
- •Шауруашылық қызметті экономикалық талдау пәні бойынша
- •5В051000– Мемлекеттік және жергілікті басқару
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы — (syllabus)
- •3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •3.4 Пәннің қысқаша мазмұны
- •3.5 Оқыту нәтижелері Пәндік құзіреттілік:
- •Пәннен тыс құзіреттілік:
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •6 Тақырып – Кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдау
- •7 Тақырып. Өндіріс пен өткізуді талдау
- •13 Тақырып. Компанияның қаржылық жағдайына жалпы баға беру
- •15 Тақырып. Қаржылық тұрақтылықты талдау
- •7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
- •Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •9 Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік - графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар – оқу жоспары бойынша қарастырылмаған
- •10.1 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •Студенттердің өзіндік жумыстары бойынша сабақтар жоспары
- •Әдістемелік нұсқаулар: рефераттың құрамында келесілер болуы тиіс: мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Реферат 12-16 бетте тұрады.
- •Әдістемелік нұсқаулар: рефераттың құрамында келесілер болуы тиіс: мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Реферат 12-16 бетте тұрады.
- •Әдістемелік нұсқаулар: рефераттың құрамында келесілер болуы тиіс: мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Реферат 12-16 бетте тұрады.
- •10.3 Жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •11 Құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды пратикаларының әдістемелік нұсқаулары
- •12.1 Баға туралы ақпарат.
- •Білімді бағалау критерийлері:
- •12.2 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •12.3 Курс бойынша емтихан сурақтары
- •14. Аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың мамандандыру тізбесі
- •5В051000– Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы үшін
- •100012, Караганды қ., Гоголь к-сі, 38
13 Тақырып. Компанияның қаржылық жағдайына жалпы баға беру
Қаржылық жағдайды талдаудың пәні мен әдісі
Қаржылық жай-күй осы процестердің кәсіпорында қаншалықты табысты өтіп жатқанын сипаттайды. Қаржылық жай-күй көрсеткіштері қолма-қол қаржы ресурстарын, олардың орналасуы мен пайдалануын сипаттайды. Нәтижесінде, қаржылық жай-күй көп жағдайда кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін анықтайды, оның іскерлік қарым-қатынастардағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның қаржылық және басқа да экономикалық қатынастар бойынша серіктерінің экономикалық мүдделерінің қаншалықты кепілденгенін бағалайды.
Қаржылық талдау методикасы үш блокты қамтиды: 1) кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау; 2) кәсіпорынның қаржылық күйін талдау; 3) кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау.
Қаржылық күйді талдауды келесі бағыттарда жүргізуге болады: қаржылық күйді экспресс талдау, кәсіпорын мүлкі мен оның қалыптасу көздерін талдау, дебиторлар мен кредиторлармен есептесуді талдау, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы, төлемқабілеттілікті талдау.
Қаржылық күйді талдауды жүргізудің ақпараттық базасы болып кәсіпорынның қаржылық есептілігі табылады.
Қаржылық есептілік – бұл ұйымның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін және активтерінің, өзіндік капиталының, міндеттемелерінің, ақша қозғалысы мен ұйымның өзіндік капиталындағы өзгерістердің жай-күйін кешенді сипаттайтын ағымдық есептің қорытынды көрсеткіштерінің өзара байланысқан жүйесі. Естептілік көрсеткіштерін ағымдық бухгалтерлік есеп мәліметтерін жинақтау және жалпылау арқылы алады.
Мүлікті және оның пайда болу көздерін талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдағанда ең біріншіден мүлікке және оның пайда болу көздеріне жалпы сипаттама беру қажет, кәсіпорынның шаруашылық қаражаттары мен қаражат көздерінің құрылымындағы оңды және теріс жақтарын анықтау керек.
Кәсіпорын мүлкін баланс активтерінің қорытындысы құрайды. Біз кәсіпорын мүлкінің өзгерісіне баға беруіміз керек, кәсіпорын мүлкінің сапалы өзгерісіне талдау жасауымыз керек.
Жылдық бухгалтерлік баланс нысаны кәсіпорын жағдайын мүліктік-қаржылық талдауды тікелей баланс бойынша жүргізуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорын активтерін иммобилизацияланған (жылжымайтын мүлік) және мобильдік (ағымдағы активтер немесе айналымдағы активтер) деп жіктеуге болады.
Иммобилизацияланған активтерге баланстың бірінші бөлімінің мәліметтері жатады – ұзақ мерзімді активтер: негізгі құралдар, материалдық емес активтер, аяқталмаған капиталдық құрылыс, ұзақ мерзімді инвестициялар, ұзақ мерзімдік дебиторлық қарыз, мерзімі бір жылдан асатын алдағы кезеңдегі шығындар.
Мобильдік немесе ағымдағы активтерге баланстың екінші бөлімінің мәліметтері жатады: тауар-материалдық қорлар, бір жылға дейінгі мерзімдегі алдағы шығындар, ағымдық дебиторлық қарыз, қысқа мерзімдік қаржылық инвестициялар, ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері.
Кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымын біршама терең талдағанда негізгі құралдардың және олардың белсенді бөлігінің қозғалысын және оларды пайдалану тиімділігі, олардың жарамдылығының дәрежесі талданады.
Мұнда біз қолда бар негізгі құралдарды, олардың қозғалысы мен пайдалану тиімділігін мұқият талдай аламыз. Не үшін тек негізгі құралдарға қатысты болатындығының себебі кәсіпорын қор ауқымды болатындығымен түсіндіріледі. Басқа кәсіпорындар үшін біз, мүмкін, активтердің айналымдылығын тексерер едік.
Кәсіпорын мүлкін бағалау көрсеткіштеріне сонымен бірге мыналарды да жатқызады:
1) бастапқы құнындағы негізгі құралдардың сомасы;
2) белсенді бөліктің негізгі құралдарының сомасы;
3) негізгі құралдар күйінің көрсеткіштері: жарамдылық және тозу коэффициенті.
Егер ақша қаражаттарының өсу қарқыны тауар-материалдық қорлардың өсу қарқынынан жоғары болса, онда кәсіпорын құрылымы жақсаруда.
Кәсіпорын мүлкінің қалыптасуы жай-күйі мен қозғалысы бухгалтерлік баланстың пассивінде (капитал және міндеттемелер) көрсетілетін өзіндік және қарызға алынған қаражаттар есебінен жүргізіледі. Өзіндік және қарыз қаражаттарының арақатынасы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайды.
Сонымен бірге айта кететін жағдай, ұзақ мерзімді активтерді алу үшін ұзақ мерзімді қарыздар мен өзіндік капитал пайдаланылуы керек, ал ағымдағы активтерді алу үшін ағымдағы міндеттемелер пайдаланылуы керек және егер кәсіпорында мүмкіндік болса, өзіндік өзіндік қаражаттар да пайдаланылуы керек.
Өзіндік қаражаттар мен қарыздардың өсу қарқынын салыстыру керек. Егер өзіндік қаражаттар қарыздардан асатын болса, онда алу көздерінің құрамы сапалы тұрғыда жақсарған болады.
Әдебиеттер:2,3,4 ,5, 6, 10, 11,14,15,16
14-тақырып. Баланс өтімділігін талдау
Кәсіпорын балансынын өтімділігі ұғымы
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығының бірі оның төлемқабілетіне баға беру болып табылады, мұнда өзінің сыртқы міндеттемелері бойынша кәсіпорынның есептеу қабілетін анықтау болыр табылады.
Баланс бойынша төлемқабілетіне баға беру айналымдылық активтердің ақшалай қаражатқа айналдыруы үшін қажетті уақытпен анықталатын олардың өтімділік сипатының негізінде жүзеге асады. Активтер өтімділігінің келесі топтастырылуы ұсынылады.
Бірінші топ (А1) – ақша құралдары және олардың эквиваленттері, сатуға арналған, қаржы активтер, жанама қаржы құралдары.
Екінші топ (А2) – әділдік бағамен есепке алынған қаржы активтер, өтеуге дейін ұсталатын қаржы активтер, басқа да қаржы активтер, қысқа мерзімді сауда және дебиторлық қарыз, ағымдағы табыс салық.
Үшінші топ (А3)– запастар, басқа да қысқа мерзімді активтер, сатуға арналған активтер.
Төртінші топ (А4) – ұзақ мерзімдік активтердің барлығы.
Пассивтерді өтем мерзімі бойынша келесі топтастырылуы ұсынылады.
Бірінші топ (П1)— қысқа мерзімді зайымдар, жанама қаржы құралдары, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, қысқа мерзімді сауда және кредиторлық қарыз .
Екінші топ (П2) – қысқа мерзімді резервтер, ағымдағы салық міндеттемелер, жұмысшыларға сый ақы, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, сатуға арналған шығарылатын топтардын міндеттемелері.
Үшінші топ (П3) — ұзақ мерзімді міндеттемелердің барлығы.
Төртінші топ (П4) — капиталдын барлығы.
Егер келесі қатынас сақталса кәсіпорынның балагсы абсолютті өтімді деп айтуға болады:
Төлемқабілеттілік мен өтімділік түсінігі өте жақын, бірақ екіншісі аса сыйымды. Баланс пен кәсіпорынның өтімділік дәрежесіне төлемқабілеті байланысты. Сондай-ақ, өтімділік есептеулердің ағымдағы жағдайын, сонымен бірге болашағын сипаттайды.
Кәсіпорын есеп беру күніне төлей алуға қабілетті болуы мүмкін, бірақ қолайсыз мүмкіндіктер болашақта орын алуы ықтимал. Баланстың өтімділігі кәсіпорынның төлемқабілетінің және өтімділігіның негізі болып табылады. Басқаша айтқанда, өтімділік – төлемқабілетін ұстап тұру не қолдау тәсілі .
Кәсіпорынның өтімділігі - бұл баланстың өтімділігіне қарағанда өте жалпы түсінік. Баланстың өтімділігі тек ішкі қаражат көздерінің есебінен (активтің сатылуынан) ғана төлемдік қаражаттарды алуды болжайды. Бірақ кәсіпорын егер іскерлік әлемінде сәйкесінше имиджге және басқа жақтан тартуға мүмкіндігі бар.
Бірақ сондай-ақ егер кәсіпорын жоғарғы имиджге ие болса және тұрақты төлей алатын болып келсе, онда оған өзінің таратушылығын қолдау оңай.
Баланстың өтімділігіне талдау жасау қаражаттарды кемуші өтімділіктін дәрежесі бойынша топтастырылғын активтер бойынша, қысқамерзімді міндеттемелермен олардың төлену жеделдігінің дәрежесі бойынша топтастырылған пассивтер бойынша салыстырудан тұрады.
Егер айналымдық активтердің жалпы саны (қорлардың, ақшалай қаражаттың, дебиторлық қарыз бен басқа активтердің) оның сыртқы қарызынан (міндеттеме) көп немесе тең болса, төлемқабілетті болып саналады. Осындай есептеудің мақсаты – қолда бар айналымдық активтердің (олардың түрлері бойынша) және қысқамерзімді міндеттемелердің ара қатынасын олардың кейінгі өтелу мүмкіндігі үшін бағалау.
Кәсіпорынның сыртқы қарызы баланс пассивтерінің бірінші және екінші бөлімдерінің мәліметтері бойынша анықталады. Оған ұзақмерзімді және қысқамерзімді несиелер және барлық несие берушілік қарыздар, яғни ағымдағы міндеттемелер жатады.
Кәсіпорынның төлемқабілеттілігі мен өтімділігі көрсеткіштері.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңыз-ды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорын жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді болуы мүмкін, себебі ағымдағы активтердің құрамына әртекті төлем қаражаттары кіреді, бұлардың ішінде қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға арналған оңай өткізілетін де, қиын өткізілетін де қаражаттар болады. Қарастырылған жүйедегі маңыздылары болып үш көрсеткіш саналады: абсолюттік өтімділік коэффициенті, жабудың аралық коэффициенті және жабудың жалпы коэффициенті. Олар туралы төмен-де айтылады.
Өтімділіктін деңгейін келесі қатынастық көрстекіштер сипаттайды, кесте 2.
Кесте 2 Кәсіпорынның төлемқабілеттілігі мен өтімділігі көрсеткіштері
Көрсеткіш |
Есептік формула |
Нормативті белгі |
Бірінші дәрежелі өтімділік коэффициенті ( ) |
Ақша қаражаттар және олардың эквиваленттері + сатуға арналған қаржы активтер + жанама қаржы құралдар / Қысқа мерзіді міндеттемелер |
≥ 0,2 |
Екінші дәрежелі өтімділік коэффициенті ( ) |
Ақша қаражаттар және олардың эквиваленттері + сатуға арналған қаржы активтер + жанама қаржы құралдар + әділдік бағамен есепке алынған қаржы активтер + өтеуге дейін ұсталатын қаржы активтер, басқа да қаржы активтер, қысқа мерзімді сауда және дебиторлық қарыз / Қысқа мерзіді міндеттемелер |
0,8 – 1 |
Үшінші дәрежелі өтімділік коэффициенті ( ) |
Қысқа мерзімді активтер Қысқа мерзіді міндеттемелер |
1 – 2,5 |
Жалпы өтімділік коэффициенті ( ) |
|
Не менее 0,9 |
Қаражаттарды шоғырландыру барысындағы өтімділік коэффициенті ( ) |
Запстар Қысқа мерзіді міндеттемелер |
0,5-0,7 |
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының маңызды көрсеткіштерінің бірден бірі оның төлемқабілеттілігін бағалау болып табылады, ол дегеніміз кәсіпорынның өзінің сыртқы міндеттері бойынша есеп айырысу қабілеттілігі. Егер айналым активтері (қор, ақшалай қаражат, дебиторлық берешек және өзге активтер) сомасы кәсіпорынның сыртқы берешектеріне (міндеттері) тең немесе артық болса, онда кәсіпорын төлем қабілетті болып саналады. Мұндай есептеудің мақсаты – қолда бар айналым активтері (олардың түрлері бойынша) мен кейін төлей алатын қысқа мерзімді міндеттемелерінің қатынасын бағалау.
Жалпы өтімділік коэффицентті өзінің қысқамерзімді міндеттемелерін жабу үшін кәсіпорындарында айналымның қаражаттың жеткілікті екендігін көрсетеді.
Әдебиеттер:2,3,4 ,5, 6, 7,8,9,14,16