
- •3.1. Мал қораларына қойылатын зоогигиеналық талаптар
- •3.2.Құлындарды өсіру,күтіп – бағу технологиясы, микроклимат параметрлерін қадағалау, желдету, жылу балансын, жарықтандыру, төсеніш түрлері.
- •3.3.Құлынды биені азықтандыру.
- •1 Кесте
- •3.4.Енесін еміп жүрген, енесінен ажыратылған құлындар мен жас жылқыларды азыықтандыру нормасы мен рационы.
- •3.6.Құлындарда кездесетін аурулар.
- •IV.Қорытынды
- •V. Қолданылған әдебиеттер тізімі
3.3.Құлынды биені азықтандыру.
Құлындаған биеге алғашқы күндері жеңіл қорытылып, ас қорытуына себептесетін бидай кебегі, сұлы жармасы, арпа мен жүгері ұнтағын беріп, біртіндеп сүттілігін арттыратын көкшөп, пішендеме мен тамыртүйнектер үлесін молайтады. Сөйтіп оны сүтейтіп,құлынын алғашқы кездегі негізі қорегі ене сүтімен қамтамасыз етеді. Құлындағаннан кейін 2-3 күн биеге суға шыланған кебек пен аздаған майда, жұмсақ пішен беруден бастап, 5-6 күнде толық нормалы азықтандыруға көшіреді. Құнарлы жемді 3-4 күннен бере бастайды. Құлынды биенің әр 100 кг т.с. шаққанда рацион азығымен- әр 1 а.ө. 100-105 г қорытылатын протеин болатын 2 а.ө. жеткізілуге тиіс. Құлынды бие отты жайылымда бағылып, оның оты жеткіліксіз жағдайда сапалы пішен, сұлы, кебек күнжарамен толықтырылады.
Сауын биені азықтандыру. Құлындағаннан кейінгі уақытта бие сүттілігі- 10-12 л дейін, ал сүтттілерінікі- 15-20 л дейін жетеді. Бір сауым маусымында биеден 1500-2500 л сауылады да одан шипалы сусын- қымыз дайындауға болады. Құлындаған биені қымызға байлап сауатын болса, организмнің мұқтаждығын жасына, тірілей салмағы мен қоңына, тәуліктік сүттілігіне сәйкестендірілген азықтандыру нормасы бойынша азықтандырады.
1 Кесте
Желіс және мініс тұқымды биені азықтандыру нормасы
Тірілей салмағы, кг |
Азық өлшемі |
Қорытылатын протеин, г |
Кальций, г |
Фосфор, г |
Каротин, мг |
Ас тұзы, г |
||||||
Буаз биеге |
||||||||||||
400 |
6,8 |
750 |
50 |
35 |
150 |
25 |
||||||
450 |
7,7 |
810 |
55 |
40 |
170 |
28 |
||||||
500 |
8,5 |
900 |
60 |
45 |
190 |
30 |
||||||
550 |
9,3 |
990 |
65 |
50 |
205 |
33 |
||||||
Құлынды биеге |
||||||||||||
400 |
8,4 |
840 |
60 |
45 |
185 |
25 |
||||||
450 |
9,0 |
900 |
70 |
50 |
200 |
30 |
||||||
500 |
10,0 |
1000 |
75 |
55 |
220 |
35 |
||||||
550 |
11,0 |
1100 |
80 |
60 |
240 |
40 |
||||||
Сауылатын биеге |
||||||||||||
400-5* |
7,1 |
750 |
55 |
30 |
160 |
30 |
||||||
400-10* |
10,5 |
1100 |
80 |
50 |
235 |
35 |
||||||
500-10* |
11,6 |
1220 |
90 |
50 |
260 |
40 |
||||||
500-15* |
14,5 |
1520 |
107 |
62 |
327 |
45 |
Құлындағаннан кейінгі мерзімде биені сүтейтін, сүттілігін арттыра түсетін- дей есеппен, кестеде келтірілген негізі азықтандыру нормасымен нақты саумы бойынша қажетігінен 15-20% арттырып, яғни үстемелеп азықтандырады. Үстемелеп азықтандыруды биенің күнделікті сауымы оған қарамай көбеймеген кезде тоқтатып, ары қарай нақты сауымы бойынша азықтандыруға көшеді. Сауылып жүріп буаз болған биенің азықтандыру деңгейін 5-10% көбейтеді. Сауын биені жабық қорада ұстағанда жазда көкшөпті турап беріп, қыста олардың рационына сапалы пішен мен құнарлы жем қоспасына қоса сүтейтетін азықтардан -5-10 кг қызылша мен сәбіз, 5-8 кг картоп, 10-20 кг жақсы сақталған сапалы сүрлем мен пішендеме енгізеді.
Құлынды азықтандыру. Туғаннан кейінгі бір сағаттың ішінде құлын енесінің емшегін іздей бастайды, ал әлсіз құлындардың ауыздануына көмек- тесу керек.Құлының тез өсіп, жылдам жетілуі үшін ене сүтімен қоса басқа азықтарды жеуге ерте үйреткен абзал. Бұл мәселеге әсіресе бие сауылатын шаруашылықтарда баса назар аудару қажет. Қажетті жағдайда құлынды сиыр сүтімен асырайды. Ондай жағдайда майлылығы бие сүтінен екі есе артық, белогы да жоғары, ал қанты кем сиыр сүтінің құрамын бие сүтінікіне жақын- дату үшін 1 л үшінші бөлігі сумен толықтырылып, үстіне 30 г қант қосады. Осындай қосынды сүтті жылытып құлынға алғашқы 3 күнде тәулігіне –12рет, 0одан кейігі 3-4 күнде – 10 рет, 2-3-ші аптада-7 рет, 4-10-шы аптада- 10-16-шы аптада- 3 рет бөліп ішкізеді. Қосынды сүт мөлшерін алғашқы күндері- 3-5л бере бастап, 2-ші аптаның аяғында- 12-15 л жеткізеді. Бір жарым айлық құлындарды минералдық қосындылар мен жеңіл қорытылатын ұнтақталып қауызынан тазартылған сұлы мен апа жармасының қосындысына үйретеді.
Құлынның дұрыс азықтандырылуын қалыпты өсіп-жетілуіне, яғни белгілі мерзімде қажетті салмақ қосымын бақылап біледі. Тұқымы ұсақ құлындар тәулігіне 0,7-0,8 кг, ал тұқымы ірілері- 1,4-1,6 кг салмақ қосып отырады.Алты айда құлын сақа жылқы салмағының – жартысына, ал бір жаста 3/1 жетіп, күнделікті- 0,4-0,5 кг салмақ қосуы керек. Құлынды жақсы дамып, тәбеті ашылуы үшін үнемі далада таза ауада күн сәулесі астында серуендеп тұрады. Көктемде не жаз басында туған құлындар жайылым отына тойынған енелері- нің мол сүтіне қанығып, оттыққа бейімделіп, тез өсіп-жетіледі. Ене сүтін құлын кемінде 5-6 ай емуі керек, өйткені енесінен тым ерте айрылу күшті стресс беріп, басқа жемшөпке жақсы үйренбесе қатты жүдеп, өсуі тежеледі. Сондықтан құлынды әбден оттығып әлденгенше 7-8 айлығына шейін енесінен ажыратпаған жөн. Тоғыз айлық тұқымдық құлындарға енесінен айырылғанда алғашқы күндері тәулігіне 2-3 кг кебек пен жармаланған сұлының тең қоспасын араластырып беріп, 4-5 кг жақсы пішен, 3-5 кг сәбіз не қызылшаны үш бөліп жегізеді- алдымен суарып, піен береді де, одан кейін шырынды азық жегізіп, ең соңынан жем салады. Жазда отты жайылымға жайып, қажетті жағдайда қосымша жемдейді.
Егер бие әлі көк шыға қоймаған кезде, яғни қыста немесе ерте көктемде құлындаса оны жақсы сақталған пішенмен, дән жармасымен және сұлымен азықтандырған дұрыс. Құлындағаннан кейін екінші және үшінші күні биенің тұяқтарын тазартып, жиектерін тегістейді. Өйткені буаздығының соңғы айынада тұяқ мүжіледі. Ат қорада күтіп- бағу кезінде құлындағанына 5-8 күн болысымен биені де, оның құлынын да ( егер оның денсаулығы жақсы болса) кездіре беруге болады. Құлынды биені ешуақытта суық желді, жауын-шашынды күндері сыртқа шығаруға болмайды. Бұл жағдайлар оларды түрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін. Егер биелер жайылу кезеңінде құлындаса 8-9 күн бойы биені қорада ұстап, содан соң ғана құлынмен қосып өріске шығаруға болады.Биенің де,оның құлынының да ас қорыту жолдарын бұзып алмас үшін өріске бірте-бірте үйрету қажет.
Содан соң мынадай ережелерді де естен шығармау керек: 1) Жаңа құлындаған биені екі апта өтпей жұмысқа салуға болмайды; 2) Ондай биелер тек жеңіл жұмысқа ғана пайдаланылады,ешуақытта базарға, жағдай құлын үшін өте зиян, оның үстіне жол ұзақ болса бие де, құлын да шаршайды;3) Жұмысқа жегілген биенің құлынын әрбір екі сағат сайын емізіп тұру қажет, құлынды биені құлыннан бөлінуге тура келетін жұмысқа жібермеу керек.
Құлынның дүниеге келген кездегі салмағы енесінің салмағының 10% шамасын құрайды,ол туғаннан кейін өз бетімен қозғалуға қабілетті болады. Дүниеге келген құлындар үшін, қанқа бай, иммундық және профилактикалық қасиеті бар бие уызының маңызы зор.
Құлынды бие күтіміне ерекше көңіл аудару керек. Төсеніші әрқашан қалың болуға тиіс. Үнемі тазартып, серуендетіп отырған дұрыс. Сондай-ақ суық су беруге болмайды, оны ат қорасы температурасындай етіп жылытып берген жөн.
Құлындар алғашқы жылы тез қарқынмен өседі. 2 айлығында оның салма- ғы үш есе, алтын айлығында 5 есе өсіп, ал 12 айлығында ересек жылқы салмағының 65%-не жетеді. Жергілікті тұқымның құлындары алғашқы айларда тез өседі.
Табында бағылатын құлындардың өсімталдығы біркелкі емес, сатылы дамуға бейім, олар көктем мен жазда жақсы өседі де, қыста өсуін бәсеңдетеді. Жас төлге протеин, витамин және минералды заттарға бай құнарлы азық беру қажет. Ал қорада бағылатын құлындардың үстін күн сайын тазалап, 1-1,5 ай сайын тұқайларын тазартып отыру керек.
Асыл тұқымды төлдің өсуін бақылау үшін алдыңғы қатарлы жылқы заводтарының тәжірибесіне негізделіп, асыл тұқымдарының мемлекеттік кітабында жарияланған өсу шкалалары пайдаланады. Шаруашылықтағы төлдің салмағы мен өлшемдерін өсу шкаласындағы осы тұқым төлінің өлшемдері мен салмағына салыстырып, шаруашылықтағы төлдің қаншалықты табысты өсіп келе жатқандығын анықтайды.