- •3.1. Мал қораларына қойылатын зоогигиеналық талаптар
- •3.2.Құлындарды өсіру,күтіп – бағу технологиясы, микроклимат параметрлерін қадағалау, желдету, жылу балансын, жарықтандыру, төсеніш түрлері.
- •3.3.Құлынды биені азықтандыру.
- •1 Кесте
- •3.4.Енесін еміп жүрген, енесінен ажыратылған құлындар мен жас жылқыларды азыықтандыру нормасы мен рационы.
- •3.6.Құлындарда кездесетін аурулар.
- •IV.Қорытынды
- •V. Қолданылған әдебиеттер тізімі
3.4.Енесін еміп жүрген, енесінен ажыратылған құлындар мен жас жылқыларды азыықтандыру нормасы мен рационы.
Құлындардың енесін еркін еміп өсуі, олардың өлім-жітімін болдырмауға, қосымша жоғары сапалы жылқы етін өндіруге, асыл тұқымды жылқылардың басын көбейтуге мүмкіндік береді. Сондықтан осы кезеңде құлындардың енелеріне жақсы жағдай туғызған жөн. Себебі жаңа туған құлын алғашқы айларында тек қана енесінің сүті қосымша азығы болып есептеледі. Шаруашылықтар практикасы көрсетіп отырғандай, биелерді жақсы азықтандырғанның өзінде де олар құлындарын жарыта алмайды, сондықтан құлындарды бірінші айлығыннан бастап минералды қосымша азықтарды, жақсы қорытылатын жанышталған сұлы мен жарма қосындысын жеуге дағдыландырады. Алғашқы кезде құлындарға қосымша азықтарды аздап беріп, күнделікті жейтін жемдерін екі айлық жасында 0,5 кг, төрт айлығында 1,5 кг, ал бес айлық жасынан бастап одан кейінгі әр ай сайын желгіш тұқымды құлындарға 0,5 килограмға, ауыр салмақты тұқымды құлындарға 0,75 килограмға көбейтеді. Құлындардың қай тұқымға жататындығына, жасына байланысты қанша құнды жем керек екендігін төменгі 2-кестеден көруге болады.
2-кесте
Құлындарға жем беру мөлшері, кг
|
Жасы, ай есебімен |
||||||
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
Желіс тұқымды жылқылардың құлыны |
0,5 |
1,0 |
1,0 |
1,5 |
2 |
2,5 |
3,0 |
Ауыр жүк тартатын тұқымды жылқылардың құлыны |
0,5 |
1,0 |
1,0 |
1,75 |
2,75 |
4,0 |
- |
Қосымша минералдық тұздарды, құнды азықтарды құлындарды күніне 2-3 рет, енелерінен бөлек берген жөн. Жайылым кезінде құлындарға енесімен бірге болғаны жақсы.
Құлындардың денсаулығы бірінші айында олардың енелерінің сүтінің мөлшері мен қоректілігіне байланысты. Көптеген практиктердің тәжірибелері бойынша, егер құлындар күйлеп жүрген енесінің сүтін емсе, олардың іштерінің ауыратынын байқауға болады. Бұның себебін А.Цветухин былай деп дәлілдейді. Биелер күйлеген кезінде сүтінің құрамында май көбейеді. Мысалар: күйлегеннен екі күн бұрын суалған биенің сүтінің құрамында май мөлшері 0,80% болған, бір күн қалғанда бұл көрсеткіш көбейіп, 1,2% жеткен. Сүттің майлылығы осы мөлшерде бес күнге дейін сақталып, одан кейінгі күндері төмендеп нормаға келеді. Биелер күйекке келген уақытта олардың сүтінде белок көбейіп, қанты азаяды. Осындай сүт құрамындағы өзгерістер құлындардың ас қорытуына әсер етеді. Құлындар енесін кемінде 6 айға дейін емгені жөн. Бұл уақыт 8-9 айлығына құлындар ерте айырылғандарына қарағанда салмағы ауыр, қоңды болып келеді, 3- кестеден көруге болады.
3-кесте
Құлындарды енесінен ажыратқандығы жасының алдаға уақытта салмағына және кейбір дене-мүшесінің өлшемдеріне тигізетін әсері
Көрсеткіш |
Жасы, күні, ай есебімен |
|||||||||||||
3-күн |
2-ай |
12-ай |
24-ай |
|||||||||||
Тірілей салмағы,кг |
Шоқтығының биіктігі,см |
Кеуде орамасы,см |
Тірілей салмағы, кг |
Шоқтығының биіктігі, см |
Кеуде орамасы, см |
Тірілей салмағы, кг |
Тірілей салмағы, кг |
Шоқтығының биіктігі, см |
Кеуде орамасы, см |
|||||
Енесінен ажыратылған жасы: |
|
|||||||||||||
10-11 ай |
53,2 |
98,8 |
84,0 |
274,9 |
135,5 |
140,5 |
310,4 |
493 |
151,5 |
168,7 |
||||
6-7 ай |
52,1 |
91,7 |
83,8 |
247,8 |
130,2 |
138,5 |
281,4 |
469 |
149,5 |
165,6 |
||||
Құлындар енесін өте жиі емеді, сондықтан олар өне бойы енесімен бірге жүруі тиіс. Егер енесі құлынын жарытпаса, ондай құлынды басқа бір жаңа туған биеге телиді. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда оларды сиыр сүтінен жасалған сүталмастырғышпен, құрама жеммен азықтандырған жөн. Ол үшін жаңа сауған сиыр сүтін 1/3 сумен араластырып, бір литр сүтке бір үлкен қасық қант қосады. Сүтті құлынға еміздікпен не болмаса шелекпен береді.
Бұл жасанды сүтпен құлындар әр 1,5-2 сағат сайын 5-6 күнге толғанға дейін азықтандырады, ал одан кейін тәулігіне 4-5 рет береді.
Күнделікті беретін сүттің мөлшері енесінің күнделікті сүттілігіне байланысты болуы тиіс. Қымыз өнімін арттыру керек болған жағдайда бие сүтін құлынға жасанды сүт беру арқылы үнемдеуге болады.
Бие сүтін алмастыратын құрама жемге өсімдік, жануар және микроб тектес азықтар қосады. Негізінен өсімдік тектес азықтар ішінде дәнді дақылдар- астық, бұршақ тұқымдастар да маңғызды орын алады. Қолданылатын дәнді дақылдардың әбден өсіп-піскені шарт.
Толық піскен дән құрамында ғана организмге қажетті қоректік заттар мол жиналады.
Жас малға арналған азықтардың ішінде әсіресе сұлы мен арпа дәнін атап өту қажет. Химиялық құрамы және диеталық қасиетері жағынан олар ас қорыту процесіне өте қолайлы жағдай туғызады. Жақсы піскен сұлы дәнінде 12% протеин, 4,6% май, 9,2% клечатка, 58% азотсыз экстративті заттар, 3,2% күл болады.Сұлы амин қышқылына және минералдық заттарға бай келеді. 1 кг сұлыда 3,6 г лизин, 1,4 г триптофан, 1,6 г метионин, 1,6 г цистин, 6,6 г аргинин, 0,73 г натрий, 3,98 г кальций, 1,15 г калий, 4,42 г фосфор жинақталған.
Жас төлге арналған құрама жемге 40%-ке дейін сұлы немесе арпа дәнін енгізуге болады. Бұлардан басқа бие сүтін алмастыратын құрама жемдерге жүгері, бидай дәндері де қолданылады.Жүгері дәндерінің құрамында жеңіл қорытылатын көмірсулар мен жеткілікті мөлшерде май болады. Құрама жем протеиннің сапасын арттыру үшін шартты түрде бұршақ тұқымдас дәнді азықтар да қолданылады.
Құлындарға арналған құрама жемдерге өсімдіктермен қатар жануар тектес азықтар енгізіледі. Ең алдымен сүт және сүттен жасалған азықтар қолданылады. Балық ұны, ет-сүйек ұны, минерал және витамин қоспалары пайдаланылады.
Минералды қоспаларға негізінен ас тұзы, бор, азықтық фосфаттар, сүйек ұны, микроэлементтер тұздары енгізіледі. Осы рецептімен дайындалған құрама жемді құлындарға туғаннан кейін 21-40-шы күндер аралығында үйренгенше аз-аздап беріп, бірте-бірте көбейтіп отырады. 2-4 айлықтарында 1 литр ғана бие сүтін емізіп, 4 айдан кейін мүлде емізбей, тек құрама жеммен азықтандырса, олар енлерін еркін еміп өскен құлындардан кем болмайды. Әрбір құлынға құрама жем беру арқылы әр биеден қымыз дайындауға қажетті 400-500 л сүт саууға мүмкіндік туады.
Енесінен ажыратылған құлындарды азықтандыру нормасы.
Құлындарды енсінен ажырату күрделі зоотехникалық-малдәрігерлік іс шарасының бірі. Құлынды енесінен ажыратқаннан кейін олардың аздағна уақыт өсіп-жетілуі тежеледі, ондай болмас үшін, құлындарды енесінен ажыратуға дұрыс әзірлеген жөн. Құлындарды енесінен тез ажыратқан жөн, егер жайлап бірер күнге созылса, енелерді де, құлындар да мазасызданады. Ажыратылған құлындарды өжіреге екі-екіден қойып, жылқы қораларында оңаша ұстауға болады.
Құлындарды топтапғанда олардың мінездерін ескеру керек, ондай болмаған жағдайда олар бір-бірінің тыныштығын бұзады. Жас жылқыларға қажетті қоректік заттар 4-кестеде көрсетілген.
4-кесте
Желіс және мініс тұқымды жас жылқыларға азықтандыру нормасы
Көрсеткіш |
Желгіш және мініс |
||||
Жасы, ай есебімен |
|||||
6-12 |
12-18 |
18-24 |
2-3 |
3 жастан жоғары |
|
100 кг тірілей салмағына беретін құрғақ зат,кг |
3,0 |
2,85 |
2,16 |
2,5 |
2,5 |
1 кг құрғақ заттар: Азық мөлшер,кг |
0,92 |
0,88 |
0,83 |
0,85 |
0,05 |
Алмасу энергиясы, МДж |
0,62 |
9,20 |
8,68 |
8,90 |
8,90 |
Шикі протеин,г |
1,34 |
1,35 |
1,10 |
1,10 |
1,10 |
Қорытылатын протеин,г |
94 |
80 |
76 |
76 |
72 |
Лизин,г |
7 |
5,5 |
5 |
4,5 |
4,5 |
Ас тұзы,г |
2,0 |
2,3 |
2,5 |
2,8 |
2,8 |
Кальций,г |
7,0 |
6,5 |
5,0 |
5,0 |
5,0 |
Фосфор,г |
5,0 |
4,5 |
4,0 |
4,0 |
4,0 |
Темір,г |
1,4 |
1,3 |
1,3 |
1,3 |
1,3 |
Берілген рациондардың қоректілігі жылқылардың тірілей салмағының өзгеруі арқылы байқалады. Құлынды ғылыми түрде азықтандырғанда олардың екі айлығындағы тірілей салмағы сақа жылқылардың 22-25%-не, 6 айлығында 40-45, 12 айлығында 56-60, 1,5 жаста 70-75, 2 жасында 78-85, 2,5 жасында 90-92%-не жетеді.
Қажеттті қоректік заттардың мөлшері жылқылардың жынысына да байланысты. Мысалы, екі жасқа дейінгі еркек жылқыларды ұрғашы жылқыларға қарағанда 10-15%-тей жоғары құрғақ зат қажет. Орташа есеппен алғанда әр 100 кг тірілей салмағына есептегенде 6-12 айлық құлындарға 3 кг, 1,2 жастағыларына 2,85 кг, 1,5-2,5 жастағыларына 2,6 кг құрғақ зат қажет.
Қоректі заттардың жас жылқы организмінде тиімді қолданылуы, рациондағы азықтардың қоректі заттарының шоғырлануына, әсіресе клетчатканың мөлшеріне байланысты. Егер клечатка көп болса, қоректік заттардың қорытылу дәрежесі азайып, азот пен фосфордың нәжіспен көп шығуына әсерін тигізеді. Сондықтан клетчатканың рациондағы мөлшері рационның құрғақ заттарының 16-18%-нен аспауы керек.
6-9 айлық құлындар рационында лизин, амин қышқылының маңызы зор. Осыған орай берілген мәліметтер бойынша осы жастағы құлындар рационы құрғақ заттың 0,75%-ті лизин болуы тиіс, 9-12 айлық құлындар үшін бұл көрсеткіш 0,6%, 1-1,5 жастағылар үшін 0,56%, бұдан сақа жылқылар үшін 0,5% болғаны жөн.
3.5.Құлындарды енесінен бөліп алу және өсіру.
Құлын енесінен одан бөлінгенге дейін бірге болады. Сондықтан биеге жасалған бап оның құлынына да жасалған бап болып табыладыү Егер бие жұмысқа аз салынса өзін жақсы сезінеді, құрғақ, оты мол өріске жайылса, оның үстіне өзі сүтті болса құлыны керемет өсіп-жетіледі. Енесі қанша сүтті болса да құлынды енесінен еміп жүрген кезінде бәрібер жеммен, кейде сиыр сүтімен қосаымша азықтандыру қажет. Бұл қосымша азық оларға ене сүтінен жеммен азықтандвруға көшуге организмін бірте-бірте үйрену үшін, сондай-ақ енелерін еміп жүрген кезінде жақсы өсіп-жетілуі үшін қажет. Тіршілігінің алғашқы жылында құлын өте тез өседі де қоректік заттарды көп қажет етеді.
Оларды 1, ½-2 айлығынан-ақ қосымша азықтандырыла бастайды. Алғашқы кезде жанышталған сұлы, шөп, жарма беру керек. Жаныштылған сұлыны сүтке салып берген дұрыс. Буланған сұлымен де қосымша азықтандыруға болады.
Әдетте құлын енелерінен 6 айлығында бөлінеді. Оларды белгілі бір есеп болмаса бөлуге асығудың қажеті жоқ. Өйткені ене сүті құлын үшін өте пайдалы. Тіпті сүт беру кезеңінің 5-6 айлығының өзінде, мысалы жұмыстан босатылған желісті тұқым биесінен 9литрдей сүт шығады. Егер бие сүтінің қоректілігіндәл сондай мөлшердегі сиыр сүтінің қоректілігімен салыстырсақ әлгі 9 литрде 2,61 кгазық мөлшері бар. Бұл 2-2,5 кг орташа сұлы деген сөз. Бірақ соның салдарынан құлын одан әрі өсіп-жетілмей қалмайтындай болу қажет. Сондықтан да енесінен бөлінген құлын жақсы өрісте бағылып, сұлы, пішенмен қосымша азықтандырылуы тиіс. Қолда бағып-күту кезінде енесінен бөлінген құлынға міндетті түрде сәбіз беру керек.
Құлын енесінен түс уақытында, қосымша азықтандырып болған соң бөлген дұрыс. Бөлінуге тиіс құлын арнайы қорада қалдырылуға немесе алдын-ала пішен салынып қойылған өжіреге кіргізілуге тиіс. Бие болса жайылымға айдалып жеберіледі немесе жұмысқа аланып кетеді.
Енелерінен бөлінген құлынды үнемі бақылауға алып отыру керек. Мінезі шәлкем-шалыс құлындарға дауыс көтеріп, мазыздарын сылап-сыйпап тыныштандырған жөн. Сонымен құлындар сол күні, одан түнімен қорада болады. Түнге қарай оларға сұлы беруге болмайды. Осылайша олар 2-3 күн қорада ұсталады да төртінші күні таңертең ғана әуелі қолдан азықтандырып содан соң өріске шығарылады.
Құлындар осылайша қара күзге дейін бағылады. Олар күндіз өрісте болады да, түнде қорға қамалады. Суық түссе өріске жаю уақытты бірте-бірте қысқартылып, ақырында тәулігіне 2-3 сағат серуендетілуге дейін жеткізіледі.
Құлынды қорада күтіп-бағу жағдайына көшіргенде бірнеше үй бірігіп ортақ қорада бақса, ұрғашы құлындар бір бөлек, еркек құлындар бір бөлек ұсталынады. Өйткені бұл кезде олардың жыныстық инстингі пайда болады.
Құлындар енесінен бөлінген бойда-ақ оларға сақа жылқыға қолданыла- тын күтімнің барлық ережесі қолданылады. Ең алдымен құлындар жетекке үйретіледі (егер енесімен бірге болған кезде оған үйретілмесе). Ол үшін құлындар өріске де, серуенге де ноқталап шығарылады. Өрістен соң да, серуеннен соң да олардың ноқтасын сыпырмай, қораға жетектеп кіргізеді.
Құлындардың ауық-ауық үстін тазалап тұру керек. Оған құлындар бірте- бірте үйретіледі, ол үшін әуелі сыйпап құлынның өзі қасына алмайтын жерін (алқымын, мойнын) қасу, шүберекпен, сүлгімен сүрту керек.
Бірден ат тарақпен тарай бастауға болайды. Тұмсығына, еріндері, көзіне, жалпы жұқа, жүн өспейтін тұстарына щетка тигізбеген дұрыс.Оларды сулы сүлгімен немесе губкамен сүрту керек.
Құлын күтудің ең басты ережесі оларды таза ауада көп жүргізу. Соған байланысты оларды кез-келген ауа-райында, тәулігіне 2-3 сағаттан серуенге шығару керек. Құлындардың серуендеуіне тегіс, түрлі қоқыстан, темір-тесек сынығынан таза жер таңдалады.
Көктемде, жер құрғаған бойда қорадағы серуен даладағы серуенге ұласады. Сөйтіп серуенге шығарған тайларды салт ат мінген кісі 3-4 километрге дейін шоқырақтатып не желдіріп қайтады. Мұндай серуендеудің тайлардың бұлшық еттерін қатайтып, жүрек, өкпе қызметін күшейткендіктен, сондай-ақ азыққа деген зауқын келтіретіндіктен зор маңызы бар. Оның үстіне үнемі серуенге шығарылып тұрған тай-құлындар жайылымында бағып-күту жағдайына оңай көшіріледі.
Құлындарды бас білдіру.Дүниеге келген құлынды адамға бірте-бірте үйретеді. Оны құлынның үстіне есілген сабанмен және щеткамен тазалаудан бастайды, тұяқ тазалау аяғын көтеруді және ноқтамен жетекке жүруді үйретеді.
Желісті жылқы тұқымының зауыттық жаратуы топтап және дара түріне бөледі.
Топтап жарату. Енесіне айырғаннан кейін жас тайларды тобымен немесе табында жарату ұйымдастырылады. Күн сайын белгілі бір уақытта салт аттылар енесінен бөлінген бір топ төлді (еркегі мен ұрғашысын бөліп) құбыомалы желіспен айдап жаттықтырады.
Тай құлындарды айдаушылардың біреуі алдында, біреуі топтың артында болады. Алғашқы зауыттық жарату кезінде серуен қашықтығы 2-3 километрден аспауы керек. Құлындар бірінші 600-800 метр қашықтықты өз еркімен шауып өтеді, кейін 600-800 метрді құбылмалы желіспен, ал кейін 1000-1500 метрді аяң жүріспен серуендейді.
Топтап жаттықтыру тәулік бойы өткізіліп бір күн демалыс беріледі. Бір-екі жұмадан кейін тоаптап жаттықтыру қашықтығын 4,5-5,5 километрге дейін ұзартады. Көктемге қарай бұл қашықтық 10-11 километрге жеткізіледі. Жаратуға жас малдар бұл кезеңде алғашқы 1200-1400 м қашықтықты шауып, келесі 3000-3500 м желіп, сонан соң 1200-1400 м қашықтықты аяң жүріспен өткеннен кейін, қайтадан 2500-3000 м қашықтықта желдіріп, ал ақырғы 1200-1600 м бөлігін серуендетіп бітіреді.
Жегілетін тай үйрету кезінде ол божыға, яғни делбеге қалыптастырылады. Ол үшін жетектеу кезінде тізгіннің не шылбырдың орынына ауыздықа делбе байланады. Оны тайдан 3-4 қадамдай артта келе жатқан кісі екі қолымен ұстайды. Тайды екінші адам ноқтасынан жетектеп отыру қажет. Бірақ ол тай басын еркін ұстайтын етіпжетектеуге тиіс. Жетектеуші кісінің тайдың бүйір тұсынан жүріп отыруы керек. Үйретілген тайға делбе өткізілген шығыры бар айыл тартылады. Мұндай жағдайда айыл салдырмай ат басын төмен тартпайды. Бұл мақсат үшін ұшында шығыры бар қайыс пайдалануға болады. Осы қайыс ат арқасынан алынып тартылады да, шығырынан делбе өткізіледі. Тай тек делбемен ғана басқарылады.
Жас ат бастықан соң оны да, үйреншікті атты да жетекке алады. Егер үйретіліп отырған ат шәлкем-шалыс мінез көрсетпесе, иығына түсіріледі. Бірақ жанқайыстың ұзындығы жас аттың артқы аяғы тиіп, жанағашқа тимей тұратындай болуы тиіс.
Біраз уақыттан соң ат бір-біріне әбден үйренеді, содан кейін оларды қосарлап жеге беруге болады.
Көп ат жеккенде де осылайша алдымен жас ат пен бұрынна жегіліп жүреген атты қатар жегіп үйрету керек.
Үйретілген құнандарды тек жеңіл жұмысқа қана жіберу керек. Олармен тәжірибелі, шыдамды кісі ғана жұмыс істеуге тиіс. Олармен алыс жолға шығуға болмайды.
Құлынды жаттықтыру 1-1,5 жасынан бастап (мінілген құлындар жазғы жайылыста болғаннан кейін күзден бастап) 2 жасына дейін жалғастырады.
Табыннан бөлінген құлындарға әуелі көктемде үйретілген әдістерді қайталап, сосын жеке ерекшеліктеріне байылынсты әр түрлі желісті белгілі бір жүйемен төлді болдыртпай, жұмыс пен демалысты кезектестіріп үйретеді.
