Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД-ЛОГ.МАГ.КАЗ..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
408.43 Кб
Скачать

5. Тарату материалы:

Қазіргі уақытта өндірісті ішкі жүйелік ақпаратпен қамтамасыз етудің үш түрі болуы мүмкін:

  1. Ақпараттық технология саласының орталықтандырылған ұйым тәсілі бір бағытқа бағытталған, ол компанияның жоғары басқарушысына тікелей емес бағынады және ақпараттық жүйе мен технологияға жауап береді. Ұйымға жаңа ақпараттық жүйені және технологияны енгізу тәсілінің артықшылығы - жұмыс нәтижелігінің жоғары дәрежеде қамтамасыз етуге қызмет етеді. Бірақ кемшілігіне басқару аппараттарын ұстаудағы кететін үлкен шығындарды жатқызуға болады.

  2. Ұйымды ішкі жүйелік ақпаратпен қамтамасыз етудің децентрализацияланған тәсілі – функциоландырылған бөлімдердің түрлі мамандарымен ақпараттық жүйенің басқару функциясын қамтамасыз етуге ескертілген және де әрқайсысы өз бағытымен жүреді. Артықшылығы – менеджердің ақпараттық жүйе ағымындағы білімінің жоғары деңгейі, ал кемшілігі – бір типтегі шешімдерді қайталау және ішкі жүйенің әр түрлі функциясы.

  3. Мамандандырылған тәсілі – ақпараттық жүйе бөлімдерінің жоқтығымен сипатталады. Егер автоматтандырылған жүйе керек болса, берілген ұйымның мамандандырылған фирмаларының қызметтеріне жүгінеді және жұмыс келісім – шарт негізінде жүреді. Ұйымды ішкі жүйелік ақпаратпен қамтамасыз етудегі берілген тәсілдің артықшылығы – жоғары дәрежедегі ғылыми және оқу – әдістемелік жұмыстарын қамтиды, ал кемшілігі – негізделген объекттердегі барлық спецификалық есебінің қиындығы.

Өндірісте ұйымды ішкі жүйелік ақпаратпен қамтамасыз етудің тәсілін таңдауда бірнеше факторлар әсер етеді және ең алдымен ұйым көлемі, басқару жүйесі, бизнес – процесс, ақшалық құралдардың болуы әсер етеді.

Ақпараттық жүйені құрудың негізгі принципі – мәліметтер ең төменгі агрегаттандырылған деңгейде жинақталып, салыстыруға болатындай болуы керек.

Анализ жасау үшін комплексті жинақ міндетті түрде болуы керек. Бұл әдістерді логистика сферасындағы басқарушы қаншалықты керек етсе, сонщалықты қолданылады.

Қоршаған орта

Кіріспе ақпарат

Ішкі ұйым

Мәліметтерді сақтау

Файлдарды құру

Іздеу

Файлдарға қызмет көрсету

Мәліметтерді қайта құру

Базалық мәліметтерді сұрыптау

Шешімі

Шығыс ақпарат

Шешім қабылдайтын логистика сферасының басқарушысы

Логистика элементтерінің ақпараттық жүйемен байланысы.

Логистикадағы ақпараттың мақсаты басқаруға мүмкіндік алуға негізделген, бақылау және жұмысты жүргізу, сонымен бірге қоймада және шикізатты, материалдарды, бұйымдарды тасымалдауда кешендік жоспарлау жасау жатады. Жүйені функциоландыру кезінде үзіліссіз есеп мәселесі пайда болады, ол процесстің жүру барысында және құрылымына өзгеріс енгізуге ықпал етеді.

Өндірісте ұйымдастырылған процесстер үлкен көлемде ақпараттық ұйыммен байланысқан. Логистикадағы прогрессивті айналу концепциясы ақпараттық жүйенің өзгерісіне әкеледі. Логистиканың қойған мақсаты сәйкесінше ақпараттық жүйемен бірге атқаратын міндеті:

  • Қажетті сапалықты қамтамасыз ету;

  • Қажетті көлемді қамтамасыз ету;

  • Керек орнына жеткізу;

  • Бекітілген уақытта жеткізу;

Көбінесе спецификалық функцияны негіздеуге болады, бірақ оны ақпараттық логистика жүйесі орындау керек, мысалы, тұтынушыға ақпараттық қызмет көрсету функциясы, жоспарлау, басқару, бағыттау.

Жоспарлау функциясы

Тұтынушыларға қажет өнімнің типі бойынша жазбаны басқару, айналымы, ұсынысты жорамалдау, стратегиялық жоспарлау.

Бағыттау функциясы

Өндірістің графигін құру.

Материалдық мұқтаждықты жоспарлау.

Сатуды жоспарлау. (маркетинг).

Мәліметтер базасы

Сыртқы мәліметтер

Тұтынушылардың тапсырысы.

Жүктемеге енген.

Ішкі мәліметтер.

Өндіріс қоры

Тұтынушыны ақпаратпен қамтамасыз ету функциясы

Тұтынушының тапсырыс беру дәрежесі.

Өнімнің типі бойынша қорының бар болуы және орналастыру.

Енген жүктеменің дәрежесі

Басқару функциясы

Тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейі.

Сауданы функцоиландыру.

Транспорттық агентстваны функциоландыру.

Жүйені функциоландыру.

Логистикалық ақпарат жүйесінің функциясы.

Ақпараттық жүйені кері байланыспен басқару.

Ақпараттық жүйенің кері байланысы шешім қабылдай алатын ортада байда болады, сол ортаға және кейінгі шешімдерге әсерін тигізеді. Бұл жүйенің 3 түрі бар: құрылымы, көлемі (запаздывания) және жүйені күшейту.

Құрылымдық жүйесі алыстағы бөліктермен байланыстырады. Ал ақпаратты алуда, шешім қабылдауда көлемдік жүйесі қатысады, ол шешімді орындау процессіне және ақпараттың негізіне сүйенеді.

Негізінен күшейту барлық ақпараттық жүйеде өтеді және логистика жүйесінің қабылдаған шешімі арнайы нақтыланған ретімен жүреді. Олар іс - әрекеті күштірек болған жағдайда ғана пайда болады, мұны реттелетін шешімді анықтайтын кіріспе ақпараттан болжауға болады.

Ақпараттық жүйенің кері байланысымен бірге анықталатын қатан базистік жүйеде бар. Көбінесе шешім толық еркіндікті көрсетпейді, ол тек қатан түрде қоршаған отаның жағдайымен байланысқан болады. Бірақ та ол шешімдерді реттейтін ереже орнатып, оның өндіріске және экономикалық жүйенің іс – әрекетіне әсерін байқауға болады.

Ұйымның типтік құрылымының өндірістік функфункциясы тауарларға тапсырыстын қарқынды болуымен сипатталады. Мұнда қордың үш деңгейін көрсету керек: өндірісте, көтерме сауда да және бөлшек сауда да.

Жүйенің динамикалық жағын анықтау үшін міндетті түрде тауардың көлемін білу керек. Тауар көлемі, ереже бойынша күндерде, апталарда және өңдірістегі ұзақ қолданыстағы тауарларды дайындау көлемінің қарапайымдылығымен көрсетіледі.

Логистика жүйесінің жұмысы эффективті болу үшін ережелерді білу керек, тауарларды орналастыру ретін және қоймадағы әрбір топтағы өңімнің қор көлемін. Осы моделдер негізінен тапсырыстын 3 түрін көрсетеді:

  1. Сатылған тауарлардың орнын басу үшін тапсырыстар;

  2. Сату деңгейінің өзгерісімен байланысты, барлық саладағы қорларды толықтыру үшін тапсырыстар:

  3. Тапсырыс, орындалу барысында тауарлармен қамтамасыз ету каналдарын тапсырыс жайлы қажетті ақпаратпен толтыру.

Ақпарат және тауардың имитациялық моделін құру қарқындылығына логистика жүйесі мен өнімді өңдіру әсер етеді, мұнда қойма қорының өзгерісі және кіріспе мәліметтер түрінде сатып алу байқалады. (4.3. сурет).

1 Деңгей

2 Деңгей

3 Деңгей

Тауарлар және ақпарат ағымының имитация моделі.

Ш артты белгіленуі:

Функциялық шешімі

Ақпарат көзі

Материал ағымының каналы

Бұл моделі 4 элементтен тұрады: деңгейі; ағымы, бір деңгейден екіншісіне өткенде құрамының өзгерісі; шешімі, деңгей аралық ағымды реттеу; ақпарат каналы, деңгейлерді байланыстыратын шешім. Ішкі жүйелік жиналуды осы деңгейлер сипаттайды. Ағым темпі – деңгей аралық жүйедегі жылдам ағымдар. Темптер жүйеде белсенділікті бейнелейді.

Ақпараттық жүйенің деңгейі қаншалықты үлкен болса, соншалықты логистика жүйесі эффективті болады, себебі бағалы ақпараттық жүйе қоры басқару мәселесін шешуде, өнімді тасымалдауда көмектеседі. Тәжірибе жүзінде логистиканың ақпараттық жүйесі көптеген ішкі жүйелермен байланысады. Оңайтылған түрде екі ішкі жүйемен көрсетілуі мүмкін: жабдықтау және тұтыну.

Логистикадағы ақпараттың міндеті.

Материалды ағымды эффективті басқару орталығында басқарылатын ақпаратты ағым болуы керек. Тұтынушығы бағытталған логистикалық жүйемен қамтамасыз ету үшін, ақпараттық жүйемен параллелді түрде физикалық жүйесін функцияландыру керек. Пайда мен шығын арасындағы балансті нәтижесі сәйкес ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Көптеген қауіп төнгенімен пайда мен шығынды анықтау мүлдем оңай емес, себебі сандық анықтауы қиынға түседі. Ақпаратты қалай сақтау жөніндегі сұраққа жауап тапқанда, шығын міселесі пайда болады, өйткені осы жүйедегі мәліметтерді сақтағанда шығынның жылдам өсіп кету қауіпі болуы мүмкін. Сонымен бірге, логистиканың иерархиялық ақпараттық жүйесін назарға алу керек. (4.4. сурет.)

Ж үйенің жылдам жауап қайтаруымен байланысты мәселелер болуы мүмкін. Нағыз уақыттағы режиммен жұмыс істейтің ақпараттық жүйе, физикалық жүйенің минут ішіндегі өзгерістерін үздіксіз бақылайды, мысалы, авиа жолдардағы ақпараттық жүйені резервтеу. Көбінесе ақпаратты сұрыптаудың топтық әдісі тиімдірек болуы мүмкін, мұнда мәліметтер күнара жаңарады, бірақ ақпаратқа жауап кешігіп келуі мүмкін. Ақпаратқа нағыз мұқтаждықты басқаруды анализдегенде ғана жауап алуға болады. Сонымен бірге, ақпаратқа қажеттілікгің әртүрлі деңгейлері бар, олар шешім қабылдаудың иерархиялық типін бейнелейді.

Басқарудың жоғарғы Шешім қабылдайтын полити-

деңгейі каға және стратегияны өңдеуге

арналған ақпарат

Басқарудың ортанғы Шешім қабылдауға және тактикалық

деңгейі жоспарлауға арналған басқарылатын

ақпарат

Бақылайтын Басқаруға және оперативті жоспарлауға

ұйым арналған ақпарат

Оперативті Келісімдерді оперативті өңдеу, сұранысқа жауаптар

деңгей