Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД-ЛОГ.МАГ.КАЗ..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
29.02.2020
Размер:
408.43 Кб
Скачать

7. Бақылау сұрақтары:

  1. «Материалдық қор » терминіне анықтама беру.

  2. Қорларды құру мен сақтауға кеткен шығындардың негізгі түрлерін атап шығыңыз

  3. Қорлардың болмауына байланысты шығындардың негізгі түрлерін атаңыз.

  4. Материалдық ағымның классификациясын сипаттау.

  5. «Қорларды басқару жүйесі» мен «қорлардың күйі» түсінігіне анықтама беру.

  6. Фармацевтикалық мекемелердегі қорлармен басқару кезеңдерін атап шығыңыз.

  7. Қорларды басқарудағы негізгі көрсеткіштер қандай?

  8. Қорлар күйінің классификациялық схем түрінде суреттеу.

Сабақ № 3

    1. Тақырып №3. Қорлаудың Қазақстандағы негізгі заңнамалық процесстер. Қазақстандағы «DAMU» индустриалды- логистикалық орталығын мысалға алғандағы қорлау логистикасының дамуы.

    2. Мақсаты: Магистранттарды қоймалау логистикасының фукционалдық саласының мәнімен таныстыру.

    3. Оқу міндеттері: Пәнге түсініктеме беріп, қоймалау логистикасын сипаттау. Фармацевтикалық мекемелердегі қоймалардың функциялары мен міндеттерімен таныстыру. Қоймаларда жүретін негізгі операцияларды үйрету. Қоймалардың түрі, функциясы, классификациясы туралы түсінік беру

    4. Білім беру және оқыту әдістері: шағын топтар, пікірталас, шолулар.

5. Тарату материалы: Қазақстандағы қоймалық логистиканың «damu» орталығы үлгісінде өнеркәсіптік-логикалық дамуы.

Қазақстанда ғылыми тәсілдер мен тәжірибелік әдістердің талап етілуі еліміздің рыноктық қатынастарға өтуінің бастапқы кезеңінде пайда болды. Экономикалық талдаудың егжей- тегжейіне жетпей-ақ, Қазақстандағы логистикалық тұжырымдаманың даму жолындағы принципті қиындықтарды жалпы түрде тұжырымдайық.

Біріншіден, ұзақ уақыт бойы отандық экономикада, Батыстық логистикада басты ұстаным болған, айналым саласының (өніммен жабдықтау және өткізу) ролі жете бағаланылмай келді. Тарихи біздің елімізде айналым саласының дамуы өндірістік саланың дамуынан алде қайда артта қалған еді, әсіресе тауарлар мен қызмет көрсету өтілімінің ұйымдастырылуы. Ол тауарлардың өндірушіден тұтынушыға баяу жылжуымен, қанағаттандырылмаған сураныстың жоғары дәрежесімен, жеткіліксіз сенімділікпен және тұтынушыларға қызмет көрсету дәрежесінің жетіксіздігімен сипатталды. Айналым саласы қашанда қалдықтық принцип бойынша қаржыландырылды; жетекші, басқарушы қызметкерлердің экономикадағы айналым саласының ролін жете бағаламауда берік психологиялық тосқауылы болды.

Екіншіден, бүгінгі таңда Қазақстан экономикасының ішкі құрылымының (әуелі тауар айналымы саласында) дамуы бойынша тіпті орташа дүние жүзілік дәрежеден айтарлықтай артта қалып отыр. Бұл жерде келесідей негізгі жағымсыз сәттерді атап көрсетуге болады:

  • Тауар жеткізуші құрылымдардың тиімсіз дамуы (ойланып ақылға салынған өндірістегі және саудадағы тауар дистрибьюция жүйесінің даму стратегиясының жоқтығы, ірі және орта котерме деңгейіндегі тауар рынгінің ұйымдастырылуының тапшылығы);

  • Қазіргі заманғы электрондық байланыс жүйесінің, электрондық желі, байланыс және телекоммуникация жүйесінің даму деңгейінің әлсіздігі;

  • Көліктік ішкі құрылымның мешеулігі, ең әуелі автокөліктік жол облысында; жүк автокөліктерінің, мултимодальдік және кедендік терминалдардың жеткіліксіз мөлшері және технико- технологиялық төмен деңгейі;

  • Дүние жүзілік стандарттарға жауап беретін, қазіргі заманғы көлік құралдарының жоқтығы; көліктің жылжымалы құрамының физикалық және рухани тозуының жоғары дәрежесі;

  • Қойма шаруашылығының өндірістік-техникалық негізінің дамуының төменгі деңгейі; тауарды қазіргі заманғы технологиялық жүкөңдеу жабдықтарының жоқтығы;

  • Қойма жұмыстарын механикаландыру және автоматтандыру деңгейінің әлсіздігі;

  • Қазіргі заманғы қораптар және орауыштар т.с.с. өндіру өнеркәсібінің даму әлсіздігі.

Көрсетілген факторлар мен жағымсыз сәттер айтарлықтай деңгейде қазақстан экономикасына логистикалық тұжырымдаманы енгізуді тежеп отыр, ал олардан қысқа уақыт ішінде арылу мүмкін емес.

Алайда 2000-жылдардың басында Қазақстанда экономиканың әр түрлі салаларында логистикалық сананың дамуына белгілі алғышарттар болды. КСРО экономикасындағы ұзақ кезең бойы, кейін Қазақстанда да бүгінгі күні біз логистиканың айрықша құзіретіне жатқызатын, мақсаты материалдық ағыстарды басқару болған, өндірістің әр түрлі саласында және айналым саласында өндірістік-техникалық негіздер қалыптаса бастады. Өнеркәсіптік өндіріс саласында бұл технологиялық (өнеркәсіптік) көліктің және қойма шаруашылығының жұмысын, икемді автоматтандырылға өндіріс және роботтандырылған кешенді, автоматты жобалау жүйесін (САПР) ұйымдастыру өндірістің ішкі жүйесіне жатады.

Айналым саласының өндірістік-техникалық негізін және отандық экономиканың біршама өнімнің түрлерінің материалдық ағымын басқарумен байланысты ішкі құрылымын, әр түрлі орталықтандырылған, салалық, аймақтық және ведомствалық тауарларды жабдықтау және өткізу жүйесіндегі мемлекеттік технологиялық объектілер құрады, яғни бұрынғы құрылымдар (Госснаба, Госстроя, Госагропрома и Госкомнефтепродукта СССР.). Мемлекеттік қамтамассыздандыру және материалдық ресурстарды орталықтандырылған бөлудің барлық формаларының таратылуына қарамастан, Қазақстан аумағында мықты қоймалық жүйе обьектілері мен тауар жеткізу желілері, ірі автоматтандырылған көліктік- қоймалы кешендер, көліктік тораптар мен жүктік терминалдар, контейнерлік пункттер, әр түрлі транспорттық және байланыс кәсіпорындары, есептегіш және ақпараттық-диспетчерлік орталықтар, көтерме және бөлшек сату обьектілері және т.б. сақталған және рыноктік құрылымдарда қызмет етуде.

Біздің мемлекетіміз ұстанатын, көрші елдермен интеграциялау саясаты, интеграцияланған мемлекеттер аумағында, мемлекеттік институттармен, ұжымдармен, ФПГ, бірлестіктермен қалыптасатын, ғаламдық логистикалық жүйені құруға әкеліп соғады. Ғаламдық логистикалық жүйенің қызмет етуі, ең әуелі қаттап тастау қарайтын, сәйкес ішкі құрылымсыз мүмкін емес. Дүние жүзілік экономиканың дамуына берілген болжамдық бағаларында, бұл жүзжылдықтың негізі қаржылық және тауар ағымары үшбұрышқа «АҚШ─ Европа─Оңтүстік Шығыс Азия және Қытай» жинақталады делінген. Қазақстанның ең маңызды мақсаты─ Европа мен Азия арасындағы табиғи транзиттік көпір ретінде, өзінің тиімді географиялық жағдайын толығымен жүзеге асыру. Сонымен жақын арада Қазақстандағы логистиканың дамуындағы басым бағыт болып оны көліктік кешенде және қоймалар жүйесінде қолдану болады деп айтуға болады. Халқаралық жүк тасымалдауға қатысушы, отандық тасымалдау және экспедиторлық кәсіпорындар, қазіргі заманғы логистикалық тасымалдау және жүкөңдеу технологияларын: интер, мултимодульдік және терминалдық жүк тасымалдау жүйесін, тасымалдау технологиясы «дал уакытында» және «есіктен есікке», қазіргі заманғы телекомуникациялық жүкті алып жүру жүйесін т.б. енгізу қажеттілігін бірінші болып сезінді. Ірі қазақстандық мемлекеттік және жеке тасымалдау және экспедиторлық кәсіпорындар белсенді түрде өздерінің терминалды желілерін, жүк орналастырушы және логистикалық орталықтар, логистикалық сервиске ақпараттық-компьютерлік жәрдем көрсету жүйесін құра бастады.

Осындай кәсіпорындардың бірі болып, бұл мәселелердің шешімімен айналыса бастаған және Қазақстандағы қоймалық логистикалық саланың көшбасшыларының бірі болған, «AMANAT Invest Group» компаниялар тобы қалыптасты.

Компания құрылған сәтінен бастап, тұтынушылар қажеттілігін ірі мегаполистар шегінде жүктер ағымын басқару арқылы қанағаттандыруды тандады. Қалалық жол тораптарының көліктік жүктелу мәселесі негізгі қоймаларды қала сыртына біржолата шығару арқылы шешілді.

Қорлау жүйесі қоймада жүктің оптималдық орналасуын және тиімді басқаруын болжайды. Қорлау жүйесінің жасалуында барлық өзара байланыстар мен сыртқы (қоймаға кіруші және одан шығушы) және ішкі (қоймалық) объект ағындарының өзара тәуелділігін және оған байланысты ықпалдарын (қойма параметрі, техникалық жабдықтар, жүк артықшылықтары және т.б.) ескере отыру қажет. Мөлшерлік және сапалық баға тәсілі бойынша қойылған

Әртүрлі логистикалық процесстарда қойма уақытша материалдық қор сақтаудың ұқсас қызметтерін атқарады, материалдық ағындарды қайта жаңартады, логистикалық сервисті қамтамасыз етеді, сондықтан әртүрлі қорларда орындалатын жұмыстар жинағы шамамен бірдей.

«DAMU» қойма терминалымен жеткізілетін негізгі қызметтер:

  • Белгілі температуралық жағдайларды талап ететін тауарларды сақтау;

  • Ірі габаритті жүктерді сақтау;

  • Жүк тиеу-жүк түсіру жұмыстары;

  • Тапсырыс берушінің арнайы талаптарына сай тауарды өңдеу;

  • Тапсырыстарды сорттау және жиынтықтылау;

  • Таңбалау, термобайлау және қаптау;

  • Логистикалық оператор есебіне сақтандыру;

  • Қоймадағы жүктердің қозғалысы туралы қажетті есептерді жеткізу;

  • Дәріханалық, кедендік , СВХ, бос қоймаларда сақтау.

Транспорттық логистика саласында мекеме келесі қызметтерді ұсынады:

  • Транспортты-логистикалық тиімді шешімдер табу;

  • «Есікке дейін» қағидасымен жүкті алушыға Алматы және Алматы облысы бойынша жеткізу қызметтерінің толық кешені;

  • Авто- және теміржол транспортымен Қазақстан қалалары бойынша дистрибуция;

  • Тасымалдаудың әртүрлі қауіптеріне тиімді сақтандыру полисін алуға көмектесу;

  • Жүктің мекен-жайы туралы шапшаң мәлімдеу;

  • Сапар кезінде жүкті сүйемелдеу және қорғау;

  • Кедендік бақылаудан жүкті тасымалдауды ұйымдастыру;

  • Әр клиентке арнайы менеджер;

  • Консалтингтік қызметтер;

  • Кең агенттік, серіктестік желі;

  • Экспорттық және импорттық жүктерді «есіктен есікке дейін» жеткізу жүйесі;

  • Қызмет көрсету сапасын бақылау жүйесі;

Компания сонымен қатар кедендік-делдалдық қызметтерді ұсынады:

  • Толық кедендік ресімдеу;

  • Тауарға сәйкес куәліктер алу;

  • Рұқсат құжаттарын ресімдеу(мал дәрігерлік және фитосанитарлық бақылау);

  • Тауар партиясын кедендік ресімдеуден өткізуге арнайы менеджер;

  • Кедендік қоймада және СВХда дәрі-дәімектерді сақтау;

  • Кедендік заңнама, кедендік ресімдеудің тәжірибелік сұрақтары және сыртқы экономикалық қызмет және т.б бойынша кеңес беру;

Жобаның басты басымдылықтары:

  • Өндірістер мен кеңселер бірге болатын қоймалардың бір аймақта орналасуы;

  • Тапсырушыға ондай өндірістің мерзімі мен бағасын азайтуы;

  • Тапсырушының нақты қажеттілігі бойынша жобалау және құру мүмкіндігі;

  • Жергілікті бюджетте қосымша жұмыс орнын ұйымдастыру және салықтық түсімдердің өсуі арқасында социалдық саланың ауданда дамуы;

«AMANAT Invest Group» компаниясының қызметін талдау логистикалық сервистің дамуына компания менеджерлерінің кәсіби және сауатты шешім тапты қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Компания аудандар экономикасын логистизациялаудағы артықшылық бағыттарды анықтау арқылы даму стратегиясын дұрыс таңдаған.

Елде тауар айналымынның сапасын мен динамикасын жақсарту мақсатында заманауи әлеуетті индустралды-логистикалық кешендерді Қазақстанның үш торабында Алматы-Астана-Ақтөбе және РФ-дағы Тульский облысында салу арқылы бірыңғай логистикалық желіні дамыту компаниямен жоспарланып отыр. Бүкіл елді қамтитын жоғары сапалы логистикалық желілердің пайда болуы, Қазақстан деңгейін Европа мен Азия арасында байланыстырушы бөлім ретінде нығайыуына мүмкіндік береді, осылайша елдің транзиттік әлуетін жүзеге асыруға мүмкіндік туғызу.