Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД-ЛОГ.МАГ.КАЗ..docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
408.43 Кб
Скачать

Дәрістер жинағы

Дәріс № 1

1. Тақырыбы: Логистика ғылым ретінде, оның концепциясы мен ұстанымдары

2. Мақсаты: Магистранттар білуі керек: логистиканы ғылым ретінде, оның концепциялары мен негізгі конструктивті ұстанымдарын; қызметін, сонымен қатар логистиканың функционалды салаларын және олардың сипаттамасын.

3. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Объект, пән, логистиканын негізгі түсініктері.

  2. Логистиканың концепциясы мен ұстанымдары

  3. Логистиканың қызметі және функционалдық салалары.

Логистиканың кең және тар мағыналы анықтамасы бар. Логистика кең мағынада - бұл алдына қойылған мақсатқа жету үшін белгілі бір микро-, мезо- немесе макроэкономикалық жүйеде материалдық ағымдарды, қызметтер ағымын және солармен байланысты ақпараттық және қаражаттық ағымдарды ұйымдастыру мен жетілдіру туралы ғылым.

Логистика (бизнес позициясынан ) тар мағынада – бұл материалдық және сервистік ағымдармен, сонымен қатар оларға қосымша ақпараттық және қаржы қаражаттарын ұтымды (жалпы шығынды азайту мақсатында және соңғы тұтынушының тауар сапасы мен қызметіне сұраныстарын қанағаттандыру үшін көзделген) басқару арқылы бизнесті ұйымдастырудағы стратегиялық, тактикалық және оперативті мақсаттарға жетуге ынталандыратын менеджменттің интегралды құралы.

Логистиканы меңгеру объектісі - материалдық және сонымен ілеспелі қаржылық, ақпараттық ағымдар. Логистиканы меңгеру пәні - ғылым ретінде құбылыстар ағымын жетілдіру. Логистикалық подход жаңа ұғынулар объектін (ағым) ендіруді талап ететіндіктен, оның анықтамасын ұсынамын. Ағым – обьекттер мен көптеген элементтердің бір жылжымалы жүйеге келуін айтады. Олар сипатталады: жылдамдық, уақыт, траектория, жолдың ұзақтығы, интенсивтілігі. Логистика көп түрлі ағымдармен жұмыс істейді – материалдық (сонын ішінде ДЗ, ММҚ, МТ), транспорттық, қаржылық, энергетикалық, ақпараттық, адамдық. Сізге келесі ұғымдардың анықтамасын білу керек: материалдық ағым, логистикалық тізбек, логистикалық жол, логистикалық жүйе, макрологистика, мезологистика, микрологистика.

Материалдық ағым - бұл жүктер, тауарлар, оларға қосымша процесс ретінде логистикалық қатар (транспорттау, сақтау) және технологиялық операциялар қарастырылады.

Логистикалық жүйе бұл әртүрлі логистика қызметін атқаратын, кері байланысқа бейімделген жүйе.

Логистикалық канал – бөлу каналы - бұл материалдық ағымды нақты өндірушіден, соңғы тұтынушыға дейін жеткізуді қамтамассыз етететін, көптеген әртүрлі жекеленген делдалдар жиынтығы.

Логистикалық тізбек - бір логистикалық жүйеден екіншісіне сыртқы материалдық ағымды жеткізуші логистикалық операцияларды іске асыратын, логистикалық процесстін көптеген қатысушыларының сызықты тізбектелген қатары.

Макрологистика мемлекеттердің немесе аймақтардың түпкір-түпкірлерінде орналасқан өндірістік, тауарлық, транспорттық кәсіпорындардың материалдық ағымдарын басқару сұрақтарын шешеді. Микрологистика бір кәсіпорын шеңберіндегі локальды сұрақтарды шешеді. Бұл сұрақтарды келесі дәрістерде толық қарастырамыз.

Сонымен логистиканын негізгі мақсаты тұтынушыға тауарды қажет көлемде қажет уақытта материалды, қаржылық және еңбектің минимальды шығындармен жеткізу. Логистикалық қызметтің мақсаты 6 шартты орындауда:

1) қажетті тауар;

2) қажетті сападағы

3) қажетті көлемде

4) қажетті уақытта

5) қажетті жерге

6) минимальды шығындармен

Логистика концепциясы - материалдық және оған қосымша ақпараттық және қаржылық ағымдар қозғалысын тиімді рационализациялау және оптимизациялау арқылы экономикалық қызметті жетілдіруге бағытталған көзқарастар жүйесі. Логистика концепциясы кәсіпорынның барлық бөлімдерінің бірігіп, келісілген жүйелі түрде жұмыс жасаса ғана іске асады. Материалды ағымның негізгі конструктивті принципі жүйелілікке негізделген.

Логистиканың негізгі принциптері:

  • Бірлескен стратегиямен логистиканы байланстыру;

  • Материалды ағымдар қозғалысын жоғары деңгейде ұйымдастыру;

  • Оны өңдеуде қазіргі заманғы технология мен керекті мағлұматтың түсіп тұруын қамтамассыз ету;

  • Адамдар ресурстарына тиімді басқаруға талпыну;

  • Қаржы көрсеткіші жүйесіндегі логистика кірістерін есептеу;

  • Табысты жоғарылату мақсатында логистиклық қызметтің оңтайлы деңгейін анықтау;

  • Логистикалық операцияларды рационалды өңдеу;

  • Логистикалық бөлімшелер қызметінің тиімділігін бағалау.

Логистиканың негізгі функциялары ретінде мамандар келесілерді ерекшелейді:

  • тұтынушыларға қызмет көрсетуде стандарттарға бағыну;

  • сатып алуларды басқару;

  • транспорттау;

  • қорларды басқару;

  • тапсырыс беруді басқару;

  • өндірістік процедураларды басқару;

  • баға түзу;

  • физикалық бөлу және т.б.

Логистиканың жақтаушы(қосымша) функциясына әдетте жатады:

  • қоймаларда сақтау;

  • жүк тасмалдау;

  • қорғаныш бума;

  • тауардың қайтарылуын қамтамассыз ету;

  • сервистік қызмет және артық бөліктермен қамтамассыз ету;

  • қайтарылған қалдықтардың жиынтығы;

  • ақпараттық- компьютерлік қамсыздандыру.

Логистиканың функционалды салалары:

  • сатып алу

  • өндірістік

  • бөлу

  • транспорттық

  • ақпараттық

  • логистикадағы қор өндіріс, айналыс және қолданыс арасындағы буфер сияқты

  • сервистік

4. Көрсетпе құрал: мультимедиялық дәрістердің электрондық нұсқасы (магистрант кафедрадан алады)