Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсавой.гигиена.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
100.19 Кб
Скачать

3.6.Құлындарда кездесетін аурулар.

Жас құлынның жағдайын мұқият бақылап отырған дұрыс. Тіршілігінің алғашқы күндерінде жас құлынның өздеріне тән ауруларға шалдығуы мүмкін. Ал ауруға шалдыға қалса дереу емдеу қажет.

1.Өлітию. Құлында кей кезде кездесетін тоңғақт түспеу секілді өлітию ауруына шалдықтырады. Құлын күшене береді, арқасы бүгіледі, енесін ембей қалады, ішіне қайта- қайта қарайды, жата береді. Артқы тесігі құйрық түбі доңғақ жағылып былғанады. Егер құлынға дер кезінде көмек көрсетілмесе ол мал болмайды. Сондықтан ең алдымен тырнағы алынып, әбден жуылған қолдың саусағымен тік ішекті тезектен тазарту қажет. Содан соң сабынды жылы сумен (1-2 стакан) клизма жасаған пайдалы.

2.Кіндік жарығы. Тіршілігінің алғашқы күндері шамадан тыс күш түсуден (секіру,тым көп кезіп, шаршап-шалдығу,т.б.) немесебие туып жатқанда дұрыс көмек көрсетпеу салдарынан құлында кіндік жарығы өршиді (кейде іштен де туатыны бар). Кіндік жарығын айыру оңай: ол жұмсақ, онша ауырсындырмайтын, орнына жеңіл түсетін «тесік». Бұл ауруға шалдыққанда кіндіктің кеңейген, «сақинасынан» соған жақын жатқан жиек бөлігі шығып кетеді. Кіндік жарығынан тартып тастау, бандаж кигізу жолымен емдеуге болады. Бірақ құлынның кіндік «сақинасы» тартылып, өзі де жазылып кетуі мүмкін.

3.Сарыбуын. Бұл жұқпалы ауру. Мұны биені қынап ауруына шалдықты- рып, құлын тастататын қоздырғыштар қоздырады. Ауру құлын тіршілігінің алғашқы күні-ақ пайда болады. Сары буынға шалдыққан құлынның екінші күні кіндігі кеуіп қабынады. Құлынның қызуы көтеріліп, енесін сирек емеді немесе мүлде ембейді. Содан кейін-ақ буындары, әсіресе тілерсек, тізе буындары іседі. Төлдің іші өтетін жағдай да жиі кездеседі. Онысы сасық болады. Ауру 15-20 күнге созылады да құлын өледі. Бұл ауруды білісімен дереу мал дәрігерін шақырту керек, оған дейін ауру құлынды оқшаулай тұру керек. Төсеніш таза, құрғақ ұстаған дұрыс. Ал бұрын тұрған қорасы міндетті түрде дезинфекцияланады.

Кейде құлын өте әлжуас болып туады. Олар аяқтана да, өздігінен ауыздана да алмайды. Мұндай құлын көбінесе «әлсіз туған төл ретінде» шығынға шығады. Бірақ тәжірибелі кісілер әрбір туған құлынды аман өсіру қажет деп әділ айтады. Олар алғашқы күннен-ақ ондай әлжуаз туған құлынға 2 сағатта кемінде бір рет енесінің сүтін беріп, жақсыап тұрып бағады. Астына қалың етіп төсеніш төсейді. Соның нәтижесінде құлын көп ұзамай мал болып қатарға қосылады.

IV.Қорытынды

Сонымен, курстық жұмысымды қорытындылай келе тақырыпқа байланысты өзімнің ой-пікірімді білдіргім келеді.

Жылқы өсіру– жылқы шаруашылығы – мал шаруашылығының негізгі бір саласы. Бұған жылқы санын көбейту, сапасы мен өнімін арттыру, әр түрлі мақсаттарда ( ет және қымыз өндіруге, күш көлігі ретінде, спорттық жарыстарға қосуға, шет елдерге сатуға, т. б.) тиімді пайдалану жатады. Жылқы өсіру және бие сауу қазақ халқының ата кәсібі болып табылады.

Жаңа туған құлындарды суықтан, алғашқы дымқылдан және желден сақтау керек.Сондықтан оларға құрғақ,таза әрі жылы төсеніш керек.

Жас төлдерді көбінесе көктемнің басында (наурыз-сәуір) болады, сондықтан ат қорада температура кем дегенде 6-10°С болуы және өтпе желдер болмауы ерекше маңызды.

Құлын тұратын қораның төбесі қораны шатырдан бөліп, оны жылытады. Қыс кезінде ол жылудың шатыр арқылы берілуіне кедергі келтіреді, ал жазғы аптапта қораны ысып кетуде я сақтайды. Төбесін жылу өткізгіштігі төмен, ылғал тартқыштығы жоғары материалдан жасайды.

Еден жылы, берік, тегіс және кедір-бұдырлау, мал тайғанақтамас үшін дезинфекция жасауға оңтайлы болуы ке­рек.

Құлынның рационы витаминді, минералды қоспалар және балық майын енгізеді.

Құлынды топтап баққанда оны жынысына, жасына, қоңдылығына қарай бөледі. Жас, кейін туған және нашар құлындарды бөлек бөліп, бөлек топ құрайды. Ұрғашы және еркек құлындарды бөлек бағады. Енесінен ажыраған құлындарға (6-8 айлығында) жақсы жайылым ұйымдастырады және қыста оларға сапалы, құнарлы жоңышқа, бидайық және шөптен жасалған ұн береді. Құлынның астауына сәбіз, жалайтын тұз, кальций, бор болғаны дұрыс.

Асыл тұқымды төлдің өсуін бақылау үшін алдыңғы қатарлы жылқы заводтарының тәжірибесіне негізделіп, асыл тұқымдарының мемлекеттік кітабында жарияланған өсу шкалалары пайдаланады. Шаруашылықтағы төлдің салмағы мен өлшемдерін өсу шкаласындағы осы тұқым төлінің өлшемдері мен салмағына салыстырып, шаруашылықтағы төлдің қаншалықты табысты өсіп келе жатқандығын анықтайды.