар КН іздестіру және олардың сапасын бағалау
Жарияланымдарды енгізу\шығару критерийлерін таңдау
Жарияланымдарды іздестіруге және сыни көзбен бағалауға кіріспес бұрын олардың енгізу\шығарудың критерийлерін анықтау қажет. Мысалы, жұмыстық топ тек ірі және абыройлы өңдеушілермен құрастырылған хаттамалар мен нұсқаулармен (мысалы, SIGN, NZGG және т.б.), немесе құрастырылғанына (жаңартылғанына) 5 жылдан аса емес уақыт болған КН және ДЕХ-мен жұмыс істеу немесе рецензияланған журналдарда (BMJ, JAMA, NEJM, Lancet және т.б.) кең талқыланған КН және ДЕХ-ды жұмыста қолдану арқылы шешім қабылдай алады. Жұмыстық топ тек белгілі бір тілде (тілдерде) жарияланымдарды енгізе алады. Жарияланымдарды енгізу\шығарудың критерийлері әр түрлі болуы мүмкін (жарияланымның типі, жарияланымның уақыты және т.б.), бастысы, критерийлерді таңдау аргументацияланған және хаттамаланған болуы керек.
Алынған КН және ДЕХ сапасын сыни көзбен бағалау
Енгізу\шығарудың таңдалған критерийлеріне сәйкес мәліметтердің электрондық базасында іздестіруден және жарияланымдарды сұрыптаудан кейін табылған КН және ДЕХ сапасының (методология мен клиникалық мазмұнының) сыни көзбен бағалануы жүргізіледі. Бұл келесі себептердің күшіне байланысты:
КН және ДЕХ – медициналық араласу формаларының бірі;
Сапасыз КН және ДЕХ көптеген науқастарға едәуір қауіп төндіруі мүмкін;
КН және ДЕХ пайдаланушылар (дәрігерлер, орташа медициналық қызметкерлер, науқстар) олардың жоғары сапасына сенуі керек;
Кәсіби және үкіметтік емес құрылымдар тәжірибеге енгізуге ұсынас бұрын КН және ДЕХ-дың жоғары сапасына көздері жетуі.
Сапаның бірлескен талдануы параметрлердің бірқатарын есепке алады: КН және ДЕХ-ды өңдеуде қолданылған методологияны, ұсыныстардың қорытынды варианты мазмұнының толықтылығы, құжаттың клиникалық мазмұнының сапасы , сонымен қатар КН және ДЕХ-ды тәжірибеде қолдана алу және тәжірибеге енгізумен байланысты факторлар.