Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД-ЛОГ.МАГ.КАЗ..docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
408.43 Кб
Скачать

5. Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Савенкова Т.И. Логистика. – Москва: Омега-Л, 2010.

  2. Тулембаева А.Н. Логистика. – Алматы: Триумф «Т», 2008.

  3. Аникина Б.А. Практикум по логистике. – Москва: Инфра-М, 2007.

  4. Сербин В.Д. Основы логистики. – Таганрог: ТРТУ, 2004.

Қосымша:

  1. Ардатова М.М. Логистика в вопросах и ответах: Учеб. Пособие. - М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2004.

  2. Бауэрсокс Д. Дж., Клосс Д. Дж. Логистика: интегрированная цепь поставок/Пер. с англ. - М.: Олимп-Бизнес, 2001.

  3. Берков М.В. Информационные технологии в логистике. - М.: Финансы и статистика, 1999.

  4. Внешнеторговые операции и логистика: Учебное пособие/Под ред. Николаева Д.С. и др. - М.: АНКИЛ, 1998.

  5. Голиков Е.А. Маркетинг и логистика: Учебное пособие. - М.: Изд. дом «Дашков и К», 1999.

  6. Гордон М.П., Карнаухов С.Б. Логистика товародвижения. - 2-е изд., перераб., доп. - М.: Центр экономики и маркетинга, 2001.

  7. Джонсон Дж.С. и др. Современная логистика. - 7-е изд. - М.: ИД «Вильямс», 2002.

6. Бақылау сұрақтары:

  1. Логистикаға анықтама беріңіз.

  2. Логистиканың объекті, пәні және мақсаты не болып табылады?

  3. Материалдық ағым деген не?

  4. Логистиканың қызметі мен функцияналды салалары қандай?

  5. Логистиканың концепциясын атаңыз.

  6. Логистиканың негізгі принциптерін атаңыз.

Дәріс 2

1. Тақырыбы: Логистикалық жүйе, орталықтары. Мекемедегі логистиканы ұйымдастыру.

2. Мақсаты: Ұйымдарда логистиканы ұйымдастыру мен элементтердің ұйымдасқан жиыны ретінде студенттерді логистикалық жүйемен таныстыру.

3. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Логистикалық жүйе, оның қасиеттері.

2. Логистикалық тізбек және логистикалық шығындар.

3. Ұйымдарда логистиканы ұйымдастыру.

Бұл жүйе оның элементтерін құрайтын және бөліктеріне тән емес қасиеті бар бір бірімен ұйымдасқан элементтердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Жүйенің қасиеті:

  • тұтастық және бөлінгіштік;

  • элементтер арасында байланыстың болуы;

  • ұйымдасушылық;

  • интегративтілік.

Объектіні жүйе ретінде қарастыру үшін жүйелік түрде қарастыруды қолданады. Бұл ретте жүйенің ішкі және сыртқы орташа ажыратады. Сондай-ақ кіру және шығу деп бөлінеді. Логистикалық жүйенің элементтеріне: көлік ұйымдары, қоймалар, көтерме және бөлшек сауда ұйымдары, қайта тиеу және тасмалдау техникасы және т.б. Жалпы логистикалық жүйенің элементтерін макро- және микро деңгейде қарастыруға болады. Білікті қызметкер жеке элементтер арасында байланысты қамтамассыз етеді. Сондықтан макро деңгейде байланыстың негізін келісім шарт құрайды, ал микро деңгейде элементтер ұйым ішіндегі қарым- қатынас байланыстырады.Элеметтер арасында байланыс азды көпті реттелген.

Логистикалық жүйе- сол немесе басқа қызметті орындайтын кері байланысы бар адаптивті жүйе. Логистикалық жүйенің мақсаты – тапсырылған орынға, қажетті мөлшерде және қажетті ассортиментте белгіленген шығындар деңгейінде өндірістік немесе жеке қолдануға максимальды мүмкіндік деңгейінде дайындалған тауарлар мен бұйымдарды жеткізіп беру. Логистикалық жүйелерді макро- және микрологистикалық деп бөлінеді.

Макрологистикалық жүйе — аймақтың әртүрлі өңірлерінде немесе әртүрлі мемлекеттерде орналасқан әртүрлі ведомствалық сауда және транспорттық, делдалдық ұйымдарды, өнеркәсіптік ұйымдар мен мекемелерді қамтитын материалды ағымды басқаратын ірі жүйе.

Микрологистикалық жүйе – макрологистикалық жүйе құрылымын құрайтын қосалқы жүйе болып табылады. Оларға әртүрлі өндірістік және сауда ұйымдары, аймақтық- өндірістік кешендер жатады. Бұл жүйелер құрамына біртұтас инфрақұрылыммен біріккен технологиялық байланысты өндірістер кіретін өндіріс-ішілік логистикалық жүйелер классы болып табылады.

Логистикалық жүйелерді басқару- материалды, финанстық және ресурстарды тиімсіз жоғалтудың алдын-алу мақсатында жеке байланысқан элементтерін бизнестің интегрирленген процесіне енгізілуіне негізделген. Логистикалық жүйенің төрт негізгі қасиетін ажыратады.

1. Тұтастық пен жекешелік қасиет.

2. Байланыстық қасиет.

  1. Ұйымдасушылық қасиет..

  2. Интегративтілік қасиет.

Макрологистикалық жүйелер мемлекет, мемлекет аралық, аймақ аралық, мемлекет аралық байланыстар деңгейінде құралады. Микрологистикалық жүйелер мекемелер, ұйымдар деңгейінде құрылып, макрологистикалық жүйенің қосалқы жүйесі ретінде қызмет етеді. Логистикалық тізбек және логистикалық шығындар. Логистикалық жүйе деп материалдық ағымдық шикізат көздерінен бастап дайын өнімді тұтынғанда дейінгі өту этаптарының бірізділігі. Логистикалық тізбектің негзгі звеносына кіреді: жартылай дайындалған өнімді; материалдарды; шикізатты жеткізу; шикізатты және өнімді сақтау, тауарларды шығару; дайын өнім қоймасынан тұтынушыларға тауарларды жөнелту т.б.

Материалды ағымның алға жылжуы бойынша әр операцияға белгілі бір шығындар сәйкес келеді, ол логистикалық тізбектің нақтылы бір звеносын– мекеме алып жүреді. Бұл шығындар логистика саласына жататындықтан, оларды логистикалық шығындар деп айтайды. Олар мына салаларға шығынын қосады:

  • Жүктеп-жүкті түсіретін аперациялар;

  • Жүктерді тасымалдайтын және жүкті экспедициялау;

  • Жүкті сақтау;

  • Жүк туралы ақпараттар беру, сақтау және жинақтау;

  • Жабдықтаушылар мен тұтынушылар арасындағы есеп;

  • Жүкті сақтандыру;

  • Жүкті кедендік өңдеу және т.б.

Логистикалық шығындар көлемі қызмет көрсету саласына байланысты: өндірісте – тауарды өндіру мен өндірістегі суммалық шығындардың 10 - 15 %; саудада - 25 % жоғара.

Логистиканың негізгі мақсаты материалды ағымды шикізаттың бірінші көзінен бастап, соңғы тұтынушыға жеткізгенге дейінгі кететін шығынды төмендету болып табалады. Өндіріс шығынын есептеу жүйесі мен жолдауы логистика қызметін қолдану үрдісінде пайда болатыншығындарды бөлу керек, ең мағызды шығындар туралы және олардың бір-бірімен байланысының сипаты туралы мәліметті құру.

Мекемеде логистиканы ұйымдастыру. Логистикалық жүйені пайдалану барлық операцияларды біртұтас қызмет ретінде басқаруды қарастырады. Ол үшін, тапсырыстардың келісім- шарттарын қалыптастырудан бастап тұтынушыға дайын өнімді жеткізгенге дейін материалдық ағымды басқаратын, арнайы логистикалық қызметті ұйымдастыру керек: Жоспарлау және бақылау— дайын өнімді шығаруды жоспарлау, транспорттық процесстерді жоспарлау, қойма жүйесін жоспарлау, қаржыны бақылау, ақпараттық жүйе;

  • Операцияларды басқару — қоймаларда, транспортта, өндірістік процессте қызмет көрсету шараларында;

  • Қорларды басқару — сұранысты болжау, шикізат қорын, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдер басқару мен бақылау; ыдыстар мен қаптау құралдарын таңдау және т.б.

Логистикалық қызмет бөлім ретінде немесе бір адам ретінде келесі қызметтерді орындау керек:

  • Дайын өнімді шығаруда жіктелген кестемен бірге оперативті- күнтізбелік жоспарлау;

  • Өндірістегі технологиялық процесстерді оперативті басқару;

  • Сапаны жалпы бақылау, сәйкес қызмет пен тауарлардың сапа стандарттарын ұстану;

  • Материалдық ресурстардың жеткізілуін стратегиялық және оперативті жоспарлау;

  • Өндіріс ішілік қор қызметін ұйымдастыру;

  • Өндірістегі шығындарды болжау, жоспарлау және нормалау;

  • Өндіріс ішілік технологиялық транспорт жұмысын ұйымдастыру;

  • Барлық өндіріс ішілік қор жүйесіндегі және өндірістегі технологиялық процесстердегі қорларды басқару және бақылау;

  • Өндіріс ішілік материалдық ресурстарды және дайын өнімдерді физикалық тарату;

  • Өндіріс ішілік материалдық ағымдардағы процесстерді ақпараттық және технологиялық қамтамассыздандыру;

  • Өндірістегі материалдық ағымдарды басқарудағы автоматтандыру мен компьютерлендіру.

4. Көрсетпе құрал: мультимедиялық дәрістердің электрондық нұсқасы (магистрант кафедрадан алады)