Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД-ЛОГ.МАГ.КАЗ..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
29.02.2020
Размер:
408.43 Кб
Скачать

5. Әдебтеттер:

Негізгі:

  1. Савенкова Т.И. Логистика. – Москва: Омега-Л, 2010.

  2. Тулембаева А.Н. Логистика. – Алматы: Триумф «Т», 2008.

  3. Сербин В.Д. Основы логистики. – Таганрог: ТРТУ, 2004.

Қосымша:

  1. Ардатова М.М. Логистика в вопросах и ответах: Учеб. Пособие. - М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2004.

  2. Бауэрсокс Д. Дж., Клосс Д. Дж. Логистика: интегрированная цепь поставок/Пер. с англ. - М.: Олимп-Бизнес, 2001.

  3. Внешнеторговые операции и логистика: Учебное пособие/Под ред. Николаева Д.С. и др. - М.: АНКИЛ, 1998.

  4. Голиков Е.А. Маркетинг и логистика: Учебное пособие. - М.: Изд. дом «Дашков и К», 1999.

  5. Джонсон Дж.С. и др. Современная логистика. - 7-е изд. - М.: ИД «Вильямс», 2002.

  6. Бақылау сұрақтары:

  1. Қандай ақпарат логистиканы іске бағыттайды?

  2. Ақпараттық жүйе деңгейлерін айтып беріңіз.

  3. Ақпараттық жүйе логистикалық жүйемен бірге кері байланыста қалай қолданылады?

  4. Логистикалық ақпараттық ағымның жөнелту кезіндегі өтетін этаптарын атаңыз.

  5. Ақпараттық жүйе мен ақпараттық логистиканың мақсаттары қандай?

  6. Логистикадағы ақпараттық жүйелерге классификация жасаңыз.

Дәріс № 8

    1. Тақырыбы: Логистикадағы қорлар.

    2. Мақсаты: Магистранттарға материалдық қор түсінінігін беру, қорды жасау себептерін түсіндіру, материалдық қорларлдың түрлерімен таныстыру.

3. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Материалдық қорлар түсінігі.

  2. Қорды жасау себептер.

  3. Материалдық қорлардың түрлері.

  4. Фармацевтикалық ұйымдардағы алынатын партияның ұтымды көлемін анықтау.

Қор — материалдық ағымның өмір сүру формасы. Егер материалдық ағым қозғалатын бүкіл логистикалық тізбек бір конвейр сияқты жұмыс істесе, күту уақыты нольге тең болып, қор жинаудан бас тартуға болар еді. Бірак ол шындығында олай емес.

Материалдық ағым басынан бастап соңғы тұтынушыға жеткенше, жолда жүріп кез келген учаскелерде қор ретінде сақталады, сондықтан қорларды шикізат, материал, дайын өнім және т.б. деп бөледі. Міндеті бойынша қорлар өндірістік және тауарлық деп бөлінеді, олар өз кезегінде орындалу функциясы бойынша үшке бөлінеді:

  1. Ағымдағы;

  2. Сақтандыру;

  3. Мезгілдік.

Өндірістік қорлар, өндірістік қолданысқа арналған мекемелердің барлық салаларында орналасады. Өндірістік қорларды құрудың мақсаты – өндірістік процестің бір қалыпта қызмет етуін қамтамассыз ету үшін.

Тауарлық қор, соңғы тұтынушы қолдануға арналған, сонымен қатар жабдықтаушыдан тұтынушыға жетер жолда бара жатқан, яғни көтерме мекемелерде, майдакөтерме және бөлшек сауда, дайындау мекемелерінде және жолда келе жатқан қорлар дайын тауарлар болып табылады. Тауарлық қорлар өз кезегінде өндірістік тауарлық құралдар және тұтынуға арналған тауар құралдары болып бөлінеді.

Ағымдағы қор – кезекті тапсырыстарға дейін өндірістік және саудалық процестердің үздіксіздігін қамтамассыз ететін қорлардың ең маңызды бөлігі.

Сақтандыру қорлары – өндірістік немесе саудалық процестерге төтенше жағдай болғанда материалдық немесе тауарлық заттармен қамтаммасыз етеді. Сақтандыру қоры,

Мезгілдік қорлар, өндірістің, қолданыстардың немес траснпорттаудың мезгілдік сипатында пайда болады.

Өндірістік және саудалық күйіне қарай материалдық қорларды келесі түрлерге бөледі:

  • өтпелі;

  • дайындаушы;

  • өтімсіз;

  • жолдағы қорлар және т.б.

Өтпелі қорларға есеп беру периодының соңында қалатын қалдық материалдық құралдарды айтады. Бұл қор түрі- өндірістік немесе саудалық процестердің басындағы периодтан, келесі периодқа дейін, яғни келесі партия жеткізілгенге дейін үздіксіздікті қамтамассыз етеді.

Дайындаушы қор — өндірістік немес саудалық процесте қолданар алдын қосымша дайындықты талап ететін ағымдағы қордың бөлігі.

Өтімсіз қор — бұл ұзақ уақыт өндірісте қолданылмаған тауарлық қор.

Жолдағы қорлар — есептеу кезінде транспорттау процессіндегі қор.

Мезгілдік қорлар- өндірістің мезгілдік сипатында пайда болады.

Логистикада қорларды басқару- қайта өңдеу және жүктерді ресімдеу және сатып алу, сату қызметімен хабарласу, қоймалардың оптималды көлемін есептеу және олардың орналасу жеріне тікелей байланысты операцияларды оптемизациялауды айтамыз. Қорларды құрастыру барлық уақытта қосымша қаржылық шығындармен бірге жүреді. Қорларды құру немесе сақтаумен байланысты шығындарды бірнеше топтарға бөлуге болады:

  • қорларды ұстау үшін қаржылық қаражаттардың бөлігін аудары;

  • арнайы жабдықталған жерлерді ұстауға кететін шығындар;

  • арнай мамандардың жалақысын төлеу;

  • қосымша салықтар;

  • әрдайым тауарлардың бұзылу қаупі, жарамдылық мерзімі өткен тауарлардың өтпей қалуы, ұрлықтар

Өкінішке орай қорлардың қажет көлемі болмаса да шығындарға әкеледі, оларды келесі шығындар формасына бөлуге болады:

  • өндірітің тоқтап қалуы;

  • сұраныс жоғары болған кездегі, тауардың қоймада болмауына байланысты пайдадан айырылып қалу;

  • тауарлардың шағын партияларын жоғары бағамен сатып алу;

  • потенциалды сатып алушылар және т.б.

Қорларды басқару олардың нақты жағдайын бақылауды ұйымдастыруды қарастырады. Қорлардың жағдайын бақылау және тапсырыстарды құрастыру периодттық түрде келесі жүйелермен орындалады:

  • Оперативтік басқару – белгілі бір мезгіл аралығынан кейін оперативті шешім қабылданады: «тапсырыс беріле ме» немесе «тапсырыс берілмей ме», егер тапсырыс берілсе, онда тауардың қандай көлемі.

  • Бірқалыпты жеткізулер — белгілі бір мезгіл аралығында тауар түрінің саны тұрақты тапсырылады;

4. Көрсетпе құрал: мультимедиялық дәрістердің электрондық нұсқасы (магистрант кафедрадан алады)