
- •Шауруашылық қызметті экономикалық талдау пәні бойынша
- •5В051000– Мемлекеттік және жергілікті басқару
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы — (syllabus)
- •3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •3.4 Пәннің қысқаша мазмұны
- •3.5 Оқыту нәтижелері Пәндік құзіреттілік:
- •Пәннен тыс құзіреттілік:
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •6 Тақырып – Кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдау
- •7 Тақырып. Өндіріс пен өткізуді талдау
- •13 Тақырып. Компанияның қаржылық жағдайына жалпы баға беру
- •15 Тақырып. Қаржылық тұрақтылықты талдау
- •7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
- •Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •9 Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік - графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар – оқу жоспары бойынша қарастырылмаған
- •10.1 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •Студенттердің өзіндік жумыстары бойынша сабақтар жоспары
- •Әдістемелік нұсқаулар: рефераттың құрамында келесілер болуы тиіс: мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Реферат 12-16 бетте тұрады.
- •Әдістемелік нұсқаулар: рефераттың құрамында келесілер болуы тиіс: мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Реферат 12-16 бетте тұрады.
- •Әдістемелік нұсқаулар: рефераттың құрамында келесілер болуы тиіс: мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Реферат 12-16 бетте тұрады.
- •10.3 Жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •11 Құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды пратикаларының әдістемелік нұсқаулары
- •12.1 Баға туралы ақпарат.
- •Білімді бағалау критерийлері:
- •12.2 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •12.3 Курс бойынша емтихан сурақтары
- •14. Аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың мамандандыру тізбесі
- •5В051000– Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы үшін
- •100012, Караганды қ., Гоголь к-сі, 38
6 Тақырып – Кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдау
Кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдаудың объектілері және мағынасы.
Кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдау объектілері болып табылады:
маркетингтік қызметті басқаруды ұйымдастыру;
өткізу нарықтарын қалыптастыру;
маркетингтік қызмет нәтижесінің көрсеткіштері.
Кәсіпорында маркетингтік қызмет осы кәсіпорында орын алған басқару жүйесіне сай жүзеге асырылады. Кәсіпорынның маркетингтік қызметінің басқару жүйесі өзіңе кіргізеді:
1. Өнім өткізу үшін өте перспективалы алыс және жақын шетел елдерінде көпшілік ақпарат құралдарында жарнама компаниясын өткізу.
2 Көрмелер өткізу және қатысу.
3 Жарнама-ақпараттық материалдар (роликтер, буклеттер, фирмалық плакаттар, логотиптің атауы бар тауарлар және фирманың, фирмалық полиэтилен пакетiнiң атаулары және т.б.) өңдеу және шығару.
4 Көрмелік жабдықтарды және жарнамалық өңдеулерді өңдеу және шығару (сатып алу).
5 Көрмелік үлгілерді дайындау.
6 Жарнамалық қызметті көркемдік өңдеу бойынша әдебиеттер алу, жарнама топтары жұмыскерлерінің біліктілігін жоғарылатуды ұйымдастыру.
Өткізу нарықтарының жағдайын және болжауын талдау
Өткізу нарықтарын қалыптастыруды талдау жүргізіледі:
1) елдер және тұтынушылар қарама-қайшы әрбір тауар бойынша осы өткізу нарықтарының құрылымы бойынша;
2) болашақ кезеңдегі алынған келісім-шарттар және хаттамалар бойынша;
3) есептелген бинес-жоспарларды есепке ала отырып, жарнамалық бағдарламаны жүзеге асыру қорытындысында алынған мәліметтер бойынша.
Маркетингтік қызмет нәтижесінің көрсеткіштерін талдау
Маркетингтік қызмет нәтижесінің көресткіштеріне кіреді:
- бұйымды сату көлеміне байланысты пайданың өзгеруі;
- сатылған тауарлардың, өнімдердің тиімділігі;
- маркетингтік қызмет бойынша шығын шамасына келетін жалпы пайдалардың шамасы.
Осы жағдайда, егер кәсіпорынның өнімге сұранысы жоғары болса, яғни бағаларды да, сатудың табиғи көлемінде үлкейтуге мүмкіндік берсе, онда сатудың табиғи көлемін жетілдіруге қарағанда, қаржы көздерімен өндіруші тиімді бағаларды үлкейтеді.
Тауарлар мен қызметтердің бәсекеқабілеттілігі басқа өндірушілердің осы секілді товарлары мен қызметтерімен салыстыруға келетін және олармен қоса орташа нарықтық бағадан кем емес бағада сатыла алатын қабілеттілігін білдіреді, бәсекеқабілеттілік деңгейі әртүрлі технико-экономикалық факторлардың жиынтығымен анықталады: сапа мен өзіндік құн; тасымалдау және әкелу бағасы, шарты, мерзімі; мода мен жергілікті нарық талаптарына сай келуі; есептесу және төлем формаларының түрлері; өндіруші мен сатушының беделі; товарлардың беделі; жарнаманың тиімділігі және т.б.
Бәсекеқабілеттілік деңгейі олардың жергілікті нарықтың айрықша талаптарына сәйкестігіне байланысты болады, яғни экономико-географиялық мүмкіндіктер жағдайында жұмыс істеу қабілеттілігі (дәстүрлер, қалаулар, табиғи-климаттық жағдайлар).
Бәсекеқабілеттіліктің маңызды компоненттеріне өңдеу сапасы, бояуы, басқа да эстетикалық қасиеттері, эргономика талаптарына сәйкестігі жатады.
Эргономика – адам мен оның қызметін өндіріс жағдайларында құралдарды, еңбек процесінің жағдайларын оптимизациялау мақсатында зерттейтін ғылым, яғни адам-машина жүйесі.
Бәсекеқабілеттілікті талдау товарлардың бәсекеқабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған ұсыныстарды дайындаумен ұштасуы керек.
Бәсекеқабілеттілікті есептеу үшін коммерциялық және технико-экономикалық түзетулер пайдаланылады.
Бәсекеқабілеттілікті бағалау ұқсас товарларды іріктеуге байланысты болады (тәжірибеге, кәсіби интуицияға, нарықтағы жағдайда бағыт ала білуге, бағалар бойынша менеджерлерге).
Бәсекеқабілеттілікті талдау жоспарлау сатысында немесе бағаларды негіздеу үшін, жарнамалық кампаниялар үшін жүргізілуі мүмкін.
Өнім сапасы - өнімнің қасиеттерінің жиынтығы мен пайдалығының шегі, өнімнің қоғамдық және жеке мұқтаждықтарды қанағаттандыра алу мүмкіндігімен сипатталады.
Сапаны сипаттайтын параметрлер – техникалық мәліметтер – қызмет ету мерзімі, салмағы, энергоауқымдылығы, эстетикалылығы, сенімділігі, экологиялылығы, сыртқы түрі.
Өнім сапасын талдау міндеттері: 1. сапа деңгейін анықтау; 2. сапа динамикасын сипаттау; 3. талдау әдістері арқылы ақаулықтарды азайту; 4. өнім сапасын жоғарылатудың резервтерін анықтау.
Талдау үшін сапаның өзгеру динамикасын анықтайды:
Ақау деп өзінің сапасының төмен болуына байланысты стандарттар мен техникалық шарттарға сай келмейтін немесе өзінің мақсаттылығына жарамсыз не болмаса түзетуді талап ететін детальдарды, жартылай фабрикаттарды айтады.
Ақау түзелетін және түзелмейтін түрлерге бөлінеді.
Ақауды талдау барысында есептік мерзімдегі ақаулықтар туралы мәліметтер алдыңғы кезеңдердің көрсеткіштерімен салыстырылады, ал ақаулықтары жсспарланатын кәсіпорындарда жоспармен салыстырылады.
Салыстыру абсолюттік көрсеткіштерде, сонымен бірге пайыздық өлшемдерде де есептеледі.
Әдебиеттер:1,2,4 ,5, 6, 10, 12,13,15,17