Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОГЛАВЛЕНИЕ (Автосохраненный)6.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
29.02.2020
Размер:
204.93 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

1 Қағаз. Қағаздың шығу тарихы

3

2 Қағаздың қасиеттері және түрлері

5

3 Қағаз жасау технологиясы

9

Қорытынды

13

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Қағаз (парсыша: كاغد‎ — «кағоз») — өсімдік талшықтарын белгілі бір тәсілмен өңдеу және бір-бірімен ұйыстыра байланыстыру арқылы жұқа парақ түрінде жасалатын материал. Италиянша bambagіa, яғни мақта деген ұғымды білдіреді; кейін осыдан барып қағаз сөзі өмірге келді.

Қағаз тұңғыш рет ІІ ғасырда Қытайда жасалды, Еуропада ХІ-ХІІ ғасырларда пайда болды. Оған негізгі материал ретінде зығыр, мақта, кендір пайдаланылды. Қағаз өндіру кітап басу мүмкіндігі ашылғаннан кейін қауырт дамыды. ХVІІ-ХVІІІ ғасырлар аралығында Голландияда ұнтақтауыш жаңа аппараттың – роллдың жасалуы және француздық Николас Луи Робер ұсынған (1799) механикалық әдіспен үздіксіз қағаз құю әдісі шыққаннан бастап, машиналық өндіріс пайда болды. Шикізат есебінде ағаш, целлюлоза талшықтары қолданылды.

1 Қағаз. Қағаздың шығу тарихы

Қағаздың құрамы – ағаш целлюлозасынан (ұнтақталған ағаш массасынан), сабан, зығыр, мақта талшықтарынан, сора, өсімдік талшықтарынан, капиллярлы-кеуекті қоспалардан, ағартылған каолин, желім, ақ фарфор батпағы, немесе тальк ұнтағы және т.б. жиынтықтардан тұрады.

Біздің эрамыздың 93-98 жылдарында мәтін-бейне материалдарын жазу үшін ойлап табылған қағаз жазба-кітап өнімдерді дайындап шығару жұмыстарын жеңілдете түсті.

1-сурет. Қағаздар

Алайда, қолайлы да арзан материалдардың жаңа түрі өте баяу тарады. 650 жылы қағаз Самарканда пайдаланыла бастады, 880 жылы Бағдатта, 1100 жылы Каирда қолданылды. Қағазды XII—XIII ғасырларда Францияда, Испанияда, Италияда және басқа Еуропа елдерінде жасап шығара бастады. 1840 жылы саксон тоқымашысы Келлер ағаштан қағаз жасаудың тәсілін ашты. Ендігі жерде ағаш өсетін барлык елді мекенді жерлерде қағаз жасап шығару мүмкіндіктері туды. XVIІI ғасырдың аяғында Еуропада қағаз массасын қазандарда бекітілген сымдардан жасалған қол елегі арқылы алатын еді. Бұл көп еңбекті қажет ететін, өнімділігі төмен жұмыс болатын. XIX ғасырдың басында қол елегінен массаны шарпып алып, козғалып тұрған елекке — конвейерлік түрде құюға ауыстырды. Бұл қағазды тез әрі үлкен мөлшерде шығаруға мүмкіндік берді. Осылай қағаз шығаратын машинаны бірінші болып, 1799 жылы француз Луи Роберт ойлап тапқан.

Англияда қағаз шығаратын машинаны механик Донкин 1803 жылы ғана жасады. 1817 жылы қағаз шығаратын машина Ресейде пайда болды. Германияда қағаз шығаратын машинаны 1819 жылы, ал Америкада 1827 жылы жасап шығарды.