Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД-ЛОГ.МАГ.КАЗ..docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
408.43 Кб
Скачать

Пән бойынша баллдық- рейтингті баға жүйесі

Әріптік

жүйемен бағалау

Баллдың цифрлі эквиваленті

Пайыздық үлесі сәйкестігі

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

ҮЗДІК

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

ЖАҚСЫ

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

ҚАНАҒАТАНАРЛЫҚСЫЗ

Емтихан – 90 сұрақ 2 баллдан.

Ескерту: магистрант қорытынды бақылауға (емтиханға) егер семестр бойы жинаған балл көлемі 50% кем болмаған жағдайда ғана жіберіледі.

26.08.2006 жылғы ГОСО РК 5.03.06-2006 «Қазақстан республикасындағы білім беру жүйесі. Жоғарғы оқу орындарындағы білімін бақылау» негізінде білімге баға беру критерилері

1. Барлық бақылаудың түрлері бойынша оқушылардың білімі, іскерлігі, дағдысы және міндеттері өлшемдік ара –қатынасы бар, баллды- рейтингті әріпті жүйемен баға беру бойынша анықталады.

2. «Үздік» бағасы А бағасына сәйкес келеді, сандық эквиваленті 4,0 және пайыздық мағынасы 95-100%; А-, сандық эквиваленті 3,67 және проценттік мағынасы 90-94% болған жағдайда.

Бұл баға егер магистрант бағдарламалық ақпаратты меңгергенін көрсетсе, қателіктер мен жетіспеушіліктер болмаса, бақылау және лабораториялық жұмыстарды дұрыс орындап, сол бойынша есеп берсе, сонымен қатар ерекше ойлау қабілетілігін көрсетсе, уақтылы және қателіктерсіз коллоквиумдар мен үй жұмыстарын орындаса, ғылыми- зерттеу жұмысымен айналысса, пәнді меңгеру кезінде қосымша ғылыми әдебиеттерді өздігінен қолданса, әдістемеліқ ақпаратты өздігінен жүйелеген жағдайда қойылады.

3. «Жақсы» бағасы В+ бағасына сәйкес келеді, сандық эквиваленті 3,33 және пайыздық мағынасы 85-89%; В, сандық эквиваленті 3,0 және пайыздық мағынасы 80-84% және В-, сандық эквиваленті 2,67 және пайыздық мағынасы 75-79% болған жағдайда.

Бұл баға егер магистрант бағдарламалық ақпаратты 75%-дан кем емес меңгерсе, сонымен қатар жауап бергенде өрескел қателіктер жібермесе, бақылау және лабораториялық жұмыстарды уақтылы және оларды маңызды қателіктерсіз тапсырса, коллоквиумдар мен үй жұмысытарын маңызды қателіктерсіз, уақтылы және дұрыс орындаса, оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді қолданса, ғылыми- зерттеу жұмыстарымен айналысса, маңызды емес дәлсіздіктер немесе маңызды қателіктер жіберіліп, бірақ студенттің өзі жөндеген жағдайда, әдістемелік ақпаратты оқытушы көмегімен жүйелеген жағдайда қойылады.

4. «Қанағаттандырарлық» бағасы С+ бағасына сәйкес, сандық эквиваленті 2,33 және пайыздық мағынасы 70-74%; С, сандық эквиваленті 2,0 және пайыздық мағынасы 65-69%; С-, сандық эквиваленті 1,67 және пайыздық мағынасы 60-64%; Д+, сандық эквиваленті 1,33 және пайыздық мағынасы 55-59%; Д, сандық эквиваленті 1,0 және пайыздық мағынасы 50-54% болған жағдайда.

Бұл баға егер магистрант бағдарламалық ақпаратты 50%-дан кем емес меңгерген жағдайда, бақылау және үй жұмысын орындау кезінде оқытушы көмегіне мұқтаж болса, коллоквиум тапсыруда дәлсіздіктер мен маңызсыз қателіктер жіберсе, зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсетпесе, тек оқытушы нұсқаған оқу әдебиеттерімен шектелсе, әдістемелік ақпаратты үлкен қиындықтармен жүйелеген жағдайда қойылады.

5. «Қанағаттанарлықсыз» бағасы Ғ бағасына сәйкес, сандық эквиваленті 0 және пайыздық мағынасы 0-49% болған жағдайда.

Бұл баға егер магистрант бағдарламамен қарастырылған негізгі ақпаратты меңгеруде олқылықтар байқаса, пән бағдарламасының жартысынан артығын меңгермесе, жауап беруде маңызды қателіктер жіберсе, ағымдағы, аралық және қорытынды бақылауда алдын-ала қаррастырылған формадағы жеке тапсырмаларды орындамаса, бағдарламада алдын- ала қарастырлған негізгі әдебиеттердің барлығымен жұмыс жасамаған жағдайда қойылады.