Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тема 9 каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
384 Кб
Скачать

Клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасы

«Дәлелді медицина негіздері» пәні.

Курс 3

Мамандық 051301 «Жаплпы медицина».

«ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІНЕН

№ 9 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫ –ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК.

Тақырып: «Дәлелді медицинаның екінші және үшінші этаптары.Интернетте және электронды мәліметтер базасынан ақпараттарды іздеу. Medline – медициналық ақпараттарды библиографиялық іздеу жүйесі. Баспаларды талдау және сын көзбен бағалау».

Қарағанды

Ақпараттар жүйесі.

МБ — қазіргі заманның ақпарат жүйесінің негізгі бөлігі. Ақпараттық жүйе — ақпаратты сақтауға, өңдеуге, шығаруға қолданылатын әдістер мен мәліметтер жинағы.

Кез келген ақпарат жүйесінің мақсаты — нақты бір тақырып аясындағы тақырыпты өңдеу. Мысалы, клиникалық шешімді қолдау жүйесі. Қолдау жүйесі— МБ болып табылады. Электронды ауру тарихы арнайы құралдармен бірігіп, яғни автоматикалық еске түсіру немесе дәрі-дәрмектің мөлшерін есептеуіш құралдар сияқты заттар дәрігерлердің шешіміне зор ықпал етеді. Қолдау жүйесінің негізінде ғылыми дәлелденген клиникалық тәжірибе бойынша баспа немесе басқа ғылыми зерттеулер болу керек.

Қазіргі таңда медициналық ақпараттық жүйе — бүкіл әлемдегі ақпаратты өңдеудегі нақты аймақтың бірі және мына факторлардың себебінен қиын мәселеге айналып отыр:

  • факторлардың көптігі және медициналық шешім қабылдау процесінде олардың байланысуының қиындығы

  • терминологияда, форматта, өлшеу шкалаларында стандарттаудың жоқтығы

  • графика өңдеуде, есте сақтау көлемі жағынан, жету жылдамдығы бойынша компьютер параметрлеріне жоғары сұраныс

Мәліметтер базасы. МБ электронды түрде белгілі бір жерде сақталған, байланысқан мәліметтер жинағы ретінде қараймыз. Оларды техникада санақты қолдану арқылы белгілі бір тапсырмаларды шешу үшін қолданамыз.

Бұл мәліметтер жинағының ерешеліктері мынадай:

  • ақпарат көлемінің көптігі

  • мәліметтер сақтаудағы мүмкін болатын максималды жүйелілік

  • МБ белгілі бір тақырыпта әртүрлі ақпараттарды алу мүмкіндігі

  • Қолайлы ақпараттың қолданушыға ыңғайлы форма мен түрде болуы

  • мәліметтерге жетудің жоғары жылдамдықта болуы

  • ақпаратты сақтауда сенімділік және жеке қолданушылар үшін мәліметтерге толық жету мүмкіншілігі

  • қолданушы сұраныстарына жауаптың, мәлімет талдауда формалар мен есептің қарапайым және жеткілікті болуы

МБ құруда, оны ұстануда және оған қолданушылардың тез жетуі белгілі бір құрал-сайманды бағдарлама — мәліметтер базасын басқару жүйесінің көмегімен асады. Мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) — базада мәліметтерді құру мен жазуды қамтамасыз ететін ақпаратты жүйе. Онда ақпараттарды тексеру мен іздеуді жүргізуге болады.

Мәліметтер базасындағы берілгендерді сақтау және өңдеу технологиясында оны орталықтанған және таралған деп бөледі.

Орталықтанған МБ оған жету жолы бойынша бөлеміз:

  • МБ аймақтық жетумен (өңдеу кезіндегі берілгендер мен емшаралар бір құрал аппаратында сақталады)

  • МБ жойылған байланыс тормен,яғни МББЖ жойылған байланыс торы арқылы файл-сервер және клиент-сервер архитектуралы құжаттарды қолданумен құрастырылған.

Файл-сервер құрылысы

Ұйым ұстанымдары: бір құрал аппаратына орталықтанған (файлдар сервері) мақсатпен құрастырылады. Онда орталықтанған МБ сақталады. Қалған құрал аппараттары жұмысшы бекетінің қызметін атқарады. МБ-ның файлдары қолданушылар сұраныстарымен осы бекетке беріліп сонда өңделеді. Белгілердің екі түріне де жүйелі бірмезгілді жету бұл жүйенің өндірісін күрт төмендетеді. Қазіргі таңда бұл құрылым ескірген болып саналады.

Клиент-сервер құрылысы

Ұйым ұстанымы: орталық құрал аппараты (МБ сервері) орталықтанған МБ және өңдеу іс-шараларын сақтайды. Алдымен тұтынушы сұраныс жібереді, ол сервермен өңделіп, сұраныс бойынша берілген белгілер тұтынушыға қайта беріледі.

Таралған МБ бірнеше бөліктен тұрады, олар табылған жүйе бойынша әртүрлі компьютерлерде сақталады. Өңдеудің бұл жолы бірнеше серверлерді табады (қызмет көрсету компьютерлерден). Бұл серверлерде бір-бірімен киылысқан немесе көшірмеленетін ақпараттар табылады. Мұндай МБ-мен жұмыс істеу үшін басқару жүйесін іске қосамыз.

МБ үлгі қолданысы бойынша бөлінеді: иерархиялық, желілі реляциялық, сыртқа тұрақталған және гибридті.

Иерархиялық үлгі — МБ ата-аналық белгіден бабалық белгілердегі байланысқан ақпаратты бірге қосу белгілерінен тұрады.

Желілі үлгісі — МБ түсінігіне жатады: деңгейі, элементті және арадағы байланыс. Түйін — белгілердің атрибуттарының жинтығы. Ол кейбір затты сипаттайды. Желілі құрылымда әрбір элемент басқа кез-келген элементпен байланысады. Желілі МБ иерахиялық сияқты, бірақ желіліде екі жақты бағыттамалар көрсетіледі. Олар туысқандық ақпаратты қосады.

Реляционды үлгі — екі өлшемді таблица түрінде белгілерге қалыптасқан. Бұл үлгілерге белгілердің құрылымының қарапайымдылығы тән, яғни кестелі түріне байланысты. Реляционды МБ-да Structured Query Language – яғни құрылымды сұраныстар тіліне қолданамыз. Ол — әмбебапта, белгілерді құрауда, басқаруға қолданылады.

Белгілі бір жерге тұрақтанған МБ-да белгілер аймақтық жерлер түрінде сақталады. Бұндай МБ түрімен жұмыс жасау ыңғайлы, яғни белгілі бір жерге тұрақтанған программаларды қолдану арқылы. Бірақ қазіргі таңда бұндай МБ реляционды МБ сияқты көп қолданылмайды. Ал бірақ өндіру бойынша реляционды МБ асып түседі.

Гибридті МББЖ өз мүмкіншілігіне реляционды және белгілі бір жерге тұрақтанған МБ қоса алады.

Қазір МБ — медициналық көмек көрсетуде үрдістерді іске асыруда мықты құрал болып отыр. Ол ХХ ғ соңында пайда болды және үлкен қолданыста бола отырып эпидемиологиялық және басқа зерттеулер нәтижелерін нақтылау мен анализдеу, тез табуда ыңғайлы және «медицина дәлелдерге негізделген» деген атқа ие болған, яғни медициналық көмек көрсетуде кең мағынаға ие.

Ақпаратты іздеу стратегиясын таңдау

Медициналық тәжірибеде әр-түрлі сұрақтар жиі кездеседі. Көп сұрақтардың ішінен медицина қызметкерлерінің назар аударатындарын бөлек шығаруға болады. Ол сұрақтар: клиникалық мәліметтер, ауру белгілері, болжамы, профилактикасы, этиология мен ауру себебі, зияны мен қауып факторлары, өмірдің сапасы, экономикалық әсер және т.б.

Ақпараттың іздеу стратегиясын істеп шығару үшін клиникалық cұрақтарды 5 түрге бөлуге болады.

  • Емі (терапия) – қандай ем қабылдайтын және емнің нәтижесі қандай болып келетін сұрақтар және бұл топқа профилактика, скрининг бағдарламаларын ұйымдастыру, медициналық көмек көрсетуін күшейту туралы сұрақтар кіреді.

  • Диагностика – әдеттегі қойып жүрген тесттердің берілген науқасқа қаншалықты пайдасы мен сенімі бар екенін көрсететін сұрақтар. Диагностика бойынша басылымдардың көбісінде бір тестің нәтижесін басқа тестің нәтижесімен салыстырады. Басқа тест ең маңызды болып келеді (қолайлы стандарт). Бұл жерге ажыратпалы диагностика да кіреді.

  • Болжам – қай ем қабылдануына байланысты науқастың келешекте денсаулығы, өмір сүру уақыты және өмір деңгейі туралы сұрақтар.

  • Этилогиясы/жағымсыз әсерлері – ауру мен ауру себебінің байланысы, қабылданған емдердің жағымсыз әсерлері туралы (дәрілер, терапиялық және диагностикалық араласуымен бірге).

  • Экономикалық әсері – әр-түрлі емнің, профилактикалық және диагностикалық процедураларының экономикалық әсері.

Дәлелдік медицина технологиясын қолдану үшін ақпаратты әдебиетте және МБ-да іздеу керек. Ғылыми дәлелденген тәжірибенің бірінші қадамы - сұрақты нақты қою.

Дәлелдік ақпараттың көзі

1 Кестеде қолайлы ақпараттардың көздерінің жақсы мен жаманын көрсетеді

Көзі

Жағымды жақтары

Кемшіліктері

Кітаптар

Қолайлылығы жеңіл

Тереңдік

Талдау

Ыңғайлы

Кітапханадан алуға болады

Тез ескіреді

Кітапханаға кіруге тиым салу мүмкін

Іздеуге және қарап шығуға ұзақ уақыт керек

Бірінші ақпараттық журналдар

Жаңа ақпарат

Оңай алу

Ыңғайлы

Көбінесе толық емес

Қымбат

Кітапханаға кіруге тиым салу мүмкін

Іздеуге және қарап шығуға ұзақ уақыт керек

Олар өте көп

Басып шығаруына қызығушылық

Екінші ақпараттық журналдар

Құрастырылған рефераттар

Тәуелсіз сарапшылардың тексеруі

Дәлелдің қатаңдылығы

Сенімді зерттеулер

Ақпаратты

таңдаудың қатаңдылығы

Клиникада қолданылады

Тек қана рефераттар

Зерттеулердің толық мәтіндері

Басылымдардың рефераттары

Әдебиеттің молшылдылығы

Сапасы жақсы

Тереңдігі аз

Жиі авторлардың жазуы

Библиография/әдебиеттер тізімі

Бір тақырыптағы әдебиетке пайдалы нұсқа

Жоғары сапалы басылымдарды көрсетеді

Автордың түсініксіз таңдауы

Түсініксіз мәліметтер

Әріптестер

Сізге керектердің сізге арналған және нақты көмегі

Көмекке қолайлы жетуі

Үйреніп кетуі

Ойы сіздікінен алыс болу мүмкін

Уақыттың жетіспеушілігі

World Wide Web

Соңғы жаңа мәліметтер

Бағалы ақпарат

Байланыстың жақсы ұйымдастырылуы

Толық мәтіндер

Ақпараттар бүкіл әлемнен қолжетімді

Тәулік бойы

Орталық каталогтың жоқтығы – ақпаратты табу қиын

Тексерудің жоқтығы

Сапасы мен сенімдігінің жоқтығы

Интернетке қосылу керек

Ақпараттық технологияны білу қажет

Электронды пошта

Ақпаратты тез жіберуі

Құжатты хабарламаға қосуға болады

Кейбір хабарламалар құпия болу мүмкін

Қосып жіберген файлдармен жұмыс істеу қиын

Спам

Вирустарды жұқтыру мүмкін

Жіберушілер тізімі

Біреуі біразімен араласа алады

Нақты тақырып

Тек қана әр аптадағыны алуға болады

Әр қайсысының пікірін білуге болады

Таратуға оңай және арзан

Басқа біреулерге ашық немесе жабық болуы мүмкін

Архивтарды қарауға және көруге болады

Хабарландырулардың саны әртүрлі болуы мүмкін

Қате мәліметтер барлығына жіберіледі

Пікірлерді қолдау қиын

Библиографиялық МБ

Қарап отырған журналдырдың көптігі

Күнделікті жаңалайды

Уақытты үнемдеу

Қолдану оңай

Мәтінді іздеуге оңай

Дамыған іздеу құралдары

Толық мәтіннің жоқтығы

Басылымның қызығушылығын көрсетеді

Кейбір кездері қолдана алмайсың

Шетелдік басылымдарды алу қиын

MEDLINE

Алу оңай

Халықаралық

Керек тақырыптың саны бар

Керек тақырыппен іздеу

Сапа тазартқышы бар

Америкалық жұмыстарға елігеді

Тақырыптың саны жаман

Кокрановты кітапхана

Жақсы зерттеулердің мәтіні

Халықаралық бірлестік

Ең соңғы ақпарат

Ақпарттың жақсы құрастыруы

Іздеу мен таңдау уақытын қысқартады

Қол жету қиын

Кейбір тақырыптар толық берілмеген

Екінші ақпараттар журналы

Екінші ақпараттарды - дәлелденген мәліметтердің көріністері мен мазмұнын басып шығаратын журналдар бар.

ACP Journal Club

URL: http://www.acpic. org/shared/menuabout.html

American College of Physicians Journal Club қызметінің негізгі мақсаты биомедициналық әдебиеттердің ішінен қазірга заманда дәрігерлер қолданатын арнайы зерттеулерді сипаттаған құжаттарды таңдау. Бұл құжаттар реферат болып келеді және клиникалық эксперттермен тексеріледі. Басып шығаратын материалдарды 100ден жуық клиникалық журналдардан таңдалады, бұл таңдау ғылыми қатаң сападан өтіп, кейінгі медицина тәжірибесінде өтетіндей сынақтан өтеді. Осының бәрін клиникалық мамандар қадағалайды.

URL: http://ebm.bmiiournal.com/

British Medical Journal (BMJ) Publishing Group және American College of Physicians бірге қосылып шығарылған басылым екі айда бір рет шығарылады, және ACP Journal Club-қа қарағанда таңдау жеңілдірек. ЕВМ терапиядан, хирургиядан, педиатриядан, акушерлік іспен және гинекологиядан рефераттарды шығарады. Бұл журналдың еуропалық ықпалы көп. Дамып келе жатқан елдерге тегін.

Evidence-Based Mental Health

URL: http://ebm.bmiiournal.com/

Evidence-Based Mental Health басылымының мақсаты психиатр-клиницистерге емдеу (арнайы араласу және қызмет көрсету жүйесін қосқанда), диагностика, этиология, болжамдау мен нәтижені зерттеу, сапаны жақсарту, дәрежені жоғарлату, экономикалық бағалаулар туралы маңызды және клиникада қолданатын жетістіктерді көрсету. Осы үшін журнал қызметкерлері арнайы және көрнекті, нәтижелері нақты дәлелі бар және клиникаға пайдалы құжаттарды таңдайды. Содан кейін осы құжаттарды бір реферат қылып жинап клиникалық сарапшылар тексереді. Дамып келе жатқан елдерге тегін.

Evidence-Based Nursing

URL: http://ebm.bmiiournal.com/

Патшалық колледжіндегі мейірбикелік іс және BMJ Publishing үш айда бір шығарылатын журнал. Мейірбикелерге көмектесу үшін жоғары сапалы және клиникалық маңызды зерттеулерді іздеп таңдайды. Берілген медицина айналасында жаңа зертеулерді ажырата алатын тәжірибесі бар мейірбикенің тексеруінен кейін қысқартылған ақпараттық құжаттарды басып шығарады. Дамып келе жатқан елдерге тегін.

Медициналық тәжірибесінің халықаралық журнал (орыс тілінде)

URL: http://www.mediasphera.ru/mimp/mimp-mn.htm/

Журнал дәрігерлерге арнайы нақты, маңызды клиникалық және эпидемиологиялық зерттеулері бар құрастырылған рефераттарды, клиникалық ұсыныстар, клиникалық және аналитикалық зерттеулерді өткізетін құжаттарды, биомедициналық статистика туралы құжаттарды басып шығарады. Бұл сайтта бүкіл құжаттардың толық мәтіндері берілген.

BMJ Updates

URL: http://bmiupdates.mcmaster.ca/index.aspchoice.13

Бұл тегін сервис – BMJ Publishing Group және МакМастер Университетінің (Канада) бірлескен жобалары. Өзіңді қызықтыратын клиникалық мамандық бойынша жаңа қызық дәлелденген ақпараттарды электрондық пошта арқылы сұраныс жіберуге жазылуға мүмкіндік береді. Қызмет көрсетіліміне сонымен қатар 2002жылдан бері қосылған МБ резюмесіне кіруге болады.

Біріншілік ақпараттардың МБ-сы

URL: http://www.pubmed.com

АҚШ-тың ұлттық медициналық кітапханасының МБ құрамында құжаттар мен рефераттардың библиографиялық суреттемелері көрсетілген. Қазіргі таңда МБ-ы АҚШ және 70 басқа елдерде басылым құрамының 4500 журналын құрап отыр. MEDLINE 1966 жылдан бері қазіргі таңға дейінгі аралықтағы басылымдардың 12 млн құжаттарына ие. MEDLINE-ға кіру үшін АҚШ-тың ұлттық кітапханасымен тексеріліп отыратын медициналық тақырыптық бастама (Mesh Terms) және басылым типі (Publication Types) бойынша сұралады. MEDLINE-дағы рефераттар АҚШ-тың ұлттық медициналық кітапханасына кіре отырып және ең бастысы және қолайлы болып отыр. MEDLINE құрамында 13 млн жазбалар бар. МБ-ның өзі толық құжат мәтіндерін қоса алмағанымен оларды басқа сайттардан сұраныс арқылы табуға болады.

EMBASE

URL: http://www.embase.com/

Бұл база биомедицина және фармацевтика бойынша, билогиялық ғылымдарды қоса, биохимия, клиникалық медицина, сот медицинасы, педиатрия, фармация, фармакология және дәрілік терапия, фармакоэкономика, психиатрия, денсаулық сақтау, биомедициналық инжинерия мен құралдар қоршаған орта туралы ақпарат береді. EMBASE-тың негізгі көзі – 70 шақты елдердің 3800ден аса журналдары, монографиялар, жиналыс еңбектері, диссертациялар мен есептер болып саналады. Керек мәліметті іздеуді библиографиялық ақпараттар, индексті терминдер, рефераттар көмегімен, химиялық атауымен дәрілік заттардың сатылу атымен, дәрілік заттарды өндіретін фирма аттарын енгізу арқылы, медициналық құралдарды сатылу атымен жазу арқылы іздеуге болады.

Екіншілік ақпараттың МБ-сы

Кокранды кітапхана – The Cochrane Library URL: http://www.thecochranelibrary.com

Кітапхана төрт МБ-нан тұрады

  • жүйелік қарап шығу МБ

  • емдік әрекеттердің жері туралы рефераттар базасы

  • КЗ-ді басқару регистрі

  • қарап шығу әдістемелік жұмысының базасы

Кокран кітапханасына Интернет желісі немесе CD сатып алу арқылы жетеміз. Басымдағы құжаттарды Кокрандық МБ-на Кокрандық бірлестік мүшелері енгізді. Әрбір қатысушы мүшесі белгілі бір клиникалық журналды қолымен іздеп бірінші басылымына дейін жеткізеді. Қатаң әдістемелік критерилерді қолдана отырып бұл мүшелері әрбір құжатты өз басылымына сай еткізіп жіктейді және құрылымдалған рефераттар дайындайды. Қарап шығу негізіндегі сандық мәліметтер - дәрігер оны тез және қарап тексеру, бағалау үшін стандартты графикалық түрде дайындалған.

Clinical Evidence

URL: http://www.clinicalevidens.com

Дәлелденген медицина. Экономикасы дамып келе жатқан елдерге тегін. Бұл ресурстың өз ерешеліктері бар:

  • Мәтін барысы дәлелденген зерттеулерден емес, сұрақтар нәтижесінен құралады. Бұл жерде маңызды клиникалық сұрақтар қойылып, оны іздеп, нақты дәлелденген мәліметтердің жақсысын таңдап соған негіздейді.

  • Үнемі жаңарып отырады (әрбір тақырыпта сегіз ай сайын толық әдебиеттік іздеумен болады).

Clinical Evidence арнайы тағайындаулар бермейді, керісінше ауқымды қолданыстағы клиникалық тағайымдауларды өңдеуге материал береді. Ол өз кезегінде клиницистерге және науқастарға, өзіндік ем курсын тағайындаушыларға көмегін тигізеді. Қазір бұл ресурс орыс тілінде басылады – http://www.mediasphera.ru/clinicalevidence/.

UpToDate

URL: http://www.uptodate.com

UpToDate – 3000 тәжірибелі клиницистермен дайындалған ақпараттық ресурс. Бұл ресурс дәрігерлердің тікелей жұмыс үстінде қысқа және нақты жауаптарды алуға өте ыңғайлы. UpToDate-ның тақырыптың бөлімі дәлелденген басылымдарды негіздейді және дәрігерлерге науқастарды емдеуде тәжірибелік тағайындаулар ұсынады:

  • өз мамандығы бойынша нағыз жаңа ақпаратты алу

  • көптеген аурулардың клиникалық көріністерін білуге және ем мен диагностиканың нақты мүмкіндіктерін, сонымен бірге дәрілердің мөлшерін, әсерін, әрекетін анықтауға

  • скрининг және алдын алу шаралары бойынша негізгі оптималды стратегияларды алуға мүмкіндік береді. UpToDate – АҚШ-тың кәсіби медициналық ассоциациясының сегізінші алдыңғы тобымен бірлесе отырып дайындаған және тағайындаған нақты оқу әдістемелік бағдарлама.

Халықаралық бірлестік

BEME Collaboration – Best Evidence Medical Education

URL: http://bemecollaboration.org/

Медициналық оқуда дәлелденген жетістіктер аймағындағы бірлескен BEME Collaboration тұлғалар мен оқу мекемелерін бірлестіре отырып медицинада дәлелденген мәліметтердің дамуын мақсаты ретінде қойған бірлестік. Бұндай тапсырманың шешу жолдары ретінде: сабақ беретін мұғалімдерге, мекемелерге, медицина білімін алып жатқан барлық адамдарға ақпаратты тарату, нақты ғылыми мәліметтерді ұсына отырып шешім қабылдауға; қолданушының сұраныстарына жауап ретінде дәлелденген жүйелік құжаттарды дайындау; мұғалімдер арасында, мекемелер арасында медицина білімінде дәлелдемелерді реттеу мүмкіншіліктерін шешеді. ВЕМЕ тақырыптың топтарының кейбір қатарлары өз докладтарын дайындап қорытындылау сатысында.

Evidence for Policy and Practice Information and Coordinating Centre – EPPI-Centre

URL: http://eppi.ioe.ac.uk/EPPIWeb/home.aspx/

Сасат пен тәжірибе аймағындағы дәлелденген мәліметтердің ақпаратты – координациялық орталық - EPPI-Орталық. EPPI-Орталық Лондон Университетіндегі білім институтындағы әлеуметтік зерттеулер бөлімшесінің құрамына кіреді. EPPI-Орталық 1993 жылы дәлелденген мәліметтер негізінде әлеуметтік араласуларды анализдеуге және ұйымға жүйелі сәйкестендіруді реализация үшін құралған. Орталықтың бағыты мен басылымы маңызды зерттеулер жүргізудің жолы мен олардың нәтижелерін қолдану тәсілдерін талқылайтын білім мен денсаулық сақтау қызметтерін қолданатындарды тәжірибелі жұмысшыларды өзіне тартуға бағытталған. ЕРРІ-Орталық – Campbell Collaboration (Кэмпбелдік бірлестік) ұйымымен нағыз жолдас болып келеді, ал 1996ж бастап халық денсаулығын сақтау мен салауатты өмір салтын зерттеуде Кокрандық топпен бірлестікке қатысады (Cochrane Health Promotion & Public Health Field).

Campbell Collaboration (C2)

URL: http://www.campbellcollaboration.org/

Кэмпбелді бірлестік – адамдарға білім беру және тәртіп сақтау сферасында, әлеуметтік жағдайда шешімдер қабылдауда көмек беруге бағытталған халықаралық саудалық емес ұйым. C2 тапсырмасы – әртүрлі араласу жұмыстарына арналған зерттеулерді жүйелеуді тарату, алып жүру, дайындау. Зерттеулер нәтижелерінің негізнде C2 резюме дайындайды және халыққа, зерттеушілерге, тәжірибелі жұмысшыларға, жауапкершілігі бар басқарушыларға арнап есептер мен көріністерді электронды түрде шығарады. Ұйым сайты екі тегін МБ-на жеткізеді: C2 SPECTR (әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, қылмыстық зерттеулер аймағы) және C2 RIPE (саясат пен араласулар есебінің аймағы). C2 RIPE МБ-сы халыққа, тәжірибелі жеке жауапкершілік басшыларды, зерттеушілерде туған қызығушылығына арналған құжаттар ұсынады.

Дәлелденген медицина бойынша ақпаратты іздеу үшін арнайы құралдар бар:

SUM Search

URL: http://sumsearch.uthscsa.edu/

«Метаіздеуші қызмет» келесі ресурстардан іздеу салады:

  • оқулықтар мен басылымдар, Merck Manual;

  • MEDLINE – толық мәтінді құрайтын жоғары сапалы жалпы журналдардан ауқымды құжаттарды іздеу

  • National Guideline Clearinghouse – АҚШ-да медициналық қызметтің сапасы мен зерттеулер бойынша тәжірибелі басылым

  • медициналық араласуларды әсері бойынша рефератты МБ

  • MEDLINE – нағыз зерттеулерді іздеу

SUM Search-ты іздеу үшін келесі фильтрлерді қолдануға болады: Intervention, Prognosis, Diagnosis, Etiology/causation, Physical finding, Screening/Prevention, Adverse treatments effects TRIP.

URL: http://www.tripdatabase.com/

TRIP МБ-сы 75 сайт бойынша жоғары сапалы медициналық ақпаратты іздеуде қамтамасыз етеді. TRIP Интернет желісінде ірі, жиналған «ғылыми негізделген» материалдарға тікелей гипермәтінді жету жолын ұсынады. Сонымен қатар мынандай негізгі журналдардан BMJ, JAMA, NEJM және т.б. қосылулы құжаттарды алуға мүмкіндік береді. Әр ай сайын базаға 300-400 құжаттар қосылып отырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]