Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД-ЛОГ.МАГ.КАЗ..docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
408.43 Кб
Скачать

5. Тарату материалы:

Логистиканың принциптерін экономикада қолдану салыстырмалы үрде жақында басталды. ХХғғ 60 -70 жылдары нарық экономикасы дамыған елдерде өндірілген тауарларды рационалды таратуда олардың өзіндік бағасын қосымша шығандарсыз азайтуға болатынын түсінді.

Ұлыбританияда жүргізілген зерттеу нәтижесі соңғы тұтынушыға жеткен тауар бағасының 70%-ын логистика құрайтынын көрсетті, яғни транспорттау, сақтау, қаттау және т.б. жұмсалған шығындар. Логистикаға деген негізгі күрт өсуші қызығулықтар:

  • Өзіндік бағасын төмендету және жеткізу сапасын жоғарылату бойынша бәсекелестікті қамтамассыз ету;

  • Энергетикалық дағдарыс;

  • компьютерлену;

  • сатушы нарығының сатып алушы нарығына айналуы.

Логистиканың дамуының келесі этаптарын ерекшелейді:

I. ХХ ғғ 60 жылдары. 60-е годы ХХ века. Қойма шаруашылығының ықпалы транспорттық және оларды қолдану координациясына тиді. Бұрын транспорт және қойма тиеу- жүктеу операцияларымен байланысты болған, ал қазір олар бір технологиямен жұмыс істейді.

Логистиканыңдамуының 1-ші сатысы

Логистика дамуындағы 1-ші кезеңнің маңызды сәттері:

  • сұраныстың ауытқуларын түкелдей елеу;

  • логистикалық жүйеге баға беру табыстан транспорттау шығындарының бөлігі және тауарларды тарату бойынша басқа да операцияларды есептегенде көрінеді.

II. ХХ ғғ 80 жылдары. Қоймалау және тасымалдаудың өзара байланысына өндірісті жоспарлауда қосылады. Тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын тапсырыстарды уақтылы жүргізу және құралдарды ұтымды қолдану жоғарылатады.

Логистика дамуының 2-ші саты

Логистика дамуындағы 2-ші кезеңнің маңызды сәттері:

  • логистика жүйесі келесі элементтерге жауап береді: тапсырыстарды өңдеу, тапсырыс берушіге қызмет көрсету, дайын тауарлар қорын басқару;

  • компьютерлер қолданылады, бірақ ақпараттық жүйелер өте күрделі емес;

  • логистикалық жүйе жұмысы шығыс сметасы мен нақтылы шығындармен салыстырумен бағаланады.

III. ХХ ғғ 90 жылдары. Материалөткізуші буындар жиынтығының маңызы өте жоғарылайды.

Логистика дамуының 3-ші саты

Логистика дамуындағы 3-ші кезеңнің маңызды сәттері:

  • логистикалық жүйенің 2-ші кезеңдегі элементтеріне қосылады: шикізат табу немесе сатып алу, мекемеге шикізатты жеткізу, шикізат қорын және бітпеген өндірісті басқару;

  • құру әсерлерін беретiн жоспарлады басқаруға негiзделген;

  • жүйе жұмысы қызмет көрсету стандарттарының сапасымен бағаланады.

IV. Қазіргі кезең. Логистикалық операциялар маркетинг және қаржылық операциялармен интегралданады.

4-ші кезеңнің маңызды сәттері:

  • мекеме бөлімдері қарама- қайшы мақсаттарының бірігуі;

  • ұзақ уақыттық жоспарлау;

  • халықаралық стандарттар талабы бойынша жүйенің жұмысын бағалау.

Логистика дамуының 4-ші сатысынң элементтері

Бірақ айта кету керек кейбір мекемелер логистикаға әлі де болса түсінбестікпен қарайды. Бұл көп жағдайда экономикалық климаттың өзгергіштігімен және тез табыс табу мақсатымен айқындалады. Сонымен қатар логистикаға салған қаржыны байқау қиын.

Қазіргі кезде әр елдіңң ғалымдарының ойы бір жерден шығуда: логистикалық объект деп материалдық ағымның барлық жолындағы қозғалысты, яғни бірінші көзден соңғы тұтынушыға дейінгі сәттерді айтады.

Материалдық ағымды басқару логистикасы

Логистикалық жүйе макро- және микро болып бөлінеді. Макрологистикалық жүйе белгілі бір ауданның, мемлекеттің немесе мемлекет топтарының экономикалық инфраструктурасын қарастырады. Бұл өндірістік, делдалдық, саудалық мекемелерді, транспорттық кәсіпорындарды қарастыратын материалдық ағымдарды басқаратын күрделі жүйе.

Микрологистикалық жүйе – технологиялық байланысқан өндірістер, жалпы инфраструктураларды бірігін қарастырады. Олар тауарлық- ақшалық қатынастар базасында макрологистикаға бірігеді.

Логистикалық жүйелердің қалыптасуы шаруашылық мақсатына жету үшін бағытталуы керек.